Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Толағай" отбасылық сайыс мектеалды даярлық сыныбы

Тәрбие сағаты "Толағай" отбасылық сайыс мектеалды даярлық сыныбы

Скачать материал

Толағай (отбасылық сайыс)

Жарияланды 28-04-2013, 12:13 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Тақырыбы: «Толағай» (презентациясымен)
Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер
1. Спорт - денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі
4. Музыкалық аппаратура.
Сабақта келесі әндер қосылды.
4. • Би 6 «А» сыныбы «Недетское время»

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 5 А - 7 «А» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1 - жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

2 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
1. Ерханаттар отбасы
2. Нұғымановтар отбасы
3. Баядиловтар отбасы
4. Нұрсейітовтар отбасы
1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Мектеп директоры – 
2. Тәрбие жұмысының орынбасары – 
3. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы – 
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
2 - жүргізуші:
Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.
1 - жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!
2 - жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

1 - жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
2 - жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. Таңғы жаттығу.
3. Қаппен жүгіру
4. Кім жылдам?
5. Білімді кенгуру
6. Кішкентай қонжықтар
7. Сурет салу
8. Жеңіске жету.
2-тапсырма «Кенгуру» Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі допқа мініп,кедергілерден өтіп.

Алжапқышқа үш кіші доптарды жинау.

Нәтижесі алжапқышқа жиналған доп пен уақыт.

3-тапсырма «Қосаяқ» Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі скакалкамен қосаяқпен кедергілерден өтіп секіру.

Нәтижесі ойын шартын бұзбау және уақыт.

4- тапсырма «Мерген» Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі допқа мініп кедергілерден секіріп барып кішкене доптарды қашықтықтан себетке салу.

Әр команда мүшесіне үш мүмкіндік беріледі.

Нәтижесі себетке жиналған доп және ойын тәртібін сақтау.


5-тапсырма «Тәтті жұп» Ойынның шарты:

Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.


6-тапсырма « Тасмал» Ойынның шарты:

Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп,баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.

Нәтижесі мәреге бірінші жету.
 

7-тапсырма «Арба» Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

8-тапсырма «Сарбаз» Ойынның шарты:

Әр командадан әкелеріміз сайысқа түседі.Олар берілген белгіден кейін противогазды киіп кедергілерден өтіп допты соғып жүгіреді.

Нетижесі допты жоғалтпау және ойын тәртібін сақтау.

1 - жүргізуші: Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру
Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
- Топтың аты;
- үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3 - 5 минут, өздең таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету;
Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.
1. «Шымыр» тобы Балтабаевтар отбасы Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
2. «Бірлік» тобы Нұғымановтар отбасы ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!
3. «Ынтымақ» тобы Баядиловтар отбасы Біз әрқашан мықты
Бәрін жеңіп шықты
4. «Денсаулық» тобы Нұрсейітовтар отбасы Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
1кезеңнің екінші бөлімі таңертеңгілік жаттығуды көрсету.
2 - жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
І тур. Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы - баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Сәт сапар, бастаймыз!

ІІ тур: «Кім жылдам?»
(анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

1 - жүргізуші:
ІІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.
(ата - аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/
2 - жүргізуші: ІҮ тур: «Кішкентай қонжықтар».
Анасы бір баласы, әкесі бір баласымен қарама қарсы бетте тұрып, балаларын бір шеттен екінші шетке арқалап өтулері тиіс.
2 - жүргізуші: Ү тур «Сурет салу» бір бала кедергілерден доппен өтіп, суретті бір бала салады, екіншісі айтып тұрады. Қайтарда екінші бала доппен қайтады. Сурет салатын баланың көзі байлаулы болады.
1 - жүргізуші:
Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

ҮІ тур: «Жеңіске жету» сайысы.
2 - жүргізуші: Ата - аналар кезекпен - кезек кездескен кедергілерден өтіп, скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../
Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.
1 - жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.
2 - жүргізуші:
Өмір, өзің қайдасың,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсың.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне
1 - жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
2 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1 - жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2 - жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
2 - жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толағай (отбасылар сайысы)

Жарияланды 7-09-2013, 05:31 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

2 - жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 7а класс оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 4отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ: «Шаңырақ»
2 - топ: «Босаға»
3 - топ: «Алтын бесік»

«Шаңырақ» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Босаға»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Алтын бесік»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
7 класс орындауында «Толағай» әні

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Дене шынықтыру пән мұғалімі Қуан Нұрбек
2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тойжан Нұрсәуле
3. Ата - аналар комитетінің төрайымы Абдулина Гүлшат
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады

1- кезең: «Теңбілдоп»
Шарты: Бұл ойында топ мүшелерінің әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
1. Футбол добын аяқпен теуіп жүгіру.
2. Баскетбол добын ұрып жүгіру.
3. Ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру.

2 - кезең: «Қақпашы»
Шарты: Бұл ойында топтың бір мүшесі топтарына қарама - қарсы 10 метр жерге барып қолына шелек ұстап тұрады. Қалған ойыншылар біртіндеп волейбол добын лақтырады. Шелек ұстаған ойыншы лақтырған допты
қолындағы шелекпен қағып алуы керек.
Би: 7 класс оқушылары «гимнастика»
3 - кезең: «Тасымақ»
Шарты: Бұл ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып арқаларын түйістіреді де орталарына доп қыстырып алып жүгіреді. Белгі бойынша ойынды бастап белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Нұрлыбек Нұрсая мен Ғалым Нұржанаттың орындауында «Тек алға» әні
4 - кезең: «Жеміс жидек жинау»
Шарты: 2 - 3 метр шеңбер сызылады соның ішіне алма шашылады. Анасының басына шелек кигізіп қызы жетелеп шашылған жеміске қарай бағыттайды. Мамасы тездете жинайды.

5 - кезең: «Шығыршықпен бір - бірін тасымалдау»
Шарты: Әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы тұрған ойыншы 1 шығыршықты жерге қойып бәрі ішіне тұрады. Екінші шығыршықта осылай қайталанады.

6 - кезең: «Кім көп секіреді?»
Шарты: Ата - анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы секіртеді. 10 - нан асыру керек.

7 - кезең: «Білімді кенгуру»
Шарты: Ата - анасы, баласы кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек.
Би: 7 кластың орындауында «Жастар биі»

8 - кезең: «Эмоцияны немесе іс - әрекетті қайтала»
Шарты: Ата - ана кезекпен кезек тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішінде жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата - ана соны шешу керек.

9 - кезең «Жеңіске жету»
Шарты: Ата - ана, бала кезекпен - кезек кедергілерден өтіп скакалкамен ту тұрған жерге барады. Туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына алып барады. Және соңғысы алып келеді.
«Шаңырақ» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Босаға»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Алтын бесік»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.

Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет
«Толағай» әні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Доптар, кеглдер, жалаушалар ,кенгуру т.б.

Спорт залға марш сазымен ата – аналар балаларымен үш қатарға тізіліп тұрады. Эстафеталық жарыс басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Жүргізуші:

Берекеде осында

Мереке де осында

Болып жатыр той думан

Қырандардың қасында

Көңіл қойып қараңыз

Жалындап тұр ғой баламыз

Жарысып кәне үш топ

Қол соғып қарсы алайық.

 

Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының, балабақшаның борышы екені баршамызға мәлім. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесін лайықты қарсы алу біздің басты мақсатымыз. Атыңнан айналайын егемен ел Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік Ғасырдың тойы болсын, келе берер – дей келе, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тойы құтты болсын! Бүгінгі мерекелік шара «Әкем, шешем және мен» «Толағай» отбасылық сайысын ашу үшін балабақша меңгерушісі Баян Төкен ханымға сөз береміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта халқына қалаулы, еліне елеулі ата – ананың мақтанышы, дені сау жас ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісінде біздің № 24 «Жауқазын» балабақша ұжымы да аянбай жұмыс жасап келеді. Міне, бүгін бізде айтулы мереке, « Мақсаты бірдің рухы бір» деп ұрандатқан «Әкем, шешем және мен » атты Толағай отбасылық эстафеталық сайысымызға хош келдіңіздер!

Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз – үлкен іске үн қосу, салауатты өмірге үндеген Елбасының саясатын насихаттау. Олай болса құрметті қонақтар және спорт жанкүйерлері, жарысқа қатысушы топтарды қарсы алайық!

1. Абай отбасы

2. Қазыбек отбасы

3. Мұрат отбасы

Бүгінгі мерекелік шараға құттықтау сөз айту үшін Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері Сәрсенбай Жанат ханымға сөз беріледі.

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділқазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз. - деп Жарысты бастамас бұрын бүгінгі ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері Сәрсенбай Жанат апай. №94 орта мектебінің алғашқы әскери даярлық мұғалімі Жақсылық Әлібек ағай. Коментатор № 94 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Төлеш Ахмедия. (Әділ – қазылар алқасы «3», «4», «5» деген ұпаймен әр ойынды бағалайды.)

 

Ойынның шарттары:

«Жүйрік ат» эстафетасы 
«Кім епті» эстафетасы 
«Кім жылдам» эстафетасы 
Картоп жинау 
Кенгуру 
Өрмекші

 

Енді команда капитандары келіп өздерінің кезекті нөмірлерін алады.

Қызады бүгін той – сайыс

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді көтеріп

Інжу – маржан шашайық

Ырыс дәулет мол болсын

Жылда осындай той болсын

Жарысты енді бастайық

Ал, кәнекей жол болсын!

 

Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз.

1 «Жүйрік ат» эстафетасында екі аяқтың арасына доп қысып секіру.

2 «Кім епті» эс шелектегі судан қасықтап тасып стакан толтыру.

3 «Кім жылдам» құрсау ортасына біртіндеп еніп жиналу.

4 Картоп жинау - әкесі картопты егеді , анасы жинайды. әкесі тағы да картоп егеді , баласы жинайды.

5 Кенгуру - үрлемелі доппен секіру

6 Өрмекші - төрт тағандап жүру. Мінекей құрметті спорт сүйер қауым біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.

« Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй» - деп ендігі кезекті әнге берейік.

«Қазақ елі» орындайтын Аяжан.

Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Қорытынды. (Жеңімпазды атау) Құттықтау. Алғыс хат

Жеңімпаз командаға сыйлық.

Жүргізуші: Әкем, шешем көңіл қойса, дем беріп Спортты біз сүйер едік тең көріп Салауатты өмір салтын сақтайық Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Толағай" отбасылық сайыс мектеалды даярлық сыныбы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 053 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.09.2016 3131
    • DOCX 33.7 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагиева Толкын Мухаметкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7465
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой