Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Өз бақытың-өз қолыңда"

Тәрбие сағаты "Өз бақытың-өз қолыңда"

Скачать материал

 

 

Пәні: Тәрбие сағаты

Сынып жетекші: Абузара Айнұр Сағынбекқызы

Сыныбы: 3-4 «а»

Тақырыбы: «Өз бақытың-өз қолыңда!»                                                                                       

Мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсінік  беру, оқушылардың ойын ұштап, шығармашылық қабілеттерін  дамыту. Отанының патриот азаматы болуға, еліне, халқына деген сүйіспеншілігін ояту.                                                                                         

Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер , слайд. видео,әуен,ноутбук,колонка,түрлі түсті қағаз,түрлі түсті бояулар т.б

                 Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:   Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен шәкірттер!бүгінгі сабағымызда кім жоқ екендігін аңықтап алып, сабағымызды бастайық.                                                                                                                                                                        – оқушылармен амандасу, түгендеу                                                                                                         

 – назарларын аудару                                                                                                                                   

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

ІІ. Қызығушылығын ояту.Ребусты шеш

,,

 

,,,,

 
 

 


,,

 
    

 

 


*      «Бақыт» дегенді сөзді қалай түсінесіздер?

*      Бақытты  болу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?

            (балардың өз ойлары тыңдалады, мұғалім қорытындылап шығады)

Нақыл сөз:  «Адам бақыт үшін жаралған!» І.Есенберлин

Мұғалім сөзі: І. Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман – тілегі орындалған адамның бойына өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болады. Әр ісінің нәтижесінде қуана білген адамның бағы арта түседі. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады.                                                        

Адамдар арасындағы қарым – қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір пейілі тар, ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болу керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.                                                                                                                                                                                                       

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез – құлқын, іс – әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында. (Әл Фараби)                                           

Бақыт дегеніміз ...                                                                                                                       

            Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп панданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа панданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...             

            Бақыт дегеніміз -  өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілімен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір – бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білетін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.                                                                                               

            Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем – ау, тереңге батып кетем – ау қорықпастан барады.    

Ар – намысты қорғау – бақыттың шыңы. Қиыншылдықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындып шығу – ол да бақыттың шыңы. Жеңсең – бақыт.

 

Бейне жазба көрсету: «Бәрі өз қолыңда»

 

*      Бақытты болу дегенді қалай түсінесіздер?

*      Өмірдегі әр қуанышты сәттің мәні неде?

*      Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыз?

*      Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айтуға болады?

*      “Махаббат ” және “Бақыт” деген ұғымдар бір-бірімен байланысты.Сіз осы тұжырыммен келісесізбе әлде басқа пікірдесіз бе?Неліктен?

*      Бақыттың мәні неде деп ойлайсыз?

*      Адам өзін қандай жағдайда бақыттымын деп есептейді? Ойыңыз қандай?

*      Сіз өзіңізді бақытты жан деп санайсыз ба? Неліктен?

        (балалардың жауаптары тыңдалып,тәрбиеші қорытындылайды)

Ø  Дұрыс айтасыздар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.

Бейнежазба: « Өмірге деген талпыныс »

 

Бақыттың сырлары:

ü  Шынайы бақыттың бірінші сыры - адами қарым-қатынас күші.

ü  Шынайы бақыттың екінші сыры - дененің күші.

ü  Шынайы бақыттың үшінші сыры - әр сәттегі өмір күші.

ü  Шынайы бақыттың төртінші сыры - өзің туралы түсініктің күші.

ü  Шынайы бақыттың бесінші сыры - мақсаттың күші.

ü  Шынайы бақыттың алтыншы сыры - күлкінің күші.

ü  Шынайы бақыттың жетінші сыры - кешіру күші...

ü  ... Шынайы бақыттың келесі сыры - сенім күші.

 

 

 «Бақыт деген – бақ құсы»  өлеңді  бір оқушы шығып мәнерлеп оқып береді.

 «Бақыт деген – бақ құсы»

Бақыт жайлы өмірде

Талайлар пікір таласқан.

Шын бақыт, ол адамның

Рухымен ішкі санасқан.

Бақыт деген – денсаулық,

Тіршілігің жарасқан.

Бақыт деген – уақыт

Тағдырыңмен санасқан.

Бақыт деген – адал жар

Көңілге қаяу салмайтын.

Бақыт деген – ұрпағың

Өміріңді жалғайтын.

Бақыт деген – қуаныш

Көңілің көкке жететін.

Бақыт деген – жұбаныш

Барға шүкір ететін.

Бақыт деген – арманың

Қиял қуып өтетін.

Бақыт деген – ақиқат

Иманды жан ететін.

Бақыт деген – тазалық

Тән рақатын табатын.

Бақыт деген – байлығың

Жоқшылықты жабатын.

Бақыт деген – бақ құсы

Сан сынаққа салатын.

Қонғаның да ұшқанын

Білмей өзі қалатын.

 

 

Шығармашылық жұмыс: Өздеріңіздің анықтаған бақытқа жету жолдарының моделін көрсетіңіздерші. « Менің бақытты шақтарым» тақырыбына эссе жазу

Қорытынды: Қане, балалар бәріміз өзіміздің ең бақытты, ең қуанышты сәттерімізді елестетіп көрейікші. Бәріміздің көңілдеріміз шаттыққа толы, көтеріңкі болсын.

Бақыт деген ...

1. Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң
Бақыт сол тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім
Қ-сы:
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнап - күлгенің.
2. Бақыт деген - әркімдерде бір арман
Сол арманның шыққан жері құмардан
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Бұл өмірде бақыт іздеп жүрген күндерім
« Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуіне, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез – құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» Әл- Фараби.

Осымен «Өз бақытың-өз қолыңда» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

                                                                     

 

 

 

«Бақыт деген – бақ құсы»

Бақыт жайлы өмірде

Талайлар пікір таласқан.

Шын бақыт, ол адамның

Рухымен ішкі санасқан.

Бақыт деген – денсаулық,

Тіршілігің жарасқан.

Бақыт деген – уақыт

Тағдырыңмен санасқан.

Бақыт деген – адал жар

Көңілге қаяу салмайтын.

Бақыт деген – ұрпағың

Өміріңді жалғайтын.

Бақыт деген – қуаныш

Көңілің көкке жететін.

Бақыт деген – жұбаныш

Барға шүкір ететін.

Бақыт деген – арманың

Қиял қуып өтетін.

Бақыт деген – ақиқат

Иманды жан ететін.

Бақыт деген – тазалық

Тән рақатын табатын.

Бақыт деген – байлығың

Жоқшылықты жабатын.

Бақыт деген – бақ құсы

Сан сынаққа салатын.

Қонғаның да ұшқанын

Білмей өзі қалатын.

 

 

 

 

 

 

Бақыт деген

1. Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң
Бақыт сол тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім

Қ-сы:
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнап - күлгенің.

2. Бақыт деген - әркімдерде бір арман
Сол арманның шыққан жері құмардан
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Бұл өмірде бақыт іздеп жүрген күндерім

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Өз бақытың-өз қолыңда""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.12.2017 2125
    • DOCX 185.9 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абузара Айнур Сагинбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абузара Айнур Сагинбековна
    Абузара Айнур Сагинбековна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27257
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе