Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Төрт түлігім - тіршілігімнің ырысы"

Тәрбие сағаты "Төрт түлігім - тіршілігімнің ырысы"

Скачать материал

Тақырыбы: Төрт түлігім - тіршілігімнің ырысы

Мақсаты: Балаларға төрт түлік, мал туралы түсінік беру, жануарларға деген сүйіспеншілікке, достыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер: плакат , төрт түлік мал туралы буклет , мақал - мәтел , жұмбақ , ребус , ойындар

Бүгінгі тәрбие сабағымыз төрт түлік малға арналады.

  • Осы балалар біз қай ұлтпыз?

  • Дұрыс, біз қазақпыз. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан жануарлардың қадыр - қасиетін әбден зерттеп білген , малды мінсе көлік , ішсе- сусын , жесе-тамақ , кисе -киім ретінде қолданған.

«Даланың көркі - мал.

Өзеннің көркі - тал» -демекші. Осы төрт түлік малға нелер жатады?

  • Дұрыс айтасыңдар . Сиыр , қой , жылқы , түйе.

  • Сиыр сүтіннен қандай тағамдар жасайды

  • Айран , құрт , қатық , май , ірімшік , кілегей тағы басқа

  • Ал , жылқы мен түйенің сүті қалай аталады?

  • Қымыз , Шұбат

Бұл сусындар адам денсаулығына пайдалы. Осы төрт түлік малға ешкіні де жатқызуға болады.

  • Төлдерді жасына қарай қалай атаған?

Әр малды өсу ретіне байланысты әр түрлі атаған.

1.Түйе - бота , тайлақ , бұзбаша , інген , атан , бура.

2.Жылқы- құлын , тай , жабағы , құнан , дөнен , бесті

3.Сиыр - бұзау , торпақ , тайынша

4.Қой - қозы , марқа , тоқты , тұсақ , ісек

5.Ешкі - лақ , туша, шібіш , серке

Міне осылай төрт түлік малдар жасына қарай аталады екен.

  • Балалар сендерді үйлеріңде «құлыным», «ботақаным», «қошақаным» деп еркелете ме?

Міне ендеше халқымыздың төрт түлік малға деген сүйіспеншілігін осыдан байқауымызға болады. Тағы бір айтатын нәрсе әр малдың өз пірі болады деп есептелген . Ендеше ортаға шақырайық.

1-ші түйе атасы «Ойсын қара»

1-оқушы: Ірі менің сүйегім

Ойсыл қара - түйемін

Ежелден - ақ ел білген

Күш қуатқа иемін

Сиыр атасы «Зеңгі баба»

2-оқушы: Зеңгі баба - сиыр атасы

Ел аузынан түспеген

«Зеңгі баба» құт деген

Балалар тез өссін деп ,

Шелек - шелек сүт берем

Жылқы атасы - «Қамбар ата»

3-оқушы Қамбар ата жылқымын

Шөптің жеймін түр – түрін

Дертке дауа қымызым

Берік арқан , қыл терім

Қой атасы «Шопан ата»

4-оқушы Шопан ата түбіміз

Ұмытпаймыз мұны біз

Жұрттың бәрі ұнатқан

Жұлсақ жібек жүніміз

Ешкі атасы «Шекшек ата»

5-оқушы Таппай тұғын еш тыным

Шекшек ата ешкімін

Талайлардан ілгері

Талайлардан естимін

  • Қане бәріміз қайталап жіберейік түйе атасы - Ойыл қара, Сиыр атасы - Зеңгі баба , қой атасы - Шопан ата , ешкі атасы - Шекшек ата

Енді балалар төрт түлік туралы кім мақал - мәтел жұмбақ тағы басқа біледі? Енді ауысша сөз жұмбақ шешуден жарысайық. 3 қатардың қайсысы көп шешеді соған жұлдызша беріледі.

1.Түйенің сүті қалай аталады? (шұбат)

2.Жылқының төлі қалай аталады? (құлын)

3.Қой атасы? (Шопан ата)

Қорытынды: Ал енді балалар, біз бүгін төрт түлік мал туралы көптеген мағлұмат алдық. Енді бәріміз төрт түліктің не екенін білеміз. Оларға әрқашан қамқорлық танытып , жанашыр болуымыз керек.





















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Төрт түлігім - тіршілігімнің ырысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 343 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 1579
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садуакасова Гулсим Ныгметжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7853
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой