Инфоурок / Другое / Тесты / Тәрбие сағаты "Жұбан Молдағалиев"

Тәрбие сағаты "Жұбан Молдағалиев"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Іс –шара “Жұбан Молдағалиевтың Өмірі Мен Шығармашылығы “Мен -Қазақпын”Поэмасы.

01eKCjS9

Мақсаты:  Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын » поэмасына талдау жасау . Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Іс –шара міндеттері:

1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру.

2) өз бетінше ізденуге баулу.

Көрнекі-құрал: Ж.Молдағалиев туралы деректі фильм, слайд-презентация, Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әнінің клипі.

Техникалық құралдар: үнтаспа, интерактивті тақта.

Іс – шара барысы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық теренинг өткізу “Мінезің қалай?”(түстер арқылы топқа бөлу )

Іс шараның мақсаты мен міндетттерімен таныстыру.

Тұңғиықтан маржан терейік

1. Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы.

1 топ: Ж.Молдағалиев өмірі. хронологиялық карта толтыру

2 топ: Ж.Молдағалиев шығармашылығы.

3 топ: “Мен -қазақпын” поэмасы

Жұбан Молдағалиев «Мен -қазақпын» поэмасы

«Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек.».
Ж. Молдағалиев.

Кітапханашы сөзі . Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен — қазақпын” поэмасы (1964).

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан , желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты , пәрменді поэзияны танимыз.» М.Базарбаев.

Осы жерде қазақ жері қандай жер?/ Қазақ жері географиялы орны , табиғаты туралы айтады/.

Кітапханашы Қазақ жерінің кеңдігі туралы аңыз айтып өту.Қазақ халқының шығу тарихына тоқталу

Қазақ деген қандай халық?

Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөзі

Біз қазақ деген  мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке    қашпасын деп,
Жеріміздің шетін   жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан  басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді   асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай  білген елміз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай   білген елміз!
Атадан ұл туса, құл боламын  деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызды қаматып  отыра  алмайтын елміз!

«Мен қазақпын» әр топтан 1- оқушыдан өлеңнің 2 шумағын жатқа мәнерлеп оқиды.

Сыр сандықтағы сан сұрақ

Сұрақ -жауап тақтадан оқыту

-Поэманың жанры қандай ? /лирика -публицистикалық стилде жазылған поэма/.

Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не? Ұлт, халық

Негізгі идеясы қандай? Халықтың өлмес тарихы , бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі.

-Тәуелсіздікті аңсаған, сол жолда күрескен ұлтымыздың мақтанышы, азаттық жолындағы күрескер азаматтарымыз кімдер? Асан қайғы , Исатай , МахамбетӨтемісұлы, ШоқанУәлиханов , Абай Құнанбаев туралы айтады

-Өзгерген дала азаматтары кімдер? КүләшБәйсейітова,

Сәкен Сейфуллин,Жамбыл Жабаев,Қаныш Сәтбаев туралы айтады.

-Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды?

.Сергіту сәті ” Мен қазақпын ” әні Ерболат Құдайбергенов

Галереяны шарлау әдісі Қазақ халқының тұрмысы бейнеленген суреттер салып әкелу, суреттерді тақтаға іле отырып, қазақ халқының өмірін көз алдарына елестету

Поэзия сәті Әр топ өлең шумағын ұйқастыру.

…………………………………………… шөбіміз,

……………………………………………. көгіміз

……………………………………………. қарсы алған

………………………………………….. төріміз

Кестені толтырады.




Кітапханашы сөзі ; «Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Осы поэма туралы бір оқырман :

Мен – ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Және әлемге паш етуге әзірмін!!!
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында

  1. «Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз,бір халықпыз»

  2. «Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.»

"Бір ел - бір кітап"

2010ж. наурызынан «Бір ел – бір кітап» акциясы басталды. Оның ұйымдастырушылары - Мәдениет министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, сонымен қатар ҚР кітапханалық ассоциациясы. Эксперттердің тұжырымынан кейін, бүкілхалықтық оқуғаЖ.Молдагалиевтың «Мен - қазақпын» поэмасы таңдалып алынды.

Акция кітабы – Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы

http://kitaphana.kz/plugins/content/mavikthumbnails/thumbnails/164x256-images-stories-kniga.jpgЖұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған.

1940—1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді.

Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылады.

Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады.

Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. Ал 1914 жылы жазылған "Сағындым, Жайық" өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді.
"Ғашық көзбен" атты лирикалық кітабы үшін Ж.Молдағалиевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
"Тірілерге тіл қату монологы" жаралы жауынгердің өлім алдындағы жан сырын жеткізуге арналған. Соғыстың, арпалыстың, азаптың ортасында от оранып жатқан жауынгердің тіршілікке, жарық дүниеге құштарлығы оқушыны бей-жай қалдырмайды. Ажалмен арпалысқан жанға шипа болған, тыныс берген, асыл сезімді, махаббатты паш етеді. Бұл пенделік емес, адамзаттық асыл сезім, үзілген өмір қосқан сезім екенін айқындай түседі.

Көптеген лирикалық өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды. Алғашқы поэмаларында — "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында" — ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды. Заман, дәуір шындығын шебер суреттеуде ақын жеткен табыстар аз емес.

"Жыр туралы жыр" (1956) поэмасында ол эпикалық талантын көрсетуде жаңа қырынан таныла түседі. Мұса Жәлел өмірі қатты толқытқан ақын ерліктің сыры мен өмір шындығы жайлы сыр толғай білді. Батырдың бейнесін жан-жақты ашуда сезімталдығы, сыршылдығы адам ерлігі мен елге, жерге деген сүйіспеншілігімен астаса жырланады. Мұса Жәлел жырының рухын биікке көтеріп, асқақтата түседі.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдай сан тіріліп,                               
 

"Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, —  деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрьш" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді.

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы больш келеді.

Ж. Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі, сипаты терең ашылып бейнеленді.


«Жыр тудырған Жұбан» атты көрмеге қойылған кітаптарға шолу

Молдағалиев Ж. Мен-қазақпын. Өлеңдер мен поэмалар / Құраст. Е. Дүйсенбайұлы. - Алматы: Раритет, 20б. – («Алтын қор» кітапханасы).

СССР және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтың бұл кітабына таңдаулы өлеңдері мен қазақ әдебиетінің алтынқорына қосылған «Сел», «Мен-қазақпын», «Жыр туралы жыр» секілді белгілі поэмалары сұрыпталды.

http://pandia.ru/text/79/522/images/image011_14.jpg

http://pandia.ru/text/79/522/images/image012_11.jpg

Молдағалиев Ж. Шығармалар: Үш томдық. Т. 2 : Поэмалар. - Алматы: Жазушы, 19б.

СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Жұбан Молдағалиевтың шығармалары жинағының бұл екінші томына поэмалары енгізілді.

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Үш томдық. Т. 3 : Публицистика. Очерктер. Әдебиет туралы толғаныстар. - Алматы: Жазушы, 19бет.

СССР Мемелекеттік сыйлығының лауреты ақын Жұбан Молдағалиевтың үш томдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына мақалалары мен очерктері, әдебиет туралы толғаныстары енгізілді

http://pandia.ru/text/79/522/images/image012_11.jpg

http://pandia.ru/text/79/522/images/image013_11.jpg

Молдағалиев Ж. Қызыл қайың. Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 19б.

Қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Қызыл қайың» атты бұл жинағына соңғы жылдары жазған өлеңдері енді. Бұл жырлар ақынның Отан, партия, туған жер жайлы терең лиризм мен публицистикалық серпінінен жаңылмайды. Оның монғол, үнді сапарынан туған жырлары коммунист ақынның азаматтық поэзиясын айқындай түседі. Сонымен қатар, «Қызыл қайыңда» бүгінгі замандастарымыздың жан сұлулығы, адамгершілік биік қасиеттері, жастық шақтың қимас сәттері үлкен шабытпен жырланады.

Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: Өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жазушы, 1988. – 96б.

Қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиев бұл кітабында заман ұлылығын, еңбек адамдарының қаһармандық істерін, туған жерге деген асыл махаббатты жыр етеді. Сондай-ақ ұлы күйші Құрманғазы арқылы өлмес өнерді, күрескер өмірді дәріптейді

http://pandia.ru/text/79/522/images/image014_23.gif

http://pandia.ru/text/79/522/images/image015_21.gif

Молдағалиев Ж. Қазақстан көктемі // Өлең өлкесі: Қазақ табиғат лирикасының антологиясы / Құраст. Ж. Әскербекқызы. - Алматы: Жазушы, 2009. - Б. 145-151.

Қазақ поэзиясындағы табиғат суреті байырғы ұлттық дүниетанымнан бастау алып, поэтикалық ойлау тың бояулармен құлпыра бейнеленгеніне арғы-бергі дәуірлердегі әдеби мұралар куә. Бұл жинаққа Жұбан Молдағалиетың үш өлеңі басылды. Табиғатты ондағы сурет пен құбылыстарды әр қалыпта жырлаған туындылары енді.

Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге, қалың оқырман қауымға арналған.

Шынашақ: Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы / Құраст.: М. Әлімбаев, К. Баянбаев. - Алматы: Балауса, 19б.

Қазақ әдебиеті тарихында екінші рет қана жарық көріп отырған бұл антологияның 1977 жылғы басылымнан бірегей өзгешілігі бар. Алғашқы кітап бүкіл ұлттық әдеби қорымыздағы жас ұрпақтың талғам-түсінігіне сай келер деген бұрынғы-соңғы мұраларды кеңінен қамтуды мақсат етсе, бұл жолы, негізінен, қазіргі қазақ балалар поэзиясының жеткен деңгейі мен даму барысын көрсету көзделді. Жұбан Молдағалиевтың балаларға арнап жазған «Қызыл галстук» үлкен өлеңі басылған.

http://pandia.ru/text/79/522/images/image016_9.jpg

http://pandia.ru/text/79/522/images/image017_17.gif

Молдағалиев Ж. Көркем әдебиет шығармалары терең де шыншыл болсын // Әдеби өмір шежіресі / Құраст. Ә. Нарымбетов. - Алматы: Ан-Арыс, 20Б. 126-151.

Бұл кітап Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдығына орай 2005 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Әдеби өмір шежіресі» атты кітаптың толықтырылған жаңа нұсқасы.

Бұл нұсқаға Қазақстан жазушыларының 1 - Құрылтайы мен 13 - Құрылтайы (ж. ж.) аралығындағы қаламгерлердің әдеби шығармашылық өміріндегі елеулі оқиғалар мен мерейлі мерекелер, Қазақстан жазушылар одағы Басқармасының тарапынан жүзеге асырылған әралуан игі іс-шаралар енгізіліп отыр. Кітап қаламгерлер мен әдебиет сүйер қауымға арналған.

Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т. 2: Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 19б.

Бұл кітапқа автордың соңғы жылдары жазған мақалалары мен зертеулері іріктеліп кіргізілді. Ақын, азамат Жұбан Молдағалиев туралы жазған мақаласы жарияланған. Кітап әдебиет сүйер қауымға арналған

http://pandia.ru/text/79/522/images/image018_9.jpg

http://pandia.ru/text/79/522/images/image019_9.jpg

Қирабаев С. Өмір тағылымдары. Естеліктер. - Алматы: Білім, 20б. + 8 бет суреттер.

Белгілі әдебиетші, ғалым және сыншы, академик Серік Қирабаевтың бұл кітабы көп жасап, көп адамдармен араласқан, тәлім алған адамның естеліктері түрінде жазылған. Автор ХХ ғасырдағы қазақтың ұлы азаматтары М.Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, Ғ. Мұстафин, және де Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен еңбегі туралы қызықты әңгімелер айтады. Кітап әдебиет сүйгіш, қалың оқырманға арналған.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-556344
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>