Туған
тілім-анам тілі
Сабақтың мақсаты:
I. Балаларды
туған тілін сүюге,оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
II. Оқушылардың тіл мәдениетін
сақтай білуге,тіл тазалығы үшін күресуге және сөз өнеріне баулу.
III.Қазақ
халқының тілі мен әдебиетіне көңіл бөлу,ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.
Сабақтың
көрнекілігі: Мемлекеттік тілге байланысты
плакаттар,буклеттер,мақал-мәтелдер.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі.
II.Кіріспе
сөз.
Қазақстан
Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты-өз
халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын,ана тілін оқушы бойына сіңіру,әр ұлттың
өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі.Біздің тәрбиеміз ананың ақ
сүтімен,әлдиімен,атаның қасиетті сөздерімен бастау алады.
Қыркүйектің
22-сі Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдері күні болып жариялануы аса
маңызды оқиға.Сондыұтан да бүгінгі мереке ана тілін ардақ тұтып,өз Отанын
жанындай сүйетін,әр адамның жүрегіне шуақ құятын мерейлі сәт.Ең алдымен, бұл
біздің мектебімізге ортақ мереке.Екіншіден,тіл түсінісетін құрал
болғандықтан,бұл мереке татулықтың,береке-бірліктің бастауы.Үшіншіден,тіл
тарих тереңіне бойлатып,өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас
бұлағы.
1-жүргізуші:
Таза
мінсіз асыл тас,
Су
түбінде жатады.
Таза
мінсіз асыл сөз,
Ой
түбінде жатады.
2-жүргізуші:
Су түбінде жатқан тас,
Жел
толқытса шығады.
Ой
түбінде жатқан сөз,
Шер
толқытса шығады.
2-жүргізуші: -деп Асан
қайғы атамыз,айтқандай,бүгінгі кеште тіл туралы айтқан даналар пікіріне
тоқталамыз.
3-оқушы: - Тәуелсіз еліміздің
қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар,бұл жаңа атаулы күн.Қазақстанда тұратын барша
ұлттар өкілдерінің құрмет көрсететін ортақ мейрамы.
4-оқушы: - Тіл адам мен
адамды,ұлт пен ұлтты жақындастыратын негізгі құрал.Сондықтан да біз оны
халықтар арасындағы достықтың,береке-бірліктің тірегі ретінде құрмет тұтамыз.
5-оқушы:
- Қымбат маған ана тілім,бал тілім,
Қымбат маған дана тілім ар тілім.
Ақ сүтіммен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар ойыма.
6-оқушы:
- Ана тілім жырлап өткен талайлар,
Жырлап
өткен Ыбырай мен Абайлар.
7-оқушы:
- Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
8-оқушы:
- Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін,
Ол бар болса,мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
9-оқушы:
- Ал екінші бақытым-тілім менің.
Тас жүректі тіліммен тілімдедім,
Кей-кейде дүниеде түңілсем де,
Қасиетті тіліммен түңілмедім.
10-оқушы:
- Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Құдай
деген кім десе,Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
11-оқушы:
- Кімне тудың?
Нәсілің кім?
Ұлтың кім?
Әлде мен бір аспанның сұр бұлтымын.
Бұлт емеспін,
-Мен
қазақпын,
Халықпын.
Көне күннен келе жатқан тарихпын.
12-оқушы:
- Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар.
Туған тілсіз тірлік құрсын наныңдар,
Туған тілде намысым мен арым бар
Туған тілсіз тірлік құрсын наныңдар.
13-оқушы:
- Туған да,қорған да, ұшқанда да,
Өз тілінде қиқулайды құстарда.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ
Деген кім бар өз тіліңді ұстанба?
14-оқушы:
- Туған тілім-бабам тілім,өз тілім.
Туған тілім-анам тілім,өз тілім,
Туған тілім-далам тілім,өз тілім
Туған тілім-адам тілім,өз тілім.
15-оқушы:
- Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім жүрек үнім наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ
алыңдар.
16-оқушы:
- Қазақ тілім-ұраным,
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса-мықты болмас тұрағым
Ана тілім-елдігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
17-оқушым: - Қазақ тілім саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім,ана тілім ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан
сырларым,тілегім,бар арманым.
Мұғалім: Республикамыздың
тәуелсіздік алып,тіліміздің мемлекеттік тәрбиеге ие болуына байланысты сөз
мәйегін теруге құлшыныс арта түсуде.Ойды ұштап,қиялды қанаттандыратын
мақал-мәтелдер де қайтадан рухани серігімізге айналды. «Мақал сөздің мәйегі»
дегендей кезекті тіл туралы мақал-мәтелдерге берейік.
1. Тілге
құрмет,елге құрмет.
2. Тттттіл
тағдыры-ел тағдыры.
3. Өнер
алды-қызыл тіл.
4. Тіл
тас жармас,бас жарар.
5. Ана
тіліңді ұмытқаның,өз ұлтыңды құртқаның.
6. Тіл
көңілдің кілті.
7. Ит
тойған жеріне,ер туған жеріне.
8. Туған
жердің күні де ыстық,түні де ыстық.
9. Елінен
безген ер оңбас,көлінен безген қаз оңбас.
2-жүргізуші:
- Қандай ырым-тыйым сөздерді білеміз?
1. Үйге
қарай жүгірме.
2. Қолыңды
жуған соң сілкіме.
3. Керегені
керме.
4. Аяқты
баспа.
5. Малды
теппе.
6. Күн
батарда ұйықтауға болмайды.
1-жүргізуші: - Ал,балалар,келесі
шартымызға өтпес бұрын,әнші қыздарымызға «Анамның тілі аяулы үні» атты өлеңді
біргелікте тыңдайық.
Өмірге келдім,
Анамды көрдім.
Деді ол жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп
Жырымен ертіп,
Бал тілім әнім.
2-жүргізуші: - Төле бидің
сөзі:
Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі еді.
Өзіне келер ұятын,
Жаудан бұққан немені
Ортасынан қуса игі еді.
Қаз дауысты Қазыбек бидің
сөзі:
-Өркенім
өссін десең,
Кекшіл
болма,
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшірерсің.
Артына аталы сөзі қалған
өз заманының ақылгөйі Әйтеке баба сөзі: - Бай болсаң,
Халқыңа
пайдаң тисін.
Батыр болсаң,
Жауыңа найзаң тисің.
Бай болып,елге пайдаң
тимесе,
Батыр болып,жауыңа найзаң
тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін.
1-жүргізуші: Ортада қазақ
биі.
13-оқушы: -Тілден биік асқар
жоқ,
Тілден
асқан байлық жоқ,
Тілден
терең теңіз жоқ.
14-оқушы: - Қазақ тілі-өз
тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың,мәңгі сені,
Болашағым,бақытым
дара тілім.
15-оқушы: - Мен қазақпын,бір
биік белеспін мен,
Европа
да,Азия да, емеспін мен,
Аралықпын жеті материктей,
Бірақ,барша адаммен тең өстім мен.
2-жүргізуші: - Тіл
мәдениет,тіл тарих,тіл әдебиет.
Енді,бір өткенге көз
салайық,ел мен елді біріктіретін,халық пен халықты теңестіретін,ел дауы,жер
дауы,жетім дауы,жесір дауы,екі ауыз сөзбен шешкен бабаларымыз
кімдер?Әрине,билер.
1-жүргізуші: - Ұлы жүзден-Төле
би,
2-жүргізуші: - Орта жүзден-Қаз
дауысты Қазыбек би.
1-жүргізуші: - Кіші жүзден-
Әйтеке би.
Құрметті оқушылар,біздің тіл
мерекесіне арнап өткентәрбие сағатымыз осымен аяқталды.Сөз соңында айтарымыз:
Ұмытсаңдағы бөтенді,
Ұмытпа ана тіліңді.
Өз тілің,өскен өркенің,
Ананың берген ақ сүті.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.