Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты: "Тілім менің - ғасырлардан аманат"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты: "Тілім менің - ғасырлардан аманат"

библиотека
материалов

Тілім менің –ғасырлардан аманат

Сабақтың тақырыбы: Тілім менің –ғасырлардан аманат

Сабақтың мақсаты: Ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, шешен сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, ақын жазушылар портреттері,слайд, кітап көрме т.б

Жоспары: Таныстыру

Мақал жалғастыру

Бабамнан қалған асыл сөз (бабалар сөзінің авторын табу)

Қазақ тілі –ғажап тіл ( өлең оқу)

«Тіл –ұлттың құдіреті» Слайд шолу

(тілге байланысты слайд қорғау)

Сөз –ойдың айнасы (тұрақты тіркес жасап мағынасын ашу)

Ең үздік монолог (О. Бөкей шығармасынан үзінді оқу )

Жүргізуші:

Ана тілім бәрін айтар шежірем.

Тілсіз нені білдіре алам не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем .

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің анаң сыйлап өтіңдер!

Жүргізуші:

Ана тілім күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.

Жүргізуші:

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан

Туған анамды ұмытқаным емеспе ?

Туған тілім,

Егер сені ұмытсам

Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан ,

Құлағыма сіңірген таныс үнін...

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Жүргізуші:

Қастерлеп қазақтың ана тілін.

Қайнаған қаныменен баба тілін,

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін.

Өз тіліңді оқы дейді мектепте

селтең қағып жүрме,балам ,бос текке

өзге тілге қанша құмар болсаң да ,

өз тіліңді шамаң келсе шеттетпе!

Жүргізуші:

Ана тілі халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. 22-қыркүйек -Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ана тілі –әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.

Жүргізуші:

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай , беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.

Жүргізуші:

Назарларыңызға 8-9 сыныптар арсында өткелі отырған «Тілім менің –ғасырлардан аманат» атты сайыс кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Алдымен сайысымызға төрелік ететін қазылар алқасын сайлап алайық.

Қазылыр алқасымен таныстырады

Жүргізуші:

Жадырап маңдайынан таң атқандай

Жанары тұнық сырын таратқандай

Қазақтың би өнерін аспандатқан

Қимылы арулардың ғажап қандай! Алдарыңызда бишілер « »биімен

Жүргізуші:

Мақал жалғастыру

Тіл тәтті ... бауыр қатты

Тіл тас жарады... тас жармаса бас жарады

Шебердің қолы ортақ... шешеннің сөзі ортақ

Бал тамған тілден... у да тамар

Ана сүті бой өсіреді... ана тілі ой өсіреді

Қол шешпегенді... тіл шешеді

Піл көтермегенді ...тіл көтереді.

Тілде сүйек жоқ... таста тамыр жоқ

Аңдамай сөйлеген ... ауырмай өледі

Тіліңмен жүгірме... біліммен жүгір

Қызыл тіл... қылыш жүзіндей

Мақал құра!

Ел , сабыр, ата, қыз, ұл, жаңбыр, өтірік, сәлем, нан, әдепті, білім, ана.

Жүргізуші:

Бабамнан қалған асыл сөз...

М.Әуезов: «Кімде кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.»

Төле би:

Атың жақсы болса

Ер жігіттің пырағы

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек

Бірлікті ойлаған соң тірлік керек

Ағайынға ала көз бола қалсаң

Аузыңнан несібеңді біреу жемек

М.Жұмабаев: «Тіл -адам жанының тілмашы»

Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз

Еліміз де құт береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз

Ешбір дұшпан басынбаған елміз

Басынан сөз асырмаған елміз,

Досымызды сақтай білген елміз

Дәм тұзды ақтай білген елміз

Ғ. Мустафин: «Тіл- қаруы сөз, сөз -қаруы ой»

Әйтеке би:

Ашу деген ағын су

Алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген дәрия,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Аяулы , ұрпақтарымыз!

Елді, жерді қорғаңдар.

Досқа мейірімді болыңдар.

М.Жұмабаев: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады.»

Қазыбек би :

- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді, -дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе бұл баланы қақ бөліп берейін, осыған ризасыңдар ма?»дейді Бұл үкімді айтқан кім?

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы,

Әйелің жақсы болса,

Бірінші –иланның

Екінші-жиғаның

Үшінші –ырысыңның тұрағы

С. Мұқанов: «Әркімнің туған тілі -туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе»

Ғ. Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Қазақ тілі –ғажап тіл (мәнерлеп оқу)

Тіл - ұлттың құдіреті (слайд қорғау)

«Сөз -ойдың анасы» тұрақты тіркестер

Көз сүзу- телміру, қармаққа түсу-ұсталу, бетке айту-шындықты айту, қалпақтай ұшу- құлап түсу, жер болу-ұялу, түтін түтету- шаңырақ көтеру немесе үй болу, арқа сүйеу- сүйеніш болу, бармағын тістеді- өкінді.

Ең үздік монолог

Қорытынды :

Жүргізуші:

Ана тілі - біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Жүргізуші:

Ана тілім - ар ұятым, намысым,

Қазағымның бақыты да, бағысың.

Сондықтан да , ана тілім, сен менің

Көздерімнің қарасы мен ағысың.

Жүргізуші:

Ана тілім- таусылмайтын жыр- әнім,

Ана тілім қасиетті тұмарым.

Сондықтан да, ана тілім, мен сені,

Әрқашанда биік ұстап тұрамын.

Жүргізуші:

Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісі-оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі ұлттық мәдениеті жоқ ел-өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Дүниедегі барлық ел тәуелсіздікке, ұлттық қадір- қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт- дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Жүргізуші:

Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі- өте бай тіл. Осы бай тіл –біздің мақтанышымыз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек. Әрбір елдің қуаты, бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен қатар мәдени, рухани өрісімен айқындалады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Өзінің сөзінде: «Тіл тағдыры-өзін Қазақстан азаматы деп санайтын баршаның ортақ ісі »-деп атап көрсетті.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1146
Номер материала ДВ-317935
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх