Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағатының тақырыбы: "Мен және менің отбасым "
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Мен және менің отбасым "

библиотека
материалов

Ақтөбе қаласы № 35 орта мектебі Тлеугабылова Гулханым Ертлеуқызы

Күні: 29.10.2015 жыл Класы: 5 Ә Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты: а) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекшеекендігінтүсіндіру; ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, атаақылыменберілетінбілім, өзіндік ұлттық қасиетімсізіді балалардың бойына дарыту; б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достыққарым-қатынастықалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушының шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.

Барысы: І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ой шақыру. 
Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке. 
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.  Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары. 
Жаманы-қайғысы, азап- соры. 
(В.Сухомлинский). 

ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз.

  1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

  2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Үйдегі алтын қазық кім?

  5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзініздің артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

  6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

    ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам балаға сыншы ретінде дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

    ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары: 1-оқушы   Алмас Бала,бала, бала деп Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп Түнде бесік таянған.

2-оқушы Нұрдаулет Атамның ән-күйі ғажайып Әжемнің әлдиі ғажайып Анамның мерейі ғажайып Әкемнің пейілі ғажайып Осындай жақсы әдет ғажайып Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы Алина Әке деген-биік шыңы адамның, Әке деген-тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойында аққан қаның да Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да. Не десеңде әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы Галия Бойға қуат береді .«Әй, жарайсың» дегені Мен әкемнен әр кезде Соны естігім келеді.

5-оқушы Дильназ Әкем шытса қабағын, «Байқа, балам» дегені Алған көп-ақ сабағым Жақсы көрем мен оны.

6-оқушы Зарина Сабағымнан қалмаймын Бес аламын бәрінен Озат оқып әрдайым Қуантамын әкемді

7-оқушы Шахрияр Ойнаймыз, күлеміз Жарқылдап жүреміз Әкені сыйлаймыз Айтқанын тыңдаймыз.

8-оқушы Алишер Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы, Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы. Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық, Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

9-оқушы Мұстафа «Балам аман болсын» деп көз ілмеген, Қуат алдың, анажан, өзің неден?! Адамдардан жақсылық күте алмаймын Ана жүрек мейірін түсінбеген

10-оқушы Данияр Әжемнің саясында ер жетіп мен, Аялы ақ бесікте тербетілген Әжемдей ақ ниетті абзал жанды Таппаспын айналсам да жер бетінен

11- оқушы Ислам Ер жетіп есейгенде балапаны Арайлап атады екен дала таңы Иіскеп маңдайымнан сипалайтын Қымбат қой әжелердің алақаны

12- оқушы Салим Дүниенің жарық күні-анамыз Жарық күннен қуат алған санамыз. Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз, Дана болсақ-анаменен данамыз. Өмірге мына бізді ала келген, Дүние қымбат екен анаменен

V. Ән: «Асыл әжем» Нұртазин Данияр VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

  1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

  3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

  4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

  5. Балалы үйдің еңсесі биік.

  6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым » тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.

VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсің Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің Аппақ мөлдір сезімсің Мен барымды аяман Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.

Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»

-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп  жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)

Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Үшінші ойын: «Сезім гүлі»

-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.

ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

  1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

  1. Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап Өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

  1. Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйг екірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 

Х. Ата-аналарға сауалдар: 1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз? 2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз? 3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»

ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Алтынай Екі нәрсе қадірлі тірі адамға, Сол екеуі мәңгілік дос дер едім .-Не дейсің ғой, айтайын: - Бірі-Анаң да,Бірі-Отаның туған жер, өскен елің! Осы екеуі-бақытың, үміт таңың Осы екеуі-ашатын жігіт бағын Дүниеде бар нәрсе өзгермелі, Осы екеуі-мәңгілік  ұмытпа ұлым! Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де, Осы екеуін арманым, ақ құсым де! Өз арыңды лайлап алмау үшін, Осы екеудің арына дақ түсірме! Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік, Бермес саған ол бірақ жасын қиып Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.

ХІІІ. Қорытынды Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Әкем біреу, анам да біреу менің Мен жығылсам сүйенер тілеулерім Олар барда мереке Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің Менің досым әкесін жек көреді Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді. Жамандайды, сыртынан тістенеді.

Бір-біріне бітпейді өкпелері Дос тапса да адамдар, тапсадағы Әке жалғыз табылмас ақшаға да Жамандасаң әкеңді саған әкеп Жақсы әкесін береме басқа бала Әке білек, саусағы балалары Қан тамырымен жалғасқан аналары Ана тамыр бойымен беріледі Тіршіліктің жылуы таралады



 




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-154720

Похожие материалы