Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТәрбие сағаты(Ана өмірдің шырағы)

Тәрбие сағаты(Ана өмірдің шырағы)

Скачать материал

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ана өмірдің шуағы»

Мақсаты:
Ана –өмірдің шуағы, ана өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Оқушылырдың аналардың еңбегін бағалай, құреттей білуге тәрбиелеу.

Көрнекліктер;суреттер,мақал-мәтелдер,т.б.

Сабақтың барысы:

1-Жүргізушінің сөзі:

Армысыздар, ұстаздар,аналар ,оқушы қыздар!

Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

...............................................................................

II-жүргізушінің сөзі:

Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

....................................................................................................................
III-жүргізушінің сөзі: Құрметті әжелер мен  аналар, әпкелер!  Біз сіздерді мерекемізге шақырған себебіміз, сіздерге зор махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді,  сыйластығымыз  бен ілтипатымызды және шексіз алғысымызды білдіреміз.  Бала деген ана үшін ең қымбат. Ананың махаббаты ең пәк, ең қасиетті.  Ана- баланың бірінші мұғалімі және  жақын досы.  Әлемде анадан жақын , ыстық адам жоқ дей . Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббатына жететін ештеңе жоқ. Ендеше «Ана- өмірдің шуағы » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер,дей келе тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

І -жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
..........................................................................................................

ІІ- жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
.....................................................................................................

ІІI- жүргізуші:

Әнге дағы салармын

Төбем көкке жеткендей!

Сонда көңілі анамның

Құлпырады көктемдей! .

Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын кезегімізді берейік.

1-оқушы Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де , гүлі де ана!

Ана деп бас иеді бүкіл халық!

Біз ғана еме

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

2-оқушы

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық , алтын бақ!

Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.

3-оқушы

Болашаққа аттаймын,

Білімменен , сеніммен.

Ақ сүтіңді ақтаймын,

Қалмай озық өмірден.

Жолыма дәйім қарайсың,

Зейінмен әлі ,анашым.

Таусылмас сенің еңбегің,

Әлі көп саған бермегім.

....................................................................................................................

І жүргізуші:

Түн ұйқысын төрт бөлген

Қиындықтан өткерген,

Бәрі: Анам саған бас ием

..................................................................................................

ІІ жүргізуші:

Қатем болса кешірген,

Еркелетіп өсірген

Бәрі: Анам саған бас ием

..................................................................................................................

III- жүргізуші cөзі:

1. ХОР : Көктем вальсі әнін қабыл алыңыздар!

..................................................................................................

1-жүргізуші:
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...

.................................................................................................................

2- жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!

Дей келе әдеби монтажға берейік кезекті:

4-оқушы

Бұл өмірде жалғыз менің тілегім,

Әнге бөлеп есіміңді жүремін.

Ақылыңды ойға қосып тоқимын,

Сабағымды тек бестікке оқимын.

5-оқушы

Әрқашанда анам менің тірегім,

Ең жақыным сіз ғана деп білемін.

Анам болса мәңгі бақи қасымда,

Өмірімді анама арнап сүремін.

6-оқушы

Дүниенің жарық күні - анамыз,

Жарық күннен қуат алған санамыз

Ұлық болсақ- анаменен ұлықпыз,

Дана болсақ - анаменен данамыз

7-оқушы

Ана деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Қасында кім болса да,

Тек анаңа жақынсын.

Анам менің қымбатты,

Анам менің сымбатты.

Бізге деген ісімен

Таң ағарып, күн батты.

8-оқушы

Өзім күтем өзіңді,

Екі етпеймін сөзіңді.

Шашылғанды жинаймын

Еңбегіңді сыйлаймын.

Өз бетіммен кетпеймін,

Бау бақшаны шөптеймін.

Сабағымды оқимын.

Саған шәлі тоқимын

....................................................................................................................

3- жүргізуші cөзі:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!Дей келе Анашым ӘНІНЕ КЕЗЕГІМІЗДІ БЕРЕЙІК ОРЫНДАЙТЫН Оңалсын Альбина қабыл алыңыздар!

....................................................................................................................

1-жүргізуші:

Ендігі кезегімізді әнге берейік хор «Келші жаным » әні қабыл алыңыздар!

....................................................................................................................

ІІ жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз 
Жадырасын жанымыз, 
Ана, сені құттықтап, 
Әндетеміз бәріміз. 
Ендігі кезегімізді әнге берейік «Сәби бақыты»орындайтын Сейткерім Ануар қабыл алыңыздар!

....................................................................................................................

3- жүргізуші cөзі:

Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Ендігі кезегімізді би «Лезинка биі»

Әдеби монтажға берейік

9-оқушы

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкені де ардақтаған.

Өзіңнің аяулысы Отанын да

Ана деп біздің халық текке айтпаған.


10-оқушы

Қабақ шытпай өсірген,

Ақыл еккен санаға.

Ана деген есіммен

Тым қымбатсың балаға.

Мәпелейсің бздерді,

Алақаның аялы.

Ана салған іздерді

Деймін ағаш саялы.

11-оқушы

Мейірімінен нәр алдым,

Күн нұрынан жаралған.

Аяулысы адамның

Жақын кім бар анаңнан

Еркелеткен жаным деп,

Ардақтым да , асылым

Қастерлеймін қадірлеп,

Әрбір талын шашыңның

12-оқушы

Ардақты ана , аяулы ана , қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

13-оқушы

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

................................................................

1-жүргізуші:

Енді сіздергежұмбақтар жасырайын.

  • Болар күнде алаң,

Жанашыр кім саған? (Анам)

  • Болсаң егер жаман,

Кейитін кім саған? (Анам)


  • Таң қалғандай ғалам,

Кім ең сұлу адам? (Анам)


-Боташым дер саған,

Кім сүйікті адам? (Анам)

....................................................................................................................

ІІ жүргізуші:

Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?
Дей келе әнге береміз орындайтын Мәлімбай Ырсалды «АНА» әні ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР
!

І- жүргізуші: Отан отбасынан басталады десек, сол отбасының алтын діңгегі - аналардың қоғамдық орны ерекшедей келе,кезегімізді хорға «Туған жер»әнін қабыл алыңыздар.

....................................................................................................................

ІІ жүргізуші: Анаға арнап би билейміз, Анаға деп ән саламыз, сыныбымыздың өнерлі ұлдарының орындауында Хор: "Шет жүрсем сағынарым"әні қабыл алыңыздар!

....................................................................................................................

3- жүргізуші cөзі:

  1. Ендігі кезегімізді әдеби монтажға береміз!

20-оқушы

Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың.

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың.

Менің анам – мұғалім,

Менің әжем шын ғалым.

Одан жас та, кәрі де

Оқып шыққан бәрі де.


21-оқушы

Бізді өсіріп , баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ақ анам!

Ішіп болып тамақты,

Кірісемін жұмысқа.

Жуам кесе , табақты,

Су құйып ап ыдысқа.

Көмектесем үнемі,

Апам ісі сонша көп.

22-оқушы

Ойлап ылғи жүремін:

«Қолқанаты болсам» деп.

Отын жарып берсем де:

Өмірлі бол! дейді апам

Суын алып келсем де

Өмірлі бол! дейді апам

Апа деген не деген

Ақ тілеулі жан еді.

Алғысын ап оның мен,

Өсе бергім келеді.

....................................................................................................

І- жүргізуші: Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған биші қызымыз индиядан келген Аманбаева Алтынай береміз.

.................................................................................................................

ІІ жүргізуші: Сыныбымыздың әнші қызымыздың орындауында "Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар! МАТКАРИМОВА ФИРУЗА

....................................................................................................................

3- жүргізуші cөзі:

  1. Ендігі кезегімізді әдеби монтажға береміз!

23-оқушы

Отын жарып берсем де:

Өмірлі бол! дейді апам

Суын алып келсем де

Өмірлі бол! дейді апам

24-ОҚУШЫ

Апа деген не деген

Ақ тілеулі жан еді.

Алғысын ап оның мен,

Өсе бергім келеді.

25-оқушы

Мейірімі жел-жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп

Құлыным деп құшады.

26-ОҚУШЫ

Жүрсем егер жанында

Қуанады ақ әжем.

«Бес» алғанда алдында

Биіктейді дәрежем.

27-оқушы

Әже, әже , жатпашы,

Ауыр ойға батпашы,

Болайын мен дәрігер,

Десең: «Шипа дәрі бер!»-

Дәрі жасап берейін,

Бәрін жасап берейін.

Ауыртпаймын әжемді

Ауырмайсың, әже , енді.

.....................................................................................................

I-жүргізушінің сөзі:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. «АСЫЛ ӘЖЕМ».ХОР.
....................................................................................................................



3- жүргізуші cөзі:

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшінбалаларыңыздың тамаша билерін қабыл алыңыздар.Вальс биі

...................................................................................................................

3- жүргізуші cөзі:

  1. Ендігі кезегімізді әдеби монтажға береміз!

Диас,Айбар, Альбина,Зейнеп ,ҰЛДАНА.

....................................................................................................................

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

...................................................................................................................

ІІ жүргізуші: Балалар өздерінің сыйлықтарын аналарына табыстайды.

...................................................................................................................

3- жүргізуші cөзі:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.


















































































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты(Ана өмірдің шырағы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 781 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2016 1686
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саккулова Гульшат Абилкеримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16978
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе