Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағатының жоспары тақырыбы: Қыздар!Көктем гүлі! 2-сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Тәрбие сағатының жоспары тақырыбы: Қыздар!Көктем гүлі! 2-сынып



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тәрбие сағаты 2-сынып


Тақырыбы: «Қыздар! Көктем гүлі»

Мақсаты:
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар,шарлар, нақыл сөздер,слайдтар.

Тәрбие сағатының барысы:

М: Армысыздар абзал аналар,ақ жаулықты әжелер,көктем гүліндей жайнаған апайлар. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін!

Нұрасыл:

Тауып бір әйел-әлем бар тілдерін,

Бақытпен астастырып әр күндерін

Босатып қара жердің тұла бойын,

Келдің бе,сегізінші наурыз күнім.

Темірлан:

Бүгін той құрметтейтін әлем халқы

Аналар күнін-елдің салты

Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп,

Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.

*Той деп бүгін көңіл бүгін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып әнмен бетін ашады - дей отырып сіздерге арналған ән шашуды қабыл алыңыздар.

Ән:« Ән шашу»
М:Құрметті де ардақты аналар!Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметпен қабыл алыңыздар! Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл-күй тілей отырып,халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты сайысымыз сіздерге арналады.


Алинурмустафа:

Армысыздар, әлеумет кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық.
М:Бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.
М:Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Дильназ де келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры.
М:Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне Еркеназда
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.

М:Адинаның мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай,
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
М:Алдыңызға келді міне Саида
Өскенінде қуантады ел жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым.

М:Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң қанша үзіліп қанбас құмар.
Жанель ару көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар.
М:Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аруларға ақындар жыр жазады.
Қошеметпен шақырайық ортаға,
Сайысқа келген өнерлі қыз Жанеляны
М:Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен,
Айым атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген.
М: Қазір кішкентай аруларымыз бір-бірден шығып өздерінің реттік санын анықтау мақсатында номерларды таңдап алады.(1-7)
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі.1-бөлім: «Сәлемдесу»-деп аталады.

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Бұнда рауларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

2-бөлім. «Үй тапсырмасы» деп аталады.Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап,өз қолдармыен жасалған бұйым немесе зат,картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.

3-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсетеді.

(Ән айту,би билеу ,әзіл-ысқақ ,т.б. өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі).

4-бөлім: «Білім сайысы.» сұрақтарға жауап беру.

Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

5-бөлім: «Қол өнер сайысы»

Бұл бөлімде сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою-өрнектерін әртүрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.

1. Мен қазақтың қызымын (таныстыру)

2. Үй тапсырмасы

3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнері)

4. Білім сайысы (сұрақтарға жауап беру)
5. Қол өнер сайысы (ою-өрнек ойып,қию)

Аруларымыз дайындала берсін.

*Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Алқасын қазылардың біз сайлайық,

Ақ аруды таңдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.......

2...........

3..........

4..............

Ақ тілеуі ата - ананың аялаған,
Баласын шапағаты саялаған.
Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ,
Ақ батасын арудан аямаған,- деп арамыздағы әжелердің бірінен аруларға бата беріп, содан кейін сайысымызды бастаймыз.

*Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы –әдепті де әдемі.

Қазақ қызы ақылына көркі сай,

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін- өзі таныстыруына рұқсат берейік.

Қарсы алыңыздар №1 .................

Қазылар алқасы 1 бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.

*Құтты болсын мейрамы аналардың

Қуанышын көрсінші балалардың

Сіздер үшін бүгінгі орындаулар

Билері мен әндері жырланатын – деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.

Ән: «Құттықтаймын, Ана!».

Қазылар алқасынан 1 бөлімнің бағасын сұраймыз.

2-бөлім. Үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады.Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.

Қарсы алыңыздар №1 .................

Қазылар алқасы 2 бөлімнің бағасын шығарғанша сыныбымыздың ұлдарының орындауында биді тамашалаңыздар.

Би: «Қара жорға»

3-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнері)

*Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер атты

Шарпып өтсін лебімен қанатының – сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

Қарсы алыңыздар №1 .................

Қазылар алқасы 3 бөлімнің бағасын шығарғанша

«Көрермендермен ойын» тамашалаңыздар.

Мақалдарды жалғастырыңдар.

1.Ауылдан асқан байлық,

––––––––қымбат жоқ. /кітап/

2.Талапсыз жас,

Қанатсыз –––– /құс/

3.––––– қылығымен көркем./қыз/

4.Білім-теңіз,––––––кеме./мектеп/

5. ––––––көңілі балада,/ананың/

6.Сөз тапқанға –––––/қолқа жоқ/

7.Жақсы сөз –––––/жарым ырыс/

8.Тұр-тұрдан хабар келсе, /ұйқыдана маза кетеді/

9.Екі аяқтыда бажа тату, / төрт аяқтыда бота тату./

10.Бас жарылса,бөрік ішінде, / қол сынса жең ішінде/

4-бөлім - «Білім сайысы» сұрақ-жауап. Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

*Білім құйған бойына

Қанып өмір жайына

Салт дәстүрдің әр сөзін,

Сақтап жүрген ойына – деп сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасы 4 бөлімнің бағасын шығарғанша

Ән «Наурыз -көктем»

5-бөлім. «Қол өнер» Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою-өрнектерін әр түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.

*Сырмақ ойып,текемет,киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

Шеше көрген тон пішер дегені рас,

Аруларым шебер қолға араласқан – дегендей аруларымыздың іскерлігі,икемділігі сынға түседі.Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 арумыз...........

Қазылар алқасы 5-бөлімнің бағасын және жалпы қорытындысын шығарғанша балаларыңыздың сіздерге деген ыстық ықыластыран қабыл алдыңыздар.

Тақпақтар:

Темірлан:

Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Еркеназ:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

Оспан:
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген – әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.

Дильназ:

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Дидар:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық,алтын бақ.

Айым:

Өмірде қымбат екен ана деген,
Өмірі гүл жаратын баламенен
 Біздерді ақ гүліндей аялаған,
 Мен оның жалғасы боп қала берем

Асқат:

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Адина:

Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!

Алинурмустафа:

Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

 Бар адамға берсе ананың мейірін

 Орнар еді бар әлемге тыныштық

Жанеля:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз,
 Ана сені құттықтап, 
 Әндетеміз бәріміз.

Нұрасыл:

Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған

Ана десем, ашылады қабағым

 Ана десем, әділдікті ұғамын

Саида:

Жан әжем, мені өсіріп, баптаған,
Мен үшін өбектеп, тыным таппаған.
Сіздей асыл әжемнің болғанына,
Қуанып, шаттанам да, мақтанам,

Дінмұхаммед:

Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махабатты

Нұр толы қос жанарың білдіретін

Жанель:

Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,
 Анаң барға шүкір ет, болған пана.
 Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,
 Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!

Хақназар:

Алтыным - Анам, Құттықтаймын Сізді !
 Тілеймін жаныммен тілектер ізгі . . .
 Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам,
 Алғысым шексіз, Сізге бүгінгі күні ! ...

Алимансур:

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!
Ән: «Ақ мамам»

(Аналарына сыйлықтарын тапсырады.)

Келді бүгін қыздарымыз байқауға,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы орында,
Берер деп әділқазы әділ баға,- дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі» байқауы өз мәресіне жетті.Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.













16 жалпы білім беретін орта мектеп


















Тақырыбы:«Қыздар! Көктем гүлі»



тәрбие сағаты

2-сынып











Сынып жетекшісі:Амиртаева М.Н.













Қарағанды-2015 ж.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-332211

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>