Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағатының сабақ жоспары. Тақырыбы: "Біз- бақытты балдырған" (1-2 сыныптар)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Тәрбие сағатының сабақ жоспары. Тақырыбы: "Біз- бақытты балдырған" (1-2 сыныптар)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Біз – бақытты балдырған!»

Мақсаты: Отан, ана тілі, отбасы, мектеп жайлы білімдерін толықтыру.

Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Біз- бақытты балдырған» атты плакат, суреттер, нақыл сөздер.

Жүргізуші:

Бала шаққа болашақты жырлатып, 

Шәкірттеуге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армвызыздар, ұзтаздарым қымбатты.

Жүргізуші: Құрметті ұзтаздар! 1 «ғ» сынып оқушыларының дайындаған «Біз бақытты балдырған» атты сыныптық кешіне келіпсіздер!

Хор : «Біз бақытты балдырған».

Мұғалім:  Жанай, сен өзіңді не үшін бақытты балдырғанмын деп ойлайсың?

Оқушы: -Иә, мен өзімді бақытты деп санайтын себебім, өйткені менің сүйікті Отаным, қасиетті ана тілім, ардақты да аяулым ата- анам бар. Ал осының бәрін сүйіп ардақтай білуді маған алтын ұя мектебім мен ұстаздарым үйретті.

Мұғалім: Олай болса, осы сұраққа сендер қалай жауап берер едіңдер?

1-      Оқушы:

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берер ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.    

2 – оқушы:

Ал екінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

3 – оқушы:

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

4 – оқушы:

«Отан» дегеніміз – төрт әріптен тұратын сөз. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.

5 – оқушы:

Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның деген істеу – қуаныш, мақтаныш.

6 – оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман тоғай көлімізді.

7 – оқушы:

Отаным менің кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін қазақстан?!

8- оқушы:

О, Отаным құлыгыңмын қойныңда,

Өзіңмен өмірім өзің де балаң ойым да.

Болашағың күлімдеген ертеңгі

Отан – Ана мына менің мойнымда.

9 – оқушы:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мұғалім:

Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде қалыптасқан

            Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата – бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарынан бастан өткеруінен көрініс.

... Соғыс – зұлымдық жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубәт жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді.

            1979 жылы желтоқсанда Л.И. Брежнев басшылық еткен Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл соғысқа өзге де Одақтастарымен бірге біздің 23 мың қазақстандық қатысты. Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрады. Ол – Ауғаныстан жеріндегі дұшмандар басқыншылығына той – тарыс беріп, бейкүнә халықтың тыныштығын қорғау және өзінің Отан алдындағы интернационалдық борышын қалтқысыз өтеу болатын.

Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау,  өскелең  ұрпақтың қасиетті міндеті”

Жүргізуші:

            Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз

Оқушы:

            Тарадай Виктор Иванович-Жезқазған қаласында 1960 жылдың 27 тамызында дүниеге келген.Виктор Т.И. 9 сыныпты №13 мектептен бітіріп,№6 кәсіби мектебіне оқуға түседі.Кәсіби мектепті бітіргеннен кейін оны 1978 жылы әскерге шақырады.Ол әскерге барғаннан кейін Ауғаныстанға жіберіледі.19 жастағы бозбала Ауғаныстандағы соғысқа қатысады.Виктор Т.И.1980 жылдың 26 мамырда сол соғыста қайтыс болады.

Оқушы:

            Тарадай Виктор Иванович Жезқазған қаласындағы Ауғаныстан соғыста қайтыс болған ең бірінші солдат.Оның мәйітін самолетпен әкеп,өзінің туып-өскен жері Жезқазған қаласына әкеп жерлейді.Оның атымен Жезқазған қаласындағы бір көшенің атын-Тарадай деп атады.

Оқушы:

Мамжанов Асылбек, Сансызбаев Манарбек, Морозов олег, Құттыбаев Ғибат сияқты ағаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтап құрметтеу – біздің борышымыз.

Оқушы:

Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерін мың жаса, дәуірлеңдер!

Оқушы:

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кезің еді төс керіп,

Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

Оқушы:

            Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

            Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

            Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді.

            Жебейді олар аруағымен сендерді.

Оқушы:

Еске алып, құрметтейміз, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің.

Оқушы:

Бүгін біздер ұланымыз егеменді қазақтың

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.

Артта қалып азапты күн, тозақ күн!

 

Оқушы:

Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.

Жүргізуші:

            Біз бақытты балдырғанбыз. Өйткені бізді осындай дәрежеге жеткізіп, мәпелеп, аялап өсірген аяулы ата – аналарымыз, ата – әжелеріміз бар. Сондықтан, біздің ата – анаға, ата – әжеге деген алғысымыз мәңгі, шексіз.

Оқушы:

            Бастадым сөзімді ана деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысыанам екен.

Оқушы:

Аман бол, өр тұлғалы әкелерім,

Қыран құстай болашағым мәпелеген.

Бүгін міне өз өнерін көрсетеді

Азамат боп кешегі сәби еркелерің.

 

Оқушы:

Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап,

Құмарымды тарқатам,

Жер мен көкті аралап.

Ертегілер еліне біршегетін сапарды

Ардақтаймын өмірде асқар таудай атамды.

 

Оқушы:

 Ертігісі, өзінің, таусылмайды не түрлі,

Әжімдерді көзінің, ақ мейірім секілді,

Кимешегін, жаулығын, теңеп аппақ гүлге мен

Әжемнің денсаулығын тілеп жүрем күнде мен.

 

Мұғалім:

            Аяулы ата – аналарымыз бен ата – әжеллерімізге арнап мың бұралған ару қыздарымыз өздерініңбиін тарту етеді.

Оқушы: Ал біз келешекте өміріміздің шамшырағы болатын өнер – білімді үйретіп жатқан алтын ұя мектебімізбен аяулы ұстаздарымыздың арқасында өзімізді бақытты болдырған деп санаймыз.

Оқушы:

Аялаған баптаған,

Асыраған, сақтаған,

Сақтандырып күнде еппен

Мектебіме мың алғыс!

Мектебіме мың алғыс!

Ән «Мектебім»

Жүргізуші:

 Тыныштық баршамыздың ұранымыз

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

 





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-372920

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"