Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты 2014-2015 жыл

Тәрбие сағаты 2014-2015 жыл

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


  Тәрбие сағатының тақырыбы

«Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»

Мақсаты:

Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер    арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар,  қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, буклеттер.

Мұғалім: Құрметті оқушылар!

         Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

         «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

          Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,

  «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Барысы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Сынып төрт топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. «Қазына» « Дастан» « Мұрагер» «Шежіре»

1.     “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

2.     “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу

3.     “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы

4.     “Тапқыр дос” өлең құрастыру

5.     “Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді тауып,  екі тілге аудару

6.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

1. турымыз    “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өздерін таныстырады.

2. турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”  деп атап,

 Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.  - дей келе,

  Қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне арналады.

    3.  туры мақал-мәтелдерге арналады. Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны  қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..

Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.

 

1. Өнер алды –  ....................
 2. Ана тілі азбасын,
 
     .......................................
 3.  Тіл тас жарады, ............................
 4. Бас кеспек болса да, ............................
 5. Шебердің қолы ортақ, .........................
 6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
     ..............................................
 7. Ақылдың көркі – тіл.
      ......................................................
 8. Тілден артық қазына жоқ,
 
       ................................................
 9.  Тіліңді ноқталасаң,
      ......................................................
 
 10. Білекті адам бірді жығады,
 
       .............................................

 

4. тур. Осы  кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.

 

             1.Құлақтан кірген....       Жүрекке барып мұз  болар                                                                                                                                

                                                                   (Сөз-слова)

 2.Таза мінсіз асыл ...  Су түбінде жатады,

                Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.

                                                         (тас-камень)

              3. Бас кеспек болса да, ...   кеспек жоқ.

                                                              (тіл – язык)

  4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.

                                                                         (су – вода)

  5.Ілім – бұлақ... – шырақ!

                                                                      (білім – знание )

   6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы  болсын.

                                                            (сегіз – восемь )

    7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.  

                                                            (бас-голова)

    8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.

                                                                         (Ілім-знание)

     9.Қаһарлы сөз ... бұзар.

                                                              (Қамал-замок) 

          10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.

                                                                     (Шешен –оратор)

           11.Айтылған сөз, атылған ... тең.

                                                                     (Оқ-пуля)

            12 ... сөз  жарым ырыс.

                                                                      (Жақсы-хорошее)  

7.     Сайысымыздың  келесі бөлімі  “Тапқыр дос” өлең құрастыру

 деп аталады, берілген әріптерге өлең құрастыру . А,Б,Қ,О

8.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

Берліген сөздерден мақалдар құрайды.

Қорытындылау, марапаттау.

Жүргізуші:      Ана тілі – асыл күні бабамның,

                          Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

                          Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

                          Туған тілді жаттап өскен баламын.

Қорытындылау:

«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»  атты тәрбие сағатымыз   осымен өз мәресіне жетті.



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

 

 

                 






«Ақсай орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Сынып сағатының тақырыбы:


« Үш бәйтерек –

үш алып»




7-сынып







2014-2015 оқу жылы



« Ақсай орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қош келдің, Наурыз!»



7-сынып



Сынып жетекшісі А.А.Жунисова

2014-2015 оқу жылы






29.09.2014.

Тәрбие сағаты: «Ұстаз-ұлағатты ұлы есім»

Мақсаты: Мұғалімдердің ұлы мерекесімен құттықтап,көңіл-күйлерін көтеру.

Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2.  Жүргізушілер шығады.

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1- жүрг. Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

 

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән. Ұстазым.   

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Асел? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Әдемі, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Жүргізуші:   Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен

2-жүрг.     Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1- жүрг.   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүрг.  __Асел__, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Асел, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

 

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші:  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  мектебіміздің  м ұғалімі  __Талшын апайды _______шақырамыз.

2-жүргізуші:       Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

ӨЗБЕК   БИІ  орындайтын………………………………………………………………………………….

1-  Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берсек.

2-жүргізуші: Әзіл – қалжың отауы.      ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

1-жүргізуші:  Мектеп –өмірінен алынған сөздерге  түсінік беріп өтсек:

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

1-жүргізуші: Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

2-ж:Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

1-ж:Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

1-ж:Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

2-ж:Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

1-ж:“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

2-  Жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

1-      жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің  кеп тұр ма?

2-      Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

 

1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.         Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3.         Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4.         Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5.         Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6.         Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

2-жүргізуші:Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

 /Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/



Қорытындылау: Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған кешіміз аяқталды.

Келгендеріңізге көп рахмет!!!!





Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

































13.10.2014.

Тақырыбы: «Құқыңды біл»

Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру. 

БАРЫСЫ: Қоғамның басты байлығы – адам. Ендеше оның игілігі мен мүддесі үшін қызмет етуде конститутциямыз лайықты қызмет атқаруда. Біз өмір сүріп отырған қоғамның мақсаты кемелетке толмаған жасөспірімдер мен жас жеткіншектердің тәрбие мәселесі мәнінде шешу. Олардың келешегіне заман талабына сай жол салу. Бұл салада жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын – алу мақсатында ҚР предиденті 1995 жылдың маусымының 25 – інде қабылданған «Жалпыға бірдей құқықты қорытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының негізінде 
Қала мектептерінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие беру туралы лекциялар, әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іс шаралар жүргізіліп келеді. 
Сіздердің алдарыңызда осы іс – шараларды жүргізетін «Ақиқат» үгіт бригадасын шақырамын. 

1. Ақиқатым, аңсағаным, өзіңсің, 
Бірлік, шындық, қасиетті сөзімсің. 
Өзгеруін бұл заманның халқына, 
Ұғындырар ақиқатын өзіңсің. 

2. Болу керек әркім зерек білімде, 
Қорғау керек өз құқығын әлінше. 
Ата – заңын, туған жерін, әдет – ғұрпын, дәстүрін, 
Барлығының ұмытылмай сақталуы үшін де. 

3. Тарихын өткен жалын өшірмейді, 
«Ақиқат» тәуелсіз ел – көгершін. 
Қашанда артық тұтар Ата – заңым, 
Ұланы ынтымақты өсер елдің. 



Ұран: Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
(Абай) 

Ата заң 

«Оқы да, білім ал деген», 
«От бол да, мәңгі жан» деген – 
Ата заңым менің. 
«Еңбек ет, еркін жүр» деген, 
«Асыр сап, ойнап күл» деген, 
Ата заңым менің. 
Қорғасын аспан күнімді, 
Қолдасын бостандығымды, 
Ата заңым менің. 
Құптаған көңіл қоштығын, 
Ұлттардың берік достығын – 
Ата заңым менің. 
Тәуелсіз еркін ел бүгін, 
Талай жыл күткен теңдігім – 
Ата заңым менің. 
Санама құйған таң нұрын, 
Бақытым, бағым, тағдырым – 
Ата заңым менің!



Қорытынды: Әр адам өз құқын білу керек....







Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова















20.10.2014.

Сынып сағатының тақырыбы: «Әдепті бала - арлы бала»


Сынып сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1 - оқушы
Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
2 - оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3 - оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4 - оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу – құралдарын -
9. Сыныпта айғайлауға -
10. Ысқыруға -
11. Құстың ұясын -
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата - аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал - мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер айту.
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
1. Ұлық болсаң - кішік бол.
2. Кішіден ізет - үлкеннен құрмет
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.

1. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ - жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
1 - оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс: Байлық пен ақыл
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ - жауап
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Қорытынды: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.







Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

























4.11.2014.

Тақырыбы: « Біз достықты сүйеміз!»

Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Тәуелсіздік жайында түсінік беру. Міндеттері: - Оқушы, мұғалім және ата – ана арасында жағымды қарым – қатынас жасауға, ата – аналардың мектеп өміріне араласуына, өздерінің бала алдындағы жауапкершіліктерін, оларға қажет екендігін сезінуге бағдарлау. - Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. - Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар. Сюжетті суреттер, үнтаспа, үлестірме қағаздар, гүлдер, жүрекшелер. Әдісі: Ата – аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Кіріспе сөз: Бүгінгі біздің ата – аналармен бірлесіп өткізгелі отырған сабағымыз тәуелсіздігіміздің мерей тойына арналып өткізілмек.Шара демекші, біз де өз үлесімізді осы іс – шара арқылы қоспақшымыз.

Сабағымыздың тақырыбы «Біз достықты сүйеміз» деп аталады.Себебі, достық бар жерде бірлік, татулық болады. Сол достықтың арқасында осындай бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз. Сабақ өзін - өзі тану пәнінің тәсілдерін қолдану арқылы өтіп қана қоймай, жарыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары мен ата – аналардан үш топ құралып, топтарға ат қойылады. 1 – топ – Жігер тобы. 2 – топ – Бірлік тобы. 3 – топ – Парасат тобы. Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі. Дұрыс орындалған тапсырмаларға жүрекшелер беріледі. Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Сайысымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық. 1. Шаттық шеңбері: Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата – аналары ішкі шеңберде тұрады. Оқушылар: Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ту ғып ұстап бірлікті, Тату – тәтті жүреміз. Ата – аналар. Достық - өмір тірегі, Достық - әр адамның тілегі. Татулық дәйім сақталса, Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі. 2. Әңгімелесу. «Достық.» тақырыбы бойынша әңгімелеу. Бұл тақырыпты еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып айтуға болады. 3. Дәйек сөз. Әр топ бүгінгі тақырыбымызға қатысты қандай дәйек сөздер айтуға болатынын айтады, ішінен біреуі таңдалып алынады. Ол дәйек сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мысалы: «Достық қымбат өмірде» 4. Шығармашылық жұмыс. «Балғын бояу» айдары. Әр топ «Достық қымбат өмірде» тақырыбына қатысты сурет салады. Салған суреттерін қорғайды. 5. Өзіммен өзім. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін көз алдына елестетіп және әңгіме барысын сезінуге тырысады. - Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді.Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз. Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек. Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық. Тақтада Қазақстан картасы тұрады. - Бұл қандай ел ? Ол біздің Қазақстан. 6. Жаттығу – ойлану. 1. Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.

Менің елім ------------ ---------- ---- жарасқан. Ту ғып ұстап --------------- ------- ---------- алыстан. 7. Мақал – мәтел жарысы. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, мақал – мәтел айтып жарысайық. Үш топқа үш тақырып беріледі. 1. Достық, татулық. 2. Отан, туған жер. 3. Еңбек, еңбексүйгіштік. Осы үш тақырыпқа қатысты мақал - мәтелдер айтып жарысады. 8. Ойын жаттығу: «Мен достықты сүйемін, себебі мен .........» деп аталатын ойын – жаттығуда балалар мен ата – аналар өз білім – біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады. 9.



Қорытындылау. Әр топтың жинаған жүрекшелерін санап жеңімпаз топты анықтау, марапаттау. 10.Жүректен жүрекке. Әр топта балалар ата - аналарына үлкен жүректі ұсынып, тілектер айтады. Ата – аналары ол жүректерді тақтадағы күн шапағына жапсырады. «Достық» әнін хормен айтады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Біз достықты сүйеміз» тақырыбында өткен жарыс сабаққа қатысқан ата – аналардың пікірі тыңдалады.








Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

































29.11.2014.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы 

Мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді. 

Барысы: 

Қазақстан Республикасы әнұранын айту 

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” 

Нұрсұлтан Назарбаев 

1-жүргізуші: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың, 
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. 
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, 
Қазақстанның бақтаыменен бірге жапырақ жаясың. 
Тұманбай Молдағалиев 
2-жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады. 
Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ). 
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. 
(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету) 
2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету). 
1
-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. 
2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері: 
(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы. 
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы. 
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 
1-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 
(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі). 
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: 
- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет; 
- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті; 
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды; 
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет; 
- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан; 
1-жүргізуші: Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. 
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық. 
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі). 
Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. 
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 
Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. 
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. 
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. 
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді». 
2-жүргізуші: Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. 
Әндерімен таныстыру. 
Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету) 
1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық. 
• ... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. 
• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды». 
• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп. 
• Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. 
• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. 
• Сөз бостандығы шексіз емес. 
Ол – табындыратын ғана емес, 
Талқандайтын да қуатты күш. 
Тәрбиеші: балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық. 
(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады ) 


Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде: 
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? 
Тәләйлі болсын талғамың! 
Өркені өссін қазақтың, 
Осы – менің арманым! 
Күн тұрғанда тұратын, 
Жұрты сайран құратын 
Қала болсын Астана, 
Осы – менің мұратым! 
О, Ақорда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы – менің мақсатым! 
Халқым – менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы – менің тілегім. 

Қорытынды: Құрметті тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды балалар үйі музыка үйірмесі жетекшісі Беделбек Нұрғалиевтың «Елбасы арманы» әнімен аяқтаймын




Тәрбие орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова




























Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана- өмірдің қуанышы»


Мақсаты:  Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік  
                      беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы 
                      қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған  
                   плакаттар. 
Түрі: тәрбие сағаты

Барысы:

Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
         Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
 
Дидар: терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Айдос кіріп келіп:
Ақжол: -Данияр, неге көңілсіз жүрсің?
Ұлпан: -Е-е, Айдос, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Жандосс: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды!
Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Аружан:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Жұлдыз:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. 
Қуаныш: -Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
А
рман: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.  

«Анашым» әні орындалады. С.Аружан

Шуғыла:          Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
                            Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
                            Әдемі сөз- Ұсынамыз бүгін
                            Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
                            Анаға айтар лебізі.

    Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
                            Ана дейді жас сәби де жарқылдап
                            Ана деген бәйтерегі өмірдің
                            Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
                            О адамдар қадірлей біл ананы
                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
             
    Ана десем сезім білер тым ыстық
                            Жарасымды адамдарға туыстық
                            Бар адамға берсе ананың мейірін
                            Орнар еді бар әлемге тыныштық
 
Биржан:               Бүгін – наурыздың сегізі
                            Сұлулықтың негізі
                            Әдемі сөз – Адамның
                            Анаға айтар лебізі
 
Жүргізуші:  Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
 

Гулбайрам:         Ойлы қызы халқымның
                            Отаным деп туады
                            Бас жібермей әр күні
                            Ана жолын құады.
                            Қанаттанса балапан,
                            Қалайынша ұшпайды
                            Әр бір қыз, әр бала.
                            Мамасына ұқсайды.
 
Жандос:           Ана десем, алғыс алам халқымнан,
                            Ана десем, теңіз болам шалқыған
                            Ана десем, ашылады қабағым
                            Ана десем, әділдікті ұғамын
 
    Айналайын Анашым
                            Әлпештеген мамашым
                            Еліп өскен бөлеміз
                            Маматайдың мамасын
 
 Мұхтар:          Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
                            Жанымды жадыратып күлдіретін
                            Сендегі маған деген махаббатты
                            Нұр толы қос жанарың білідіретін
                            Бар ана туған елдің гүлі дер ем
                            Анажан қайғың болса күңіренем
                            Таусылмас тау суындай ақылың бар
                            Сен барда менің әр бір күнім өлең

Жүргізуші:  Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
 
«Асыл әжем» әні орындалады. Дидар мен Нұрсултан
 
Дамир:            Бас қосты бүгін жиынға
                            Аналардың қауымы
                            Таусылмасын әрдайым
                            Отбасының сауығы
             Ана өмірдің қуанышы, тірегі
                            Бала – оның жұбанышы, жүрегі
                            Ана алдында ел жауы да бас иген
                            Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Шуғыла:    Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың. 

Жұлдыз: :    Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.

1.  «Ассосация» әдісі

2. Сұрақ-жауап
1. Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?

Қорытынды: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.









Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова



































Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің қорытындысы

Біздің мектебімізде 5-15-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралар өткізілді.Осыған орай онкүндігіміз мерекелік жиынмен басталды.Жиында орыс және қазақ сыныптары әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айттып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.Қазақ және орыс сыныптарында жоспар бойынша «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Государственный язык-мой язык» атты тақырыпта 5-11 орыс және қазақ сыныптарында сынып сағаттары жүргізілді. Мектеп кітапханашысы кітапханамызда тіл мерекесі күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырды. Орыс және қазақ сыныптарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 5-11- сынып оқушылар арасында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы», «Единство языков-единство народов» тақырыбына шығармалар байқауын жариялап,бағалады. «Ең үздік шығарма» деп 10 «А» сынып оқушысы Дінислам Жанаргүлдің шығармасы бағаланды.Тіл мамандары «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз», «Язык-бесценное богатство» тақарыбында ашық сабақтар өткізді.Тарих пәнінің мұғалімі Самал Асанқызы Қазақтың ұлы тұлғаларына арналған әдеби кеш ұйымдастырды.Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және ірге тасы атты тақырыбына мақалалар байқауы жарияланып, ең үздік мақала деп танылған 9-сынып оқушысы Опарин Д ,

 10 «А» сынып оқушысы Жанаргүл  Д, 11 «А» сынып оқушысы Исина Б. мақалалары аудан газетіне жіберілді.Сынып сағаттарының ішінде «Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең-әлем» тақырыбында Төңкерқызы Айгүлдің 5 «А» сыныбында жүргізген сайыс сабағы өте қызықты өтті. Заңова Б.А.  өткізген «Тіл-достық көпірі» 7- сыныптағы ашық сабағына оқушылар қызыға да,белсене қатысты.Тіл мамандары ұйымдастырған 5-9- сынып Амангельдинова З.Б. Рахадыл Т. Ұйымдастырған көркем сөз шеберлері байқауында 6- сынып оқушысы Рахимғұлова К, Корниенка Н,  Корниенка А. үздік деп танылды. 15 қыркүйекте апталқтың аяқталу салтанатты жиыны өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

 

 

 

 

28.10.2014.

Тақырыбы: «Адамгершілік- адам арының айнасы»

Мақсаты:

1. Білімдік - танымдық: Адамның бойындағы ұнамды – ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас дағдыларын жасауға баулу

2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.

2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.

Көрнекілік: Мультимедиалық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т.б.с

Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Адамгершілік тәрбиесі.

1 жүргізуші:

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.

2 жүргізуші:

Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.

1жүргізуші:

Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

2жүргізуші:

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.

1жүргізуші:

Адамгершілік -- ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

2 жүргізуші: Адамгершілік туралы Мақал- мәтелдер

1жүргізуші:

... Адаспайсың ақылды арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақниет адамдардың,

Алданбайсың артынан ере берсең.


2 жүргізуші:

Азаматтық жасай алмаған адам – 
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей

1 жүргізуші: Көрініс



2 жүргізуші:

Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.


1 жүргізуші: Слайд /5минут/ «Адамгершілік дегеніміз не?» - /Дидар мен Улпан/

2 жүргізуші:

Құдықтан су ішкен,

Қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген,

Еккенге рахмет айтады.

1 жүргізуші:

Адамның ұяты бетінде , 
Адамгершілігі ниетінде дей келе келесі кезекті

/ Оқушылардың адамгершілік туралы тақпақтарына берейік/

2 жүргізуші: Сонымен адамгершілік дегеніміз не?



1 жүргізуші:

Мұның жауабы , әрине , адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек ,асыл қасиетіміз –еңбек сүйгіштік ,достық,әдептілік, көмек беру,қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін , жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни , адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса ,ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықта, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі шайпау,менмен мақтаншақ ,керенауыз кесір мінезден аулақ болуымыз керек.

2 жүргізуші: Осы жерде үлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап,босқа күлүге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрседеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек ,өтірік, мақтаншақ,

Еріншек ,бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.



Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат рахым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз....»-

деп , адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

1 жүргізуші:

Демек, асыл қасиет – адамгершілік ,сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдық белгісі- адамгершілік екенін айта отырып,Б өлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдыңда сызылып сөйле,

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді,- деген екен.

Тәрбие сағатымыздың жалғасын «Балам анау не?» көрінісімен жалғастырайық.



Сатымбай Аружан: /автордың сөзін оқу/

...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

Әкесі «Балам, анау не? » деп сұрапты. –

Баласы: «Ол - түйе» - деп жауап беріпті.

Автор: Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы: -

Баласы: «Ол - түйе, түйе !» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті.

Әкесі: - «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Автор: Бұл көріністер қандай баланы көрдіңдер?

1 оқушы: Бұл жерде бала өз әкесін құрметтеп, мен сізді тәуіпке апарамын дейді. Бірақта өзінің істеген жақсылығын,міндет қып,әкесіне екі қайталап жауап бергісі келмей ,өз қылығымен жақсылығын шайды. Сондықтан мынандай мақалды айтқым келіп тұр «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді». /Ақжол/

Автор: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік сіздерге көп рахмет.

2 жүргізуші: Олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып,

Ақсай ауылының имамы Қожай атамызға сөз берсек:

Сұрақтар:

  1. Ислам дініндегі тәрбиенің ерекшеліктері туралы айтсаңыз?

  2. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.

Бұл туралы не айтасыз?

  1. Адамгершілікке жатпайтын іс – әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз?

  2. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады.

  3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?



1 жүргізуші: Ата, Сізге көп рахмет, біздің тәрбие сағатымызға келіп сұрақтарымызға жауап бергеңізге.

2 жүргізуші:

«Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол өзінің тәжірибесі арқылы жететін адамның ішкі жағдайы»- деген екен, орыстың ұлы жазушысы Владимир Соловьев.

1 жүргізуші:

Дұрыс айтқан екен, адамгершілік адамдар арасындағы қарым- қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі имандылық шарттарын білдіретін ұғым.



2 жүргізуші: Қорытынды сөзді 7 сыныптың жетекшісі А.Жүнісоваға берейік.

Слайд «Адамгершіліктің 7 қасиеті»



1 жүргізуші:

Осымен «Адамгершілік – адам арының айнасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет!!!!









Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова





































17.11.14.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мусылманның бес парызы»

Мақсаты: Жас буынға дін, имандылық, бес парыз туралы мәлімет беру және жақсылыққа, сенім рухында рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал –мәтелдер.

Сабақтың барысы: /ұйымдастыру/

Сынып жетеші:
Мұсылмандық қағидалар
● Иманның басы – сенім,
Иманның тәні – намаз,
Иманның жүрегі – құран.
● Иманның көрінісі – ықылас.
Иманның сөзі – Аллаға тілек
● Иманның нұры – шындық.
Иманның дәмі – тазалық, пәктік
● Иманның жемісі – ораза.
Иманның шипасы – ар, ұят

Ұлағат сөздер
● 1. Түйе – жүктен, адам – ұяттан шегеді. (Сағди).
● 2. Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай).
● 3. Арсыз – адам қоры. (Жүсіп Баласағұн)
● 4. Ұят кейде заңдар шектелмеген нәрсені шектейді. (Сенека)

Хадистерден
● Иманның абзалы – сабыр мен шындық – дүр.
● Әдемі киім кию де имандылық.
● Кімде - кім күнә жасаса, оның иманы ұшады.
Тәубә қылса, Алла тағала кешіреді.
● Кімде - кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.
● Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер имансыздар.
Бес парыз
● Намаз оқу (бес уақыт намаз)
● Ораза ұстау (30 күн)
● Зекет беру (қайыр садақа)
● Қажыға бару (құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау)
● Иман және ихсан (нану, сену)

Қорытындылау: Әр мусылман адам бес парызды білуге тиіс....



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова



Тәрбие сағатының тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер. Тәрбие сағатының ұйымдастыру бөлімі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Түгелдеу. Кіріспе сөз: Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді. СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог). - Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт! Өзімнен өзім сыр таптым, Өле алмай жүрген сырқатпын. Шіріген картоп сияқты, Бұрышында қалған бір қаптың. Өзімнен өзім тістенем, Шарабым да тұр ішпеген. Ұйықтайын десем қорқамын, Көрмейтін сұмдық түс көрем. (Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.) -Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін. (Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.) Әлпештеп алды анам алдымнан шығы, Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып. Ата-ана перуана боп перзенті үшін, Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық. Ардақтап ата-анаңды сол секілді, Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық. Түседі еске кей кез бала кезім, Бала кезім... кетуші ем дала кезіп. Ақ қайынға шайқалған қараушы едім, Қараушы еді мөлдіреген қара көзім. - Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?! Тамырын умен суарып, Денсаулық деген егістің, Шірітіп апсың біразын, Ғаламат қымбат жемістің. Инемен таза денеңді, Тесуге неге келісті? Көк түтінмен уланып, Ащы суды неге іштің? Төсекке асыл азамат, Ауру аеңдеп құлайсың. Дәрігерлерді мазалап, Не үшін енді жылайсың? (Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.) - Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін. Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім. Менің-дағы жетті кетер кезеңім. Оны көптен тарқамаған қайғы мен Жүрегімнің мұң көзінен сеземін. «Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем, Мені есірткі найзасымен түйреген. Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай, Қанатымнан жараланған күйде мен. -Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді. О, Жаратқан! Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты. (Мұңлы ащы әуен ойналады.) Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім, Құрбанымын СПИД деген кеселдің. Ақтамай-ақ кетіп барам арманың, «Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің. Кім кінәлі,аялаған анам ба? Бар қажетті даярлаған қоғам ба? Тек қана өзім кінәлімін сол үшін Улы дерттің құрбаны мен болам да. Жас жеткіншек! Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым, Ауырсаңдар бұл кеселмен, Дәрігер де бере алмайды қол ұшын. Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің, Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін! Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді. Гүлмаржан: СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе? Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда. Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен. Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38. Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады. Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Гүлдана: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр. Денсаулығыңды ойласаң (лото) Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Иә, мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған). Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек. 1. Ішпеген,шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген 2.Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды. 3. Темекінің кермегі- Еріккеннің ермегі. 4. Шарап-арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі. 5. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе,жоқ араша түсерге. 6. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан. 7. Адам арақты ішеді. Ақыл арақты ішеді. 8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр. Қорытынды: ТЕСТ 1. СПИД жұқпалы ма? а) Иә ә) Жоқ 2. СПИД вирусын не дейміз? а) Кох талшығы ә) Айде б) А вирусы 3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды? а) 1983 ә) 1985 б) 1956 в) 1988 4. Ауру белгілері бірден біліне ме? а) иә б) жоқ 5. СПИД қандай жолдармен таратылады? а) жыныстық жолдар арқылы ә) қан арқылы б) тағам арқылы в) насекомдар арқылы г) кір қол арқылы. 6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген? а) Африка ә) Азия б) Америка г) Австралия 7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер? а) жастар ә) балалар в) үлкен адамдар 8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін. а) норкомания ә) әңгіме кезінде в) темекі шегу г) жезөкшелік 9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні? а) 1 қазан ә) 1 желтоқсан б) 1 қаңтар 10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды? а) Жапония ә) Канада б) Қытай в) Куба

Қорытынды: СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.





Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова

































12.01.15.

Сынып сағатының тақырыбы: « Ұлттық тәрбие - ұлағат көзі»
Мақсаты:
Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі:
Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Ұлттық нақышты сөздер, сөзжұмбақ, ребус, ойын «Бой жазу», т.б. ойындар.
(«Ата толғауы» күйі жәймен ойнап тұрады.)

Барысы:
1-оқушы:
 
Ата салты – ардақты
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз – дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
3-оқушы:Өмірде не жетім?
4-оқушы:
Өмірде тоғыз жетім бар.
Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Ханы ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса –әкім жетім.
Су жоқ құдық – жетім,
Ұлы жоқ әке – жетім.

Қызы жетесіз болса ана – жетім.
Шәкіртсіз ұстаз – жетім,
Ата-анасы жоқ бала жетім.
5-оқушы:Үйде кім, елде кім қадірлі?
6-оқушы:Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі.
Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.
7-оқушы:Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
8-оқушы:Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек, Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
9-оқушы:Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
10-оқушы: Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.
Әкім ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Үйдегі алтын қазық кім?
11-оқушы: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың.

Ойын: «Дауыссыз дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқу. Ребус шешу.
«Бой жазу» ойыны:
10. Кіші жүздің биі (Әйтеке), Орта жүздің, Ұлы жүздің биілерін атау.
11. Жұма күндері қазақтардың баратын жері (мешіт)
12. Сәті күн (сәрсенбі)
13. Аптаның қасиетті күні (Жұма)
12-оқушы:Адамға ақыл беретін кімдер?
13-оқушы:Ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.
Адамның ақылы қайда?

14-оқушы:
 
Ханның ақылы тағында,
Әкенің ақылы жанында.
Ғалымның ақылы басында,
Ананың ақылы жасында.
Жігіттің ақылы жақсылығында,
Ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Күнделікті өмірде үлкен адамдардың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткізейік. Кім көп біледі, кімнің есінде қалғанын көрейік

1-оқушы: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
2-оқушы:Жыңғылмен тас қамшылама.
3-оқушы:Итке ожаумен ас құйма.
4-оқушы:Аққуды атпа.
(Осылайша балалар тыйым сөздер айтып жарысады)
«Қазақша» би.
Жетекші: Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Жерден ауыр не бар?

1-оқушы:Жерден ауыр – ақыл, білім.
Тәрбиеші:Судан терең не бар?
2-оқушы:Судан терең – оқу, ғылым.
Тәрбиеші:Оттан ыстық не бар?
3-оқушы:Оттан ыстық – адамның өмірі.
Жетекші:Көктен биік не бар?
4-оқушы:Көктен биік – тәкәппардың көңілі.

Сынып жетекші:Алтын алаш деген не?
5-оқушы:Алтын алаш деген – Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
«Менің елім Қазақстан» әні орындалады.
Жетекші: Ендігі сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды бір оқушы бастауы керек, ол кімге доп берсе, сол оқушы мақалды жалғастыруы керек. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылатын мақалдар.

1.Таппасаң сөздің жүйесін / отына өзің күйесің.
2.Ақылдың сөзі қысқа / көпке болар нұсқа.
3.Шешен сөз бастар / батыр қол бастар.
4.Қылыш жарасы бітеді / сөз жарсы бітпейді.
5.Көп ішінде сөйлеген / ойға салмай сөйлеген.
6.Көсемдіктің белгісі / шешендіктің белгісі.
7.Көп сөз – күміс / ас сөз алтын.
8.Жақсы жігіт аспандағы жұлдыз / Жақсы қыз жағадағы құндыз.
9.Әке көрген оқ жонар / шеше көрген тон пішер.
10.Өткір тіл дарын / ұзын тіл жауың.
11.Келісті сөз – күміс / жемісті жұмыс – алтын.
12.Тоқсан ауыз сөздің / тобықтай түйіні бар.
13.Тіл тас жарады / тас жармаса бас жарады.
14.Жігіт болсаң жеті елдің тілін біл / немесе жеті түрлі ғылым біл / допты тәрбиешіге қайтарып береді.

Қорытынды: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Ақыл сөз, нақыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле білу керек. Әсіресе, тәрбиешілердің, мұғалімдердің әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын естеріңе сақтағандарың жөн.





Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова









26.01.15.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ислам дініндегі тірбиенің ерекшеліктері»
Мақсаты:
Білімділік: Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегіндегі наным - сенім жағдайы, Ислам дініндегі сенім негіздері, бес парыздың міндеттелуі мен жалпы ерекшеліктері және бүгінгі күнгі таралу деңгейі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарих сабақтарында араб халықтары туралы алған білімдерін еске түсіре отырып, білімге құштарлығын арттыру, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында адамгершілік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
- Тақырыптың маңыздылығын түсіну;
- Кітаппен жұмыс жасай отырып, өз пікірлерін білдіреді;
- Оқу материалын меңгеруде өмірмен байланыстырып, өз ойларымен тұжырым жасайды.
Барысы:
1. Ізденіс-зерттеу әдісі. Аңыз–шежірлер туралы айту.
2. Кесте толтыру «Христиан дінінің ағымдары».
3. Сұрақ-жауап.
Сынып жетекші:
1. Аңыз-шежірелер айту.
1) Иисус Христос (қазақша Иса, Айса, Ғайса) христиан діни түсінігінде Құдайдың ұлы, исламда Құдайдың елшісі. Исаның өмір жолы, қызметі жайлы мол дерек беретін Евангелие мен Құран. Құрандағы мәлімет бойынша, Иса пайғамбар күнәдан пәк Мариям анадан Құдайдың «Бол!» деген әмірімен әкесіз туған. Христиандар Исаны Вифлеемде Палестинада дүниеге келді деп нық сенеді. Құрандағы хикаяда Иса пайғамбар бесікте жатқанда-ақ тілі шығып, үш жасында дінді елге насихаттаған. Бес жасында шешендігімен, ақылдылығымен танылып, дау-дамайларда әділ төрелік айтқан. Исаға пайғамбарлық отыз жасында келеді. Иоанн шоқындырушы қолынан Иордан өзенінде шомылып, батасын алады. Сол кезде аспан қақ айырылып, кептер бейнесінде Киелі Рух Исаның үстіне келіп қонады. Аспаннан «Сен менің сүйікті Ұлымсың, мен саған ризамын» деген үн шығады.
2) Пасха жұмыртқасын қызыл түске бояуды Рим императоры Марк Аврелиймен байланыстырады. Марк Аврелий өмірге келген күні анасының қорасындағы тауықтардың бірі қызыл нүктеге боялған жұмыртқа туады. Бұл құбылыс болашақ императордың өмірге келгеніне хабар беру белгісі деп жорылады. Осыдан кейін, яғни 224 жылдан бері Рим елі боялған жұмыртқаны бір-бірлеріне сыйлауды дәстүр ретінде қалыптастырады. Ал христиандар бұл оқиғаны өзгеше жорып, өз дәстүрлеріне айналдырады. Оларда қызыл түс ерекше күш береді, өйткені Пасха жұмыртқасы Христостың қанымен боялған деген ұғым болд

3. Сұрақ-жауап.
1. Христиан діні қай ғасырда пайда болды? 
(1ғ).
2. Христиандық діни түсінікте Иисус кім?
(хритиандықтың негізін салушы).
3. «Христос»сөзі мағынасы қандай?
( көне грек тілінен аударғанда «құтқарушы» деген мағынадан шығады).
4. Рим императоры Теодосиус қай жылы хритиан дінін Рим империясының ресми діні деп жариялады?
( 380ж).
5. Христиандардың басты кітабы Інжіл кітабы неше бөлімнен тұрады?
( Екі бөлімнен: «Көне Өсиет» және «Жаңа Өсиет»).
6. Секулиризация дегенне?
(қоғамның әртүрлі салалары мен топтары, жеке адамдарының дін ықпалынан арылуы).
7.Католиктердің шіркеу мен мемлекетке қатысты позициясы қандай?
(олар шіркеу мен мемлекеттің қатынасын мақсат бірлігіне негізделген ымыраластықты құрады).
8. Қай елде христиандық мемлекеттік дін болып есептеледі?
(мысалы, Англия).
9. Шіркеу дегеніміз не?(қоғамдық –организм).
10. Діннің қоғамдағы мәртебесі қандай?
(әлемде тепе-теңдікті сақтауда, бейбітшілік жолындағы күресте үлкен роль атқарады).
ІІІ. Өзектілік кезеңі.
Сонымен, оқушылар, біз әлемдік кең таралған діндердің бірі христиан діні туралы жалпы түсінікті қарастырдық. Исламнан кейін елімізде қалыптасқан дәстүрлі дін православие екенін білдік. Біздің Отанымыз егеменді Қазақстан болғандықтан, мұндағы басты дәстүрлі дін – Ислам. Осы ислам дінінің шыққан жері Арабия екені белгілі. Ислам діні пайда болғанға дейінгі араб түбегі халықтарының қоғамдық жағдайы, наным-сенімі туралы және Ислам діні жөнінде бүгінгі жаңа сабағымызда қарастырамыз. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ислам. Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері.

1. Ислам діні пайда болғанға дейінгі Арабия түбегі халықтарының әдет- 
ғұрыптары мен дәстүрлері.
1.1. Арабия түбегіндегі елдер.
1.2. Араб халықтарының наным-сенімдері.
1.3. «Қараңғылық дәуірі»

2. Ислам дінінің пайда болуы.
2.1. Ислам ұғымы.
2.2. Ислам дінінің бес парызы.
2.2. Иман шарттары.
3.Ислам дінінің таралу аймағы

Рухан азғындық «Ханафиттер» Шешендік өнер
Әлсізді қанау, жарлыны қорлықта ұстау, нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы. Пұтқа табынушылықтың сорақысының жасалуы, әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі. Исламға дейінгі кезеңде Арабстан халқы ру-руға бөлініп, әр тайпа өз тәртібіне бағынып, өз дәстүрін ұстанды. Ибраһим пайғамбардан қалған таза бір дінге сенетіндер. Оларда қонақжайлық, намысшылдық сияқты жақсы қасиеттер сақталған болатын.
Ол заманда ақындар елінің зиялысы еді. Бір ақынның сөзінен екі тайпа соғысып, бір ауыз сөзбен екі ел арасындағы көп жылдық қырғын тоқтап, татулық орнайтын. Ақындар арасында мүшәйра жарысы өтіп, жеңімпаздардың өлеңі Қағбаның қабырғасына ілінетін. Алладан аяттар түсе бастағанда әйгілі ақындардың көпшілігі Құранның әдеби көркемдігінің жоғарғы екендігін мойындаған.


Ислам діні қай жерде пайда болды? 
Б.з.609-632 жылдары Араб түбегінде пайда болды.
Бұл кезде араб түбегіндегі діни наным-сенімдер несімен ерекшеленеді?
Күрделілігімен, яғни көне ғасырлардан келе жатқан діндер өз ықпалын сақтаған:
- Иудейлік ( Қалаларда орнықты Иудейлік ірі еврей қауымдары, еврей көпестері оңтүстік Арабияның сауда орталықтарын иемденіп, Ясриб пен Йеменде өз діндерін жаюға күш салды.)
- Христиандық (Йеменді кейінен эфиопиялықтардың(христиандар) басып алуы, бұл өңірде христиандықты күшейтті. Христиан дінінің несторияндық бағыты Сирия, Палестина, Месопотамияға тарады).
2.1. Ислам дінінің бес парызы.
«Куәлік сөзін айту»
«Лә иләһа иллаллаһ Мұхаммад Расулуллаһ» деген сөз. Мағынасы: «Алладан 
басқа жоқ тәңір, Мұхаммед оның елшісі».Бұл сөзді айту Исламды қабылдаған 
әр адамға міндеттеледі.
«Намаз оқу»
Намаз-мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне 
жатады. Ол күн сайын бес мезгіл оқылады. Намаз «Енді намаздың аты- 
салауат» -деген Абай Құнанбаев. Исламның екінші шарты-намаз оқу. Алла- 
тағалаға шексіз сену-ең биік парыз. Намаздың сыртқы парыздарын ұстын яки 
таған деп атайды. Намаз шарттары алтау: 1. Һадестен тазару 2. Нәжістен 
тазару 3. Әуретті жабу 4. Құбылаға бет тарату 5. Уақытты өткізіп алмау 
ниет ету Бес уақыт намаз: 1. Таң намазы 2. Бесін намазы 3. Екінді намазы 
4. Ақшам намазы 5. Жашиық намазы 
«Ораза ұстау»
Мұсылманның бес парызының бірі. Ораза ұстауды 624 жылы Мұхаммед 
белгілеген. Ораза шарты бойынша жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұлдан 
бастап ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөйлемейді, 
қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі, күн батқан соң ауыз 
ашады. Оразаның алты түрі бар: 1. Парыз 2. Уәжіп 3. Сүннәт 4. Мәндүп 5. 
Нафила 6. Мәкру 
2.2. Иман шарттары.
«Алла тағалаға сену»
Ислам діні бойынша Жаратушы жалғыз болып табылады. Осы тұрғыда ол 
монотеистік діндер қатарына жатады. Мұсылмандар өздігінен ешқандай 
нәрсенің болмайтындығына, сондықтан қоршаған ортаның барлығын өте 
құдыретті Жаратушы жаратқанына сенеді.
Мұсылмандарда Алла тағаланың сипаттары көп, соның 99-ы кеңінен мәлім. 
Олардың біразы мыналар: Рахман, Рахим, Карим, Басир, Алим, Жамил т.б.

Қорытындылау: Міне балалар ислам дінінің қандай ерекшеліктері бар екеніне көздерін жетті.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова



19.01.15.

Тақырыбы: «Білімді мыңды жығады»
Мақсаты:
          Қазіргі заман талабына сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу. 
Міндеттері:
•    Оқушыларды көп оқуға бейімдеу; білім жолында қанаттарын кең жаюына жол ашу; 
•    Ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін шыңдау; 
•    Тілді білуге құштарлық сезімдерін ояту; 
•    Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін қалыптастыру; тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. 
Түрі:   Дөңгелек стол, сайыс
(Зал шарлармен, өнер, білім жайлы жазылған мақал-мәтел, нақыл сөздермен әдемі безендіріледі)
1-жүргізуші:
-Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші:
-Қайырлы күн, аяулы шәкірттер!
1-2-жүргізуші:
-Қайырлы күн, қымбатты қонақтар!
1-жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім,
                     Білімдіні сүйерін білем елдің,-      деп ақын 
Асқар Тоқмағамбетов ағамыз айтып кеткендей, қазір тек білімді, тәрбиелі, озық ойлы адам ғана өмірден өз орнын ойып тұрып алады.
2-жүргізуші:
-Олай болса, біз бүгінгі жастарымызға тек оқудан, ізденуден, тер төгуден жалықпаңыздар дегіміз келеді. 
1-жүргізуші:
-Осындай жақсы тілектерден кейін біз сіздерге «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!-демекпіз.                 
2-жүргізуші:
-Бұл сайысқа орта буыннан 5 оқушыдан құралған 4 топ қатысады. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
I бөлім. Таныстыру.
II бөлім. Кім көп біледі?!
III бөлім. Өнерлі өрге жүзер.
IY бөлім. Кім жылдам, кім тапқыр?!
1-жүргізуші:
-Ендеше, біздің бүгінгі сайысымыздың үміткерлерін ортаға шақырайық.
-Қошеметпен қарсы алыңыздар!
(Қатысатын 4 топ 4 столға отырды, топ басшылары сандықшадан келіп асық алады, сол асықта жазылған сан бойынша олардың реттері анықталады. Музыка ойналып тұрады)
2-жүргізуші:
-Енді осы сайысқа түсетін үміткерлерімізді бағалап отыратын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
1-жүргізуші:
-Ардақты да аяулы ұстаздар, қадірлі де қадірменді қонақтар, жеңсем деп үміттеніп келген үміткерлер! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
2-жүргізуші:
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Бүгінгі интеллектуалдық сайыстың
Жезтаңдай әнші әнмен бетін ашады.
Ән шашу.
1-жүргізуші:
-Құрметті сайыскерлер барлығы түсінікті болса, бірінші бөлімімізден сайысымызды бастаймыз. 
I. Таныстыру.     Топтың аты, эмблемасы, ұраны болуы –шарт.
Әр топ өз кезегімен топтарын таныстырады.  /Постерлерін қөрғайды/
(Топтар әр бөлімнің соңында әділ қазылар алқасымен бағаланып отырады)

2. Кім көп біледі? / сұрақтарға жауап беру/

3.Өнерлі өрге жүзер /Әр топ өз өнерлерін көрсетеді/

4.Кім жылдам ,кім тапқыр? / кроссворт шешу/ слайд

Қорытындылау: Әр топтың алған баллдарын есептеп шығу. Сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Топтарды марапаттау.





Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Сынып жетекшісі: А.Жунисова





23.02.2015ж.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Зиянды ідеттерден бүгін құтылған ж
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор болуға үйрету.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көрністерге қажетті құралдар, макеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І Кіріспе.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Аулақ бол , жаман әдеттен» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.

ІІ Негізгі бөлім.
1.Атасына келді де, 
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?, 
Жаман деген немене ?.
(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі.)

2.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)

3.Көрініс «Үш ұл»
Талдау жүргізіледі.
Екі баланың осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?
Үшінші балаға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол бала)
«Жалқаубек» әні орындалады.

4.Айтыс. «Не жақсы?» , «Не жаман?»
5.Сурет бойынша әңгіме «Екі дос»
6.Жұмбақ шешу.

Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын, 
Үйді таза сақтайтын, 
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)
Түймесін де қадайтын, 
Сабақтан да қалмайтын, 
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)
Қол ұшын беріп, 
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып, 
Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос)
Ән де айта алатын, 
Би де билеп беретін, 
Домбырада күй ойнап, 
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)
Жаны үнемі жадырап, 
Күлімсіреп қарайтын, 
Жылы сөздер айтатын, 
Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)
Үлкеннің жолын кеспейтін, 
Сәлем беріп жүретін, 
Кішіге ізет білдіріп, 
Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)

7. «Мен қандаймын?»
Балалар күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын
жазады.

8. «Ыстық орындық»
Ортадағы орындықта бір оқушы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар
қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.

9. «Халық тағылымы»
Тыйым сөздерді оқушылар кезектесіп айтады.

10. Көрініс «Бақша ағаштары»
Талдау жүргізіледі.

ІІІ Қорытынды
.
Интерактивті тақтада жаман -жақсы қасиеттер суреттер арқылы салыстырылып берілген.
Адам бойында болатын қасиеттердің ұнамды, ұнамсызын ажырата білейік.
Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.





ТІЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова











Тренингтің тақырыбы: “Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс”

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін,баламен қарым –қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

 І. Кіріспе бөлім:- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны –балаға айдынды қоныс» деп аталады.Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасысаналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтажетпеу болып қалды. Бала – шағаның қамыменжүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөлеалмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соныіледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді балаотбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстарбаланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнынтауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

А.С.Макаренко Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер,болашақ күрескер өсіп келеді», «Сіз ұлыңызды немесе қызыңыздытек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

Адамдық негізі – ол - әйел”.“Ана – отбасының ұйытқысы”.

ІІ.Негізгі бөлім1.“Мен үшін қымбат..”

Ананың

 Ананыңмахаббаты Жан жылуыМейірімді көздерікүлкісімейіріміЫстық жүрегіАялы алақаны

2.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғаужазады

 Бала

БалаҮмітіміз Өмірімнің жалғасы . Болашағымыз. Бауыр етіміз. Асыраушым. Көмекшім. Ақылшым

 А) «Мейірімділік шуағы»Ғалымдардың айтуынша,баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы–бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.

 Сіз балаңызды таңертеңгіұйқыдан қалай оятасыз?

Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

Балаңыздың тәтті қылықтары?

Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.«Баламның табанына кірген шөңге меніңмаңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештепөсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні-баласының алдыңғы қатарлы азамат болыпөскені.Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді.

Жағымсыз қылықтар Сараңдық Ызақорлық. Еріншектік. Тәкәппарлық. Мақтаншақтық. Дөрекілік. Жалқаулық.

 Жақсықасиеттер:

 Жақсықасиеттер. Әдептілік. Тәртіптілік. Мәдениеттілік. Инабаттылық. Адамгершілігі мол. Еңбекқорлық. Тіл алғыш. Сыпайылық.

Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар:

1.«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2 – сұрақ«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр,уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауыпкетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

3 – сұрақ«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Маратсабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға датыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады.Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіпшағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқайшығарды. Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»

4 – сұрақ«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басымауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз? Ата –ана мен баласына жеке сұрақтар беру арқылы ата – анамен бала арасындағыбайланысты анықтап, мәліметтерді саралау»

 «Балаңызмектептен шағымайтып келді.Мұғалім ұрысқанын,енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

Сіздің әрекетіңіз?» тарс жауып кетіп қалды. Балаңыз тыңдамай есікті уақытында алып беремін» - дедіңіз. Сіз: «Шамалы шыдай тұр,алып бер деп жылады.«Балаңыз ұялы телефон.

Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?» Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Марат үйге келіп шағым айтты. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді.Марат сабақты да тыңдамады. «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты.

Клип “Ана жүрегі”

Қорытынды:

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күнсәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар,сіздерден баладан жүрек жылуын аямайбалаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыздей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!







ТІЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова













Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»
Мақсаты: оқушыларға наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, бауырмалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, халық дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: буклет, жеке суреттер, слайдтар, мерекелік дастархан, әсем безендірілген бөлме, цитаталар.
Тәрбие сағатының барысы:
1.
Кіріспе сөз.
- Ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз мейрамы. Бұл мереке жыл сайын наурыз айының 22-де күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастаған көктем айында тойланады. Сондықтан, наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы - «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, жақсы тілекпен, зор қуанышпен қарсы алған. Бұл күнді жұрт ел аралап, үйлерге кіріп, наурыз көже ішіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз күні халық бір-бірімен көрісіп амандасқан. Өкпе - реніш ұмытылып, дос болады екен. Наурыздың 21 күні Қыдыр ата даланы аралайды екен. (Қыдыр ата адамдарға бақыт - дәулет әкелетін көрінбейтін ақсақал.)

2. Жүргізуші:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп.
Басталыпты Наурыздан – деп Наурызды жыл басы санайды!

3. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар.
Естімеген, естідіңдер,
Тыңда мені, тыңдаңдар
Бір орында тұрмаңдар!

4. Оқушы
Белгісіндей өткен күн
«Амал» атты қалыпты.
Наурыз – басы көктемнің,
Сүйікті айы халықтың.
Наурызда күлімдеп,
Күн көзі жылынды.
Өзгеше бүгін леп
Қыс – Тауға тығылды.
Наурызды халқымыз,
Жыл басы деп санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.

5. Ән айтылды күні бойы.
Бұл мереке – бізге ойын.
Көжесі көп, шелпегі көп.
Жақсы көрем наурыз тойын.
«Сақина салу» ойыны
Бір, екі.
Жердің беті.
Сары шымшық,
Тез ұшып шық!
Ұсталып қалған оқушы белгілі бір шартты орындайды. Шартты жүргізуші айтады.

6. Абай «Жазғытұрым»
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақ тасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

7. «Қош келдің, Наурыз!» әні
Көгілдір көктем, көктем бұл,
Көгілдір көлшік қияқты.
Жауқазындар көктем бір
Төгіліп тұрған сияқты.
Көгілдір көктем, көк барқыт,
Шапанын жапты далаға.
Жаңбырын төкті көк сарқып,
Шөлдеп қапты жер - ана!

8. Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсіреді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы...

9. Тақтада наурыз көжеге салынатын тағам түрлерінің аты жазылған карточкалар ілулі тұрады. Сұрақ:
- Наурыз көже пісіру үшін әуелі қай тағам түрін қазанға саламыз? Жауапқа сәйкес тағам түрі алынып, артындағы сұрақ оқылады. Жауап дұрыс болса, сыйлық беріледі. Барлық сұрақ оқылып болғасын тағам түрлері қазанға салынып, көже асылады. Сөйтіп, тәрбие сағатына қатысушылар мерекелік дастарханға шақырылады. Дастархан басында жақсы тілектер және жарапазан айтылады.

10. Жарапазан.
Айтайын жарапазан есігіңе-ау,
Сәби бітсін осы үйдің есігіне-ау.
Жарапазан тек қана дін жолы емес,
Бұйыртсын деп айтайын несібеңе-ау,
Ескі жыл кетіп қалған есіркейді-ау
Жаңа жыл келіп қалған нені істейді-ау.
Жаңа жыл жетіп келген жүкпен келер,
Жұбайлар жаңа-жаңа жұппен келер.

Үйің - үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен,
Саба көркі ши екен,
Сандық көркі түйе екен,
Әшекейлеп сырлаған,
Ақ сарайдай үйі бар,
Ақ бөкендей қойы бар,
Қара сақал кермиық,
Қандай байдың үйі екен?
Айтамын жарапазан үйіңізге,
Ұстаған үй айнала шиіңізге,
Қой берсең, қозы берсең көпсінбеймін.
Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге.
Айтамын жарапазан үйіңізге,
Туырлық үй айнала шиіңізге:
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ екен,
Жеңгеміз осы үйдегі аппақ екен...
Айтамыз жарапазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.

11.Дастарханға бата беріледі.
Наурыз баталары.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
Амансыз ба,
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлігі ақты болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын
!

Қорытынды:

Мінеки Наурыз туралы көп айттық. Балалар Наурыз мейрамы құтты болсын!

Әр шаңыраққа бақыт,қуаныш,молшылық,денсаулық,байлық алып келсін.

Еліміз тыныш,бейбітшілік заман болсын!

Көк туымыз көкке желбірей берсін!!!



ТІЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова

















13.04.15.

Сынып сағатының тақырыбы: Мәдениетті адам- білімді адам

 

Мақсаты: Адам өзі үшін ең маңызды орта құра білуіне. Маңызды деп таныған ортадағы қадір- қасиетіне мән беру. Сол ортада өзінің де өзгелер үшін маңыздылығын сезіне білуге ықпал ету.

Алғы сөз: Кей сәттерде өзімізге ең қымбат, маңызды  ортаның қадірін ұғына алмай жатамыз.  Адамның ішкі  мендігі мен біржақты көзқарастары түрлі адасуларға соқтырады. Біреудің саған көңіл аударуын, қамқорлығын қажет етсең, тура сондай ізгі істерді ең алдымен өзіңнен бастауың  қажет.

 

Ойын шарты: Ақ параққа  өзің үшін ең маңызды нәрселерді жаз (отбасы, достар, жұмыс, туыс т.б) енді әрбір бөлімге өзіңнің бағаңды қойып шық.

Толық көңіл аударады «+» белгісін.

Орташа қөзқараста «-»   белгісі

Мүлде көңіл аудармайды «0» белгісі.

 Ой қорыту;  1. Көңіл аудармаудың жетіспеушілігі неден болады?

2. Нақты не нәрсеге көңілің толмайды?

3. Сен үшін көңіл аударудағы маңызды нәрсе не?

 

Түзету сәті:

  • Көңіл бөлу –адамның ойын бөлісу, іс-әрекетіне қарымта қайтару, сол адамның көңілінің жақсаруына ықпал жасау.

  • Қолпаштау — адамның сол сәттегі жағдайына еш себепсіз жағымды баға беру.

  • Мадақтау — өзгелермен салыстыра отырып жағымды баға беру.

  • Қолдау – қиыншылық жағдайларда жұбату,  демеу сөздермен көмектесу.



Оқушылардың мәдениет туралы пікірлерін тыңдау.

 

Қорытынды:  «Сыйлы болмақ өзіңнен, сыйсыз болмақ сөзіңнен» Өзіңді іштей түзей біл.









ТІЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова





















































Сабақтың тақырыбы: Ғарышкерлер - ұлттық мақтанышым 6.04.15.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.
Ой -өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.
 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд. Сабақтың эпиграфы:
Туған жерді сүю -парыз,
Сүю үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
(Мұзафар Әлімбаев)
2-слайд. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы,ғарыш алыс па?
3-слайд. “Ғарыш деген ғажайып” (Аспан әлемі туралы түсінік)
Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған.Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ.Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбекткнді.Соның нәтижесінде 1957 жылы 4-қазан-да тұңғыш рет ғарышқа Жер серіктері ұшырылды. Содан бері ғарышқа көптеген Жер серіктері ұшырылды.Әрбір Жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар.Мысалы,олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылайды. Солардан алған хабар бойынша мамандар ауа райын дәл болжай алады.Ал енді біреулері алып мұхиттарда жүрген үлкен-үлкен кемелерді қадағалайды.Кемелер апатқа ұшырай қалса солардан шыққан белгіні қабылдап,оны жерге хабарлайды.
1971жылы шығарылған орбиталық станция «Салют» деп аталған.1986 жылы оның орнын «Мир» станциясы басты. 2000 жылы «Мир»-ды жаңа және өте үлкен Халықаралық ғарыш станциясы алмастырды.Әр елден ұшып келген ғарышкерлер қоныстанып, ұзақ уақыт бойы зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.
4-слайд.
Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа :
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
(Ұстаз шығармашылығынан)
5-слайд. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
(Ұстаз шығармашылығынан)
6-слайд. “Білсем деп өс жас ұлан”
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облы-сы,Қарқаралы ауданы «1- Май“ совхозында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиация училищесінде(1969ж.), Ұшқыш-сынақшылар мектебінде(1976ж.), Мәскеудің авиация институтында(1979ж.) ғарышкерлер даярлайтын орталықта(1991ж.) білім алған.
Ұшқыш-инженер, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымының докторы (1998ж.)Көкшетау Университетінің профессоры (1997 г.) Авиация генерал-майоры(1992 ж.наурыз) деген атақтардың иегері.
7-слайд.
Еңбек жолын Теміртау заводында темір жонушы болып баста-ған (1962-65ж.) Училищедегі оқуын аяқтағаннан кейін ұшқыш болып,звено меңгерушісі, авиация командирі қызметтерін атқарды.
8-слайд.
Совет Одағының Батыры(жаңа авияция техникасын сынау жолындағы ерлігі үшін)(1988ж.) Халыкқ қаһарманы (1995 ж.), СССР-дің еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы,СССР-дің ұшқыш-ғарышкері(1991ж.) және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері(1994ж.) Ленин орденінің, «Знак Почета», «Золотой крест» (1993 ж. Австрия), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері,Көкшетау қаласының құрметті азаматы атақтарына ие болған.
9-слайд. “Ғарыш және жарты ғасыр”
1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шық-қан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 51 жыл өткен екен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.Солардың Ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар.Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған.Биыл ғарышкер Тоқтар ағала-рыңның ұшқанына 21 жыл толып отыр.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал Талғат Мұсабаев ағаларың ғарышта 341 тәулік болып,оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес,ғарышқа үш рет ұшып барып,аман-есен туған жерге оралды.
10-слайд. “Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Өлең жазды ақындар,
Екеуіне арнап”
11-слайд. Қорытындылау:
1)Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961жылы 12-сәуірде «Восток » кемесімен Жер шарын неше рет айналып шықты?
2)Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ең алғашқы мамандығы қандай болған?
3)Ғарышқа ұшу аймағы қалай аталады?
4)Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?
5)Т.Әубәкіров қай қаланың құрметті азаматы?
12-слайд. Мақтанамын ерлігіңмен ағаларым! (Оқушылар өлең тақпақтарын арнайды)
13-слайд. “Сіздерден бізге бір тілек…” ( Келген қонақтар өз тілектерін айтады)

Қорытындысы: / рефлексия /



ТІЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова

/Қосымша/

Осыдан 51 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне«Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.

Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.
1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.

Бәрі қалай басталды?

1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.


Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.

Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.


Тәрбие сағатының тақырыбы: Халықтар достығы
Мақсаты: Биылғы жылы Ассамблеяға -20 жыл толуына байланысты, Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары, нақыл сөздер. Сахна төріне тәрбие сағатының аты ілінеді, жан - жағы түрлі - түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген, слайдтар.
Негізгі бөлім: Әнұран орындау
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 7 сынып оқушыларының «Халықтар достығы» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын! Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Шет елдердегі соғыс жағдайын көріп отырсыздар. Біздегідей бейбіт өмір оларда жоқ. Күнде қорқыныш пен уайым - қайғымен, ауру сырқаумен, аштықпен өліп жатқан жағдайлары бар. Құдай оның бетін аулақ қылсын! Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.
Ұлпан
Атағың дүниені аралады,
Сенде өсті бақыттың жаңа бағы
Жұлдыздың, айдың, күннің сырын ұқты
Қазақтың бүгін өскен балалары.
Ырыс бар құшағыңда сарқылмайтын.
Бүгінім абыройға жолдас болды,
Баратын ертеңге де жолым айқын.
Арман
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ.
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап.
Қырманы, Алатаудың мақтасы бар,
Сенбісің таусылмас кең, шахтасы бар.
Қойныңда адам үшін керек заттың,
Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.
Шұғыла- Міне, саған керек болса! Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар!
(тақтада Қазақстан картасы)
Нұржан- Дұрыс айтасың! Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де.......
Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін – еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп!
Аружан- Ауданы 2724, 9 мың кв, км.(1048, 3мың кв, миль) Бес Франция сыйып кетеді.
Жандос- Бес Франция! Керемет! Кең байтақ елімізде тату - тәтті тұрып жатқанымыз қандай жақсы!

Ең бастысы да осы емес пе!
Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ән (хор) «Ақпыз, қара, сарымыз»
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарым

Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

Гүлбайрам: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық 
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!
Мадияр
Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Ән «Ақ көгершін»-орындайтындар:Дуэт
Ән «Атамекен»-орындайтын хор.
Жеке дауыста: Молдахмет Дидар . ӘН «Қазақстан»
Шуғыла:

Осымен Ассамблеяға -20 жыл толуына байланысты арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!Құттықтау сөз ата-аналар атынан 7 сынып оқушысы Нұрсұлтанның әжесіне беріледі.
Дидар
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Қорытынды сөз сынып жетекшіміз А.Жунисоваға берсек.

ТІЖӨ: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Ұлы Жеңіс жолында»

Мақсаты:

Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі видео, слайдтар.

Өтілу барысы: сынып ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұлы Жеңіс жолында» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

1-жүргізуші:

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

2-жүргізуші:

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті.

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.Ұлы Жеңістің -70 жылдығы құтты болсын!

1-жүргізуші:

Ұлы Отан  соғысы   4   жылға  созылды.    Майдан даласында  600 мыңнан  астам қазақстандық   қаза  тапты.    Соғыста       қаза тапқандардың саны  туралы мәлімет   бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді.    Жекелеген  мәліметтер  бойынша,    адамзат тарихындағы бұл ең     зұлмат  соғыс    20 миллионнан астам  кеңес  азаматтарының өмірін   қиды.    1 710 қала  және  70 мыңнан  астам   село-деревнялар,  31 850    өнеркәсіптік   кәсіпорын,  65 мың шақырым темір  жол,  4 100 теміржол  стансасы, 36 мың  пошта-телеграф   мекемесі,   телефон стансасы және басқа да байланыс    бекеттері  жермен-жексен   болған  немесе  жартылай   қираған. 40 мыңдай    аурухана  немесе басқа да емдеу мекемелері,  74 мың мектеп,   техникум,   жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институтары,  42 мың кітапхана   және басқа да көптеген  нысандар жойып  жіберілген,   тоналған. 

2-жүргізуші:

70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы –
дей келе келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік.



ТАҚПАҚТАР:

  1. Соғыс деген қайдан шықты,
    Авторы кім алғашқы?
    Есіл адам, есі кетіп,
    Оған несін жармасты?!
    Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты? /Нурсұлтан/

  2. Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
    Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
    Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
    Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы. / Аружан С/

  3.  Отан ана жылағанда шер сеніп,
    Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
    Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
    Қолдарына қару алды ерленіп. /Биржан/

  4. Бұлт торлады аспанды,
    Қара жер қанға ластанды.
    Зеңбірек атып жан-жақтан,
    Осылай соғыс басталды. / Аружан Т/

1-жүргізуші:

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты –қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.

2-жүргізуші: / 1-ші бөлім/. Көрініс « Жастар арманы.....»

.......Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Видео «Майдан»....

1-жүргізуші:

Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...


Көрініс жалғасады: Жастар майданға аттанады. Қоштасу....

Ән «Майданға, майданға»...

Слайд- видео /3мин/ «Священная война»

2-жүргізуші:

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Көрініс жалғасады:

  1. «Соғыс кезін көрсету,,,, солдаттардың демалысы»....

  2. Ауылдағы өмірден ......./ аналар соғыстан хат күтеді/

  3. Анаға хат , баланың қазасын естірту.....

  4. Аналар сахнадан кетеді

  5. Солдаттар: Би «Смуглянка- молдаванка»

Соғыс жалғасады,,,, сүйінші соғыс аяқталды,,,,,солдаттар оралады,,,,,

Слайд «День Победы!» ...........


Жеңіс туралы тақпақтар жалғасы:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз. /Қаршыға/


Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз! /Мадияр/


Қайтпаған жауыннан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады. /Мұхтар/

1-ж: - Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.


Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға. / Арман/

2-жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Арылтып жаудан жерінді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні! /Ұлпан/

 

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік. /Гүлбайрам/


Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура, Ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін. /Қуандық/


1-жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 

Слайд:

...... Панфилов /Ұлпан/; Бауыржан Момышұлы /Нуржан/; Рақымжан Қошқарбаев / Ақжол/; Талғат Бигельдинов /Жандос/; Қасым Қайсенов /Жұлдыз/; Маншук Маметова / Аружан Т/; Әлия Молдагулова / Аружан Т/; Хиуаз Доспанова / Биржан/...

1-жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

2-жүргізуші :

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Ия, бұл Отан соғысында біздің де ауылымыздан ---------------адам қатысып;

оның ------------------оралмады; ------------ оралғандар еді.

Олар........................


1-жүргізуші:

  • Ешқашан соғыс болмасын!

  • Аспанымызда соғыс бұлты торламасын.

  • Аналар жесір, балалар жетім қалмасын,

  • Бар әлемде бейбітшілік орнасын.

2-жүргізуші: /Экранда алау, музыка /

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны.


1-жүргізуші:

Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік. / Рахмет/



Хор: « Катюша»

Сөзі:

Сынып жетекші: Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға үәде беруіміз керек.

Елжұртымыз аман,берекелі заман болсын!!!

Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!!!







Т1ЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова

































Тәрбие сағатының тақырыбы: «Үш бәйтерек- үш алып»
Мақсаты
: Оқушыларға үш бәйтерек сөзінің мағынасын түсіндіру, олар кімдер еді?Кімдерді үш бәйтерек-үш алып дейміз? Неге?
Көрнекілігі: суреттер,слайд.

Барысы: Мұғалім сөзі: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз қазақ халқының “Үш бәйтерегі” – көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист Сәкен Сейфуллинге, Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаған “алыптар тобындағы” ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлинге, Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіровке арналады. Мақсаты: Қазақтың “Үш бәйтерегінің” өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру.

1 – оқушы:  Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және олан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты. Революциядан кейінгі бейбіт құрылыс жылдарында С.Сейфуллин шығармалары қазақ халқының Қазан әкелген бостандықты тануына, революция шындығын түсінуге көмектесті. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының бірінші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс заводындағы орыс-қазақ мектебінен білім алады. 1908-1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школаны, кейіннен екі класты училищеде оқиды. 1916 жылы Омскінің мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады.

2– оқушы: Бейімбет Майлин - қазақ кеңес әдебиетінің аса талантты өкілдерінің бірі. Шығармашылық жұмысқа революциядан бұрын араласып, демократтық бағытта шығармалар жаза бастаған. Ол Қазан революциясы жеңісінен кейін жаңа әдебиеттердің іргетасын қаласуға белсене қатысты. Бейімбет әдеби жанрлардың баюына, оның тақырыптық кеңеюіне, көркемдік жетілуіне көп үлес қосты. Поэзия, проза, драма салаларында қат-қабат және өнімді қызмет еткен жазушы революция теңдікке жеткізген қазақ кедейлерінің оянып, өсу жолын ауылдағы жаңарушылықтың сырларын өз шығармаларында терең бейнеледі. Сондықтан да, қазақ совет әдебиетінің алғашқы жиырма жылдық тарихында Бейімбет творчествосының ерекше орны бар. Жазушы шығармалары қазақ ауылындағы кеңестік негіздегі өзгерістердің шежіресі есепті болды. Бейімбет Майлин 1894 жылы Қостанай уезіндегі Дамбар болысында, қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған. Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң ауылдағы Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесінде екі жыл, 1913-1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” мектебінде білім алады.

3– оқушы: Ілияс Жансүгіров – қазақ кеңес әдебиетінің аса ірі қайраткерлерінің бірі. Ол әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартты. Соның ішінде Ілиястың поэзия саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған талай-талай лирикалық өлеңдерімен қоса І.Жансүгіровтың “Күй”, “Дала”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты поэмалары бар. Оның көркем аударма саласындағы еңбегі де мейлінше жемісті. Ілияс Пушкиннің “Евгений Онегин” атты өлеңімен жазылған романын, “Гаврилиада” поэмасын, көптеген лирикалық өлеңдерін, Лермонтов пен Нкрасовтың, Горький мен Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Өзінің ақындық зор талантымен, тамаша көркем шығармаларымен І.Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясына өшпес үлес қосты және оның кемелденіп өсуіне зор көркемдік ықпалын тигізді. І.Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі Ақсу болысында, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында шағын ғана дәулеті бар шаруаның отбасында туған. 
Жүргізуші:  Үш бәйтерек теңдікті аңсады. Бай мен кедей арасындағы тартысты, әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырды. 

Сәкен, Ілияс, Бейімбет

Аңсады олар теңдікті

Қазақтың байтақ еліне

Ту етіп тікті теңдікті.

4- оқушы:

Жас қазақ марсельезасы – С.Сейфуллин

Азамат, жүнжіме, жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Ту ұстап дұспанға барайық,

Теңдіктің ұранын салайық.

Тізесін батырған залымнан

Күн туды- біз теңдік алайық.


Азамат сестеніп көзіңді аш, жүрме бос.

Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос.

Қызыл ту – шылауың, қорғаның,

Тізе қос, тізе қос, тізе қос.


Патшадан әділдік жоқ еді,

Ұлықтар парақор тоқ еді.

Бұқара халықты кем тұтқан,

Жек көрген, итімен тең тұтқан,

Қоспаған санына адамдық,

Айламен ұстаған надан ғып.


Жойылсын құлшылық, кемшілік,

Жасасын әділдік теңшілдік.

Бұрынғы қу қыспақ жол қалсын

Өз еркін бұқара қолға алсын.

Жер үстін шат қылып көркейтіп, 

Қызыл ту желбіреп орналсын.


Жүргізуші: 1917 жылы 7 қазан күні көптеген күткен қазан төңкерілісі болып, Революция орнады. Халық асқақ арманына қол жеткізді. Сәкен, Ілияс, Бейімбет осы жеткен жетістіктерін көптеген жырларына тиек етті. 

6- оқушы:

Асығып тез аттандық – С.Сейфуллин


Басып жатты тәтті ұйқы

Сарыарқаның даласын.

Құл ғып жатты қара түн

Қалың қазақ баласын.


Таң таяуын сездік те

Ояндық біз қыбырлап.

Тіршілік қылдық оянып,

Түннен қорқып сыбырлап.


Еріктің таңы келерін

Зұматты жеңіп хақтың біз,

Қуаныстық сезініп,

Өтерін құлдық шақтың біз.


Кешікпей – ақ қызыл күн

Шыға келді жарқырап:

Тұлпарлар да шаттанып

Тұра алмады арқырап.


Күнге жайып құшақты 

Шақырып бері шаттандық.

Қуантуға ел жұртты

Асығып тез аттандық.


8- оқушы: 

Дала І . Жансүгіров

Жүрегім, жырым, сенікі,

Кеңесті далам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім,

Ен далам – анам, мен - балаң.


Еңбек тулы ел- балаң.

Бұрынғы өткен күніңді,

Берейін жырлап елге анам.

Көргеніңді бүгінгі Туған, өскен, есейген,

Жаз, жаз, қалам, тер, қалам.


Қорытынды сөз:
“Үш бәйтерек” – Ілияс, Сәкен, Бейімбет кесапат – кесел репрессияға ұшырады. Оларға кеңеске қарсы ұлтшыл, террористік-төңкерісшіл және астыртын диверсиялық ұйымның мүшелері, әдебиет саласында кеңеске қарсы зиянкестік жұмыстармен айналысқан, 1922 жылдан троцкийшіл бола тұрып, ұлтшыл ұйымды басқарған, Кеңес өкіметіне қарсы конрреволюциялық жұмыс жүргізген деген айып тағылды. Алматыда, 1938 жылдың 25 ақпанында, КСРО Жоғарғы соты көшпелі әскери коллегиясы сессиясының жабық мәжілісінде С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың қылмыстық істері қаралды. Ақырғы сөздері “ешқандай қылмыс жасаған емеспін” болғанмен, сот қылмыстық жазаның ең ауыры – ату жазасына кеседі. 








ТІЖО: М.Нұрбатырова

Сынып жетекші: А.Жунисова

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1015
Номер материала ДВ-332116
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Комментарии:

1 год назад

Құрметті сынып жетекшілер мына дайын тәрбие сағаттарының жоспарларын қолдансаңыздар қуанышты болар едім.Алдын - ала рахмет айтамын!


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх