Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Тәуелсіз Қазақстан - біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!"

Тәрбие сағаты: "Тәуелсіз Қазақстан ө біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

«Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!»

 

Сабақтың мақсаты:

Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері түсінік беру. Оқушыларды адамгершілікке, елін, жерін сүюге, Отанына адал қызмет етуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.

 

Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер.

 

Сабақтың әдісі: шығармашылыққа баулу

 

Сабақтың барысы:

Гимн орындалады.

 

Мұғалім: Бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстанбіздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!» атты тәрбие сағатымызды Елбасы н. Назарбаевтың мына бір сөзімен бастағым келіп отыр.

«Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік. Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда»

 

1-оқушы:

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері,

Ақпейіл, дархан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі батыр, бірі сері.

 

2-оқушы:

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шаһид кеткен.

Солардың құдіретті ой-арманы,

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

 

Мұғалім:

   «Қуан, қазақ! Тәуелсіздік күні құтты болсын!» - деп 1991 жылдың 16-желтоқсанында қазақ елі жалпақ әлемге тәуелсіз мемлекет атанғанын жария етті. Бұл күн, сан ғасырдан бері бабалардың аңсаған арманы орындалған, сол арман жолында төгілген қаны ақталған күн. Азаттық – қазақ халқының ежелгі арманы еді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

   «Тәуелсіздік» дегентәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы 20 жылдың ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап, алға басқан елҚазақ елі.

Орта Азия тыныштығы мен бейбітшілігін қамтамасыз етіп, Еуропа мен Азияның бірлігін нығайтуға негіз қалап отырған елҚазақ елі.

   Дүние жүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап, ұлттар мен ұлыстар сыйластығын және олардың өсіп-өнуіне жағдай жасап отырған елҚазақ елі.

   Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Тәуелсіздік шежіресі» деп аталады. (сынып оқушылары Тәуелсіздік алғаннан кейінгі әр жылдарға тоқталып шығады)

 

«Тәуелсіздік шежіресі»

   1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.

   1992 жылы 2-наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды. Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің сессиясы Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Гимнін бекітті.

   1993 жылы қазақстан республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілді.

   1994 жылы ақпан айында Қазақстан ядролық қаруды таратпау» жөніндегі шартқа қол қойды.

   1995 жылы 30-тамызда ҚР – жаңа Конституциясы қабылданды.

   1996 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

   1997 жылы ҚР-ның Президентінің «Қазақстан стратегиясы – 2030» бағдарламасы әзірленді.

   1998 жылы 10-маусым ҚР елордасы – Астана қаласының халықаралық тұсау кесері болды.

   1999 жылы ҚР Президентінің тұңғыш рет альтернативті түрде сайлануы,

7 жылдық мерзімге Н.Ә. Назарбаев сайланды.

   2000 жылы Жаңа халықаралық ұйым- Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.

   2001 жылы қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы болды.

   2002 жылы Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті Алматы қаласында өтті.

   2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылы болып жарияланды.

   2004 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда 2005-2010 жылдарында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

   2005 жылы Дүние жүзі Қазақтарының үшінші құрылтайы болды.

   2006, 2007, 2008, 2009 жылдарындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауларының тақырыптары, міндеттері жайлы айтылды.

   2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық еткен жыл.

   2011 жылы 7 қысқы Азиада ойындары өткізілді. (Астана-Алматы)

 

 

Келесі бөлім:

 «Тұлғалы елдің тұғырлы жеңісі»

(Астанада өткен саммит суреттері көрсетіледі)

   1991 жылы Ыстамбулда өткен саммиттен соң, 11 жыл үзілістен кейін Астанамызда өткізу туралы шешіміҚазақстанның тарихи жетістігі болды.

 

Келесі бөлім:

«Президент – мемлекет дамуының кепілі»

(Елбасы өмірінің әр сәттері көрсетіледі)

   Тәуелсіздіктің бастауында Қазақтың сан ғасырлық арманы мен ата-баба аманатын арқалаған және сол ұлы жауапкершілік жолында басын бәйгеге тіккен адам – Нұрсұлтан Назарбаев тұр.

   Елбасы өзінің кемел тәжірибесі мен мызғымас абырой-беделінің арқасында Қазақстанды әлемдік саясаттың жоғары легіне алып шықты.

 

Қорытынды:

   Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатында Қазақстанның бүгінгі күндегі жеткен жетістіктері жайлы, Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақ елі өзге елдерге үлгі болып отырғандығына көзіміз жеткендей болды.

   Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!

    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Тәуелсіз Қазақстан - біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 2264
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 66 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурзабекова Келбет Бирмаганбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 52002
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой