Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: «Жапырақтар сарғайғанда»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты: «Жапырақтар сарғайғанда»

библиотека
материалов

Бекітемін:

Күні: 13.10. 2016 ж.


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жапырақтар сарғайғанда»

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге, сөйлену дағдарысы мен іскерлігін қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды күзгі мақсат ерекшелігіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгілі бейнеленген суреттер, күзгі жапырақтар, гербарилер.

Сабақтың барысы: Күз басталғаннан бері де бір ай өте шықты. «Жаз қашан…» деп асыға күткен әрбір пенденің сол жазда бітіретіні шамалы…күйбең тірлікпен қалай өткенін де білмей қалады.  Жайдарлы жаз бізбен қимай қоштасқандай болды-ау… Жылдағыдай емес, жапырақтар да кеш сарғайды. Күннің көзі ашық,жылы болып тұр. 

Таңертең автобуста  терезеден сыртқа көз сала отырып, есіме Қайрат Нұртас айтып жүрген бір әннің сөздері есіме түсті:

Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры,

Ал жапырақ – адамдардың тағдыры.

Сары ағаштан түсіп жатқан секілді

Сау-сау етіп өмірімнің әр күні…

Дәл солай, пенде өмірде анаған қол жеткіземіз, мынаның шырқау шегіне жетеміз деп шапқылап жүріп, көз алдымызда жайқалып өсіп тұрған жасыл әлем сары түспен алмасып үлгерген кезде ғана, осы маусымды артқа тастағанымызды бір-ақ байқаймыз, е-ее…тіршілік десейші…

Бала кезімізде мектепте «күз туралы шығарма жазыңдар» десе-ақ, «күз келді, айнала сары алтынға оранды…» деп бастап ала жөнелетінбіз. Сурет сабағында түрлі-түсті қарындашпен сары жапырақтарды бір-бірімізбен жарыса отыра әдемілеп салсақ, ал ботаника мұғалімінің «гербарий дайындап әкеліңдер» деген  тапсырмасын естіген сәтте төңіректен жапырақ теріп кетуші едік. Оны кітаптың арасына салып кептіріп, артынан альбомға желіммен жапсырып әлек болатынбыз.  … Жан-жағыма әлі қарап келем. Тағы да… сары жапырақтар… Қазір маған сол сары жапырақтар ұнамайды… біртүрлі, көңілсіздік тудыратын сияқты болады да тұрады.  Тіпті, күз туралы кез келген бір өлең, не шығарманы алып қараңызшы, ішінен міндетті түрде мұң тұнған жолдарды кездестіресіз: сары жапырақ…, сарғайған сағыныш…, құстардың қайтуы, қош айтысу…, күзгі жауын…, күзгі дауыл… т.б. Ал «көктем», «жаз» сөздерінің өзі жанарыңызға жылу әкелетінін елестетіңізші…

Күнделікті тұра сала әдет бойынша күнге тағзым етейін деп терезеге үңілсең, салқын сілем бірден аңғарылады. Көңіл көлеңке тартып қалады. «Әлі де жаз бола түссе екен» деген іште тілек бар ма екен, кім білсін. Жадыраған жазда қызылды-жасылды матаның  өзі көтеріңкі күй сыйлайтын…ал қазір…адамдар сұр, қара, қоңыр түстіге ауысыпты… қайтсін… жұқа киім кімге пана болсын…?

Бүгін қыркүйектің соңғы күні. Жұмысқа келе сала, әдеттегідей пошта тексеріп, күнделікті қарайтын блог, сайттарды шолып шықтым. Бағана үйден шыға маза бермеген ойларымды аяқтайтын бір түйін жетіспей тұрғандай, жинастырған өлең, жазуларды ақтардым. Тірліктің әрбір бедеріне мән беріп, ой қорытып отыратын  Бекжан Толыбайдың блогынан бұрындары көшіріп алған мынау сөздер көзіме түсті, дәл осы күзді күнгі көңіл-күй, ішкі мазасыздық екі ауыз сөзбен жеткізіліпті: «Рухымыз күздің күні ерекше бір күйге келе ме қалай, іште бір мұң, кұлазытқан күй. Жылы мекенде, терезеден сыртқа, сырттағы суық күзгі өмірге көз салып отырудан жалығар ма екенбіз. Күзгі тұман, рухымызды орап, жылытқандай болады..Бірақ….».  

Қайтеміз, жаздан арылғымыз келмейді…біз жылылықты, ол бізді қимай тұрғандай… Сіздегі көңіл- күй қалай…???…



















Мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

 

Қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты  мерекелік шарасына  қош келдіңіздер. Берекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазық даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

 

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

 

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

1. Күз тақырыбына  өлеңді мәнерлеп оқу  (әр сыныптан 1 оқушы шығады) .

2 . Күзгі  сән үлгісі (өз шығармашылықтарын көрсету) .

  1. Жапырақтарға жан бітеді ( аппликация жасау ) .

  2. Қабырға газетін шығарып ілу .

  3. Күз кереметі (көкөніс , жемістерден көрме ұйымдастыру) .

  4. Қас қағым сәт ( сұрақтарға жауап беру ) .

 

Мерекелік шара болса да әділ қазылар әр кезеңге  қатысқан оқушыларға баға беріп отырады .

 

Әділқазыларды таныстырып жіберейін :

1.Мектеп кітапханасының меңгерушісі : Лаура Рашқызы

2.Мектеп кітапханашы : Данагүл Қанатқалиқызы

3.Бастауыш сыныптардың психологы : Нұрзипа Макарқызы

  1. Даярлық топтың мұғалімі : Гүлшат Мержанқызы

 

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі  мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

 

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты  мерекелік шарамыздың бірінші кезеңіне кезек берейік  күз тақырыбына өлеңді мәнерлеп оқу .

 

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте  күз сән үлгісі.

Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты ,  сұлу , салмақты, ақылды  оқушыларымыздың өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін  тамашалайық .

 

3 кезеңі «Жапырақтарға жан бітеді» мұнда оқушыларға жапырақтар  беріледі әрқайсысы  кез келген бір  бейне шығарып , аппликация жасау керек .

 

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

 

 Келесі бөліміміз «Қас қағым сәт»деп аталады. Мұнда  сұрақтарға  тез жауап берулеріңіз керек.

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)

 

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты  мерекелік шармызды аяқтаймыз. !!!



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДБ-312501
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх