Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Төре бала"( 1 сынып)

Тәрбие сағаты "Төре бала"( 1 сынып)

Скачать материал
библиотека
материалов

«Төре бала» байқауы

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайларда шешім қабылдау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйіп, қорғайтын жеке тұлға тәрбеилеу.

Формасы: сайыс

Көрнекілігі: байқауға қажетті құрал-жабдықтар, муз. аппаратура.

Қатысушылар: 1 «Ә» сынып ұлдары және олардың аналары.

Сайыс барысы: (ұлттық музыка әуені ойнатылып тұрады)

Анелия:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті

Анықтайтын кез келді!



Даяна:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отыра, ортаға «Төре бала» сайысына қатысушы қырандарымызды аналарымен бірге шақырайық. Ду қол шапалақ!



- Азамат анасы Шолпан Аймухаметовнамен

- Мүслім анасы Айнұр Сарсеновнамен

- Досжан анасы Гүлнар Аманқұловнамен

- Мадияр анасы Әсия Маданиятовнамен

- Асанәлі анасы Ботагоз Сакеновнамен

- Жанат анасы Маржангүл

- Нұрасыл анасы Алма Касимовнамен

- Райымбек анасы Жұлдыз Жантемировнамен

(нөмерлерді жребий тартып алу)



Анелия:

«Төре бала» байқауына қатысушы сайыскерлердің ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне, баға беруші қазылар алқасымен танысайық. Ол сынып қыздарының аналары.



Даяна : Ал ендеше «Төре бала» байқауын әдемі «Құстар биімен» бастайық

(қыздардың орындауында «құстар биі»)

Анелия:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.



Даяна:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)



Ендеше сайысымызды бастайық



Нарғыз:

Ақыл-көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп , «Тегімді менің сұрасаң» өзін –өзі таныстыру сайысын бастайық.



Шадияр:

Өнерің барда , жігіттер,

Тоқталып қалма, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді, шіркін!» деп – дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз. Сайыскерлер Отан туралы бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беру керек. Ал тыңдайық!



Айзере:

Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше аналар, сөз мәйегін

Ағызып, жарысыңдар, топты жарып – дей отыра, «Көркіне ақылы сай» атты ұлдардың аналарына тапсырма: берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу.



Ділназ:

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт!

Атыңа ерік бер , жігіт,

Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отыра, «Ақылына күші сай» деп аталатын сайысымызды бастайык. Бұл сайыста ұлдардың мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі



Айдана:

Әр күніміз сол кестеден басталар – дей отыра «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысын бастайық.Ұлдар апта күнін таңдап алсын, ал аналар сол күннің сабақ кестесін жатқа жазып берсе дейміз.



Мөлдір:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға – деп
«Бала арманы» шығармашылық сайысын бастаймыз. Бұл сайысқа үйден дайындалып , әр бала өз арманын анасының көмегімен көпшілікке жеткізіп, оны қорғап, оның қызықты және тартымды екенін дәлелдеп берсе дейміз. Ол үшін бар өнерін салып, ән, өлең, шығарма, сурет салу, көрініс көрсетуге де болады.


Даяна:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Төресі сыныбымыздың деп білейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші!

Қыздардың және ұлдардың орындауында «Туған жер» әні



«Төре баланы» жариялау, марапаттау, құттықтау





  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.