Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты: "Зерде" Интеллектуалды ойын 3 А сынып

Тәрбие сағаты: "Зерде" Интеллектуалды ойын 3 А сынып

Скачать материал

                         Сабақтың атауы: Зерде. Интеллектуалды ойын.


Жалпы мақсаттар:

Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
Оқыту нәтижесі Сынып оқушыларының білімге дегенқызығушылығын арттыру, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Негізгі идеялар Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
 

Қажетті материалдар Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар,үш бидің портреті, кері байланыс парағы, әріптер, тапсырма жазылған парақтар т.б.

Тапсырмалар

1.     Топқа бөлу. (5 минут)

2.      Бірінші гейм. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)

3.      Екінші гейм. «Ұшқыр ой»(3 минут)

4.      Үшінші гейм. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (10 минут)

5.     Сергіту сәті:  Би «Jingle Bells» (3 минут)

6.      Төртінші гейм. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (2 минут)

7.     Бесінші гейм. «Ойлан тап» Пантамима көрсету. (5 минут)

8.      Алтыншы гейм. «Сен - маған, мен - саған». (5 минут)

9.      Қорытындылау. (5 минут).

10.  Рефлексия «Бағдаршам», «Желкенді кеме».

                                                            Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.

Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Зерде» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз. Оқушылар әр түрлі қазақтың билерін таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады.
І топ – «Қазыбек би»
ІІ топ – «Төле би»

ІІI топ – «Әйтеке би»

Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
«Қазыбек би» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын»
«Төле би » тобы.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
                                                Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
                                                Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
                                                Үйренгеннен ештеңең кетпейді.»

«Әйтеке би » тобы

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған.

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде.

Біздің тобымыздың ұраны: «Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар.»

Ойын ережесімен таныстыру.                                                                                                        Топтың алтын ережесі:

1.     Әр баланың пікірі құнды.

2.     Ұстаздың әр сөзін зейінмен тыңда.

3.     Бірлік бар жерде, тірлік бар.

4.     Еңбек бәрін де жеңбек.

5.  Осының бәрі де біздің қолымыздан келеді.

                                             Әділқазылар алқасын сайлау.
Ойын 5 – гейм тұрады.

1.     Бірінші гейм. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)

2.     Екінші гейм. «Ұшқыр ой»(3 минут)

3.      Үшінші гейм. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (10 минут)

4.     Сергіту сәті:  Би «Jingle Bells» (3 минут)

5.      Төртінші гейм. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (2 минут)

6.     Бесінші гейм. «Ойлан тап» Пантамима көрсету. (5 минут)

7.      Алтыншы гейм. «Сен - маған, мен - саған». (5 минут)

1 – гейм.  «Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы айтылады.

 

 

 

 

 

«Қазыбек би» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)
4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта 3сағат бар. (жоқ. 2сағат)

«Төле би » тобы.
1) Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2) Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)
3) Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)
4) Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5) 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6) Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)

 

«Әйтеке би» тобы:

1) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)
2) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
3) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)
4) Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би. (иә)
5) Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ. бастауыш)
6) Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.
(иә)

2 – гейм.  «Ұшқыр ой».
                         Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Қазыбек би » тобы.
«АТАМЕКЕН»
«Төле би » тобы. «
БОЛАШАҚ»

«Әйтеке би » тобы. «БАСБАРМАҚ»

Дұрыс орындаған топқа10 ұпай беріледі.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.

3 – гейм.  «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Әр сұрақтың өз ұпайы бар.
Үш топқа 6 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға жеребе тастау барысында қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек.

1.     Өсімдіктің атын ата.

2.     Қазақтың ұлттық тағамын ата?

3.     Болашақта кім болғың келеді?

4.     Досыңыздың аты кім?

5.     Сен өзіңді қандай оқушымын деп есептейсің?

6.     Жазғы демалыста қайда қыдырасың?

 

Сергіту сәті:  Би «Jingle Bells»

4 – гейм. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  Ұйқасын тап. 10 ұпай.
Өзінде жоқ салмақ,                                Тым ойыншыл пысық,

Дала безер ..... (қаңбақ)                          Мияулаған .... (мысық)

 

Шықсаң күзде қырға,                             Келсе жайнап жаз,

Көресің көп .... (тырна)                          Көлде жүзер .... (қаз)

 

Жұртқа аты аян,                                     Тыным таппас ебелек,

Улы жәндік .... (шаян)                            Гүлге қонған .... (көбелек)

 

Шоқыр жерден тауып,                          Күміс тер жуып маңдайын,

Жемді көрсе .... (тауық)                        Ағам жүр айдап .... (комбайн)

 

5 – гейм. «Ойлан тап»  Әр топқа 10 ұпайдан.

 

Пантомима: Суретті қарап, жазылған сөзгеқарап сөзбен емес, мимикамен көрсету.

-         Жыланды көргендегі   ҚОРҚЫНЫШ.

-         КІТАП – ыммен көрсету

-         Бір нәрсені көргенде    ТАҢЫРҚАУ.

-         КҮНДЕЛІК – ыммен көрсету.

-         Бір жағдайға  ҚУАНУ.

-         СКОЧТ – ыммен көрсету.

Музыканы тыңдау арқылы На –На – На деп ыңылдап айту, оқушылар Әннің атын табу керек. – 6 оқушы шығады.

 

6 – гейм. «Сен – маған, мен - саған»
Сұрақтар:

1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (27 км жүрген)

 

2. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі: - Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді? (Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

 

3. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қара ағашта алма өспейді)

 

4. Бір – бірімен жарысқа,

Бес аю, бір арыстан

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)

 

5. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)

 

6. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)

7. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (Барлығы 15)

 

  Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. – деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі.                                      Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған топ анықталады.
Топ жетекшілері қорытындысын айтты, бағалады.

Оқушыларды бағалау /оқушы белсенділігін ескер отырып/

Кері байланыс. «Бағдаршам» түсіне байланысты көтересіңдер:  

          Қызыл смайлик                        

Ø  ЕШ  НӘРСЕ ТҮСІНБЕДІМ,  

    ОРЫНДАЙ   АЛМАДЫМ

 

Сары смайлик

 

Ø  ТҮСІНДІМ, БІРАҚ ӨЗІМЕ     

    СЕНІМДІ ЕМЕСПІН

 

Жасыл смайлик

 

Ø  ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ

    МЕҢГЕРДІМ, ӨЗІМ      

    ОРЫНДАЙ  АЛАМЫН

Кері байланысқа  ЖЕЛКЕНДІ кемені алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік талдау

            3 «А» сыныбында 18 оқушы бар. Оның  8-і  қыз, 10-ы ұл.  2 оқушы көпбалалы жанұядан, 2 оқушы әкелері жоқ, қалғандары толық отбасы. Сынып ұжымы қалыптасқан, сыйластық қарым -қатынаста.

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойын.
Жалпы мақсаттар:

Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
Оқыту нәтижесі Сынып оқушыларының білімге дегенқызығушылығын арттыру, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Тапсырмалар

1.      Топқа бөлу. (5 минут)

2. Бірінші гейм. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)

3.       Екінші гейм. «Ұшқыр ой»(3 минут)

4.       Үшінші гейм. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (10 минут)

5.      Сергіту сәті:  Би «Jingle Bells» (3 минут)

6.       Төртінші гейм. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (2 минут)

7.      Бесінші гейм. «Ойлан тап» Пантамима көрсету. (5 минут)

8.       Алтыншы гейм. «Сен - маған, мен - саған». (5 минут)

9.       Қорытындылау. (5 минут).

10.   Рефлексия «Бағдаршам», «Желкенді кеме».


Сабақтың көрнекілігі: суреттер,
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сабаққа психологиялық дайындық

 Өлең оқудан бастадым.

         

Оқушылар әр түрлі қазақтың билерін таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады.
І топ – «Қазыбек би»
ІІ топ – «Төле би»                                                                                                                                                  ІІI топ – «Әйтеке би»

Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
              

1 – гейм.  «Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы айтылады

         

2 – гейм.  «Ұшқыр ой».
                         Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Қазыбек би » тобы. «АТАМЕКЕН»
«Төле би » тобы. «
БОЛАШАҚ»

«Әйтеке би » тобы. «БАСБАРМАҚ»
Дұрыс орындаған топқа10 ұпай беріледі дедім.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады.
                       

3 – гейм.  «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Әр сұрақтың өз ұпайы бар.
Үш топқа 6 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға жеребе тастау барысында қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек.

1.      Өсімдіктің атын ата.

2.      Қазақтың ұлттық тағамын ата?

3.      Болашақта кім болғың келеді?

4.      Досыңыздың аты кім?

5.      Сен өзіңді қандай оқушымын деп есептейсің?

6.      Жазғы демалыста қайда қыдырасың?

 

                  

 

Сергіту сәті:  Би «Jingle Bells»

                                   

4 – гейм. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  Ұйқасын тап. 10 ұпай.
Өзінде жоқ салмақ,                                Тым ойыншыл пысық,

Дала безер ..... (қаңбақ)                          Мияулаған .... (мысық)

 

Шықсаң күзде қырға,                             Келсе жайнап жаз,

Көресің көп .... (тырна)                          Көлде жүзер .... (қаз)

 

Жұртқа аты аян,                                     Тыным таппас ебелек,

Улы жәндік .... (шаян)                            Гүлге қонған .... (көбелек)

 

Шоқыр жерден тауып,                          Күміс тер жуып маңдайын,

Жемді көрсе .... (тауық)                        Ағам жүр айдап .... (комбайн)

                                  

5 – гейм. «Ойлан тап»  Әр топқа 10 ұпайдан.

 

Пантомима: Суретті қарап, жазылған сөзгеқарап сөзбен емес, мимикамен көрсету.

-          Жыланды көргендегі   ҚОРҚЫНЫШ.

-          КІТАП – ыммен көрсету

-          Бір нәрсені көргенде    ТАҢЫРҚАУ.

-          КҮНДЕЛІК – ыммен көрсету.

-          Бір жағдайға  ҚУАНУ.

-          СКОЧТ – ыммен көрсету.

Музыканы тыңдау арқылы На –На – На деп ыңылдап айту, оқушылар Әннің атын табу керек. – 6 оқушы шығады.

                                      

 

                                                      

 

6 – гейм. «Сен – маған, мен - саған»
Сұрақтар:

1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (27 км жүрген)

 

2. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі: - Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді? (Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

 

3. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қара ағашта алма өспейді)

 

4. Бір – бірімен жарысқа,

Бес аю, бір арыстан

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)

 

5. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)

 

6. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)

7. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (Барлығы 15)

 

                       

 

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жеткенін айттым.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. – деп сөз кезегі әділқазыларға бердім.                                                                        Жеңімпаздарға марапаттау айтылды. Ең көп ұпай жинаған «Қазыбек»тобы анықталды.
Топ жетекшілері қорытындысын айтты, бағалады.                                                                              
Оқушыларды бағалау /оқушы белсенділігін ескер отырып/                                                                             Кері байланыс. «Бағдаршам» түсіне байланысты барып тақтаға жапсырды.:  

          

-          Қорытынды.

 

Тәрбие сағатын өткізуде қойған мақсатыма жеттім. Оқушылар белсене қатысты. Берілген тапсырмаларды орындай алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Опытное поле орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

«З Е Р Д Е»  интеллектуалды  ойын

 

 

 

 

 

 

 

                            Өткізген  мұғалім:  А. Ж. Батырқанова                   

 

 

 

 

                                                                                                                                                                2016-2017 оқу  жылы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Зерде" Интеллектуалды ойын 3 А сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 2610
    • DOCX 2 мбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батырқанова Альбина Жомартқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31132
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе