952533
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыТәрбие сағаты "Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Тәрбие сағаты "Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.

Мұғалім: Сәлеметсіңдерме,балалар!.

1.Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып ,қадірлеп өткен.Ол-ел,жер,және тілі мен діні.Ана тілі әр халықтың-төл белгісі.Адам білімді,тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады.,мәдениетті,өнерді,салт-дәстүрімізді,ғылымды тіл арқылы үйренеді.Оның құдіреті,қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп.Мысалы,Б.Момышұлы атамыз «Тілін білмеген-түбін білмейді!» десе,Ғ.Мүсірепов атамыз «» деген екен Бұл сөздердің астарына үңілер болсақ, үлкен мән-мағына жатқан жоқ па?Шынында да тілін білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде сезініп,терең бойлай алмаса,ол қасірет емес пе?Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай сақтап,қастерлеуге тиіс.

Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.



2. Еркін Диана:

Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.


3. Елдос: Ана тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.


Жақсылық: Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.


Т.Ділназ: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,

Туған тілім- анам тілім- өз тілім,

Туған тілім- далам тілім- өз тілім,

Туған тілім- адам тілім- өз тілім.


Асылбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!



4. Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

«Ана тілім» әні . Орындайтын хор.


5.Ж.Дильназ:

Ана тілім.

Ана тілім,Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім ,егер сені білмесем.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Туған тілім Егер сені ұмытсам.


Жарас:

Ағытатын тасқын ойдың тиегін

Өзің ғана сиынатын киелім.

Ризамын отқа жанып сен үшін,

Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.

Ана тілім,дана тілім ,бақ тілім

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім.

Сенсің менің қуанышым ,шаттығым

Сенсің менің тазалығым пәктігім.


Ақерке:

Ана тілім,Алтын ұям,Құндағым.

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың,сенің әнің айтарым

Санам сөніп байланғанша тіл-жағым.


Б.Диана:Сенің арқаң өзімді-өзім түсінсем,

Ақыл-ойым,айбатым сен,күшім-сен

Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ

Ана тілім, арыңа дақ түсірсем.


Е.Диана:Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның


Сұңғат:

Ана тілім әректім азығым.

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой-санамның өсуінің куәсі.

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем

Тілсіз нені білдіре алам не білем.

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар,құдіретіне жетіңдер

Ана тілің-Анаң,сыйлап өтіңдер.


Аружан:

Ана тілі деп атаудың себебі-

Анасындай қстерлесін дегені.

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам

Өз тілін де құрмет тұтып келеді.

6.Ұлы Абай атамыздың «Тіл өнері-дертпен тең»-деген қасиетті сөзінің дәлдігіне, «Тіл туралы аңыз»көрінісі арқылы көз жеткізейік.


Баяғы заманда екі ел көрші тұрыпты.Тілдері де,салттары да әр бөлек.Балалары да,аналары да,тұрған жерлері де көрікті екен.Туған елін қорғауға дайын тұрған батыл да,ержүрек жігіттері де бар екен.Тыныш жатқан ауылдың берекесін алып,көрші ел маза бермейді екен.Ерекше батырлықпен өз елін қорғап,жауына төтеп берумен мезі болады.

Сол кезде жау елшісі шарт қояды: «Қан төгісті қояйық,туысқан болайық,сұлу қызың бар екен. Қызыңды бересің.Осыған тез жауап бер.Болмаса көресіңді көресің.»,-дейді.


Әкесі бұл сөзді естіп,әрі намыстанып,әрі қиналады.


Бірақ қыз: «Екі ел арасында қантөгіс болмай-ақ қойсын,елім үшін не де болса көнемін,барайын»,-деді.Сонымен қыз келісіп,ел үшін құрбан болып кете барады.


Қыз бөтен елде-торға түскен тоты құстай болады.Себебі:жат елдің тілін білмейді.Олардың айтқанын түсінбейді,оларға өзінің зар-мұңын ұқтыра алмайды.Қыздың жүрегі шерлі болып,күндіз түні қамығады.


Сонда қыз былай деп жырлаған екен:

Сағындым ғой, ана тілім,жат жерде.

Бар бақытым тұр екен ғой тап сенде

Еш адаммен сыр шерте алмай сырласып

Бейне малдай,жүрмін үнсіз ой кешіп.

«Құлыным» деп айтпайды ғой ата-анам.

«Қарағым» деп айтпайды ғой бір адам.

Қайран менің ана тілім өзімнің,

Сенде екен ғой алтын қазына ,сезім күн.


Сөйтіп өз халқының ән-жырын тыңдай алмай,ешкіммен жан сырын бөлісе алмай,құса болған екен.Осы аңызда шындықтың ізі бар сияқты.


7.Біз тіл туралы біраз ,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер оқып,үйренудеміз.Олай болса «Кім тапқыр»-ойынын ойнап жіберейік.Мақал-мәтелдердің алғашқы сыңары айтылады,сіздер екінші сыңарын аяқтайсыздар.


1.Тіл буынсыз,…(ой түпсіз)

2.Піл көтермегенді-…(тіл көтереді)

3.Шешеннің тілі ортақ,…….(шебердің бізі ортақ)

4.Әділ тіл-…(ақыл таразысы)

5.Тілде сүйек жоқ- ….(таста тамыр жоқ).

6.Қызыл тілде……( буын жоқ).

7.Бас ойланғанда-……(тіл тыныстайды).

8.Тілмен байланған……(қолмен шешілмес)

9.Басқа бәле….(тілден)

10.Өнер алды….(қызыл тіл)

11.Тіл тас жарады,тас жармаса…..(бас жарады)

12.Тілі саудың-…..(діні сау)


-Балалар, сонымен тіл туралы не білдік?

-Халық бар жерде тіл бар.

Тіл бар жерде өнер бар.

Өнер бар жерде жанкүйер бар.

Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.

Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.

Халықтың қуаты- тілдің қуаты.

Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

Сонымен құрметті оқушылар,бүгінгі тәрбие сағатымызда оқып-үйренгеніміздей,Әр адам өз елінің,жерінің халқының мәртебесін биіктетуі үшін,алдымен,анна сүтімен бойға сіңген қасиетті байлығы-ана тілін жетік білуі қажет екен.


22-қыркүйек Тіл мерекесі құтты болсын!

Тіл –тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз.

Тілімізді қастерлей білейік.Жүрегіміздің соғуы тоқтамасын.

Тіл тағдыры-өз қолымызда-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Общая информация

Номер материала: ДВ-035404

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.