Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты «Өз тіліңді құрметте» (4 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты «Өз тіліңді құрметте» (4 сынып)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Өз тіліңді құрметте»

Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты сал-дәстүрлердегі тіл шұрайын таныту. Халық мәдениеті тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін анықтау.

2. Оқушыларға ана тілі туралы өлең,тақпақ,мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайту, тіл байлығын, ойлау, есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік;

Көрнекілігі: Тіл туралы Заңның нұсқасы, тіл тірек сызбасы;

Кіріспе бөлім

І Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу!

-Түгендеу!

-Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

- Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өз тіліңді құрметте» деп аталады.

ІІ Негізгі бөлім:

-Балалар сендер Өз тіліңді құрметте дегенді қалай түсінесіңдер?

Мына сұраққа қане кім жауап береді? Алдымызда келе жатқан 22-қыркүйек қандай мереке?

-Әрине Тіл мерекесі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл-халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттыңтілі бақыты, тірегі.

Туған тілім, тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мендебіргеөсемін

Өшсе тілім менде бірге өшемін – деп Әбділда Тәжібаев айтқандай, тіл – халықтың бастыда қасиетті байлығы болса, байлығымызды келешек ұрпаққа мәңгілікке қалдыру, оның қасиетін білу – мақсатымыз.

- Ал, енді балалар өзіміз білетін тақпақтарымызға кезек берейік.

- Жарайсыңдар,өздеріңнің ана тілдеріңе деген сүйіспеншіліктеріңнің жоғары екенін байқадым. Тақтаға назар аударайықшы.

- Суретте не байқадыңдар?

- Бұл кітап «ҚР-ның Конституциясы», яғни, ҚР-ның Заңдары жазылған.Кітап 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Ішіндегі 17-19 баптарда «Тіл туралы» айтылған. Қане оқып, мағынасын ашып, естесақтап алайық.

- Балалар біздің тәрбиесағатымызға қонақтар келіп қалыпты. Ол кісілер өзіміздің үш бабамыз. Бізге айтар қандай ақылдары бар екен. «Бабалар недейді?» Қош келіпсчіздер бабалар!

Үш кемеңгер дүлділім,

Сақтаған ел бірлігін,

Қалың елім пір тұтар

Қасиетті үш бабам – тілім туралы не айтсыздар?

Төле би:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандайзаңдылық

Өсер бабаң, байтақ елің тұрғанда

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

Жетер енді әркімге бір ермейік

Қазақ болып құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген қазақ тілін халқым-ау,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

Әйтеке би:

Қазақ – қазақ болғалы

Тілім үшін күрес көргені

Көргені жоқ тілімнің

Мүмкін емес өлмегі.

- Балалар, бізге келген бабаларымызға өзіміз білетін өлең-шумақтарын, мақал-мәтелдерімізді айтып берейік. Енді тақтадағы тірек-сызбаға назар аударайық.



hello_html_m3c37e3fa.gifhello_html_5fc93d3d.gif«Ащы тіл » «Қазақ тілі»

hello_html_m5841c12.gif

hello_html_m48f64da2.gifhello_html_4e1c2dc3.gif

«Ананың тілі » «Бабам тілі»

hello_html_7c4939e2.gifhello_html_21d1096e.gif


«Туған тілім»

«Қарым-қатынас құралы»


- Балалар осы жердегі қарым-қатынас құралы дегендіқалайтүсінесіңдер?

Ойын ойнағыларың келе ме? Онда «жалғасын тап ойынын» ойнайық. Шарты: мен мақалдың басын оқимын сендер жалғасын тауып айтасыңдар.

1. Тіл тас жарады, ......

2. Өзге тілдің бәрін біл,.....

3. Бас кеспек болса да,....

5. Жылататын да, жұбататын да – ...

ІІІ Қорытынды бөлім:

- Бүгін тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сендердің көңіл сәулелеріңе сәлде болса нұр шашқандай болдым деген сенімдемін. Болашақтағы жалғастырушы біздерміз. Сондықтан өз тіліміздіңасыл қасиеттерін бойымызға сіңіріп, оның қадір-қасиетін терең түсініп, ұғынып, еліміздің, жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық тіліміздің шұбарлануына жол бермей, таза да мөлдір күйде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра берейік.







Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров549
Номер материала ДБ-080416
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх