Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»(4-сынып)

Тәрбие сағаты «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»(4-сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
Мақсаты:
білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсіндіру.
тәрбиелігі: Отан - Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұнды суреттер, шарлар, нақыл сөздер..
I. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға - апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
1 - оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
2 - оқушы:
Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
3 - оқушы:
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
4 - оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да - Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан
5 - оқушы:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!


Видео: «Желтоқсан желі»


Мұғаілім:
Иә, бұл күнге жету үшін ата - бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

1 - оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
2 - оқушы:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
3 - оқушы:
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған -
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
4 - оқушы:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
5 - оқушы:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
6 - оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!.....
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!.....


Мұғалім: Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.
1 – оқушы:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.


III. Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы».
Мұғалім:
Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез - келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Милиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Савицкийді өлтірген сен бе?
Қайрат: - Жоқ, мен емес!
Милиционер: - Сен өлтіргеніңді мойныңа ал!
Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Милиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.
(Қайратты алып кетеді)
Мұғалім: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар. (жай музыка жүріп тұрады)
1 - оқушы: «Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп
Мұғалім: «Қайратты тергеу сәті».
Тұрыңдар! Сот келеді.
Сот: Сот процесін бастаймыз!
Тергеуші: 1 - ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1 - куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында
таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?
2 - куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің
қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Сот: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.
Қайрат: Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп
табамын.
Қайрат: Хақ. охалқым!
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім
бар.
(Қайғырған музыка жүріп тұрады)
Ақтық сөзі:
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Күнәдан таза басым бар,
21 - де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Сот: Сот процесі аяқталды.
Мұғалім: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты. Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.
2-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
3 – оқушы:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық.
VI. Қорытынды
Мұғалім:
Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
Тәуелсіздік күні құтты болсын.Еліміз тыныш болып , ғасырдан ғасырларға жалғаса берсін! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен - көп рахмет.





























1 - оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.


2 - оқушы:
Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.


3 - оқушы:
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.

4 - оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да - Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан

5 - оқушы:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!



1 - оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.


2 - оқушы:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.


3 - оқушы:
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған -
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.


4 - оқушы:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.


5 - оқушы:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!

6 - оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!.....
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!.....


1 – оқушы:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.



2-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.




3 – оқушы:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық.

Милиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Савицкийді өлтірген сен бе?

Милиционер: - Сен өлтіргеніңді мойныңа ал!
Милиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.
(Қайратты алып кетеді)



Сот: Сот процесін бастаймыз!

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп
табамын.

Сот: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.


Тергеуші: 1 - ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

Тергеуші: 2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?


1 - куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында
таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!


2 - куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің
қолымда түсірген бейнетаспа бар.







Қайрат: - Жоқ, мен емес!

Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!

Қайрат: Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.


Қайрат: Хақ. охалқым!
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім
бар.
(Қайғырған музыка жүріп тұрады)
Ақтық сөзі:
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Күнәдан таза басым бар,
21 - де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Тергеуші: Сот процесі аяқталды.


1 - оқушы: «Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров201
Номер материала ДВ-394221
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх