Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты: "Өз құқығынды білесің ба?".

Тәрбие сағаты: "Өз құқығынды білесің ба?".

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m5bd5ed6c.gifhello_html_m5bd5ed6c.gifhello_html_m51ef0f2c.gif

М.ШАХАТОВА,

10 колледж МКҚК

Тарих пәні мұғалимасы.

Сайрам ауданы.


Өз құқығынды білесің ба?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Конституциялық, азаматтык, әкімшілік. отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талкылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.

Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

Сабактың түрі: Тренинг-сабағы.

Сабақтың әдісі: Глоссарий. Блиц-сұраныс. Талқылау,

Сабактың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары.

Сабактың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қаабылданған Конституциясы ел дамуының түс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 14 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындагы (Х-ХІ ғг.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал XX ғ.өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 каңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктін үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырылып. саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан-жақты карастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтары туралы билль» (қаулы, заң) қабылданды.

Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданды.

Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл — өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы кабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрседе сол Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құкығы бұзылғандай ситуация болған жағдайда дереу өз занды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адам да бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.

Қабылданғанына 19 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топка белінеді: 1- топ және 2-топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженін дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.

1 Глоссарий «Тәртіп орнат»

1. Құқық А-Еліміздің негізгі заңы

2. Конституция Б-Мемлекет басшысы

3. Мемлекет В-Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат Г-Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық Д-Заңдар жүйесі

6. Президент Е-Заң шығарушы орган

7. Парламент Ж-Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік З-Құқығы бар ел тұғыны


1

2

3

4

5

6

7

8

Д

А

В

З

Ж

Б

Е

Г


2 Байқау

«Құқық» дегеніміз не?

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтын әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.

Сұрақ

Жауап

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

-Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

-Жеке (азаматтық)

-Саяси

-Экономикалық

-Әлеуметтік

Мәдени т.б

3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?

-Туылғанынан беріледі.

4. Оларды орындау үшін не қажет?

-Міндеттерін орындау.

5. Адамның негізгі құқығы?

-Өз құқықтарын пайдалану құқығы

6. Құқық қашан және қайда пайда болды?

-Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады

7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық- деген не?

-Бостандық-бұл таңдау

8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық- бұлар бірдей ме?

-Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

3. Қазақстан Республикасының

азаматтарының міндеттерін анықтаңыз

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін онын азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана коймай, өз міндеттерін орындау керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.

Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір-бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма-кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

1. Заңдарға бағыну;

  1. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;

  1. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;

  2. Қаржы, салықтарды төлеу;

  3. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;

  4. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;

  1. Ата-аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;

  1. Орта мектеп білімін алу;

  2. Қазақстан Республикасын қорғау.

4 Талқылау

«Жаза мен қылмыс»

  1. Жол ережесін бұзу адам үшін кылмыс па? Неге?

  2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық
    туралы білімі не өз санасы.

  3. Қылмыс жасағандарға қоғам кінәлі ме?

  4. Қылмыскерге ракымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?

  5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады
    деп ойлайсыз?

  6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

5. Ой толғаныс

Мағынаны ажырату

1-ші шеңберге, міндетке не жатады. 2-ші шеңберге, құқыққа не жатады: қиылысқан бөлікке ортақ қасиеттер жазылады. Венн диаграммасы арқылы оқушы 2-3 минутта орындауы қажет. Бұдан оқушылардың ой ұшқырлығы аныкталады.

МІНДЕТ ҚҰҚЫҚ


Өмір сүруге

Жұрып тұруға

Демалуға

Кітап оқуға

Жоғары білім

алуға

Оқулықтарды

пайдалануға



Адам

өмір

сүруіне

қажетті

құрал

Табиғатты

Қорғау

Білім алу

ҚР-ң

рәміздерін

құрметтеу

ҚР

Конституциясын

құрметтеу








6 Конституциянды білесің бе?

1. Мемлекет билігінің қайнар көзі?

Халық (3 бап)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

1992 жылы

3. Қазақстан Республикасының азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

Жоқ (10 бап)

4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма?

Ия (19 бап)

5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар ма?

Ия (23 бап)

6. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау рәсімі қашан өтеді?

Желтоқсанның

Бірінші

Жексенбісінде

(44 бап)

7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма?

Жоқ (43 бап)

8. Қазақстан Республикасының жоғары өкілетті органы?

Парламент

(49 бап)

9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?

Премьер-

Министр

(67 бап)

10. Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы?

Үкімет (64 бап)

11. Премьер-Министрдің орнынан түсуінен кейін... өкілеттілігі тоқтағанын білдіреді?

Үкіметтің

(70 бап)

12.Қазақстан Республикасында нешінші Конституция пайдаланылады?

Екінші

13. заң құдайы?

Фемида

14. Қазақстан Республикасының азаматы қашан болуға құқылысыз?

Дүниеге келген кезде (12 бап)

15. Қазақстан Республикасының мейрамдарын атаңыз?

Конституция күні

Республика күні

Тәуелсіздік күні

7. Ойын «Құқық сөздігі»

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып үстел үстіндегі әріп жазылған кубикті кезектесіп лақтырады. Сол түскен әріптер бойынша құқықтық сөздер тауып оларға анықтама береді. Мысалы: (А, Б, С, 3, Қ, П. Р. т.б.) және сөздіктен (азамат, санкция. заң, қылмыс, бап, т.б ) анықтама берілуі керек.

8. Жұмбақ

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

Жеті жарғы

Мерекең құтты болсын ұстазларым,

Оқушы, келім-кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қабылданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

1991 жылы

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесіңбе Нүрекеңнің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

Қазақстан-2030

Жаксы ел шығарар заң шілікті.

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен.

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

Екі

9. Үй жұмысы

Оқушылар Ата Заңнын «Адам және азаматтарға арналған» II бөлімін яғни. 10-39 баптарға өзіндік анализдерін жасап синтез береді

Қорытынды: «Проект корғау»

  • «Бақытты өмір» — дегенді қалай түсінесіз?

  • Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров252
Номер материала ДВ-139685
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх