Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Жұлдызды аспанға ашылған жол"

Тәрбие сағаты "Жұлдызды аспанға ашылған жол"

Скачать материал

Жұлдызды аспанға ашылған жол


Білімділік мақсаты: Байқоңыр қаласы туралы әңгімелеу.

беру.Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіровтың шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныс тыру, ғарыш айлағы, космос туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын, дүниетанымын, тіл байлығын,

шеберлігін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге,

қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Тақта, суреттер.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі

Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе-қызықтырушылық кезең

3. Жаңа сабақ

4. Топтастыру

5. Қорытынды

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа даярлау.

ә) Назарларын сабаққа аудару.

б) Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың өмірі, шығармашылығы мен халқына сіңірген еңбегі жайлы танысамыз, сонымен қатар сендерді ғалам құпияларын зерттеп білуге шақырамын.

ІІ. Кіріспе-қызықтырушылық кезең

Есентай Ерботин «Байқоңыр» өлеңі оқылады.

Көк пен жерді жалғаған,

Космодром Байқоңыр,

Корабльдер самсаған,

Космодром Байқоңыр.

«Байқоңыр» қаласынын суреті.

Ғарыш станциялары  зымыран  ұшатын орын.

Білім мен ғылым дамыған сайын адам баласы атам заманнан бері аспан әлеміне ұшуды аңсаған. Адамдар өздеріне қанат байлап, құс құсап ұшуды армандаған. Ұшқыр қиялдың арқасында өндіріс дамып, ғылыми жетістіктерге қол жете бастады. Сол дамыған ғылыми жетістіктердің арқасында небір қыял ғажайып ұшу аппараттары өмірге келді. Алғаш рет аспан кеңістігін атақты ғалым Эйнштейн зерттей бастады. Ол өзінің ашқан көптеген жаңалықтарының арқасында адамзаттың ғарышқа ұшуына болатынын теориялық түрде дәлелдеп берді. Содан бері ғалымдар оның теориясын жүзеге асыруда, ғалым Королевтың бастамасымен теория жүзеге аса бастады. Ұлы Отан соғысанан кейін ғылыми жетістіктер дамып, көптеген жаңалықтар ашылды. Оған дейін тәжірбие ретінде бірнеше жер серіктері ғарышқа жіберілді. Сөйтіп, ғарышқа Белка, Стрелка атты иттері ұшырылды. Сонынан 1961 жылы 12 сәуірде ғарыш кемесімен алғаш рет Юрий Гагарин Қазақстанда орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңына ұшырылып, бар-жоғы 108 минөттiң iшiнде Жер планетасы аумағын айнала бiр рет ұшып өтiп, қасиеттi қара топыраққа қайта оралды.

аман-есен оралды. Міне, содан бері адам баласының ғарышқа ұшқан сапарына – 50 жыл болды.

Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылы 9-наурызда қарапайым колхозшылардың отбасында дүниеге келген. Оның 1961 жылғы 12-сәуірдегі  алғашқы адам болып ғарышқа сапар шегуі (ғарышта 108 минут болды) оны батыр дәрежесіне жеткізді. Ол атақ оған лайықты еді. Неге? Себебі, ол ғарышқа ұшқанға дейін ғарышқа бес рет сынақ сапарлар жасалған болатын. Бірақ олардың барлығы бірдей сәтті аяқталмады. Осындай нәтижелерге қарағанда Юридің жасаған тәуекелі өлім мен өмір арасында болатын. Бұл жайында ұшқыш-ғарышкер В. Шаталов былай дейді:

«Перед полетом Гагарина было произведено пять пробных запусков. Они показали, что космос не прощает малейшей неточности: первый корабль, выполнив программу, не послушался команды на спуск, перешел на новую орбиту и в дальнейшем прекратил существование. Второй запуск был удачным. Но в конце 1960 года на третьем запуске корабля типа «Восток» опять неудача: аппарат сгорел при возвращении… Юрий шел на риск, ценою которого могла стать жизнь…»

Юриге жүктелген тарсырма қаншалықты қиын болса да, ол өзінің әзілқойлылығын еш ұмытпаған жан болған. Ол өзінің жанындағы замандастарынан физиологиялық жағынан оқ бойы озық тұратын. Өте қарапайым жан болған. Атағы жер жарып тұрса да, өзінің ескі таныстарын ешқашан ұмыт қалдырмаған.

Юриге ғарыштық сапардың алдында дәрігерлер «Стратосфера для тебя — не предел!» деген екен. Өйткені ол оған дейін ұшқыш-сынақшы болып жүрген еді. Ал ол ұшатын ұшақтар көп болса 16 шақырымдық биіктікке дейін ғана көтерілетін.

1968 жылдың 28-наурызында Юрий Гагарин 34 жасқа толған шағында реактивті ұшақты сынақтан өткізу кезінде (ұшу кезінде) қаза тапты.

  Ғарышкерлерге жеке – жеке тоқталып, суреттері көрсетіледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы кеңінен мағлұмат аламыз.Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27-де Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары.

Техника ғылымдарының докторы, академик, авиация генерал-майоры, 1965-1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш-инженер.(слайдтар арқылы суреттер көрсетіліп тұрады)

Біздің жеріміз орман, тау, өзен, көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Біздің өмір сүретін ортамыз-Жер планетасы.Ғарыш әлемін көру үшін Зымыранмен ұшу қажет.Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты зерттейді.Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Оны СКАФАНДР деп атайды.

Өлеңді талдап, тізбектей оқу, жаңа мағынаны тану.

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

Бабасындай асуға,

Салған құрық –бұғалық.

Ұшақтарды сынауға

Артқан еді құмарлық.

Самғап ұшу аспанда

Қауіпті еді, қатал-ды.

Ерлігі елден асқанда,

Ол ғарышкер атанды.

Талай істе ғажап, тың,

Туған ұлы қазақтың,

Тұңғыш ұшты ғарышқа.

Сөздікпен жұмыс.

Құрық-асау жылқыны ұстау үшін арналған, ұшышда ілмегі бар ұзын сырық.

Бұғалық- асау атты ұстауға арналған мықты қыл арқан.

Құлаш-

Сергіту сәті

Зеңгір аспан көгілдір

Алтын күн төрінде

Тамылжытып төгіп тұр

Шаттық сыйлап көңілге.



Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр.

Жандарымыз жайдары.

ІV. Топтастыру.

Профессор

Депутат, саяси қызметкер ұшқыш

Инженер Тоқтар Әубәкіров ардақты әке

Генерал-майор ғарышкер

Үйге тапсырма: «Ғарышкер болғым келеді» тақырыбында өлең шығару.

V. Сабақты қорытындылау.

Ю.Гагарин ұшқан корабльді ата? (Восток)

Корабльді құрастырған негізгі конструктор академикті ата.( С.Королёв.)

Космосқа ұшу орны қалай аталады? (Космодром)

Космостағы Гагариннің есімі? (Заря)

Алғаш космосқа ұшқан иттердің аты? (Стрелка, Белка)

Алғаш адам космосқа қай жылы ұшты? (12 сәуір,1961 жылы)

АҚШ-та космонавт Қалай аталады? (астронавт)

Ашық космос кеңістігіне шыққан ұшқыш? (Леонов)

Бірінші әйел-ұшқыш кім? (Терешкова)

Мен ақылдымын,

Қиындықтан қорықмаймын,

Мен жаспын,қандай әдемімін,

Мен ұзақ өмір сүремін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді,

Мен халқыма қызмет етемін.

Айға қшамын, жерге түсемін,

Халқыма тыныштық тілеймін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Жұлдызды аспанға ашылған жол""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 998 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 1219
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тусипова Карлыгаш Абильмансуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5825
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой