Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел тілегі"

Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел тілегі"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіздік - ел тілегі



1. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіру, балаларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

2.Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

КӨРНЕКІЛІКТЕР:Суреттер,плакат, нақыл сөздер

Қазақстан әнұраны орындалады

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен балалар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын.

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Бүгінгі ” Тәуелсіздік - ел тілегі ” деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.

Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Тәрбиеші: Рахмет.Енді балалардың өлендерін тыңдайық:

Роза: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Ринат:Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Шапағат:Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді қазақ елі соны ойла.

Нұрбек: Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,

Қанын төкті қанша батыр бабалар.

Осы жолдар құрбан болды емес пе?

Халық жауы атанған көп ағалар.

Жайсан: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Шапағат:Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым


Зарина: О, Ақорда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы – менің мақсатым! 
Халқым – менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы – менің тілегім.

Дайындық тобынық оқушылары”Желтоқсан желі” - ән.

Тәрбиеші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды.


Тәрбиеші:Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Балалардың тақпағы


Тәрбиеші: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Ал балалар енді сұраққа жауап қайтарайық.

 Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

 Қазақстан Республикасында.

 Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз.

— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

— Елтаңба, Ту, Әнұран.

— Біздің елбасымыз кім?

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.


Тәрбиеші: Қара мынау ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа.

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төріңде.

Балалар:Отан, отан

Бәрінен биік екен,

Мен өзінді мәнгілікке сүйіп өтем.

Тәрбиеші: Мінеки құрметті көрермендер ”Тәуелсіздік - ел тілегі атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.



























«Қаралды» «Келісілді» «Бекітемін»

ӘБЖ:-------- ОІМ: ------------- Мектеп директоры м.а.------------

Каядарь О. Рашат Н. Ахметова Г. Б.

«----» -------- 2015 «----» ------- 2015ж. 4 «----» -------- 2015ж.















Тәуелсіздік - ел тілегі



2015-2016 оқу жылы


























Тәрбиеші: Каядарь О.

Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров120
Номер материала ДВ-312053
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх