Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Түркілік сарынды түп-тамыр еткен тәуелсіздік" 11-сынып

Тәрбие сағаты "Түркілік сарынды түп-тамыр еткен тәуелсіздік" 11-сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тәрбиелік іс-шараның тақырыбы: Түркілік сарынды түп-тамыр еткен тәуелсіздік

Мақсаты: Тәуелсіздік жырларының асыл арнасы болған азаттық идеясының қазақ поэзиясында орын алуы, болашақ ұрпаққа жол сілтеп, азаттықтың отын өшпестей етіп тұтатқан халықтық, ақын-жыраулардың шығармаларын дәріптеу.

Түрі: сахналанған әдеби-панорамалық кеш

Көрнекілігі: мультимедиалық слайдтар, аудио-видео таспалар.

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар!

«Түркілік сарынды түп-тамыр еткен тәуелсіздік» атты әдеби-панорамалық кешімізге қош келдіңіздер!

Сахнаға 5-сынып оқушылары шығып, Қонаш Қалдыоразұлының «Тәуелсіздік-ел тілегі» өлеңін оқиды.


Күттім алдан арайлы бір күндерді,

Бүгін, халқым, бақытыңмен түрлендің.

Тәуелсіздік жолында азап көрген,

Елім қанша қасіреттен күңіренді.

Шуақты бір ана жүзін көрсем-ау,

Шаттық әнін еліммен бір бөлсем-ау.

Көкіректе болмас еді еш арман,

Тәуелсіздік туын тігіп өлсем-ау.

Арман күнге жетті батыр, ақын да,

Байтақ елім, қайсар туған халқым да.

Тәуелсіздік артық екен бәрінен,

Жетпес оған лағыл, жақұт, алтын да.

Елім қайда, жерім қайда, тегім кім?

Ұмытуға шақ қалып мен егілдім.

Егемен ел атандық та, таң атты,

Тәуелсіздік ұлы арманы елімнің,

Тәуелсіздік –ел тірегі қашан да,

Көк байрағым желбіресін аспанда.

Бабалардың іске асырып арманын,

Ей, ұрпағым, нық сеніммен бас алға.

Тәуелсіздік-ел тілегі аңсаған,

Құрбан болды осы жолда қанша адам.

Тәуелсіз ел-Қазақстан кең байтақ,

Әлемге атын жырмен шашам, шаршаман.

Өтті ғасыр, қанша жылдар азапты,

Тұншықтырып, жоймақ болған қазақты.

Күреспенен қол жеткізген жастарым,

Тәуелсіздік бақытының таңы атты.

Содан бері жылдар өтті арада,

Енді өзгеріс қоғамға да, санаға.

Сексен алты. Желтоқсанда жастарым,

Кетпегендей ерліктерің далаға.

Тәуелсіздік кең жол ашып адамға,

Қол создырды асыл мұрат арманға.

Баба ісін жалғастырып ертеңге,

Арайланып таң ұлассын таңдарға. (музыка)



Жүргізуші: Еліміздің тарихындағы жаңа дәуір шынтуайтында Тәуелсіздіктен басталады. Тәуелсіздік-біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

«Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, бұл - жасампаздықтың, сенімді әрі қарқынды өрлеудің дәуірі.

Қазақ халқы басынан кешкен тәуелсіздік жолындағы күрес әр кезеңдегі поэзиялық туындылардың арқауы болған. Бостандыққа ұмтылған алғашқы әрекеттерден бергі уақытта ақындар да, жыраулар мен би-шешендер де тәуелсіздік туын бірге көтерісіп, азаттыққа деген әлеумет аңсарының жоғын бірге жоқтап, талмай қажыр көрсетіп келген. Оған мысал ретінде Ежелгі дәуір әдебиетіне тоқталсақ, сақтардың ерлік тарихын, салт-санасын бейнелейтін «Тұмар патшайым», «Шырақ батыр» ерліктері мен «Күлтегін» «Тоныкөк» және «Алып Ер Тұңға» сынды азат жырларының бізге ақтарар ерлік шежіресін атауға болады.

Олай болса, түркілердің тәуелсіздік жолындағы ерлігін баяндайтын дастандар сырына үңілейік.

Әрбір сақтың таң қалдық епті ісіне

Тәубе еткен тақта отырған тектісіне

Томиристей патшасы бар қайсар халық

Төзе алмас ешкімнің де тепкісіне... (Музыка ойналады, көрініс)

Сақтар еліне шабуыл жасау үшін Кир патша Аракс өзеніне көпір салдыра бастайды. Мұны естіген Томирис патшайым соғысты болдырмау үшін Кирге хат жолдайды.

(Жаушы ішке кіріп, Кирге хат ұсынады. Аудиотаспа арқылы хат оқылады.)

«Ей, мидиялықтардың патшасы, райыңнан қайт! Тырбанып салып жатқан көпірлеріңнің үстінен кімнің өтетіні бір Тәңірге аян, әр ұлыс өз патшасына бағынсын, әр адам өз құдайына табынсын! Ал егер құдайдан соғыс тілесең, көпір салып әуре болма. Майданның шарты мынау: Адам қанын төкпейік, сол үшін біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, Дариядан жайбарақат өтіп, алғың келген дүние-мүліктің бәрін ал, бірақ үш күннен кейін өз еліңе қайтып кет!»

Бар мұраты біреудің елін шабу, олжа бұлау, даңқ тұғырына көтерілу болған ашкөз Кир ханша ақылына құлақ аспай, өзінің шайқасатынын мәлімдеп, Тұмардың жаушысын кері қайтарып, өз нөкерлерін жинайды.

Кир: Ха-ха-ха! Менен оңайлықпен құтыла алмассың! Жинаңдар әскерді, кеңесейік!

Крез: Сақтарды ашық соғыста жеңіп шығу қиын, оларды айлакерлікпен алу керек. Ол үшін сақтарға қарсы шағын ғана әскер шығару керек. Сол шағын әскери топтың өзін сырқат, соғыста жараланған, әбден әлсіреп-қалжыраған нөкерлерден құру қажет. Бір биік төбенің бойына көл-көсір дастархан жасап, түрлі тағамдарды үйіп тастайық. Әсіресе, шарап көп болсын. Сақтар әлгі әлсіз әскерді жеңгендеріне мәз-мейрам болып жатқанда, біз шабуылға шығуымыз керек. Сонда жеңіс біздікі болады.

Кир: Мақұл, келістік!

Кир патша Крездің айтқанын істейді. Сақтар парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жеңіл жеңіске масайраған олар олжа болған шараптарды ішіп, жеңісті алаңсыз тойлап жатқанда сырттай бақылап отырған парсы әскерлері шабуылға шығып, сақтардың әскерін қолға түсіреді. Ардақты ұлы мен батырларынан айырылған Тұмар ханым Кирге жаушы жіберіп, ақырғы сөзін айтады:

«Ей, қанқұмар Кир! Сен еркекке лайықты емес, жиіркенішті ісіңмен мақтанбай-ақ қой! Сен менің қлымды бетпе-бек шайқаста жеңген жоқсың. Оны айлакерлікпен, шарап ішкізіп, қолға түсірдің. Енді менің айтқанымды істе. Ұлымды өзңе тапсыр да, аман-есеніңде келген жағыңа қайтып кет. Есің барда еліңді тап. Егер сен менің осы айтқанымды орындамайтын болсаң, онда мен сақтар құдайы Күн атымен ант етемін, мен сен секілді ашкөзді қанға бөктіріп, өзіңді қанмен суарамын!» Менің бұл сөзімді жеткізіңдер Кирге.

Келесі күні екі жақтың арасында сұрапыл соғыс басталады. Далалық жорық тәсілін әйдік меңгерген қыран мінез түркі-сақтар парсылардың әскерін талқан етіп, жер жастандырады. Осы топалаң қырғында өркөкірек Кирдің өзі де әскерлерімен бірге қаза табады. Тұмар ханша майдан аяқталған соң айтқан антын айна-қатесіз орындайды. Сарбаздарына Кирдің тұл денесін таптырып, басын шаптырып, қан толтырылған мес торсыққа салдырады. (Слайдтан суретін көрсету)

«Ей, қанқұмар! Өмір бойы қанға тоймай, адам қанын суша шашып келіп едің. Бұл жарық дүниеде сен ашкөз қанға тоймадың ғой. Ал енді о дүниеде сен қанға тоятын боласың. Тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ!»

Жүргізуші: Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Жүргізуші: Туған елінің, ата-мекенінің еркіндігін, тыныштығы мен бүтіндігін өз жанынан да артық көріп, сан мыңдаған ата жауына аяусыз соққыға жыққан-Шырақ батырдың ерлігі ерекше. Ол өзі үшін өлімнің, елі үшін өмірдің жолын жүрді. (Музыка)

«Шырақ батыр» көрінісі

Жүргізуші: Парсы елінің патшасы қалың қолмен сақтар еліне жақындап, елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сақ әміршілері жауға қарсы күрес жүргізуді талқылап жатады.

Жүргізуші: Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры-Күлтегін батыр. Тарихи деректер мен ескерткіштерге қашалған жырлар сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Білге қағаны ел бастап, Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым етіпті.

«Күлтегін» бейнесі, оқитын Қанатов Арман

Жүргізуші: Ел тыныштығын армандап, халқының болашағын ойлап қамыққан, барша дала даналығын бойына сыйдырған тамаша тұлғалардың бірі-Асан қайғы. Асан Қайғы елінің сулы – нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін,  мамыражай, еркін өмір сүруін» аңсады. Ол іздеген «Жерұйық» шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі. 

Қамын ойлап халқының,
        Қайғы жұтқан қария.
        Жайлы қоныс іздеген
        Қазақ деген халқына.
       Әділдікті жырлаған,
        Ел бақытын ойлаған,
        Желмая мініп шарлаған
        Жерұйық іздеп жалғанда...

(Көрініс. Асан қайғы ел аралап, жерұйықты іздейді) Күй ойнайды

Асан қайғы:

- Әттеген-ай, ескі қорған Сауранды тақырдың бетіне, Шөлстанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ,  жайқалып тұрған нуы жоқ – түбі тұрақты қала бола қоймас.

- Сайрам, Шымкент, екі бассаң бір базар,
Саудасы қызған жер екен.

Екі бассаң – бір мазар, молдасы азған ер екен

-Е, мынау үш Алматы деген жер екен. Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.

- Нарын, тайың айғырдай, тайлағың бурадай екен! Қысың ұзақ, шаруаңа сақ бол!

- Жылқының өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірген екенсің!

- Ай, Жиделібайсын, артыма бөктіріп кетер едім, әттең, желмаям көтере алмайды-ау! Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын, тып-тыныш мамыражай ел екенсің» (Күй ойнайды)


Жүргізуші: Ия, түркі тегінен бастау алған Асан қайғымен бірге ел басына күн туғанда хандарға ақыл-кеңестерін берген би-шешендердің дана сөздерінің маңызы ерекше.

Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. (Күй ойнайды)

Көрініс.

Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мәселе болып, ел атасы Төле бидің алдына барады. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып далада отырғанда Төле сөз бастайды.

- Уа, әлеумет, құс үшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде?

Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да:

- Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай?

- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді Қазыбек. Төле:

- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, дау төртеу болады" деп, үш ел әр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? (қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. )

Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз"

Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар" Сонда Қазыбек отырып:

- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы ұлға лайык!

Төле би: Дұрыс айтасың,

"Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса сақа ғой.

Жасы кіші демеңдер,

Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған

бердік, айтқан сөздеріңнің бәрі жоба болсын.

Жүргізуші: Ел басына күн туған, алмағайып заманда көкейдегіні айтып, көңіл түкпіріндегіні тербейтін, әрине, өлең сөзді мирас тұтқандар. Олар өз тұсындағы ақиқатты, шамырқанған шындықты айтып, іштегі ширыққан сырды сыртқа шығарады. Елдің басына бұлт үйірілер сәтті аңдап, елдің береке бірлігін нығайтудың жолын іздейді, айласын меңзейді, бағытын нұсқайды. Асыл сөз осынысымен құнды емес пе?

Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді жыраулардың марқасқа жырлары, қалмақ шапқыншылығына қарсы күрес дәуірін, Кенесары қозғалысы мен Исатай-Махамбет көтерілісін арқау еткен өлеңдерді, тарихи жырларды, аңыздарды атамау мүмкін емес.

