Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі"

библиотека
материалов

Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіріп, ауылымыздың ардагерлерінің өмірбаянын насихаттап, оларды дәріптеу.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Мұғалім: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыстан және елін, жерін қорғаған өз жерлестеріміз жайлы айта кетейін.
1923 жылы 17 тамызда Бірлік ауылында дүниеге келген. Әкесі Күмісбек, анасы Сәлиман ұлды болғандарына қуанып бала болашағына үмітпен қараған, бақытты күндері өтіп жатты. Бірақ ұлдары екі жасқа келгенде анасы Сәлиман қайтыс болады. Әкесі Күмісбекті қайғыртып кетсе де, білім алуына қамқорлық жасауды ұмытпады. Бірлік колхозындағы бастауыш мектепте оқытады, одан соң Қорғалжыннан 8 класын бітірткізеді. Ел басына қатер төніп сол соғыс жылдарында яғни 1942 жылы 16 мамырда Қорғалжын әскери коммисариатына майданға аттанды. Өзі сияқты жауынгерлерді Уфа түбіндегі Алхин атты әскери қалашықта екі жарым ай дайындайды. Дайындықтан соң Ленинград майданына әкеледі. Бұл кезде батыр бала қоршауда болатын. Нева бағытындағы қорғанысқа кіреді. Ең алғаш жеңіл жарақаттанып дала госпиталінде емделген соң қайта соғысқа кіріп, 1943 жылы маусымда екінші рет ауыр жарақаттанады. Оң аяғына тиген снаряд жарықшағы тізесінің сүйегін майдалап, сындырып бөліп тастайды. Қансырап жатқан жерінен тауып алып палаткадан тігілген әскери госпитальда аяғын кеседі. Содан кейін Куйбышев қаласына үш айға таяу уақыт емделіп, елге оралады. Елге оралған соң 1957 жылы Шымкенттегі бухгалтерлік курсты бітіріп келіп еңбекке араласады, яғни соғыс жылдарынан кейінгі уақытта елдің жағдайын көтеруге көмек беріп, еңбек етті. Қарт майдангер Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен және бірнеше медальдармен наградталды. Зейнеп апамен тағдырын қосып, 5 бала өсіріп 5 немере сүйген соғыс ардагері

Қорғалжын ауылына қарасты Алқым ауылында Әубәкір әкенің үйінде 1920 жылы өмірге ұл келді. Ол кездегі бала қазіргі кезде ауыл ақсақалы үлкен жауапкершілікпен қараған ата-ана баласына ауылындағы мектептен 3 класты аяқтады. Одан соң Қорғалжыннан 7 кластық білім алдыртады. Мектепте жүргенде-ақ іске бейімділігін байқатып жүрген ол 1938-1940 жылдар аралығында Жұмай колхозында почта бөлімшесінің басқарушысы болып еңбек етеді. 1944 жылы «За отвагу» медалімен, Қызыл жұлдыз орденімен соғыста көрсеткен ерлігі үшін наградталды. 1945 жылдың қарашасында Ақмолаға келеді. Бір ай демалыста болып одан соң еңбекке араласады. 1947 жылға дейін есепші болып еңбек етеді. 1947-1954 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы саласында еңбекке белсене араласып жүрді. Ардагер 15-ке таяу түрлі ордендер мен медальдардың иегері. Төрт баланың әкесі.

Нүриден Жиғаншаұлы 1926 жылғы 3 наурызда дүниеге келген. Ол кісінің балалығы мен жастығы қиын кезеңдерде өтті. Кішкене күнінде елді жайлаған ашаршылық талай үйдің түтінін өшірсе, одан кейінгі есбілгі азаматтарды баудай жосаған 37-нің зұлматынан халық көз ашпай жатып, Ұлы Отан соғысының оты бұрқ етті. Сөйтіп, 1944 жылы 18 жасымда майданға аттанған. Атақты генерал Чуйков басқарған армияда алдымен минометші, одан кейін пулеметші болған. Дрезден, Бухарест қалалары үшін болған қиян-кескі ұрыстарға қатысқан. Жаудан бұғып қалған жері жоқ. Бухаресте жасаған ерлігі турасында «Гвардеец» газетінде жазылды. Қан кешкен, миллиондардың демін тауысқан соғысты аяқтап, елге тек 1949 жылы оралды. Отан соғысы орденімен, 13 медальмен, Бас қолбасшы Сталиннің алғыс хатымен туған жеріне келіп, 61 жыл отасқан жұбайымен 5 ұл, 3 қыз өсіріп, 24 немере, 14 шөберенің қызығына бөленіп отырғаныма шүкіршілік етемін. Аспаннан оқ қарша бораған, оқ-дәрінің иісі мүңкіген, қан сасыған майдан даласында жүргенде осы күндерді көремін деп кім ойлаған?! Қаншама жылдар өтсе де соғыс естен шықпайды.

1-оқушы: «Бақыт гүлін терген күн»
2-оқушы:Салауат
3-оқушы: Құралай
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
1-Жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-Жүргізуші:
. Бүгінде Мақыш атаның ұрпағы Салтанат апай ортамызда. Салтанат апай әкеңіздің осы сұрапыл жылдар жайлы айтқан естеліктері туралы айтып берсеңіз.

Ән: «Батыр бала Болатбек»

Мақал- мәтелдерді талдау
2-Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызды құрметтейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Ән: «Ризамын»

Алда келе жатқан 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен барлық ер азаматтарымызды шын жүректен құттықтаймыз. 1 сынып қыздары дайындаған ашық хаттарын табыс етсін.

Осымен тәрбие сағаты аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет!




Автор
Дата добавления 07.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров307
Номер материала ДВ-237614
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх