Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты Тіл мерекесі
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты Тіл мерекесі

библиотека
материалов

Өссе тілім, мен де бірге өсемін


Мақсаты:

Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу. Қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткелерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға, қазақ халқына үлкен қошеметпен қарауға, халықтар достығын, ұлтаралық қарым- қатынасты сақтауға тәрбиелеу, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақтанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу.


Көрнекілігі: «Қазақ тілі- болашағым, ертеңім…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, нақыл сөздер, шарлар, қабырға газеті,

ҚР-ның рәміздері.

Әнұран елді басқа жерде таныстырушы, сондықтан тіліміз әлемнің түкпір-түкпірінде естілуде. Ендеше, тәрбие сағатымызды Әнұранмен бастайық!


1-жүргізуші: Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.


2-жүргізуші: Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім.

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі- ана тілім.


1-жүргізуші: Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

Жиһанкез желмаялы Асан қайғы

Жер-жерге баға берген сынды тілім.


2-жүргізуші: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.

Бірнеше оқушы тіл туралы жазылған қанатты сөздерді оқи отырып, бір-біріне сұрақтар кою арқылы пікір алысады.

М. Шаханов «Төрт ана» музыкалық әуен

1-оқушы: - Мен саған «Осы тіл не үшін керек?» деген сұрақты қойғым келіп отыр.


2-оқушы: - Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай «Тіл- қарым-қатынас құралы » деп түсіндірді емес пе?


1-оқушы: - Жарайды, тіл- қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі

тілі деп бөлгені несі?


3-оқушы:- Ой, айтқышбегім-ай. Кез-келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?


4-оқушы: - Балалар, ана тілі дегеніміз ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген- бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

1-жүргізуші:

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

... Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлемін десең өзің біл...

Сахналық көрініс: «Шындық туралы толғау»

(Сахна сыртынан дауыс)

Оқушы: Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым?

Мен не көрмедім?

Маған әкеліп арап пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліде ұшбақы болғвыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:

Жасыма!

Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

(сахна сыртынана дауыс)

Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.

Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң «Менің де күнім туды ғой» деп қуанушы едім. «Молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болудан құтылдым ғой» деп ойлаушы едім. Оның үстіне «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын» деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...

Қазыбек би:

Налыма!

Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

(Сахна сыртынан дауыс)

Жанның бәрі теңдік алып жатқан. Кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады.

Әйтеке би:

Тамыры суда тұрса да

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

М. Шаханов «Жаңа қазақ» музыкалық әуен

5-оқушы:- Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:

Ана тілім- бала шағым, өркенім,

Ана тілім- болашағым, ертеңім,

Ана тілім-сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім- арман, ойым, өрнегім.

Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайрандап,

Қазақ болып жүрмес ем.


6-оқушы: - керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім- мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім- мен де бірге өшемін.


7-оқушы: -Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?


8-оқушы: -Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.


9-оқушы: -Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл- көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.


10-оқушы: - Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен- кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

Барлығы: Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!


Ән: «Ананың тілі».

1-жүргізуші: Ал, балалар, енді «Жалғасын тап» ойынын ойнайық . Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

1.Тіл- адам ойының ... \ айнасы\.

2. Аңдамай сөйлеген ... \ ауырмай өледі\.

3. Ойнап сөйлесең де ... \ ойлап сөйле\.

4. Тисе терекке, тимесе ... \ бұтаққа\.

5. Айтылған сөз ... оқпен тең \ атылған\.

6. Бал тамған тілден ... тамар \ у да\.

7. Көп сөз- ... \ бос сөз\.

8. Көп сөз-күміс, аз сөз- ... \ алтын\.

9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... боласың. \ мылжың\

10. Таза сөйлеу- үлкен ... \ мәдениеттілік\.


2-жүргізуші: Сөз қадірі

Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:

  • Балам, мен ұзамай дүние саламын. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұра бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, - дейді. Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, ел кезеді, таба алмайды. Ойы он саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

  • Әкенің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы- тіл. Ол шешен адам еді ғой... Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ ,- деп аталы сөздің шешуін айтыпты.

«Қазақстан» музыкалық әуен

1-жүргізуші: «Қазақ тілі- бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық!»

Ана тіліңді қадірлеу- мемлектіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармағайық.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш,халқымыз бүтін, тіліміз- қазақ тілі болсын!

Көк тудың желбірегені








































hello_html_479148e.png
























hello_html_4839ea2d.gif




























hello_html_137df30.png









hello_html_m2ee70856.gif


hello_html_206d7043.gif

































hello_html_4091f694.gif






hello_html_m3a622905.png





















hello_html_m3a9694ad.gif




















Авторы: Шәкен Ниязбеков









hello_html_3b902cf9.png



























hello_html_407edf8d.gif


















Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Валиханов



hello_html_1a78516b.gif




Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім.

Гүлің болып егілемін

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің-Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім.

Гүлің болып егілемін

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің-Қазақстаным




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-166525

Похожие материалы