Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты: «Жыл басы- Наурыз»

Тәрбие сағаты: «Жыл басы- Наурыз»

Скачать материал

 

Сценарий тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

 Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. Сценарий барысы: І Кіріспе Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.

Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» Залда әсем әуен ойнап тұрады.

 Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды!                   (шашу шашады)

Шашу, шашу, шашу

Көп шашайық шашуды

Ұмытайық мысық тілеу ашуды

Теріп алғын несібеңді уа, халқым,

Ару қыздар арнап шашқан шашуды!

Жүргізуші: Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

 Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Жүргізуші:  Қош келіпсің Наурыз!

 Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

 Құтты болсын қадамың!

  Жүргізуші:Би биледік бәріміз!

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз- Наурыз!

 Жүргізуші:Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік, біз сізге!

 Жүргізуші:   Құрметті қонақтар, сіздерге арналған Абай бастауыш мектебінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Мешін жылын қарсы алайық. Ортаға  мешін  шығады:

Мешін:

- Наурыз келді  гүлденіп,

Жер-дүние түрленіп,

Жылқы келді – жаңа жыл

Жаңа шаттық  күйге еніп.

Намысқа толы жүрегім,

Күшке толы білегім

Ұлыстың ұлы күнінде,

Жаңа жыл боп кіремін.

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Қыдыр ата келеді деп

                    Жамағатқа жар салып

                    Жолын ашып дедектеп

                    Балалар жүр қарсы алып

                    Көңілде жүрген мазалап

                    Кінәлі қалған жазалап

                    Аластап қуып көрелік

                    Шырақ жағып тазалап.

(Аластау)  

- Алас,алас,алас пәледен қалас,қалас,қалас!

Жаңа жыл жарылқа

Ескі жыл есірке

Пәле жаладан сақтай гөр

Жамандық әрмен кет

Айдан аман болайық

Жылдан есен болайық

Алас,алас,алас,пәледен қалас,қалас.

Жүргізуші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.

 

Көрініс. (Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)

 Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой.

Шал: Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.

Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?

 Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал: Бір отар қой беремін.

Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.

Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.

 Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?

 Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.

 - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады.

( Бала сақасын іздеп шығады)

 Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.

 Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады.

Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.

 Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.

 Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.

Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.

Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.

Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. (Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

Мыстан: Жарайсыңдар!

Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер

 ( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)

Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.

Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане балалардың күшін сынып көрейінші                 белінен арқан шешіп береді)  Ұлттық ойындар ойналады.

 Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты. (Қыздар жиналып ақылдасады)

Қыздар: Апа, сіз бізбен бірге Наурыз тойын қарсы алыңыз,той соңында наурыз көже таратылады, наурыз көжеден дәм татыңыз

Мыстан: Жарайды, балалар мен Кенжебекті жіберейін бірақ сендер мені алдамайсыңдарма?

Қыздар: Жоқ апа алдамаймыз

 Жүргізуші:   Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Жүргізуші:  Қызыр баба, ұлыстың ұлы күні «Наурыз жырын» айтайық ән: Наурыз думан

Жүргізуші:    Абай мектебі ұланымыз

                       Қайран мекен жайымыз тұрағымыз

                        Бас қосқан ұлыс күні Наурыз тойда

                         Сіздерге арналады жыр әніміздей отырып келесі кезекте 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз , Би: «Қамажай»)

Қобыланды:

Кел, балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

Алпыс жылдай жоғалып

Қайта оралған Наурызым

Талаптары тас жарып

Сайрауда ұл - қызың

Ақерке:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа

Апам атам той- тойлап,

Қуанып жүр балаша

Наурыз келді балалар

Көктеді қыр, жағалар,

Наурыз тойын тойлайық

Жаңа жылда ағалар

Жүргізуші:   Домбыра күмбірлейді сыр ашады

                       Нәзік үн көкке өрлейді қыр асады

                       Жалт еткен жанарымен күй әуені

                       Елітпей қоймайды екен бар адамды, - дегендей

келесі тамашалайтындарыңыз, (   ән: «Еркем ай»)

Әлихан:

-Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жауласу жоқ, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Жүргізуші:  Ән салса әншілерім шайқаларсың

                       Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың

                       Осындай ән туғызған қазағымды

                       Қалайша тар пейілді деп айтарсың

 Келесі кезекте би «Папури»

Диас:

Қош келдің Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Санжар:

Көктем келді балақай,

Жасарды жер алақай!

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге сал апай

Бәйшешектер гүлдейді

Қорада мал төлдейді

Наурыз тойын тойлайық

Қосыл аққу көлдегі

Диас:

Қош келдің Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Ұлттық ойындар: «Аударыспақ»

Наурызды ел қошеметпен қарсы алған

Әншілерім бұлбұл құстай ән салған

Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Татулықпен бірлікпенен қарсы алған

«Туған жер» әні

Жүргізуші:  Құт болып шаңырағыңа Қыдыр қонсын

                     Ән жырмен әрқашан көңіл толсын

                     Көрермен осыменен қош аман бол,

                      Ұлыс күні Наурызың құтты болсындей отырып, міне бүгінгі «Алтын сақа» атты ертеңгілігімізде аяқталып қалды. Балалар Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын! Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: «Жыл басы- Наурыз»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 853
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нажмиденова Кульпаш Икласовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нажмиденова Кульпаш Икласовна
    Нажмиденова Кульпаш Икласовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41595
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой