483733
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыТәрбие сағатының жоспары . Тақырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан"

Тәрбие сағатының жоспары . Тақырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті

Ұлан аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» КММ







Тәрбие сағаты:



«Менің Отаным - Қазақстан»





Өткізген: Саденова Л.С.


























Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Отанын сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Дамытушылық: Отанын, туған жерін, туған елін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата-мекенін көзінің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына Отансүйгіштік қасиеттерін, ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын

дамыту.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, суреттер, Қазақстан Республикасының кар - тасы, еліміздің рәміздері,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Отан – қамқор анамыз,

Біз болашақ панамыз.

Шаттық берген өмірде,

Шамшырақтай жанамыз.

Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жылдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.

Осыған орай « Менің Отаным – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Рахат:

Естігенде көк аспанның астында,

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.

Бар қазақтың үніндей шарықта,

Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

Хор: Мемлекеттік Әнұран айтылады.

- Кәне балалар Отан деген не?

Дариға:

Отан дегеніміз – адамның туып – өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы

Асемай:

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен – үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба байлыққа бай.

Асыл:

Осы Қазақстанның жас қыраны екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін

Алихан:

Отаным менің кең байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір - бірімен тату дос. Қазақ халықты ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.





  1. оқушы: Гаухар

Отан, Отан

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!

Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-

Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,

Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!

Ән салдырып, тамсандырып әлемді

Аппақ сүттей келеді атып арай таң -

Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатырғанымыз Егемендігіміздің арқасы.


Елнұр:


Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.


1 - Слайд: Елбасы Н. Назарбаевтың өмірбаяны туралы мәлімет


1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпы халықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасның Президенті болып сайланды. Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық елтаниды, танып қана қоймайды, еліміздің осы аздаған уақытта жеткен жетістіктеріне қызғаныш пен қарайды. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден - бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары. Елбасының биылғы жылғы тағы бір ерен жеңісі, Қазақстанның кезекті биік белесі: Астананың ЕХРО - 17 халықаралық көрмесін өткізу. Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе – Астана, Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Алғашқы күннен мемлекеттік құрылымның керуен көшін түзу жолға салған президенттің көрегендігі деп білеміз.


Мерей:

Ел болдық ерік алдық Астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттік шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады


2 - Слайд: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы

Елбасы жыл сайын Қазақстан халқына жолдау жолдайды. Жолдау деп елбасымыздың үндеуі яғни мақсаттары мен жолдамалары.


3 - Слайд: Ел рәміздері, тіл, халық туралы


Аянат:

Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден - бір бастауы – халық.

Ең бірінші байлығым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Аршат:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,

Тілім барда еркіме кім таласар!?

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.


Карина


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі –

Баға жетпес асыл ән.

Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......


Аяулым:


Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Сіңірген тұла бойыма,

Тәңірлік күштің қуатын.

Жан дауасы халқымның,

Шабытына шырқалар.

Кейелі сөз сазды әуен,

Шырқағанда нұр тамар.

Беріле тыңдап егіле,

Жанып тұрар мың жандар.


Айдана:


Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың баяуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз


Аяулым:


Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов.

Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.

Шаңырақ – бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы.

Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді.

Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылық тың белгісі іспеттес.

Бес бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.


4 - Слайд: Ата Заң


Мемлекеттік белгілерді - нышандарды құрметтеу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.

Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы - Конституциясы болады.

Қазақстан Республикасының өз Ата заңы бар. Онда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған, Адам құқығын қорғайтын Заңды Парламент шығарады. Бұл заңдарда жасөспірімдер мен балаларды ерекше қамқорлыққа алу айтылған. Балалардың құқықтарын қорғайтын конвенция /келісім/ олардың мектепте ақысыз білім алып, бос уақытын еркінше пайдалануға, демалуға, мәдени өмірге араласуға құқылы

.

5 - Слайд: Қазақстан картасы, Астана


Мұғалім:- 1995 жылы 30 тамызда еліміз Конституциясын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдады. Жаңа жас мемлекетке дамыған, өркениетті елдердің қатарынан көріну үшін жаңа Астана керек болды. 10 желтоқсан 1997 жылы Астананың туылған күні болып тарихымызға алтын әріппен жазылды. Дүние жүзінің картасында жаңа « Астана» қаласы болды.

Қазіргі кезде Астанада Президент сарайы, Парламент үйі, Байтерек, Балалар мен жасөспірімдер сарайы, банк ғимараттары әсемдікпен салынған. Астана қаласы «Дүние жүзі қаласы» атағына ие болды. Астана – бүкіл Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі.


Саян:


Жасыл желек оранған

Әрбір көшең - көк орман.

Сенде түлеп, сенде өскен

Жас ұрпаққа жоқ арман.

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам – өз Ордам,

Сүйенерім сен ғана!


Гүлзана:


Салем, ұлы Астана,

Ұлылыққа бастаған!

Аңсап келеді өзіңді,

Кіп - кішкентай жас балық!


Тірек:


Отан дейміз кең – байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

6 - Слайд: Отан туралы өлеңдер



Кәусар:


Отан – жерім, Отан – суым,

Отан – қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мен өсірген елімді.


Ислам:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – пана

Қазақстан туған ел.

Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.


Ербосын:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынасы толған мекен,

Байлығымды айтсам – Қазақстан!


Тәлімжан:


Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысын елін.

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!

Абай туған Сәкен туған

Құрметте, досым, қазақтың жерін,

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан - Республикам менің!


Хор: Қазақстан


7 - Слайд: Ұлттық Тенге


Қазақ елінің теңгесі ең бірінші Тәуелсіздік алған соң 1993 жылы 12 - қараша айында Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға түсті. Банкноттарда қазақтың атақты даналары бейнеленген


7. Слайд: ел мақтаныштары







Ерназар:


Алматы - әдемі, алмалы өлке,

Маңғыстау - қасиетті мұнайлы жер,

Жезқазған - кен, бұзылмаған қаймағы.

Қарағанды – қара алтынның қоймасы,

Қызылорда - күрішті Сыр сағасы,

Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы,

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.


8. Слайд:

Егер сендер сабақты жақсы оқып, үлгілі, инабатты, тәртіпті, кішіпейіл оқушы болсаңдар Жас қыран ұлан ұйымдарына қабылданасыңдар. Жас қырандар 1 - 4 сынып Жас ұлан 5 - 10 сынып.

Олардың міндеттері: рәміздерді сыйлау, өз елімнің патриоты болу, салауатты өмір салтын ұстанып, кішіпейіл инабатты болу.

Жас ұлан балалар ұйымының рәміздері: ұраны, әнұраны ту, галстук, төсбелгі, эмблема.

Мүшелерді үш рет қабылданады.

1. 1 - мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

2. 6 - шілде – “ Жас ұлан “ құрылған күн

3. 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні


Мұғалім:- Отан, туған жер, туған ел туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?


Ислам:

Отан - оттан да ыстық


Карина:

Отан үшін отқа түс күймейсің.


Гауһар:

Отан – шуақ,

Отбасы – қуат.


Саян:

Туған жердей – жер болмас,

Туған елдей – ел болмас.


Тәлімжан:

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


Мұғалім:

- Балалар! Бізің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымызды көркейтіп, гүлдендіру үшін көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз сабақты жақсы оқып, білімді, ақылды, тәртіпті оқушы болу. Осы еліміздің көк аспаны астында бейбіт өмір сүрейік.

Көгершіннің суреті таратылады оқушылар өз тілектерін жазады.


Қорытынды:


Байтақ дала жерім менің,

Арта берсін даңқың сенің.

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді елім менің.


- дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды.


Хор: Көк тудың желбірегені.


2. Концерттік бағдарлама




























Общая информация

Номер материала: ДВ-171660

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация