Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Тәрбие сағаты Жолда жүру ережесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тәрбие сағаты Жолда жүру ережесі

библиотека
материалов


D:\Фотки\DSC06664.JPG

Сайдалиева Рая Жомартқызы

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Абайла жолда , балақай! ( ашық тәрбие сағаты)


Мақсаты: білімділік: – ойындәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаямен өліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерімен таныстыру;
Дамытушылық – сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік – жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, еденге арнай салынған жол, үнтаспалар, тақырыптық суреттер мен плакаттар, жол белгілері.


Сабақтың барысы


Музыка әуені естіліп тұрады.

Хор : « Бағдаршам»
Мұғалім :
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар , ұстаздар, оқушылар! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің жиынымызда – жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып, көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.
Мұғалім :
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Сабағымыз басталады сәлемменен

Енді сіздерді бүгінгі кездесу кешімізге келген қонақтармен таныстырып өтейік .
Қонақтармен таныстыру
Видеоролик көрсетіледі . (5 мин)

Көрініс. 
МАИ қызметкері
:Балалар, біздің Қызылжарма ауылында кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді? 
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын. 
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.) 
МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар. 
(«Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.) 
МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау! 
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін. 
Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді) 
МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді)
МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не? 

(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.) 
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін 
Бағдаршамның ал тілін 
Біліп алдым мен де 
Жасыл жанса демде 
Алға кетем лезде 
Сары түс: Сары жанса сабыр 
Сақтай тұрам әзір 
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай, 
Қаламын кілт тоқтай. 
МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін. 
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.) 
Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын. 
Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады) ( светті сөндіру )
Жасыл түс:
Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін. 
МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады) 
Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. 
МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой. 
Хормен(балалар) Дауласуды қояйық, 
(светті жағу )
Жарықтарды жағайық 
Бағдаршам-ау, бағдаршам, 
Достасып тату болайық.! 
МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар? 
Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Мен енді қайталамаймын .

Мұғалім : Міне балалар сендер қалай ойлайсыңдар ?

Қоянның істегені дұрыс па ?

Әрине дұрыс емес .

Сендер мұндай қателікке ешуақытта жол бермейсіңдер ғой я.

Музыка әуені естіледі . Музыкамен оқушылар шығады. Сапқа тұрады . Осы кезде велосипед айдаған бала жол ережесін бұзып өтеді .

Жол полициясы ысқырып (оны тоқтатады ) : Сен неге жол ережесін бұзасың ?

Бала : Мен жол ережесін білмеймін .

Жол полицейі : Бағдаршамға қара . Қазір біз саған жол етежесін түсіндіреміз .

Бала : Жарайды .

Полецей : ( ысқырады .) Балалар жүгіріп келіп қатарға тұрады .

Полецей : Бас көшеде қырағы

1- қыз :Үш көзді дәу тұрады .

2 - қыз .Ашса кезек үш көзін ,

3 - қыз .Айтты деп біл үш сөзін .

4-бала :Тоқта. Сақтан . Жол ашық,

Полецей : Жүрме жолға таласып .

  1. қыз Қызыл көзін ашқанда,
    Барлығы :Сынық сүйем баспа алға.
    2- қыз : Сары көзін ашқанда
    Барлығы :Қарап қалма аспанға.
    3- қыз : Жасыл көзін ашқанда,
    Барлығы :Жүре бергін, жасқанба!


C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\жана жыл цифровой 2015\DSC01514.jpg C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\жана жыл цифровой 2015\DSC01516.jpg




C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\жана жыл цифровой 2015\DSC01509.jpg



Ортаға бағдаршам шығады.

Бағдаршам : Сәлеметсіңдер ме, балалар ?

Балалар : Сәлеметсіз бе құрметті бағдаршам.!

Балалар, бүгін мен сендерге сұрақтар , жұмбақтар әкелдім .

Мұғалім :

  • Қане , балалар бағдаршамның тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма ?

Бағдаршам : « Кім жылдам ?» ( жұмбақтар шешу)
1..Бұйырмапты бас та, ауыз да,құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам )
2.Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. ( Жол )
3.Ала таяқ ұстаған,
.Жол тәртібін нұсқаған. ( Автоинспекция қызметкері )
4. Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
Сөйлегенді білмейді, 
Бірақ « Тоқта, жүр »-дейді. ( Бағдаршам )

Бағдаршам :Енді балалар, менің сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Кім дұрыс жауап берсе соған сыйлығым бар .

Қане дайынсыңдар ма ?
2. « Үйренейік білейік» (сұраққа жауап беру )

1. Жүргізуші деген кім? (Көлік жүргізуші адам) 
2. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз? ( Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.)
3. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз?
( Ақжолақша)
4. Автобус тоқтайтын орын. (Аялдама )
Бағдаршам : Балалар ,сендер менің тапсырмамды өте жақсы орындап шықтыңдар .

Ештеңе жоқ алаңдар ,

Өте берер адамдар.

Жол шетінде тұратын ,

Жол белгіге қараңдар .


(осы кезде жол белгілері ортаға шығады )


2-оқушы:Ескерту белгісі
Өзі қызыл,үшбұрыш,ескертуің мен болам
Хабарлайтын бар қауыпты,оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші,жаяуда,
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.

3-оқушы:Тыйым салу белгісі
Мен бәріне әрқашан тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл,өзім шеңбер сызық болып бітемін.
Осы жолы үндемеймін,бар ма тағы сұрағың?

4-оқушы:Көрсеткіш белгісі
Баратын сапардың қашығын,
Үн түнсіз жөн сілтеп,көрсетіп тұрамын.
Күндіз де,түнде от болып жанады
Көкпенен боялған төрт бұрыш шырағым.

5-оқушы: Бағыт беретін белгі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағыты,
Ой шұңқыр бұрылыс,қатерді қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де тез мені таныпты.
Барлығы:

Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндетті атқарып жүрміз біз.
Келіп жүр біздерге,балалар,ұмытпай,
 


Көрініс : « Үш көзді дәумен кездесу»

Көшеде арлы берлі жүрген машиналар , ортада бағдаршам .Ортаға жүгіріп бала шығады.

Бала : Қап ,мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а ,жолда машиналар көп екен .» тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін .

Бағдаршам : Әй тоқта ! Қайда барасың ?

Бала : Сен ше ?

Бағдаршам : Мен бағдаршаммын. Сен көше тәртібін бұздың

Бала : Қалай ? Қашан ?

Бағдаршам : Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғрй , сенің бұның дұрыс емес .

Бала :Енді қалай өтуім керек ?

Бағдаршам : Сен мені жақсылап тыңдап, айтқандарымды ұғып ал .Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды ., ал сары көзім жанғанда жолдан өтуге дайындал – деген белгі берем , ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рұқсат деген белгіні білдіремін .

Бала : Жарайды , айтқандарыңызды ұқтым .Енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын .

Би : 2 сынып оқушылары

1 - оқушы:

Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.


5 - оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал

Райкүл ( қимылмен білдіру )

1 - оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан-жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
2 - оқушы: Асықпаңдар, балалар,
Үлкен жолға келгенде.
Жан-жағына қарап ал!
Деме: Бізді кім елер,
Машина жоқ па? Жүре бер!


3- оқушы: Жарысып-ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
4 - оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!


Мұғалім :

Шуақты өміріміз күндей күліп ,


Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып .

Мұғалім :

Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлщеміне салсаңызда .

Жол жүру ережесі заңды тәртіп -

Ол ортақ

Үлкен –кіші , баршамызға.

«Деніміз сау ,еліміз тыныш ,жол тәртібін сақтап , аман –есен жүрелік » дегім келеді .

Аман болайық !

Хор : « Отан !

Қорытынды сөз:



































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров208
Номер материала ДВ-456124
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх