Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Туған жерім,тұғырым Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Туған жерім,тұғырым Қазақстан"

Скачать материал

Күні:2.09.2016ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған жерім,тұғырым-Қазақстан»

Түрі:Танымдық сабақ

Мақсаты: а) білімділік: «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың 
білімдерін толықтыру,тиянақтау,дүниетаным- 
дарын кеңейту; 
ә)дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, 
тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, 
сөйлеу тілдерін жетілдіру; 
б ) тәрбиелік : Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құр- 
меттеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынты- 
мақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту. 
Түрі: танымдық-тәрбие сағаты 
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап, 
Пәнаралық байланыс:әдебиет,география,тарих 
Көрнекі құралдары: карта,рәміздер,Елбасының портреті,Қазақстанның әсем қалалар- 
ының көрінісі,ребустар,алтын сандық. 
Барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. 
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! 
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен). 
Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
-Орындарына отыра қойыңдар. 
ІІ.Негізгі бөлім. Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов 
ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: 
«Туған жерім, тұғырым -Қазақстан » деп аталады. 
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз 
жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді(картамен жұмыс). 
Қазақстан-тәуелсіз,егеменді,көпұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар,ұйғырлар, 
өзбектер,корейлер,украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр. 
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 
Қазақстанда үлкен қалалар көп.Олар:Алматы,Астана,Қарағанды,Шымкент, 
Көкшетау,Қостанай,Ақтау,Павлодар,Ақтөбе,Тараз,Қызылорда,Өскемен,Семей, 
Талдықорған.Бұлар-әдемі қалалар. 
Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 
(Астана қаласының әсем,көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп,әңгімеленеді). 
Қазақстан тарихында төрт астана болды.Олар:Орынбор(1920-1925),Қызылорда 
(1925-1929),Алматы(1929-1997),Астана (10 маусым 1998ж.) 
1-ші оқушы: Туған жер-тірегім, 
Сенде өстім түледім, 
Бір сен деп үнемі 
Соғады жүрегім. 
2-ші оқушы: Күлеміз,ойнаймыз, 
Демаламыз алаңсыз, 
Ризамыз саған біз 
Ұлы Отан – анамыз. 
3-ші оқуш : Асқарлы,қарлы шың, 
Аялаған ән құсым, 
Туған жер,армысың! 
Саған мың алғысым. 
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы,мемлекеттік рәміздері бар.1993 жылы 
28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.1995 жылы 30 тамызда 
еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 
Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын 
мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Әр оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын 
аттаған күннен бастап Конституцияда жазылған өз құқығы жайлы білуі керек. 
Мектепте ол өзінің білім алу құқығын пайдаланады.Құқық бойынша мемлекет 
оны ақысыз оқытады.Оқушының бұдан кейінгі мақсаты,борышы-жақсы оқу, 
терең білім алу. 
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй, 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең,менше сүй,-Абай атамыз жырлағандай,кезекті әнге берейік.Ән «Жерім менің». 
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар:ту,елтаңба,әнұран.Тудың 
түсі-көк.Көк түс-бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр. 
1-ші оқушы: Көк аспандай көкпеңбек, 
Қазақстан жалауы, 
Көк емес ол тектен-тек, 
Елдің ашық қабағы. 
2-ші оқушы: Ақ ниеті-алтын күн, 
Асқақ арман - қыраны, 
Жалауы бұл халқымның, 
Мәртебесі,Туы,Ары. 
3-ші оықуш: Бұлт баспасын күнімді, 
Тарылмасын өрісім, 
Биік ұстау Туымды 
Қасиетті борышым. 
Елтаңбаның авторлары:Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков.Елтаңбаның
реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі-
шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар.Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.Елтаң 
баның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз , астыңғы жағында «Қазақстан»жазуы 
орналасқан. 
1-ші оқушы:Елтаңбасы елімнің, 
Неткен әйбәт,әдемі! 
Тұнығындай көңілдің 
Ортада аспан әлемі. 
2-ші оқушы: Құт,береке-шаңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ, 
Екі жақтан көмкерген. 
3-ші оқушы :Тәуелсіздік жолында 
Талай-талай тер тамған. 
Билігім өз қолымда, 
Еркіндігім-елтаңбам. 
2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды.Әнұранның сазын,яғни әуенін 
жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов,ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеднеов және Нұрсұлтан Назарбаев. 
Би «Сарыжайлауым». 
-Енді балалар кезекті ойынға берейік. 
Кел,балалар келіңіз, 
Тамашаны көріңіз, 
Томсырайып отырма 
Мақал ,ребусты ойла 
Шешімін таппай қойма. 
(ребус шешіледі, мақал-мәтелдердің сыңары табылады) 
ІІІ. Қорытындылау. 
Ақ сандығым ашылды, 
Ішінен сұрақ шашылды.(оқушыларға жоғарыда айтылған 
материалдар бойынша сұрақтар қойылады). 
1.Қазақстан қандай мемлекет? 
2.Елбасы кім? 
3.Қазақстанның астанасы қай қала? 
4.Астана қандай қала? 
5.Мемлекеттік тіл қай тіл? 
6.Мемлекеттік рәміздерді ата. 
7.Тудың авторы кім? 
8.Елтаңбада не бейнеленген? 
9.Конституция күні қашан? 
10.Қазақстанның бұрынғы астаналарын атаңдар. 
11.Әнұранның әнін жазған кім? 
12.Сөзін жазған авторлар кімдер? 
Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан - әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп 
еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді). 
Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Ән «Қазақ елі».

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Туған жерім,тұғырым Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 685 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2017 1123
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынбаева Арайлым Ермухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мынбаева Арайлым Ермухановна
    Мынбаева Арайлым Ермухановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33519
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 287 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек