Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты: "Жол ережесін білеміз бе?"

Тәрбие сағаты: "Жол ережесін білеміз бе?"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып сағат тақырыбы: «Жол ережесін білеміз бе?»

Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Сынып сағат көрнекілігі: бағдаршам , жол белгілері суреттері.

Сынып сағат барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың тыныш, партада дұрыс отыруы.

ІІ. Сынып сағаты. -Балалар біз бүгін «Жол ережесін білеміз бе?» тақырыбында сынып сағаты өткіземіз. Барлығымыз әрқашан сақтық үшін жолда жүру ережесін біліп жүруіміз керек.

Сіздерге Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлеңін оқып берейін.

Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Мұғалім: оқушылар, біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелері екенін білеміз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
- Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады. Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. 
- Балалар, жол деген не?
«Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен қатар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны
БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
( Жол белгілері)
Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді. 

Оқушылар енді тақтадағы суреттерге назар аударайық. Тақтада нелер тұр?

-Бағдаршам, жол белгілері. Әр сурет бойынша әңгімелеу.

-Жақсы, оқушылар, енді мына өлеңгі назар аударайық.

«Мына менмін- Бағдаршам»

Мына менмін- Бағдаршам

Үш шамым бар аңғарсаң:

Қызыл,

Сары,

Жасылым-

Жол сілтейді дағдарсаң.

Қызыл шамым жанғанда,

«Не айтты?» деп таңданба.

Тұр, сен, көше шетінде,

Ойын сөзге алданба.

Сары шамым жанғанда,

Ескертеді бар жанға:

«Байқа, қызыл не жасыл

Жанада,-деп, - ал, аңда

Жасыл шамым жанғанда,

Көлік тоқтап қалғанда,

Көшеден өт тезірек,

Мектеп, үйге барғанда.

Сонда , оқушылар, бізге бұл өлеңде не айтып тұр? Яғни, қызыл жанса- тоқтайсың, сары жанса- дайындаласың, ал жасыл жанса -жүресің деп тұр екен.

Мұғалім: сынып сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда және ауылдарда бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров225
Номер материала ДВ-416885
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх