Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты "Жыр алыбы-Жамбыл"

Тәрбие сағаты "Жыр алыбы-Жамбыл"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Жыр алыбы-Жамбыл.

1- жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2- жүргізуші: Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.

1-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу. Сахнада қыздар тобының орындауында Жапырақтар биі қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.

1-жүргізуші: Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

2-жүргізуші: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

1-жүргізуші: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын  оған ақ батасын берген.

Көрініс:

 2-жүргізуші: Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,«Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын.

Рахым

1-жүргізуші: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.

 Мұхтар Әуезов Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге  ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны деген.

  2-жүргізуші:    Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, деген екен С. Сейфуллин.

 1-жүргізуші: Ал Ілияс Жансүгіров өз кезегінде Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың деген.    

2-жүргізуші: Сәбит Мұқанов Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген. Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды.

Аяжан, Ерлан, Нұрсаят, Әділет

          


 1-жүргізуші: Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Айкүміспен, Шашубаймен айтысы көпке жақсы мәлім. 


 2-жүргізуші: Ал ендеше сол айтыстан үзінді тамашалайық. Айтыс: Жамбыл ата-Рахым

Айкүміс-Қарақат



1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 

Елхан



 2-жүргізуші: Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.

 1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.
Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.


Ән:





 2-жүргізуші: Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады.


 1-жүргізуші: Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.


 2-жүргізуші: Осымен «Жыр алыбы-Жамбыл» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар салып тығдағандарыңызға Рахмет!!!









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров468
Номер материала ДВ-487585
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх