Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: "Өзіңді-өзің тәрбиелеу -өмір талабы " 4сынып

Тәрбие сағаты: "Өзіңді-өзің тәрбиелеу -өмір талабы " 4сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тәрбиелеу – өмір талабы.
Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға өзін –өзі бағалауда ерік–жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана – сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
ә)оқушылардың өз-өзін бағалауын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту.
б)оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: пікірлесу  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар. нақыл сөздер. үлестірме қағаздар т.б.
Сабақтың барысы:  
I.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.
II. Өзіңді өзің тәрбиелеу – өмір талабы. Адамдардың өзін–өзі тәрбиелеуі дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білуі. Әр адам – жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар. Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті және жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін –өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болуы керек.
III.Ой шақыру:- Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің? - Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсінесің?
- Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз?
 - Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек? Біздің ғасырымызда адамға жоғары адамгершілік керек. Осыған байланысты әр топқа адамгершілікке байланысты сұрақтар қойып пікірлеседі. 1. Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің? 2. Басқаның еңбегін бағалай білесің бе? 3. Жолдасыңды бағалайсың ба?
4. Өзіңнің туған ауылыңды, жақын адамдарыңды жақсы көресің бе? 5. Сен мейрімдісің бе?
6. Ата-ана, ұстаз сен үшін кім?
Басқалардан өзгеше болу – кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.
• «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» (Абай).
• «Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы» (В. Сухомлинский). • «Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек» (Н. Островский). • «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс» • «... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт» (М. Жұмабаев).
• «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыт-тың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адам-ның өз мінез–құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» (Әл - Фараби).
IY.Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары». Қатысушылар шеңбер құрып, бір -біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алды.. Мен  сүйемін...........
Маған ұнайды.............. Маған қиын............. Менің жанымды жадыратады........Өз достарымның арасында
----------- Мен келешекте.........Сонымен , балалар, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз –өзіңді бағалау – кемшіліктеріңді жетістіктеріңді басқа адамдармен бөлісе отырып, достарыңа деген қарым – қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс –әрекеттеріңді білу деген сөз. Адам өзін – өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Бүгінгі сабағымыз өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз. Енді сабағымызды қорытындылай келе, Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру»өлеңімен әсерлендіре түссек.
Көтер. қане, басыңды
 Күніңді босқа өткізіп пе едің?  Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін, Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған? Тұлпарды сүрінбейді деп, Асауды мінілмейді деп, Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған? Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, Биікті ардақтайды.
Асылды қорлатпайды деп? Қиналып бекер алаңдадың-ау, Ойыңды шығар өріске.
Өзің- ақ айтшы ғаламда мынау Жеңудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе ? Өмірдің барлық сәтсіздіктері
 Бақытсыздық емес, ендеше !
Жүректен жүрекке: Балалар шеңбер құрып,көршілеріне жақсы сөз, жылы лебіздерін білдіріп жүрекшелерді ұсынады.Адамдар жолында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, өмір бойы өзінің мақсатына жету жолында күреседі екен.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен АРМАН керек екен адамға!
Сабақты қорытындылау!
Ең бастысы - жүрегің таза болсын;
Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір - арман,жүзеге асыр;
Өмір - парыз,орындай біл;
Өмір - ойын,ойнай біл;
Өмір - байлық,бағалай біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала біл;
Өмір - құпия,сырын аш;
Өмір - қайғы,көтере біл;
Өмір - күрес,жеңе біл;
Өмір - бақыт,баянды ете біл.
Бағалау.
Өмірді аяла
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды, жақыныңда,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал десем едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,
Шыдады алдан жап-жарық келешегің.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз еркінде.
Өкінсең де өткенің оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досың да
Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құндылығын сезіндіру.
2.     Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру,олардың алдын алу.
3.     Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.


Сұрақ:
Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал,бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
«­­Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

Ендеше  сіздер  қалай  ойлайсыздар, жалпы  бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
-Елестетіңіздерші, бүгін  біздің  дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
-Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
-Бақыттың иісі қандай?
-Ол жылы ма,әлде салқын ба?
-Бақыттың дыбысы қандай?
-Бақытты адамды қалай танисыңдар?
-Өздеріңіз  қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты  болу  үшін ең  алдымен  не  қажет?

Ақша
Бақыт-    Компьютер
Тәтті кәмпит
Түсінушілік

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.

Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр  жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге  мойымай, өзіңе  сенімді  болсаң, міне  сол  бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.

«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса,  сонда бақытты болады.

Олай  болса,  өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер. Олай болса, бізге екі жасөспірім өз қиындықтарымен бөліскісі келеді екен, соларды тыңдап өз ақылымызды қосайық.

Қандай кеңес айтасыңдар?

Өзім: Адам өзге тұрмақ,өзінен  жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде,қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп,арпалысуы,ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек,шыңырау,ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап,қасына адам жинайды,анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын,тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан,ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні,адамның ұлылығы болмақ.

Ендеше,осы екі жасөспірім біздің кеңесімізді тыңдап,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болады деген ойдамыз.

Балалар,біздің ақын ағаларымыз,қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей,кім  бізге  өлең  шумақтарын  оқып  береді?

Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.

Мүмкін өз ойларыңызды, газет бетіне түсірерсіздер. Екі топ өз газеттерін суреттеп  немесе  өз  ойларыңды  жақсылап  өлең  шумақтарымен  келтіресіздер ме,  ерік  өздеріңде.
Әр  топ  өз  жасаған  жұмыстарын  басқаларымызға  түсінікті  болу  үшін  талдап  айтып  берулеріңіз  қажет.
Ал,  енді,  олай  болса, біз  сіздермен  мынандай  ойын  ойнап  жіберсек  қалай  қарайсыздар?

Ойын «Түсін мені»
Мақсаты: бір оқушы жазылған парақтағы сөзді ыммен түсіндіреді ,ал қалған оқушы соны табу керек.

 

Бақыт өлеңі оқылады. Компьютерден
Міне, өмір,  бақыт  дегеннің  не  екенін  манадан  талдадық  олай  болса  сіздердің  осыдан  не  түйгендеріңізді  тыңдағым  келіп  тұр.
Балалардың  ойларын  ашық  айтуы.

Ұран:
1  топ. Біз өмірді сүйеміз!
2.  топ. Бақытты өмір сүреміз!

Барлығы  қосылып.Біз бәріміз біргеміз!

Жүректен- жүрекке. Бір-бірлеріне тілек айтады

Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде:Бізден  асқан  бақытты жан  жоқ  екеніне  көзіміз  жетті.Сіздер  қалай  ойлайсыздар?
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

Қорытынды:

 

 

 

 

Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым

Мақсаты:оқушылардың білімдерін,өнерлерін сайысқа түсіріп,білімді,жан-жақты болуға,өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу,білуге,үйренуге деген қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын ояту.Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту,білімді дарынды,озық өз ойларын нақты,дәл айта білуге баулу,сауаттылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жарыстың өту барысы:
Білімімен тәнті етеді тектілер,
Мұратыңа білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін,ән-жырмен өрнектелген «Бүгінгі білімім-ертеңгі байлығым»атты интеллектуалдық ойынымызды тамашалайсыздар.
Ашық-жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің.
Тыңдап баға беруге,
Шақырайық төрге,
Төрелік өздеріңізде!
Оқушылар екі топқа бөлінген: «Өнер» тобы, «Зерек» тобы.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»деген.Олай болса,біз бүгін ұшқыр ойымызбен,өткір тілімізбен ана тілінің тұғырын биікке көтеретін ұрпақпыз.
Сайыс кезеңдері:
1. Ұраны мен тобымен таныстыру
2. «Жүзден жүйрік»
3. «Білгенге маржан,білмеске арзан»
4. «Ойлан тап»
5. «Ұшқыр ой»
6. «Озық сәт»
7. Шығармашылық сәт

1- сайыс: «Зерек» тобының ұраны «Ана тілі-асыл нәрі бабамның»
Өнерменен өрге шығар білетіндер,
Сайыста білімдімен белдесіңдер.
«Өнерлілер» қабыл алшы,
Сәлемін беріп тұрған «Зеректілер»

«Өнер» тобының ұраны «Өнер алды-қызыл тіл»
Құлақ салып тыңдап қал.
Өнер деге жұмбақ бар.
Шеттерінен қырағы команданың ұланы,
Өнерімен өрге өрлеп,биік шыңға шығады.

2. «Жүзден жүйрік»
Бұл кезеңде әр топқа 10 суреттен беріледі,сол суреттер бойынша мақал-мәтелдер айту.Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1-топ «Зерек»
1. Ағаш-жалғыз ағаш орман болмас
2.Тауық-тауықтың түсіне тары кіреді.
3.Жігіт-жігітке жеті өнер де аз.
4.Арба-алыстан арбалағанша жақыннан дорбала.
5.Ауыз-бір елі ауызға екі елі қақпақ
6.Шебер-Шешеннің тілі ортақ,шебердің қолы ортақ.
7.Еңбек-еңбек ер атандырады.
8.Қой-Семіздікті қой көтереді.
9.Нан- Ас атасы-нан.
10.Тау- Көрінген таудың алыстығы жоқ.

2-топ «Өнер»
1.Қыз- Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі.
2.Ине-Оқу инемен құдық қазғандай.
3.Балапан- Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.
4.Үй- Үндемегеннен үйдей пәле шығады.
5.Ет- Ет етке,сорпа бетке.
6.Ат- Ер қанаты-ат.
7.Жапырақ- Адам көркі-шүберек,ағаш көркі-жапырақ.
8.Тас- Таспен атқанды аспен ат.
9. Ит- Ит жоқта шошқа үреді.
10. Аққу-аққуды атпа,досыңды сатпа.

3. «Білгенге маржан,білмеске арзан»
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдіден шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
1 топқа «Зерек»
1.Қазақ даласының «Жарық жұлдызы»-Ы.Алтынсарин
2. «Бала Тұрар»әңгімесінің авторы- Ш.Мұртаза
3. «Сабалақ» деген кім? –Абылай.
4. «Шәкірт»сөзінің синонимі-оқушы.
5. Қазақтың атақты суретшісі- Ә.Қастеев.
6.Көктемнің алғашқы айы- наурыз
7.Қазақтың қос жұлдызы- Әлия,Мәншүк.
8. Сәбидің төсегі- бесік.
9.Барлық қабырғалары бірдей геометриялық фигура-шаршы.
10.Бес дұшпанды ата? -Өсек,өтірік,еріншек,мақтаншақ,мал шашпақ.

2-топқа «Өнер»
1.Абылайдың азан шақырып қойған аты-Әбілмансұр.
2.Балық не арқылы дем алады-ЖЕлбезек.
3. «Алтын адам» қай жерден табылды?- Есік қаласы.
4.Қоңыр түсті дәрі-Йод
5.Үш арсызды ата? Ұйқы,күлкі,тамақ.
6. 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл
7. Оңтүстіктің ақ алтыны-Мақта
8.Аққудың баласы-Көгілдір.
9.Қазақстандағы ең терең өзен-Ертіс.
10.1 тоннада неше кг-1000 кг

4. «Ойлан тап» Тақтада 15 ұяшық беріледі.Әр топ бес ұяшықтан таңдайды.Әр ұяшықта тапсырмалар бар.Ашықхаттан әріп суырып,берілген тапсырмаларға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру тапсырылады.
1-топ «Зерек»
2- Көлік түрі такси
6-Қала Талдықорған
20- Мінез құлық Т тұйық
17-Киім тон
15- Табиғат құбылысы тұман

2-топ «Өнер»
1-Кісі есімі Қанат
10-Ағза Қ Қабырға
15-Өсімдік Қалампыр
4-Ас ішетін құрал Қасық
8-Қасиетті кітап Құран

Сенің атың О Орал
Ресей қаласы Оренбург

5. «Ұшқыр ой»
Біздің қолымызда құпия жазылған мақал-мәтел бар.Әр цифр әліпбидегі әріптерге сәйке келеді.Ендеше төмендегі шифрға қарап,мақал-мәтелді оқы.
1-топ 21 11 51 39 51 – 7 11 3 45 9 23 21 17 51 8.
(Ел іші –алтын бесік)
2-топ 8 16 39 23 51 11 21 8 3 21 21 31 21 17, 6 16 4 21 8 3 21.
(Күш білекте емес,жүректе)
6. «Озық сәт» Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу
1-топ «Зерек»
1.Тайға таңба басқандай- (анық,нақ)
2. Ай десе аузы,күн десе көзі- (әдемі)
3.Асық алшысынан түсті-( жолы болды)
4.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды – (кеш,жәй)
5.Аспан айналып жерге түсті- (өте ыстық)

2-топ «Өнер»
1.Сақалын сипап қалу- (алдану)
2.Жүрек жалғап алу- (дәм тату)
3.Бармағын шайнау – (өкіну)
4.Қол ұшын берді – ( көмектесті)
5.Қас пен көздің арасында- (лезде,тез,жылдам)

7.Шығармашылық сәт.Бірыңғай бірдей әріптен сөйлем құрау.
1-топ «Зерек»
Қ Қ қ қ қ қ
Қойшыбаев Қанат қораға қойлардың қошақандарын қамады.

2-топ «Өнер»
Ж ж Ж ж ж ж
Жасұлан жазда Жайық жағасынан жидек жинады.

Қорытындылау.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз,-дей отырып «Бүгінгі білімім-ертеңгі байлығым» атты апталықтың қорытынды ойын-жарысын аяқтаймыз.Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Өзіңді-өзің тәрбиелеу -өмір талабы " 4сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2016 10276
    • DOCX 31.2 кбайт
    • 287 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекжанова Балиса Сембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекжанова Балиса Сембаевна
    Бекжанова Балиса Сембаевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 159288
    • Всего материалов: 57

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек