332501
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыТәрбие сағаты "Қуанышым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан" ( Кездесу кеші)

Тәрбие сағаты "Қуанышым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан" ( Кездесу кеші)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қуанышым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан

    (Кездесу кеші)

 

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;

Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.

Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасына байланысты слайдтар, суреттері, буклет, банер, бейнематериалдар.


Бейнекөрініс: Желтоқсан оқиғасының белгісіз суреттері

 

1-Жүргізуші:

  Иә, Желтоқсан оқиғасы бір қуаныш, бір өкініш!

Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.


2-Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымыздың алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған "Қуанышым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан" атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.


1-жүргізуші: Желтоқсан, оқиғасы мәңгілік. Біз Желтоқсан оқиғасын есімізден ешқашан шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгілік сақталады. Көтеріліске шыққан жастар-тәуелсіздік киесі. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген азаматтарымызды біз ұмытуға тиіс емеспіз.


2-жүргізуші: Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген апайымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Қошеметпен қарсы алу.

Баекеева Рабиға Сайлаубайқызы 

1-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын,

Бір минут үнсіздікпен еске алайық,

Әруағы ағалардың ырза болсын! /1 минут үнсіздік/


Ән: Желтоқсан желі


 1-оқушы: Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой,

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.

Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген-

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Тәуелсіздік сатылмас құн болады,

Жаңа туған ел енді тең болады.

Кең байтақ, байлығы мол даламызды

Қормасақ ұрпаққа сын болады.


2-оқушы: Желтоқсан-жастықтың жалыны,

Желтоқсан –батылдық адымы

Желтоқсан- ұлтымның ұраны,

Желтоқсан- халқымның қадірі.

Желтоқсан – елдіктің бастауы,

Желтоқсан – еркіндік ақ таңы

Желтоқсан - өр рухты ұл мен қыз

Желтоқсан – елімнің мақтаны

Желтоқсан – тарихтың белесі

Желтоқсан – ертеннің елесі

Желтоқсан – аңсаған азаттық

Желтоқсан – тәуелсіздік күресі


 1-Жүргізуші: Желтоқсаншылардың бәрі де бір-бір батыр еді Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Солардың бірі- бүгінгі кездесуімізге қатысып отырған Желтоқсан оқиғасының куәгері болған «Баекеева Рабиға Сайлаубайқызы»

Құрметті ұстаздар мен оқушылар енді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Рабиға апайға сөз кезегін берейік. /Оқушылар өз сұрақтарын қояды./

  1. Апай желтоқсанның таңы калай атты?

  2. Тағдырлас еске алып отыратын дос-жарандарыңыз бар ма?

  3. Сол көтеріліс басталған шақта сіз қайда болдыңыз? Сол кездегі көңіл-күйіңізді жағдайыңызды айтып бересіз бе?

1-    Оқушы: Елім деп, қазағым деп, айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.

Көрініс

Тергеуші: Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!

Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр. Қолы байлаулы. Тұрып алдына түседі.

Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сенсің, мойында!

Қайрат: Бұл дегенің қып қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көрген жоқпын.

Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.

Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.

Қайрат:Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.

Тергеуші: Жарайда өзінен көрсін.

Сот хатшысы: /Сот келеді/ Орындарыңыздан тұрыңыздар.

Тергуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт.

Қайрат:

Елбең- елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жетей гөр!

Қаймана қазақ жері үшін,

Қарусыз шықтық алаңға,

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды -ау табанда.

Артта қалған ата- анам,

Арулап қоддан көмсейші -ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жоламай ешкім қасыма.

«Ақтық сөзің не?» деген.

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пейіл менде жасымақ.

Қорлай беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін,

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Арақтан ұрпақ азбасын,

Ел көркейтер азамат,

Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын,

Құлптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтының басшысын,

Орнынан сүйреп алмасын.

Сот: /орнынан тұрып оқиды/ Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Кодексінің 60-бабы бойынша 3жыл бас бостандығынан айырылсын;  173-бабының, 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілсін. 

Тергеуші: Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт.

 

Қайрат:

Ақтық сөзді енді мен,

Сотқа да бір айтайын.

Күнәдән таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар,

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдыр!

  Анасы:

Менің ұлым бұзақы емес, қанішер емес. Жоқ- жоқ, Қайрат ұлым.... жоқ, жоқ, / Отыра қап жылайды/.

Қайрат, ұлым, мені кімге тапсырдың? Жолыңды тосқан әкең мен бауырыңа не айтамын? Жоқ- жоқ, ұлым, не дейді мына жауыздар... Ұлым, Ұлым!

Қайтейін, енді, қайтейін,

Құлыным ау, қыршыннан қиылып кетесің бе, құлыным ай!

Елім -ау жаратқан ием,

Менің шырқыраған құлыныма өзің жар бола көр! Құлыным ...... 

Ән:

8 «г» сынып оқушысы Құдияр Нұрдәулеттің орындауында «Қайрат ағама» өз шығармашылығынан.

Мұхтар Шахановтың «Лаула ,лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы»

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі Қасіретім. Қуанышым, мақтанышым – Желтоқсан атты ашық тәрбие сағатымызға көңіл бөліп қатысқандарыңызға рахмет! Елімізде тек бейбітшілік болсын!

Общая информация

Номер материала: ДВ-227988

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.