Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "желбіре жеңіс жалауы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты "желбіре жеңіс жалауы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Желбіре Жеңіс жалауы» 
Сабақтың мақсаты:
 
1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
 
2. Оқушыларды Ұлы отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту.
 
3. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тарбиелеу.
 
Сабақтың көрнекілігі:
 
Ұлы Жеңіс күніне арналған плакаттар «Ешкім де ұмыт қалмайды», «Ер елдің ық жағының қаласы, Жел жағының панасы», «Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі», «Батыр туса-ел ырысы, Жаңбыр жауса-жер ырысы».
 
Мұғалім:-Адамзат баласы айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Біз үшін мамырдың 7-сі мен 9-ы солардың ішіндегі ең шоқтығы биігі, ең жасампазы, ең салтанаттысы, бірегейі. Күнтізбедегі бұл күндер біздің әрқайсысымыз үшін жүрекке ыстық Ұлы Жеңіс- шексіз қуаныш пен шаттық мерекесін, ұрыста опат болғандарды аза тұтып қабырғамыз қайысар күнді еске түсіріп ,7- мамыр күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз.. Осыдан 71 жыл бұрын, 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті, Рейхстагта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды. 
1-жүргізуші: Биыл Ұлы Жеңістің
71 жылдығы мен Қарулы күштер мерекесіне орай өткізілейін деп отырған «Желбіре Жеңіс жалауы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. 
2-жүргізуші: Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей, Абзал досым мүгедекті жүр демей! Ел дегенде еңіреп туған ерлерді Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
 
1-жүргізуші: Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс тіршіліктің рахатына кенелудің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті. Қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
 
2-жүргізуші: Біз майдан мен тыл ерлерінің қаһармандығы мен ержүректігін, партизандармен астыртын әрекет етушілердің, концлагерлер тұтқындарының табандылығы мен мұқалмас ерлік жігерін зор құрметпен еске алып, алапат майдан даласында қаза тапқандардың, соғыс салған жара мен қасірет салдарынан о дүниелік болғандардың бүгінгі күні арамызда жоқ жандардың жарқын бейнелері алдында БАС ИЕМІЗ!
 

Әсет:

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Гүлназ:

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Сол себепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні болып биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Азат:

7 мамыр күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Саяжан:

Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Ұлы Жеңіс күнімен, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні мерекесі


Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді,өшіге, өршелене шабуылдады. Тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.
 

Қ.Аружан Соғыс жалмап аға-іні, бауырды Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Жалғызынан айырыпты ананы Әкесінен айырыпты баланы. Таңшолпан 
Жеңіскерлер,ер елдің өрендері. Солар жұрттың айбары әлемдегі . Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа, Мерей тапты солармен ел еңбегі.
 

Мая Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс шын мәнінде бүкілхалықтық ерлік болды. Майданға нан да, ет те, басқа азық-түлік те, киім-кешек, қару-жарақ та керек болатын. Жеңіс үшін халық қолдан келгеннің барлығын жасады. Қарттар мен әйелдер, буыны қатпаған балалар қайыспай еңбек етті. Соғыстағы Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлеріміздің қанымен, тылдағылардың маңдай терімен, қажыр қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді. 

Нұрмұхан Биыл - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып атылған, ел дауысы болып шақырған ҰЛЫ ЖЕҢІС. 

Мадина Жер бетінде нұр шашып Жеңіс күні, Жақсы үміттің шырағы жанды міні. Аспан бетін қаптаған қара тұман Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні! 
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті. Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз, Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
 
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен, Асыр салып қуансын бала біткен. Жүректері жарылсын қуаныштан, Аялансын көңілі жақсы үмітпен.
 
Балалардың тілеймін қүлгендерін, Күн бетінде ешбір дақ тұрмасын деп Планета ең ғажап гүлдеп жерім, Мәңгі үстінде бейбіт күн орнасын деп.
 
Хор. Бейбіт күн тілегі.
 
Б.Аружан
Қайран жан қайтып келмес замандарда Қазаққа оңай болған қоғам бар ма? Сақтаған сабыр беріп тәңір бізді Садақтың оғы арқаға қадалғанда.
 
Қираған көп-көп қала, көп-көп қорған Түңілмей үміт күттік аппақ таңнан. Бір сүйем орыс жерін жауға бермей, Қазақтың қайсарлығын сақтап қалған.
 
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісіміз – достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы боп аталған , ел дауысы боп шақырған Жеңіс. Арын жалау, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін, айдын көлін , ақ сүт берген анасын , ақ самал ескен даласын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады.
 
Диас ЖЕҢІС! ЖЕҢІС! Елге таза ашық таң атырды, Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды. Ақ боз атты балалар сүйіншілеп, Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды. Қыран құсым көк аспанда самғасын, Желбіресін көк байрағым сан ғасыр. Жас ұландар биік ұста туыңды, Жарқыратып туған жердің таңбасын. 
2-жүргізуші:Жыл сайын 7 мамырда бүкіл Қазақстандықтар Қарулы күштерінің құрылған күнін салтанатты түрде атап өтеді. 
1-жүргізуші:
 
Бүгін әлемге қауіп- қатер төндірген сұрапыл соғыс отының өшкеніне жыл уақыт өтсе де, жерін жауға таптатпаған жеңімпаз аға-апалардың қаһармандық ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет бүгінгі және келер ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.
 
2-жүргізуші:
 
Біз бейбітшілікті жоқтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын!
 
Мұғалім:
 
Балалар, бұл соғыс адамзат баласы үшін өте зор алапат қырғын майдан болды. Бүгінгі деректерге сүйенсек: бұл соғыста қырғын болғандар саны 56млн. Оның ішінде біздің отандастарымыздан 20 млн астам адам құрбан болған деген дерек бар. Соғыс тек қана қасірет әкелді. Сондықтан бізге соғыстың керегі жоқ. Біз бейбітшілікті сүйеміз. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныштықта өмір сүрсін!
 
1-жүргізуші : Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
 
2-жүргізуші:
 
Осындай тыныш та бейбіт күнді сыйлаған ардагерлеріміздің алдында басымызды иіп, ұрыс даласында және еңбек майданында Жеңіске теңдесі жоқ үлес қосқан барша азаматтарды зор құрметпен еске аламыз.
 
ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
 
1-жүргізуші:
 
Бүгінде Қазақстанды әлем тануда. Жаңа дүние, жаңа қоғамға бет бұрдық. Елбасымыз Нұрағаның нұрлы жолымен болашаққа нық басайық.
 
2-жүргізуші:
 
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!Осымен Ұлы Жеңіс күні мен Қарулы күштер мерекесіне арналған
  « Желбіре Жеңіс жалауы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Даңқты ата-әжелеріміздің ерлік істері ұрпағымызға үлгі өнеге болсын. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет

Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров100
Номер материала ДБ-084773
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх