Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Жыл басы - Наурыз"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты "Жыл басы - Наурыз"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Күні: 29.12.2015 жыл

Тақырыбы: «Армысың жаңа жыл»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық саласына деген қызығушылықтарын арттыру, жыл мүшелерімен таныстырып, ойлау қабілеттерін арттыру.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті жиналған қауым,ата-аналар мен ұстаздар! Барлықта рыңызға жаңа 2016 жыл мешін жылы құтты болсын. Отбасыларыңызға бар жақсылықты тілей келе бүгінгі ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер!

Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар

Жаңа жыл – жыл шуылдаған жаңа армандар

Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар! – дей келе, сіздердің назарларыңызға «Ай-Жұлдыз» балабақша ұжымының орындауында жаңа жылдық көрініс. Қабыл алыңыздар!

  • Көрініс

Ақшақар: Армысыздар балалар,балалар мен сендерге келе жатып ақ бораннан адасып Хан сарайына тап болдым,міне хан ием өзінің сыйқырлы таяғының арқасында сендерге алып келді.

Жүргізуші: Сәлем бердік Ақшақар, сәлем бердік Хан ием! Біз және балалар өте қуаныштымыз.Сіздермен бірге ертегі кейіпкерлері де бірге екен.

Ақшақар: Иә бәріміз бірге шырша тойын тойлауға келдік. Кәне балалар сендер мені күттіңдерма? Олай болса мен бір ән салып берейін.

Ақшақар әні

Жүргізуші: Рахмет Ақшақар! Ақшақар, балалар мына шыршамыз Аяз атасыз қызықты емес сияқты, бәріміз дауыстап Аяз атаны шақырайықшы.

А-яз а-та, А-яз а-та, А-яз а-та.......

Аяз ата: Амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарық жүздерің

Қандай әсем жылдарың

Жүргізуші: Қош келдіңіздер біз сіздерді мерекемізде көруде шын жүректен қуаныштымыз!

Аяз ата: Бізде сендерді көруге

Халдеріңді көруге

Асулардан асып

Аппақ қарды басып жетіп қалдық. Балалар мен сендердің шырша тойларыңа келе жатып өзіммен бірге быйылғы жаңа мешін жылын ерте келдім.

Мешін: Сәлеметсіңдерме балалар! Жаңа жылмен қоныстап ойнап, билеп- күлуге келдік міне.

Жүргізуші: Балалар Аяз атамыз алыстан шаршап келіпті, ендеше балалар Аяз атамызды қонақтарымен төрге отырғызып көңілдерін бір көтеріп, бүгінгі шырша тойына арналған шығармашылық өнерімізді тарту етейікші.

Әншіде құс үні бар,

Кірсең кештің сәні бар.

Салайықшы шарықтап,

Жаңа жылдың әніне

Ал ағайын тұрмайық,

Жаңа жылды жырлайық! – «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері Әлиғазы Айтұмар мен Кенжебай Саяның орындауында «Шырша әні» қабыл алыңыздар!

  • «Шырша» әні

Жүргізуші: Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып – дей келе келесі кезекте мың бұралған биші қыздарыңыз Әбілқақ Толқынай мен Нұрмұхамед Жанайымның орындауында «Испан» биі.

Қандай тату өздері,

Күлімдеген көздері.

Қане,қане келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер!

1.Асылмұрат 2.Ұлпан

Аспан жерге төгеді Жасыл желек жамылған,

Ақ күмісін уыстап. Асыл моншақ тағылған.

Жаңа жылда келеді, Міне сұлу шыршамыз,

Бізге қарай жылыстап. Көптен күтіп сағынған.

3.Мақсат 4. Айзере

Оралды өлкеме, Тілеймін мен бар әлемге

Жаңа жыл, армысың Дос көп болсын жаңа жыл

Оранды ақ көрпе Ата-әже, әке-шеше

Асқар тау, қарлы шың. Құтты болсын жаңа жыл.

5.Амир 6.Үміт

Қалып едік сағынып Аппақ тонға оранып,

Күтіп алдық жабылып. Базарлықты мол алып.

Жолын қойдық жарық қып, Келді алыс сапардан,

Шыршаларға шам іліп. Аяз ата оралып.

7.Ержанат 8.Айтұмар

Жаңа жыл, жаңа жыл Жаңа жылым мол болсын

Жаңа жылда- жаңа жыр Басқан қадам он болсын

Жасыл шырша жанында Төрле, төрле жаңа жыл

Жадырап бар бала жүр. Бізге құтты жыл болсын

9.М.Сырым 10.Камила

Аяз ата аппақ Аяз ата ақ сақалды,

Кәмпиттері тәтті-ақ. Ақ таяқы паң ата

Кәмпиттерді көп берсе, Асып өтіп асқар тауды,

Тағы айтамын тақпақ. Жеттіңізбе таң ата.

11.Т.Сырым 12.Толқынай

Жаңа жылым – әсемсің, Басталарда жаңа әлем,

Гүл өндірер түзге де. Құйылады жаңа нұр.

Әр сәті Бақ әкелсің, Жүрекке арман бөлеген,

Достар,достар бізге де. Қош келіпсіз,жаңа жыл!

13.Алмаз 14.Балнұр

Қандай әсем шартарап, Мұздан моншақ тағынып

Шаттық күйге бөлеп тұр. Күміс қыпау жамылып.

Кәмпиттерін арқалап, Ортада тұр Ақшақар

Аяз ата келіп тұр. Көптен күтіп сағынып.

15.Мирас 16.Сая

Жүзімізге күлкі ойнап, Шыршамызда керемет,

Қанаттанды жанымыз. Ойыншықтары тағылған.

Жаңа жылды біз тойлап, Алыс жақтан келіп тұр,

Шаттанамыз бәріміз. Аяз ата сағынған.

17.Әли

Той, мереке,салтанат,

Думандатты шартарап.

Келді, міне жаңа жыл,

Сыйлықтарын арқалап.

Жүргізуші: Бәрекелді жарайсыңдар! Келесі кезекте топ балаларының орындауында «жаңа жылдық би»

Дөңгеленіп тұрайық,

Ойын сауық құрайық.

Ән шашу шашылсын,

Жаңа жылға ылайық ! – дей келе топ балаларының орындауында «шырша» әні.

Бүгінгі жаңа жылымыздың құрметіне, сіздердің құрметтеріңізге топ бүлдіршіні Қалибай Айзере мен Ұланқызы Үміттің орындауында «Үнді биі».

Жүргізуші: Рахмет балалар! Барлықтарың өнерлі екенсіңдер. Қалай Аяз ата,Ақшақар сіздерге балалардың өнерлері ұнадыма ?

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарыңда ақылды, білімді де өнерлі екнсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емеспе қызым?

Ақшақар: Иә арине дұрыс аитасыз ата! Балалар рахмет сендерге көп-көп! Біздің сыйлықтарымызға ризасыңдарма? Олай болса балалар біз жолға шығайық, басқада балалардың өнерлерін тамашалайық. Бірақ жолға шықпас бұрын өзімізбен бірге қой жылын ала кетейік.

Қой: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сүйкімді балапандарым сендермен өткен бір жылым мен үшін қымбат әрі қызықты болды. Мен сендермен қымай-қыймай қоштасамын! Бірақ алда келер жылдарда талай қауышамыз, сіздер маған ризасыздарма? Олай болса сауболыңыздар!

Аяз ата: Ал балаларым сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

Жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата келесі кездескенше аман болыңыз, біз сіздерді асыға күтеміз.

Міне қымбатты балалар бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Аспанымызды бұлт торламасын, көктегі күніміз сөнбесін – дей келе сөз кезегін балабақша меңгерушісі Т.Г.Мырзахметовнаға беріледі.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар сіздерде өздеріңіздің жаңа жылдық,жаңа тілектеріңізді,жаңа жылы лебіздеріңізді бүлдіршіндеріңізге,замандастарыңызға арнасаңыздар! Сөз кезегі өздеріңіздер.

Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар,қонақтар! Жаңа мешін жылы құтты болсын! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-015278

Похожие материалы