Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты " Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік"

Тәрбие сағаты " Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы. Әр топтың жеке жұмыс столы, жол белгілері, транспорт түрлері.

Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу. - Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілі, қазан айы. - Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр? Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда. Жол жүруге қолайсыз. - Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? - Бағдаршам. - Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? - Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.

І-бөлім. Сұрақтар: 1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай? 2. Бағдаршамның неше түрі болады? 3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба? 4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?

ІІ-бөлім: Теориалық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.

Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді. 1-топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді. 2-топ: Трамвайды қандай жерде тұрып күту керек? 3-топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі? 4-топ: Автобус, трамвай, тралейбустан түскенде жолдың келесі бетіне қалай өту керектігін көрсету.

ІІІ-бөлім: «Үйренейік, білейік».

Әр топқа түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4-дана болу керек. Мысалы: а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер. ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер. б) Жолдар .«Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі. в) «Тайғақ жол» белгісі т.б.с. Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады. ІҮ-бөлім: «Сергітейік жанымызды» хор «Бағдаршам» айтылады. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді. 1-оқушы: Көрген дәу қырағы, Көшемізде тұрады. Ол бергенде команда. Бағынамыз әмәндә.

2-оқушы: Қызыл көзі жанса, Мейлі көлік жоқта. Қатып қалған жанса. Қыбыр етпе алға.

3-оқушы: Сары көзі жанса, Мейлі көлік жоқта, Қатып қалған жанса. Қыбыр етпе алға.

4-оқушы: Жанса көзі жасыл. Жолың айдай ашық. Жүре бергін батыл, Керегі жоқ саспа!

5-оқушы: Көшедегі бағдаршам болмаса, Кісі жоқ өзіңе жол сілтер. Кідірме,абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

6-оқушы: Көшеде ортаға жеткенше, Әуелі көзің сол жаққа. Балақай, ортадан өткен соң. Мойының сол жақтан оң жаққа.

7-оқушы: Мен білем, бәрін мен-деген. Отырған жоқсың бөлмеде, Машина өтіп кеткен соң. Жолаушы алға беттесін. 8-оқушы: Ұшқалақ бала ұрыншақ. Ойлалық, соны ұғынсақ. Машина өтіп кетпесін. Жолаушы алға беттесін.

9-оқушы : Жыламасын, аналар. Жас ұландар өсе бер. Сақ болыңдар балалар. Сақ жүріңдер, көшеде!

10-оқушы: Қай көше ,қай қалаға барсаңызда, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жолда жүру ережесі заңды тәртіп. Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. Басталар әр қадамың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтаңыздар.

Жұмбақтар шешу. Әр топ бір-біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.

І-топ. Көзін ашып жұмады. Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

ІІ-топ. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. Автоинспекция қызметкері)

ІІІ-топ. Арқаным тым ұзын. Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

ІҮ-топ. Сөйлегенде білмейді Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді. (Бағдаршам)

Ү-топ. Сәт, сапар.

Қорытынды: Келген қонақтар оқушыларға баға беріп, жақсы қатысқаны үшін сыйлықтар береді.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-368540
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>