Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"

Тәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.

2.Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;

3.Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге. бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

             Сабақтың барысы:
                              Ұйымдастыру кезеңі

Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!

      Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы “Жақсыдан үйрен,   жаманнан жирен” деп аталады.

      -Біз бүгін “Жақсы” деген не?, “Жаман деген не?” сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.          Жақсылық жасау дегеніміз  адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындас-тырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады.  Сондай-ақ адам бойында жаман,теріс қасиеттер де болады.

                                    Сөзжұмбақ шешейік.

1.Жылт-жылт етіп төбемде,

   Түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

2. Аяғымда

                           Басы қайқы қос сырық.

     Таяғым да

                                       Қуады оны састырып.(шаңғы)

3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)

 

4. Мұртын сипап күн бойы,

                                               Бетін сусыз жуады.

        Тысырды аңдып түн бойы,

               Тышқанды көп қуады.(мысық)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

                                         (ыдыс)

Балалар  сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты ?

Жақсы деген өте жақсы!

1.     Айналада ақ отау,

         Аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

2.Аяғыма байладым,

                   Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

3. Даусы бар,жаны жоқ,

    Шертсең күйі әні көп.(домбыра)

4.Мінсем,төменге зу етем.

                Өрлесем,оны өзім сүйретем.(шана)

5.  Қасиетті тағам. (нан)

                     Оқушылардың тақпақтары

                                                        Жақсы мен жаман

1.Қайыр күтпе баладан,

 Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

 Оған қалай нанарсың.

«Екі» болса алғаны,

 бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

 орынды емес бұл аса.

2.Келсе сөзі анайы,

 Мақтамас бұл баланы,

Жала жапқан басқаға,

 Барып тұрған масқара.

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болғанда.

Кім мақтанса көбірек,

 Жасайды мінез жөні жоқ,

3.Ерінсе қол жуғанға,

Нассың дейміз мұндайда.

Мұнша уақыт санарлық,

 Бар екен ғой жамандық.

 

4.Бәрі жақсы баланың,

 Беске оқиды сабағын.

Айналайық баладан,

Көгершінді аяған.

Адал болса досына,

Азаматың осыда.

Ойнатса кім інісін,

 Мақұлдаймыз мұнысын.

5.Әділ болсаң ойында,

 Жақсы мінез оның да.

Күтсе бала әжесін,

 Жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда,

Ойнар аттың жалында.

Өзі түйме қадаса,

 Мұндай бала тамаша.

6.Уәдесін сақтаған,

Баланы жұрт мақтаған.

Болады әрі санауға,

 Жақсылық көп қалайда.

                                 

Жақсы деген не?   Жаман деген не?

Биязы мінез тіл алғыш,

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдық сол - ?        

Беті-қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап

Бейбастық өссең сол - ?

                           

   Үйдің ішін тазалап,

Үстіңе де қарайлап,

Үлгере алсаң сол - ?          

Ұшып-қонып жүретін,

Шегірткедей жеңілтек,

Ұшқалақ болсаң сол

Ашу деген бәледен,

Алшақ жүріп жанаспай.

Ақылды болсаң сол - ?

                       

Ата –ананың ақылын,

Ала білмей кезінде,

Ақымақ болсаң сол - ?

Жақсы мен жаман қасиеттерге нелер жатады екен? Соларды топтастырып көрейік.

жақсы 1-адалдық                               жаман 1- мақтаншақ 

             2-мейірімділік                                       2-өтірікші

             3-қамқорлық                                        3-әдепсіз

             4-көмек                                                   4-сараң

             5-қайрымдылық                                   5-еріншек

7-оқушы:Жақсы бала құлақ сап,

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.

8-оқушы:Жақсы бала, ол анық,

Істемейді шалалық.

Тап – таза боп жуынып,

Алады ол таранып.

9-оқушы:Жаман бала құрысып,

Өз – өзінен тырысып.

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып

10-оқушы:Жақсы бала әрдайым ,

Деп «Ұятқа қалмайын»

Сабағына барады,

Күнделікті дап – дайын.

Жалғасын тап:

- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Сондықтан «Жалғасын тап» ойынын ойнайық.

Мақалдың басын мен айтамын, жалғасын сіздер айтасыздар.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаман – шайқап сөйлер,  жақсы байқап сөйлер.

Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа ұмтыл.

Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

 

Жақсы балалар,  мақал-мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер. Енді тыйым сөздерге кезек берейік.

               «Ойнайық та,ойлайық»

Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болады.

Кішкене баланы жылатуға болады.

Құстарды атуға болады.

Сабақтан кешігуге болады.

Есікті керуге болады.

 Ауызды ашып есінеуге болады.

 Үйге жүгіріп кіруге болады.

Не деу керек?

Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде,
Естіледі айқай-шу.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Мұндайда не деу керек?

Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол жетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді?

Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп
Не дегенің жөн еді?

Ауыр сумка көтеріп,
Белі кеткен иіліп,
Келе жатты қарт ана.
Ербол қарсы кезікті,
Өте шықты жанынан.
Мұндайда не деу керек?

Жақынды,досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды

 

     Ата –анамыздың, ата-    әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.

            Алдағы уақыттан бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар           

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Сабақты қорытындылау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 537 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2015 8946
    • DOCX 61 кбайт
    • 353 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагандыкова Самал Бактовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагандыкова Самал Бактовна
    Сагандыкова Самал Бактовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 124946
    • Всего материалов: 37

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек