Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты : «Тәуелсіздік , еркіндік – ежелден ел тілегі»
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Тәрбие сағаты : «Тәуелсіздік , еркіндік – ежелден ел тілегі»

библиотека
материалов

Тәрбие сағаты : «Тәуелсіздік , еркіндік – ежелден ел тілегі»

Мақсаты : Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Жүрісі:

1 - Аружан:

Атыңнан айналайын, Егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз – ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.

2 – Ануар

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Құралай:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Бізге оңай келген жоқ қой азат күн

Еркіндіктің желбіретер көк туын

Біз жастармыз болашағы қазақтың!

Ахат:

Еркін елміз азаттықты аңсаған

Тәуелсіздік, тәубе деймін мен саған

Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан

Барша қазақ , мен сендерге жар салам

Гаухар:

Бойымда қайрат, тұрғанда сенім

Құрбаның болам жолыңда сенің

Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса

Сүйікті Отан, сүйкімді елім

Қазақстан Республикам менің!

Аслан:

Бақ жұлдызым сөнбейтұғын маңдайдағы

Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы

Қазақстан қарыштап күннен күнге

Азат елдің қыраны самғайды әлі

Ән: Жаса мәңгі Қазақстан!

Құралай:
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді

1- Аружан:

Алматы қаласындағы Республика алаңы – Тәуелсіздіктің тал бесігі.Осы жерде 1986 жылы 16 – желтоқсанда қанды оқиға болды. Қайрат Ерболдай ағаларымыз Сәбира, Ләат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып, құрбан болды.

2- Ануар: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Ринат:

Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады



Жанарыс:

Жас арудың жанарында – желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – желтоқсан

Жапырақ:

Желтоқсан- ау ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді бүгін еншіме

Желтоқсан-ау жеткіздің ақ тілекке

Милана:

Дамир:

Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

Көрініс:

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.


- Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Жоқ, мен емес.
- Сен өлтірген. Мойныңа ал!


- Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

Құралай:

Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті.

Аружан:

Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанова Ләззаттың, Сыпатайүлы Ерболдың , Мұхамеджанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Ануар:

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды.Көк жүзімен астасқан қасиетті көк ТуымызАсқақ желбіреп түр. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.



Аружан:

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
Ән: Туған жер: орындайтын әншілер тобы

Аружан :

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Мадина:

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Ануар:
Біздер – Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.

Тәрбие сағатын қортындылау.

Міне тәуелсіздігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау- елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Хор : Атамекен















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-081747

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"