Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тəрбие сағаты "Жол ережесін сақтайық:

Тəрбие сағаты "Жол ережесін сақтайық:


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тəрбие сағаты.

Сабақтың тақырыбы: «Жол ережесін сақтайық»

Сабақтың мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру,іс жүзінде асыра білуге үйрету.Сұрақтар қою,жұмбақ,өлең айту арқылы ойларын дамыту.Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тəрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Жол ережесі,суреттер.

Сабақтың барысы:

Сыныпты екі топқа бөлу.

І-топ: «Бағдаршам»

ІІ-топ: «Радар»

«Бағдаршам» тобының ұраны: «Тоқта», «Сақтан», «Жол ашық», «Жүрме босқа таласып».

«Радар» тобының ұраны: «Жол ережесін сақта»

1-сайыс.Сұрақ-жауап.

І-топ. 1) Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қалай өтеміз? (Алдымен сол жағымызға содан соң оң жағымызға қараймыз)

2) Балалар қай жерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда)

3) Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (Аялдамада)

ІІ-топ. 1) Өмірімізді қатерден сақтандыратын,көшеде тұратын досымыз не? (Бағдаршам)

2) Қанша жасқа дейін көшеде велосипедпен жүруге болмайды? (14)

3) Жол торабында жаяу жүргінші қай жерден өтуі керек? (Ала жолақтан)



2-сайыс. Жұмбақтар сайысы.

  1. Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

  1. Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім. (Велосипед)

  1. Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді ( Машина)

  1. Өзі тым күшті,аяғы тісті,

Лезде тындырар қыруар істі. (Трактор)

  1. Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырынла қаны жоқ,

Май жейді,су ішеді. (Машина)

  1. Қамшыласаң жүрмеймін,

Мініп алып тебінсем

Кідіруді білмеймін. (Велосипед)

  1. Сом дене,табаны бар сонша тісті,

Бір өзі тындырады сонша істі. (Трактоп )

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тəртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)



ІІІ-сайыс. Мəнерлеп оқу сайысы.

  1. Ұмытпа жүру тəртібін,

Ойыншық көрмей сен оны.

Құрметпен қара жарқыным,

Қызыл шам жанса о болып.

Өтуге жолдың жоқтығы,

Егер ол жанса көк болып,

Өтесің сонда ұқ мұны.

  1. Құмырсқадай құдынап,

Зулап жатсын машина.

Жол тəртібін біл бірақ,

Білмесе үйрет досыңа.

  1. Тротуармен өтерде,

Оңға,солға қараған.

Далаң қақпай бекерге,

Тап қауіпсіз аралын.

  1. Алды-арыңлы мұқият

Байқап алып сосын өт.

Асығам деп шұқырап

Тартып жүрме қасірет.

  1. Тентектігін қоймаған

Жаман əдет бам тігіп.

Жол үстінде ойнаған

Əпермейді жақсылық.

  1. Бағдаршам жанса қызыл боп

Өтуге жолдың жоқтығы

Егер ол жанса көк болып

«Өт» деп сені қолдайды.



Сабақты қорытындылау

Екі топқа бірге.

  1. Бағдаршам дегеніміз не,оның адам өмірі үшін алатын орны қандай?

(Бағдаршам-механикаоандырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап.Ол жол бойының қозғалысын реттеуле өте үлкен рөл атқаралы(

  1. Бағдаршам жарықтарының қызметін айтып беріңдер?

(Бағдаршамның жасыл жарығы жанса жүруге рұқсат етіледі,сары жарығы жанса жүруге дайындалу керек,қызыл жарығы жанса жүруге тыйым салынады.)



Бəпекелді балалар барлығыңызла тəрбие сағатына жақсы қатыстыңдар.Бүгінгі мəліметтерден өмірімізге қажетті мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Ең бастысы жеңіс емес қатысу.Сол себепті де барлығыңызға да жеңістеріңіз құтты болсын.Келесі кезлескенше сау болыңвзлар!

Тəрбие сағатының қорытындысы бойынша І,ІІ орын меленген топтпр мақтау қағазымен марапатталалы.






Автор
Дата добавления 07.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров97
Номер материала ДБ-113858
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх