Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты «Жастар және қоғам» 9 сынып

Тәрбие сағаты «Жастар және қоғам» 9 сынып

Скачать материал

Бекітемін:

Күні: 15.09.2016 ж.

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Жастар және қоғам»

 

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға жастар және олардың әрекеті туралы түсінігін жетілдіру, өз ойларын айта білуге, дәлелді мысалдар келтіруге, өз көзқарастарын, ой толғауларын жеткізе білуге бағыт беру. Оқушылардың қоғамдағы міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру. Қоғамға, өз ортасына саналықпен қарау сияқты көзқарасын қалыптастыру. Өз ойын еркін айта білуге, жүйелі шешен сөйлеуге баулу, қабілеттерін арттыру. 

Тәрбиелік: Оқушылардың қоғамда өзін ұстай білу мәдениетіне, сыйластыққа және адамгершілікке ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. 

Тәрбие бағыты: Қазақстандық патриотзм мен азаматтықты қалыптастыру. 

Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ой қозғау, шығармашылық жұмыс 

Көрнекілігі: қанатты сөздер, сызбалар, суреттер. 
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, құқық, әдеп. 

Барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі. 

II. Негізгі бөлім. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Барлығымыз да бірлік пен татулықты ту етіп, ұлттық рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне үлес қосатын азамат болып өсулерің керек. 

III. Топтастыру. 
Сол азаматтардың бірі – сендерсіңдер, еліміздің болашағымызысыңдар! Осы орайда «Мен кіммін?» деген сауалға өз ойымызды ортаға салайық. 

«Мен» тұлғасын тәрбиелеу – өзекті мәселе. Осы тұста, сөз патшасы – Абай есімі еске оралады. Ол өзінің қара сөздерінің бірінде қайрат, ақыл, жүрек – үшеуінің ғылымға жүгінгенін, айта келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруға үшеуінің бірлігі керек екенін айтты емес пе?! Қайрат – білімді игеруге, ерінбей, жалықпай, ізденіп орнына келтіру менің ісім десе, Ақыл: пайдалы іс болса, не залалды іс болса білетұғын – Мен, сенің сөзіңді ұғамын – Мен. Менсіз ештеңе бітпейді дейді. Ал жүрек болса, мен адам баласын алалаймын депті. Сонда Ғылым: үшеуің күш біріктіріп , бір тұлғаның бойынан табылсаңдар нағыз қасиетті адам – сол деген. 

Адам өмірінің мәні – сол өмірде бастан - аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің, сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік үдеден айнымау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмірдің әр сәтінде адам болып қала білу, қандай да бір шым – шытырық, қиын-қыстау жағдайларда да адамдық тұрғысынан талмай, өз кісілігіңді байыту, кеңейту, жан-жақты дамыту, толыққанды шығармашылық күй кешу. 

Әр адам өз кезінде толыққанды өмір сүріп, бақытты бола алады, бұл оның ақыл-ойына, қайрат – жігеріне, өмірге деген құлшынысына, кісілік тұғырына байланысты. Адамның бақыты, кісілігі, тіпті тектілігі де туа бітетін, әлдебір сырттан жұға салатын, оп-оңай беріле қалатын нәрсе емес, мұның бәрі де тек адам жанының күйзелуімен, тынымсыз ізденумен келетін, бекитін және баянды болатын құндылықтар. Жақсылықты өз бойына дарыта білу, оны сақтап қана қоймай арттыра білу: іздену – адам жанының қажымай-талмай еңбектенуі арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан адам өмірінің мән–мағынасы – осы өмірдің өзі берілген өмірді лайықты дәрежеде өткеру; әркім өз өмірінің мән-мағынасын өзі қалыптастырып, лайықты мазмұнға толтырып, жауапкершілігін өз мойнымен өзі көтеруге тиіс. 

IV. Ой қозғау. 
Адам өмірінің мәні, өмірдің тұтқасы. 
«Адамның қоғамдағы орны» (сызбамен жұмыс) оқушылар сызбаға сәйкес өз ойларын ортаға салу. 
Жастықтың оты жалындап, 
Жас жүректе жанған шақ. 
Талаптың аты орындап, 
Әр қиынға салған шақ – деп Абай атамыз айтқандай осы қоғамдағы жастардың орны ерекше. 

V. Шығармашылық жұмыс. 
М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқып, талдау жасау. 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты. 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар. 
Жаннан қымбат оларға. 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандай балапан, 
Жайып қанат ұмтылған. 
Көздегені көк аспан, 
Мен жастарға сенемін! 
Жұмсақ мінез жібектей, 
Сүттей таза жүректер. 
Қасиетті тілектер, 
Мен жастарға сенемін! Тау суындай гүрілдер, 
Айбынды Алаш елім дер. 
Алтын Арқа жерім дер, 
Мен жастарға сенемін! 
Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға? 
Иман күшті оларда, 
Мен жастарға сенемін! 
«Алаш»- айбынды ұраны, 
Қасиетті құраны. 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемін! 
Мен сенемін жастарға, 
Алаш атын аспанға. 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін! 

VI. Жастар әрекетінің құрылымы. 
Әлемге әйгілі, ойшыл ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің балашақтарыңызды айтып берейін», - дегеніндей, біздің жастарымыздың іс-әрекеті қайда көрінеді? 
Бүгінгі жастар әрекеті. 

VII. Қорытынды. Таблица бойынша. 
Мені қызықтырғаны 
Мені толғандырғаны 
Сабақтан алған әсерім 
Жаңа көзқарас ұстаған, 
Жастарды ілгері бастаған. 
Болашақ бағытын нұсқаған, 
Елбасы кемеңгер данышпан , - деген сөзбен сабағымызды қорытындылай келе еліміздің келешегі бүгінгі жастар сендердің қолдарыңда. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты «Жастар және қоғам» 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 880 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 6685
    • DOCX 17.7 кбайт
    • 156 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бугенбаева Сания Сматқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бугенбаева Сания Сматқызы
    Бугенбаева Сания Сматқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 284233
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции