Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Төрт түлік"

Тәрбие сағаты "Төрт түлік"

Скачать материал

Ахметова Эльвира Мухамбетжановна

БҚО Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін

мектебінің химия пәні мұғалімі

Тақырыбы: «Төрт түлігім-ырысымның бірлігі»

Мақсаты:Оқушылардың төрт түлік жайлы ұғымдарын бекіту олардың жасына қарай аталуымен және пайдасымен таныстыру. Балалардың еңбек етуге үйрету.

Көрнекі құралдар:Суреттер.Плакаттар.

Даланың көркі-мал.

Өзеннің көркі-тал.

Бүгінгі тәрбие сағатында,

Айтылады төрт түлік мал.

I.Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз:

-Тәрбие сағаты «Төрт түлігім-ырысымның бірлігі»деп аталады.

Қазақ халқы ежелгі мал шаруашылығымен айналысқан.Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Ертеде ата-бабамыз амандасқанда «Мал-жан аман ба?»деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өміріндегі малдың орны ерекше екенін ұғуға болады.Малдың күші, сүті, еті,сонымен қатар жүні, қылы, терісі адам баласына пайдалы, кисе –киімі,жесе-тағамы болған.Қазақ өзінің малын қой,ешкі,жылқы, сиыр,түйе деп төрт түлікке бөледі.Осы төрт түлік малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша өнім үшін пайдаланады.

«Кім жылдам?»

Оқушылардың алдарына қатты қағаз ,төрт топқа бірнеше бөлікке қиылған малдың суреттерін таратамын да мынандай шарт қоямын:

әдемі суретті тез құрап, әр топ өз малын қайтып алу үшін бір тақпақ айту керек.

«Жұмбақтар»

«Кім қалай су ішеді?»деп аталады.

Су тірліктің тірегі ,

Су әркімнің керегі.

Аң да,мал да,адам да,

Сумен өмір сүреді.

Кел балалар,байқайық,

Көзбен көріп талдайық,

Кімдер суды қалайша,

Ішетін айталық.

1.Бас алмастан сіміріп,

Демде қанып алады.

Томпаң-томпаң жүгіріп,

Өріске ұзап барады.

Себебі не сондағы?

Адам малы болғаны

Бұл қай мал?(Қой,құлыншақтар тобы)

2.Қара мұның айласын,

Байқап-байқап ішеді.

Шаңырақ мүйіз дәу басын,

Шайқап-шайқап ішеді.

Себебі не сондағы?

Сәл сотқарлау болғаны.

Бұл қай мал,балалар,

Жауабын кім табады?(Сиыр,ботақандар тобы)


3.Ұзын мойын қылышқа,

Бұрып-бұрып ішеді.

Асық,мейлің,асық па,

Тұрып-тұрып ішеді.

Себебі не сондағы?

Сабырлы нық болғаны.

Бұл қай мал,балалар?(Түйе,торпақтар тобы)


4. Жан-жағына елеңдеп,

Үзіп-үзіп ішеді.

Тұнық суға тереңдеп,

Жүзіп –жүзіп ішеді.

Себебі не сондағы?

Тым талғампаз болғаны,

Бұл қай мал?(Жылқы.қошақандар тобына)


«Мақал-мәтел» сайысы

1.Малды бақсаң,қойды бақ,

Май кетпейді шарадан.

2.Диқан еккенін жиді,

Жылқы тепкенін жейді.

3.Жайылымы болмаса мал азады.

4.Мал бітерінде кілемнің түгіндей,

Мал кетерінде қолдың кіріндей.

5.Бір мал иесіне пайда келтіреді

Бір мал иесін өлтіреді.

6.Жақсы қойшының қозысы түлеп тұрғанда ,

Жаман қойшының құнан қойы жүдеп тұрады.

7.Қойды қорадан сат,

Астықты ұрадан сат.

8.Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды,

Өгіз мүйізді сиырдың сүті болмас.

9.Нар жолында жүк қалмас.

10.Түйе тұзға келеді,

Күйеу қызға келеді.

11.Ат айында,

Бие жылында құлындайды.

12.Аттан тай озады,

Атадан бала озады.

13.Ер қанаты –ат

14.Жылқыда өт жоқ.

15.Қойшының таяғынан,

Келіннің аяғынан.

16.Ит асырасаң сырттаннан,

Қой бермейді қорадан.

17.Тұсаулы мал ұзамас.

18.Ит қаппас деме,

Ат теппес деме.

19.Өгіздің аяғы болғанша,

Бұзаудың басы болсын.

20.Ат баспаймын деген жерін,үш басар.

21.Екі қошқардың басы бір қазанға симайды.

«Қорытынды».

«Төрт түлігім –ырысымның бірлігі» атты тәрбие сағатында төрт түлік туралы көптеген мағлұматтар алдық.Осы төрт түлік малдың пайдасын көру үшін көп еңбек ету керек.Малды дұрыс күтпесе, бізге ол сүт те,ет те,жақсы тері мен жақсы жүн де бермейді.

-Балалар,сонымен не түсіндіңдер?

-Төрт түлікке не жатады?

-Қой,сиыр,түйе,жылқы.

-Өте жақсы

-Балалар,қой төлін не дейміз?

-Қошақан.

-Сиыр төлін ше?

-Бұзау

-Түйе баласын ше?

-Ботақан

-Ал жылқы төлін не дейді?

-Құлыншақ

-Өте жақсы балалар.

Қорытынды

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Төрт түлік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 2740
    • DOCX 16.5 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Эльвира Мухамбетжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46746
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой