Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Желтоқсан тәуелсіздік егіз ұғым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Желтоқсан тәуелсіздік егіз ұғым"

библиотека
материалов

Желтоқсан тәуелсіздік-егіз ұғым


Тәрбие сағаты


Сынып сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға
таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, Кітап
көрме. Желтоқсан құрбандарының суреттері.
Әдісі: Көрініс, Сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Түрі: Ашық сынып сағаты
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кітапханашы кіріспе сөзі: Құрметті Ата - аналар, Ұстаздар, Оқушылар!

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай өткелі отырған ашық сынып сағатына қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін осы тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ жастарының өшпес ерлігіне арналады. Алматыда 1986 жылғы желтоқсан трагедиясы Қазақ халқын ғана емес, сол кездегі бүкіл Кеңес елінің санасын тоталитарлық ұйқыдан оятқан еді. 1986 жылдың 16 желтоқсанында қазақ азаматтары неге алаңға шықты, қандай талаппен шықты, не мақсат көздеді? Бұларды біз жақсы білеміз. Міне, осы қанды оқиға 16 мен 20 жас аралығындағы жас студенттер еді. Біз желтоқсан құрбандарының даңқы арта берсін деп бас иіп тағзым етеміз. Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, еске алу парызымыз.
Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихтан мен сыр шертсем.
Ән: Қазақстаным
Атасы: - Осылай, балам. 1986 жылдың желтоқсанында...
Немересі: - Не болған ол жылы, ата, не болған?
Атасы: - Бұл жылы, балам... Желтоқсанның аязы мен бірге бір хабар келді



Оқушы:

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Немересі: - Сонда, ата Ербол Сыпатаев деген кім,
Атасы: - Тыңда, балам
1 - оқушы: ( Аружан ) 19 - желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 - желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын - 86» операциясының құрбаны болды.
Немересі: - Ал Ләззат Асанова
2 - оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің - ау. Еліңнің сен намысы үшін Құрбан еттің жаныңды Мазақ етіп қорлай алмас Ешкім сенің арыңды.
Атасы: - тағы Сәбира деген
3 - оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26 - желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар - намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1 - курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5 - ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Немересі: - Ата олар сонда көтеріліске шыққандар ма?
Атасы: - Я, балам, олар біздің тәуелсіздік алуымызға бірден бір үлес қосқан жандар.
Немересі: - Ата, көтеріліс қалай болған?
Атасы: - Тыңда балам...
Көрініс: Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады.
Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан - жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен
?

Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек. бұл дегенің ҚКП - да беделдің қалмағаны, құрып барады емес пе? Колбин деген кім екен, қайдан келген, Ту, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Осы кезде жан - жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады. - Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз. (Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді «қылмысыз»
Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз
Кейін соның қазасы таңылғанда
Аң - таң болып, қан жылап тұрды ішіміз
Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын
Мұң шағады қапаста кімге құсың
Ақ - қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь болды ғой біздер үшін

Атасы: Ия, тарихта «Құйын - 86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды, балам.
Немересі: Ммм, ата, сонда сол көтеріліс ішінде бәрі де жер жастанған ба?
Атасы: - Жоқ...
4 - оқушы:
ЖЕЛТОҚСАН
Алтыныңды айырбастап қолаға,
Отаныңды айналдырса молаға.
Өз тіліңді босағаға лақтырып,
Өз еліңде күн кешуге бола ма?!

Сол кешегі желтоқсанның аспанын,
Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.
Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,
Намыс өлсе керегі не басқаның.

Сен қазағым шыныменен ұлысың,
Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.
Ұл - қызыңның қаны судай шашылды,
Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.

Ереуілде ит пен құсқа таланған,
Шырқыраған шындық іздеп ғаламнан.
Қазағымның қызыл қанын мәңгілік,
Жуғанымен кетіре алмас алаңнан.

Соның бәрін еске алатын шақ бүгін,
Құрбан қылды қарындастар пәктігін.
Құрбан қылды ғұмырларын боздақтар,
Табамыз деп ақиқатын ақ туын.

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»
( Үй іші қалаша жиналған. Дастархан басында Қайрат, ата - анасы және бауырларымен отырды.)
Әкесі: Қайрат, балам - ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп жүдеп қалыпсың - ау өзің..
Қайрат: Алып отымын - ғой, әке.
Анасы: Астан алыңқыра, балам.
Қарындасы: Қайрат аға, өзіңіздің ептеп өлең жазушы едіңіз ғой. Жаңа жылға арналған өлеңіңіз бар шығар, ағатай.
Қарындасы(: Иә, аға айтып беріңізші.
Қайрат: Иә, қарындасым, бар ғой бар.
(Осы кезде есік қағылып, үш - төрт милиция үйге кіріп келеді.)
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты осында тұра ма? Сол кісіні тұтқындаймыз. Прокурордың санкциясы бар, Міне,
Екі жігіт Қайратқа: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Анасы; Ойбай - ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?
Милиция: Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық - қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.
(Екі жігіт Қайратты күштеп алып кетеді)
Анасы (жылап артында қала барады)

Немересі: - Сосын ше? Ата, сосын не болды?
4 - оқушы:
Көбен Асқарұлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРЫ
Мың - мың жылдан кейін дағы ақынды
Тебірентетін.
Ұлт дауысын ақырғы.
Жас ұрпақтар ту ғып ұстап ұрандап,
Ән ғып шырқап, зұлымдыққа атылды.

Желтоқсанның алаңында жекпе - жек.
Жауыздықпен белдескенде бетпе - бет.
Бүкіл әлем батыр қазақ ұл - қызын,
Күрескерлік символы етіп кеткен ед.

Ұрандаған ұрпақтардың ізгі үні,
Ойландырды Мәскеудегі ізгіні.
Он алты ұлт ел боп енді тұра алмас,
Өздерінде болмайынша тізгіні.

Қанды бодау беріп жеткен жеңіске,
Батыр ұрпақ рухы тұр ең үсте.
Егеменді ел етті де қазағын.
Өздері елдің жүрегінде - бейіште.
Көрініс: «Қайраттың жауабы»
(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, түрме жыры өлеңін оқып
шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді.)
Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!
5 - оқушы:
«Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп
Кезекші: Заключенный Рысқұлбеков на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!
Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покажу өтірікті жала дейді еще.
Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де.
Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой! Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын? Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.
Тергеуші: Заключенный Рысқұлбеков! Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында. Бұл бір. Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі. Түсіндің бе мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата - анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ қой.
6 - оқушы:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?...
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, 21 - де жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
Көрініс: «Қайратты тергеу сәті».
Сот хатшысы: Тұрыңдар! Сот келеді.
Сот: Сот процесін бастаймыз!
Тергеуші: Маған 1 - ші куәгерді шақыруға рұқсат етсеңіз?
Сот хатшысы: 1 - ші куәгерді шақырамыз
Тергеуші: Куәгер Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайратты көрдіңіз ба? Сіз шыны менде Рысқұлбеков - тің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1 - куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?
2 - куәгер: Рас — рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Тергеуші: Мен сөзімді аяқтадым.
Сот: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.
Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп табамын.
Өкініш
Әкетай – ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес Сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді қаралап,
Кесір болды - ау біз секілді масылдар!
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер?
Сүмірейіп сот залында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер?
Айналайын қарындасым, қарағым,
Қолда кісен мен айдауға барамын.
Қайғы жетіп азап тартқан ағаңды
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным!

Немересі: - Мә, ата, сонда оны жазықсыздан жазықсыз кінәлаған екен ғой
Ата: - Я, балам.
Ән: Желтоқсан желі
Орындайтын: Әлішер, Айнұр, Арсылан
Көрініс: Соңғы хат.
Сахнаның бір шетінде Қайраттың інісі анасына Қайраттан хат келгенін жүгіріп кеп хабарлайды. Анасы сол хатты асыға оқуға кіріседі. Осы кезде сахнаның екінші шетінен Екі күзетші келіп Қайратты атуға алып кетеді
Қайрат: "... Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 1986 жылы 18 желтоқсанда алаңға бардым... Тек қана ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз басым, көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып – соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып"күл болмасаң, бүл бол" деп отыруға еркектік ар - намысым жетпеді. Ер қатарында, ер қара боп саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін; құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне "Қыздың жолы жіңішке" деген. Менің түсінігімше, әйел адамдарға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың – хайуандардың еркегі де – ұрғашысына мүйіз болмаса тұяқ көтермейді. Ал, біз бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз... Міне, қысқаша айтқанда осындай түсінікпен, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды арашалап – қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенімше бар көмегімді бергенімде рас. Ол үшін әлі күнге дейін өкінбеймін, керісінше үлкен мақтан тұтамын. Бірақ та бір құдай өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сор маңдай сенің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда. Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып - жыққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман - есен, зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бір теріс қылық, бар қылмысым осы ғана...»
Ақтық сөз
Елбең - елбең жүгірген,
Күнәдан таза басым бар,
Ебелек отқа семірген,
Жиырма бірде жасым бар,
Арғымақ мінген жаратып
Қасқалдақтай қаным бар,
Ақ сауыт киген темірден.
Бозторғайдай жаным бар,
Алатаудай бабалар,
Алам десең алыңдар!
Әруағыңмен жебей гөр!
Қайрат деген атым бар,
Осы айтылған ақтық сөз,
Қазақ деген затым бар.
Туың болсын әрдайым.
«Еркек тоқты құрбандық»
Мойныма алып жаланы
Алам десең алыңдар
Мен болайын құрбаның.
Анасы: Айымда
Атасы: - Балам, тәуелсіздік алған жылдары оны еске алу үші мен, Анасы, Мұхтар Шаханова және сол кезде бірге болған құрбылары мен оқушылар болып оны еске алуға барған болатынбыз.
Ән:
Орындайтын:
Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.
Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, жүрегім шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.
Қыз: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады. Ақтық сөзің армандарың хатта қалды Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды Қайрат! Қайрат! Сен мені естимісің Есін жиған халқымыз «Зек» халқымыз Лагерде шірітпей, ақтап алды, - дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.
М. Шаханов: Ия, дұрыс айтасыңдар! Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның! Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.
Ана: Ия, айналайын балапандарым! Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы! Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда жалауы еңкеймеуі тиісті.
(осы кезде оқушылар гүл жоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жарияланады)
Ата: Я бәріміз бірге «Желтоқсан құрбандарын» еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.
Ән: Он алтыншы желтоқсан әні
Орындайтын: Ақмарал және Аружан
Әлібек Шегебай
Қабірден хат
Қайрат Рысқұлбековтың монологы
Армансызбын..,
Ажалсызбын..,
Азатпын,
Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.
Ұлтым үшін ұлтарақпын,
Аз десең,
Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!– деген Қайраттың дауысы естілді.
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қайраттың рухы:
Көкбөрінің сіңіріндей сірімін,


Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.
Шындық үшін құрбандыққа шалынып
Шырылдаған құлындардың бірімін.
Талай - талай тоналдым да тапталдым,
Өзімді - өзім жоғалтуға шақ қалдым.
Көк көйлекті көктемеде туылып
Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.
Күңіренсе үн шығады көрден де,
Шертілмеген шерім қанша шерменде.
Өз тіліңде өмір сүріп,
Сонан соң,
Не жетеді өз тіліңде өлгенге.
Мен сұрасам - теңдігімді сұрадым,
Теңдігімнің кемдігіне жыладым.
Ай күзетіп Ару сүйер жасымда
Ақ ажалдың құшағына құладым.
Кек алатын кәріден де жастан да,
Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!
Бауыр қалды өзегіне өртеніп
Ана қалды сүтін сауып аспанға.
Тәуелсіздік - Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы -
Айналайын, алтын қанат - Азаттық!
Саған құрбан жастығым да жаным да,
Саған құрбан атпай қалған таңым да.
Тереңдігі қабірден де тереңдеу
Менің қайғым - Қазағымның қанында!
(Ана ортадан ақырындап кетеді)
Ән: Егемен Қазақстан
Орындайтын: Ақмарал
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі:

- Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы.
Би: Қазақ биі
Орындайтын: Айнұр, Гауһар, Гүлхан, Фариза, Ақмарал, Айым
Атасы: - Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!
Қазақстан ән ұранымен аяқталады





Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров223
Номер материала ДВ-477369
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх