Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағатының тақырыбы: "Зиянды әдеттерден аулақ бол!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Зиянды әдеттерден аулақ бол!"

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» 11.11.2015 жыл

Мақсаты:

Оқушыларға темекі , ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

- темекі, ішімдік, есірткі туралы білім алады.

- ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз, маркер, кеспе қағаздары,

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту
Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан – 2050 » стратегиялық бағдарламасында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «Зиянды әдеттерден аулақ

бол!» атты ашық тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз.

Оқушыларға темекі, шприц, арақ суреттерінің кеспе қағаздары берілді. 1. Темекі суретің жинақтаған –«Шылымқор»

2. Арақ суретің жинақтаған - «Ішімдік»

3. Есірткі суретің жинақтаған – «Нашақорлық» болып сынып үш топқа бөлінеді.

Мағынаны тану

«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»

«Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір» «Есірткіге жолама,жетелейді молаға» -деген ұрандармен , 1-топқа: Темекінің зияны, 2-топқа : Арақ, 3-топқа :«Есірткі адамзаттың соры» деген тақырыптар берілді. Әр топ өзіне берілген тақырыпты ашып, флипчарт құрады, қорғайды.

Топтасып жұмыс істейді, әр оқушы өз ойларын қосады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір немесе барлық оқушы көрсетеді.

«Уланбасын өмірің» тақырыбы бойынша 3- топқа тапсырмасы беріледі. Тақырыптың маңыздылығын ұғындыру, авторлық шеберлігі, ойларын ұтымды жеткізуге үйрету мақсатында өткізіледі.
1-топ. Шылым шегудің «пайдасы»

( Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады )

  • Ата , мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз , бұл денсау-лыққа пайдалы ма ?

  • Шылым шегудің үш түрлі «пайдасы» бар , балам. Біріншіден , шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.

  • Қалайша ?

  • Себебі , олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады , олар жастай өліп кетеді , балам. Екіншіден , олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

  • Қалайша ?

  • Себебі , шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп , үйге жақындай да алмайды. Үшіншіден , шылым шегетін адамды ешқашанда ит 0аппайды7

  • Қалайша ?

  • Себебі , олар өте ерте мүгедек болып қалады да , таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма ,айналайын?

( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады )


2- топ «Есірткі – жас өмірді улайды»

Ерте, ерте, ертеде,

Дәл қазіргідей заманда

Айбек деген баланы,

Еркелетіп өсірді.

Сұрағанын әперді,

Оқу деген ойда жоқ.

Өсе келе ол бала,

Жамандыққа бойлады.

Өз бойына жолатты,

Есірткі деген пәлені.

Шерзод. ( Бекарыс )

Керек емес үйретпе,

Оқымаймын ереже.

Еркесімін әкемнің,

Кенжесімін атамның.

Қалтам толы ақшаға,

Ауырмайды басым басқаға.

Тыныш еді өмірім,

Көріп сені өзгердім.

Сүйіп сені көңілім,

Жұлдыздарға тең келдім.

Сөз таппаймын айтуға,

Сені ойға алғанда.

Түсімде де жүрсің ғой,

Темекі мен есірткіні ұсынып.

(Музыка қосылып би биленеді. Ысқырықпен балалар дискотекаға шығады, Бекарыс билеп жүріп құлайды.)

(дәрігер)

Тамырын умен суарып,

Инемен таза денеңді.

Тесуге неге келістің ?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің ?

Төсекке асыл азамат,

Аурумын деп құлайсың.

Дәрігерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың ?

Достары

Бұл тірлікте не тындырдың, не көрдің ?

Құрбанысың СПИД деген кеселдің.

Ақталмай-ақ кетіп барады арманы,

Жалғыз бала деп өсірген әкенің,

Кім кінәлі аялаған анаң ба ?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Анасы

Мен еркелетіп өсірдім сені, балам,

Сен ешқашан таршылық көрмедің.

Сен еркелеп менің жанымды жұбатқан,

Сен жалғанның жырларын,

Жаттатқан жалықпай , балам,

Сен ботақаным, сол өмірді ұнаттың.

Өмірімнің гүлі едің,

Сағынып сені жүрегім,

Жолыңа қарап жүремін.

Қатемді білемін , сеземін, балам.

( Әкесі баласын көтеріп сахнадан шығып кетеді )

Жас жеткіншек!

Өздеріңе айтып кету – борышым.

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын,

Жат әдет пен темекіге,

Жоламаңдар сол үшін!



3-топ « Ажалыңмен ойнама, айналайын»

І - жүргізуші: Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата - анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады. (Қайғылы, ауыр музыка ойнайды. Сахнаға ана мен бала шығады. Бала - нашақор. Қолында - шприц. Азған. Жүдеген. Қиналған. Нашақорлық ауруынан жанын қоярға жер таба алмай тұр.)

Бала: Апа, кешір мені. Кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесіз бе, мен... мен - нашақормын. Мен үшін бұл дүниенің қызығы жоқ. Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша сөйлесіп, адамша күле алмаймын, апа - а!

... Мен үшін өмірдің... бар қызығы - наша... наша, наша, анаша!

Наша тауып берші, апа. Наша тапшы. Жанымды қоярға жер таба алмай өліп барам. Өліп барам, апа. Наша, наша... Мені аясаң, мені балам десең, наша тауып берші, апа...(жылайды)

Анасы: Құлыным - ай, құлыным... Қалай тап болдың бұл бәлеге. Анаша дегенің - көрініп келген ажал еді ғой. Соны біле тұра... сорлы балам... ажалмен ойнағаның не болғаның. Өміріңнің бар қызығынан – қуанышынан айырып, сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осыншама сорлатқан қай тас - жүрек?


Ой толғаныс

PISA тапсырмасын орындайды. (темекі шегу сұрақтарға жауап беру ). Интерактивті тақтада шыққан дұрыс жауаптары бойынша бір- бірімен алмасып, тексереді

1-топ

Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.

Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?

А. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады.

Б. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді.

В. Қанды көмірқышқыл газынан тазартады.

Г. Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады.

2-топ

Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа да ауруларға шалдығу қауіпін жоғарылатады.

Темекі шегу төмендегі аурулардың қайсысының пайда болуына қауіпі бар?

Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Темеке шеккен кезде келесі аурулардың қайсысының пайда болу қаупі жоғарлайды?

«Иә» немесе «Жоқ»

Бронхит

Иә/жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә/жоқ

Шешек ауруы (оспа)

Иә/жоқ


3-топ

Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар. Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады?

Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Темекі бағасының жоғарлауы

«Иә» немесе «Жоқ»

Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру

Иә/жоқ

Әлеуметтік жерлерде темекі шегуге тыйым салу.

Иә/жоқ

Оқушылар зиянды әдеттен аулақ болу үшін өздері қандай үлес қосатыны туралы рефлексия жазады.




Қорытынды.

Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. « Арақ – арыңа нұсқан , темекі – тегіңе нұқсан », зиянды әдеттерден аулақ болыңдар! – деп кешімізді аяқтай келе қатысып отырған қонақтарымызға сөз береміз.







Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров350
Номер материала ДБ-082179
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх