Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты. "ТҚыз өссе елдің көрі" қыз балалар жиналысы

Тәрбие сағаты. "ТҚыз өссе елдің көрі" қыз балалар жиналысы

библиотека
материалов

«Қыз-қылығымен көрікті» қыз балалармен жүргізілген психологиялық тренингтің қорытындысы


Мақсаты:Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, әр сынып қыздарының арасында достық қасиет қалыптастыру.

Күні:19.11.2018ж.

Сынып: 11

Жұмыс барысы:

  1. «Танысу тренингі»Оқушылар бір-бірімен жақын танысу үшін шеңбер бойымен тұрғызып, өз атын және өз аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есім қосып айтқызу. Ең соңынан қалауы бойынша 1-2 балаға бәрінің атын сын есімімен қосып қайталату.


  1. «Күн шуағы» жаттығуы. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, соны білу және күн шуағына жазу.


  1. «Достық торы» жаттығуы. Қыз балалар арасында достық қалыпты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында

өз бойларындағы ерекше қасиеттерін айтты. Бір-бірлерін дұрыс түсіну үшін қандай қасиеттерін бойымыздан табылу керек (келісім, сыйластық т.б.) Көптеген қасиетті айта отырып, жіпті бір-біріне лақтырып отырды. Соңында тор шықты, торды «достық торы» деп атап, достығымыз нығая берсін деп қорытындыланды.


  1. «Тілек айту» Қыз балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, тренингтік жаттығу қорытындыланды.



Қорытынды: Қыз балалар бір-бірімен жақын танысып, бір- бірлерінің жақсы қасиеттерін білді. Жаттығу басында тұйықталып тұрған қыздар ашылып, жаттығу соңына қарай белсенділік танытты. Бұл балалар алдағы уақыттта осындай жаттығулар болып тұрса деген тілектерін айтты. Барлығы қызыға қатысты.















Тақырыбы:  « Қыз өссе елдің көркі»

Мақсаты:  

1.Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын білуге үйрену

2. Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының   рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,   дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге  тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, маркер.

Түрі:     өнеге  сағаты

Әдісі:  сұрақ-жауап,топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.

Жүрісі

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.  Музыка ойнап тұрады.

     Мұғалім.

     Қайырлы күн, балалар!

     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

     Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

     Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.   Енді әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын!

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі«Қыз өссе елдің көркі » атты тәрбиелік шарамызды  бастаймыз.

   Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін  мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. ( Оқушылар түстерді таңдап орындарына отырады)

 

ІІІ. Тренинг.  Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді  жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.



Топтастыру стратегиясы

І топ.   (адамгершілік, имандылық, адалдық, әдептілік, әділдік)

ІІ топ   ( әдептілік, ізеттілік, қайырымдылық, инабаттылық)

ІІІ топ  ( қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу, ұяттылық, шыншылдық)

   Балалар, қазақта мынадай тілек  бар екен.  Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын!  Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық.

 Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық  қағидаларына тоқталамыз.

 Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық.  Балалар пікірі тыңдалады.

 ІҮ. Жаңа ақпарат

 1-    топ

    Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні  «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.

 Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында.

 

Имандылық қасиеттер

● қарапайымдылық ● сыпайылық ● мейірімділік

● кішіпейілділік ● ізеттілік ● адалдық

 Ү. Ойланайық пікірлесейік.

   Қыздарға сұрақ:

 1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт 

(Атадан жақсы ұл туса,

                                                     Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса,

                                                     Ат үстінде ит қабар

     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

 3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 

     адамгершілігі мол),

 4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп   ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

  ҮІ.  Ситуациялық жағдаяттар. 

Елдостың қылығы.

 Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жлдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па?  Сен қайтер едің? 


 1 сұрақ.   Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан  қарт  адам кірді. Бос орын жоқ. Не істер   едің?

2 сұрақ.    Көшеде  қарт  әже  құлап қалды. Сен не істер едің?

 3 сұрақ.  Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет  жасар едіңіз.

 1 сұрақ.   Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт 

  адам  келіп  тұрды. Қайтер едіңіз?

 2 сұрақ.    Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,  басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не  айтар едің?

 3 сұрақ.   Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу керек?


 ҮІІ. «Жалғастыр» ойыны

Енді, балалар, біраз сергіп алайық.

 

ҮІІІ. Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шрамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  иманды ұл мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек?

Топтастыру          

   Иманды ұл                                       Инабатты қыз

 Тәртіпті                                                               ибалы                             

қайырымды                                                        сыпайы

әдепті                                                                  биязы

адамгершілігі мол             

                                 кішіпейіл

 ІХ. Жүректен жүрекке.

 –Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына  

  қойыңыздар.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.



Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы онлайн

✅ Подготовка к ЕГЭ/ГИА
✅ По школьным предметам

✅ На балансе занятий — 1

Подробнее