Махамбеттің өлеңі «Соғыс» оқитын Тауташев Наурыз. (музыка)

Жүргізуші: Тәуелсіздікті ту ғып көтеріп, Алаш туы астына жиналған бір топ азуын айға білеп, тарих сахнасына өзге қырынан келді. Ескіні жақтаған, жаңаны толық танып білген сол текті топтың айтары да ашық болды. Отаршылдыққа, құлдыққа қарсы, тәуелсіз азаттығын аңсаған аңғарлы топтың атойшыл үні естілді. Ақылгөй ата-бабаларымыздың алты алаштың азаттығын аңсаған арман-мұңы асыл мұраға айналып, аса бағалы қазына болып бізге жетті.

3-сынып оқушылары ақындарға арнаған өлеңдерін оқиды. (Музыка)


1-оқушы:

Рухы биік бүгінде,

Мағжан ақын – киелім.
Сұлулық бар үніңде,
Жырларыңды сүйемін!

Бүгінгі ғажап күнімде,
Ден қойған ұрпақ білімге.
Ұлы ақын сенген жастардың
Бірімін мен де бүгінде.

2-оқушы:

Қаламыңнана бал тамған Ахмет бабам,

Ұлт намысын оятуды армандаған.

Қажымаған қайратыңның жалғасындай

Ұрпағыңмын өзіңе жыр арнаған.

3-оқушы:

Қиянат кетпес тоқтаусыз

Әділ сөз қалмас құптаусыз.

Ұрпағы барда артында

Міржақып кетпес жоқтаусыз.

4-оқушы:

Біздер - Күннің ұрпағымыз,

Біз – жарықтан жаралған өр халықпыз,

Сондықтан да төрді алыппыз,

Сондықтан да өр-алыппыз!

Үлкен-кіші, баламыз да,

Сара жолмен барамыз да.

Ілияс ата жазып кеткен

Жырдан қуат аламыз да.

5-оқушы:

Аймауыттың Жүсіпбегі кім еді?

Ел деп соққан, жер деп соққан жүрегі.

Құрбан болған қызыл қырғын ішінде,

Қызылтаудың қыран тектес ұлы еді.

6-оқушы:
Сәкен ата теңіздейін теп-терең,

Тереңінде текті сөзі көктеген.

Алашының маңдайына сыймаған,

Бағасына ешкім әлі жетпеген.



Жүргізуші: Алғашқы буынның ізін басып есейген ендігі бір топ, кеңестік кезеңге «қолбала» болып отырып-ақ өз үнімен, халқының қайғы-зарын, елінің ертеңін жырлауға «еппен» кірісті. Шоғыры молаң сол топта М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, Қ.Мырзалиев, Қ.Аманжолов, Ж.Молдағалиев, Мұхтар Шаханов сынды дүлділдер бар еді. Сол бақытты – бүгінгі тәуелсіздікті көргендері де, көрмей көз жұмғандары да көп болды.

Ұлттық рухтың алаулап, жалаулап жанған кезеңі 1986 жыл еді. Талай көкірекке көмілген тәуелсіздік шоғы үрленіп, азат ойлардың алауы маздай жанды. Сол кезде таразының бір жағын ойсырата басып тұрарлық салмағы бар қаламгерлердің тәуелсіздік тақырыбындағы жырлары жалындай берді.

«Қайран қазақ» бейнеклипі

Экраннан Тәуелсіздік монументі көрінеді. Айналасында 3-сынып оқушылары М.Мақатаевтың «Бабаларым, рахмет сендерге» өлеңін оқиды.


1- Бабаларым, Рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп көр-кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде.

Бабаларым, Рахмет сендерге!


2- Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Арулардың ашпай кеткен сырларын,

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.


3- Құлазыған сенің құла түздерің,

Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім.

Жазылмаған тарихымның жолдарын,

Ауызекі аңызыңнан іздедім.


4- Мен білмеймін.Басыңа әлде орнап бақ,

ШәҺар салып, жасадың ба жаннат-бақ.

...Әлдеқалай тасқа түскен таңбаңа

Табынамын, тарихымдай ардақтап.


5- Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,

Домбыраңның пернесінен іздедім.


6- Іздедім де, сәттерімде түңілген,

Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем.

Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем;

Тарихымды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым,сенің Ана тіліңмен!




7- ...Менің мына қайта туған күнімде,

Сөйле, оркестр, дүрілде бір,дүрілде!

Сөйле, Моцарт, менің Ана тілімде,

Сөйле, Данте, менің Ана тілімде.





Жүргізуші: (Музыка) Міне, азаттық идеясының қазақ поэзиясындағы бастауы тасқа басылған мәңгілік жырларымыздан бастап, Орда көтеріп, қазақ деген ел атанған кезімізден бергі орыс бодандындығынан кейінгі Тәуелсіздік жырларының асыл арнасы болды.

Қазақтың даласын нұр, қаласын жыр кернеп, елдің үні еркін шықты. Ұлттық рух ұранды үнімен асқақтай түсті. Түркілік сарынды түп тамыр еткен тәуелсіздік жырлары тұла бойымызды қыздырып, қобыздың үніне, домбыраның күйіне қанат бітірді. Түркі тастарына қашалған бөрі рухы даламызда жосылып, алтын топшы болат қыранымыз қиянға самғады. Ежелден енеміздің сүтімен сүйегімізге сіңген ақ уыз – еркіндік, тәуелсіздік ұғымы аңыздан ақиқатқа айналды. Ендігі жерде тәуелсіздікті аңсау емес, оның тұғырын бекемдеп, туын аспандату- біздің мұратымыз. (Табиғаттың түрлі дыбысы)

Көрініс. Асан қайғы рухы:

Асанқайғы:

Уа, кең далам, тауларым, 
Орманым, көлдерім мен суларым, 
Не сыр түйіп жатырсыңдар, 
Мынау әсем дүние,не сыр шертеді.  (Жан – жағына таңдана, қызыға көз тастайды. )

Оқушы: Ассалаумағалейкүм, армысыз ата!

Асан қайғы:Бар бол балам.Амансыңдар ма? Кімсіңдер? 
Мына заман, қай заман ? 
Жарқырап тұр ғой түгел. 
Жүздерің де бал – бұл жанған, 
Айтшы қане, қай заман? 
Оқушы: Уа, бабам сіз армандаған заман. Көксеген жер ұйығыңда бейбіт өмір асқақтаған халқыңның даналығы асқан, дариялығы тасыған, бірлігі жарасқан, рухы биіктеген көк байрағы еркін жайнап тұрған заман. 

Асан қайғы: Уа, шіркін елім, жерім менің, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоныс та осында, бақыт та, байлық та, даналық та осында екен ғой. Балаларым, сендер құлақ салсаңдар мен өмір сүрген сонау ерте дәуірде менің мынадай арманым болып еді. Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көк орай шалғынды, жарқырап жатқан даламнан жайлы қоныс іздеп едім, бүгін тапқандай боп тұрмын.
Оқушы: Уа, бабам, ендеше біз осынау мұнайлы өлке Атыраудың, толқыны тербелген Жайықтың ұрпағымыз. Сіз аңсаған өткен дүниенің бәрі бүгін біздің құзырымызда.

Асан қайғы: Уа, халқым менің. Елімнің керегесі кеңіп, терезесі теңеліп, шаңырағы асқақтаған екен ғой.Алдынан ақ таңы ата берсін болашақтың. Бүгін мен мына заманның дүбірлі заманға жеткеніне көзім жетті. «Ұланғайыр даласы бар, аруақты бабасы бар ел» екеніне қуандым. Ендігі ұрпаққа Қазақстанда туу да, тұру да бақыт.

Уа, халқым, ұрпағым – біртұтас халқыңның бірлігіне ие бол! Ұлтыңды сүйе біл. Сол ұлтқа қызмет ет. 
Оқушы: Әрине, ата, айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын!

Ж.Молдағалиев «Мен-қазақпын» өлеңі

Жүргізуші:

Міне, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жаңа заманға сай жаңа мемлекет құрып, әлемдегі өркениетті елдердің көшіне қосылып, өзінің тағдыры мен тарихын өз қолымен жасап жатса, сол ұланғайыр ұлы істе қазақ әдебиетінде қалам тербеп жүрген ақындарымыз бен жазушыларымыздың өзіндік үлесі зор екені ақиқат. Түп әдебиетіміздің төркіні болған – тәуелсіздік жыры ұрпақтардан үндестік тауып мәңгіге жырлана берсін!

Ендігі күні іргетасы сапалы қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгіге желбірей бер

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-239495
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>