Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тәрбие сағаты.Тақырыбы: "Желбіре жеңіс жалауы!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты.Тақырыбы: "Желбіре жеңіс жалауы!"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Желбіре, жеңіс жалауы!»

Мақсаты:

Ұлтымыздың мақтанышына ай­нал­ған, ең маңыздысы – кешегі Ұлы дала батырларының тіккен ерлік туын құлатпай, асқақ ұстаған осы заманғы қазақ батырларын жас ұрпақ қастер тұтсын, ардақтасын деген ізгі тілекті жүзеге асыру. Өйткені, қазақ қанынан жаралған жас ұрпақтың Отан үшін от кешкен аталары мен апаларының есімдерін әрдайым қастер тұтып жүргендері абзал!

Көрнекілігі: 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысының батырларының суреттері. Соғысқа қатысты видео жазбалар мен әндер

Жүру барысы

Жүргізуші:  Армысыздар,  құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған « Желбіре, жеңіс жалауы!» атты әдеби музыкалық  кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:  Міне, талай ошақтың отын өшірген, талай жанның жүрегіне жазылмас жара салған Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр.  Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің жеңісі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.

Жүргізуші:   Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашистері ашқан соғыс қазақ ұлдарын жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз  қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.Осы жеңіс күнін жақындату үшін майдангерлер оқ пен от кешіп, ерлік пен батырлықтың талай үлгілерін көрсетті.

Жүргізуші:   Осындай  батыр аға- әпкелеріміздің ерен  ерлігі арқасында халқымыз  70 жыл бойы бейбіт ғұмыр кешіп келеді.

Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры Муканбедяров Марат Жансапұлына беріледі.


Жүргізуші:  Жеңіс, Жеңіс мәңгі өзіңді жырлаймын,

                     Сенімен қуанышым бір қайғым.

                        Жүзімізді шаттығына бөледі,

                        Мерекесі мамыр айдың нұрлы айдың.

                        Төбемізде Жеңіс туы желбіреп

                        Бойымызға жігер қосып берді леп.

                        Өкінішті арамызда бір жүрген

                        Ардагерлер бара жатыр селдіреп.- дей келе тыныш заманның шырқын бұзған Ұлы Отан Соғысының басталуы , қаралы хабардың жеткізілуі туралы бейнероликке кезек берелік: Левитан дауысы


Ән: «Свешенная война» хор :

Жүргізуші:   Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

Литмонтаж: Соғыс туралы өлендер оқитындар бастауыш сынып оқушылары

Жүргізуші: Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты

Көрініс: «Жауға қарсы шабуыл» 9 сынып оқушылары.

, Жүргізуші:  Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Би: «Смуглянка» 6 сынып оқушылары

Жүргізуші:Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді. Тілі басқа, тілегі бір жандар тізе қосып, Отанды қорғауға аттанды. Қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып, кеудесін оққа тосқан батырлар, сіздердің ерліктіріңізді кейінгі ұрпақ біздер ешқашан ұмытпаймыз және әрдайым тағзым етеміз.

(Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» қазақ батырлары туралы бейнеролик )

Батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Көрініс: «Мәншүктің жұлдызды сәті» қоятындар: бастауыш сынып оқушылары

Өлен: Батыр қыздарымызға арналған. Оқитын: Машигулова Аяжан,

Ән: «Ән салшы сарбазым» орындайтындар

 1 жүргізуші "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Қаралы қағаз алмаған, ер – азаматынан айырылмаған, қайғы қасіретінен қанаты қайырылмаған отбасы кемде – кем. Жеңіс үшін, болашақ үшін қаза тапқан майдангерлердің есімдері жүрегімізде мәңгі сақталады.

Ауылдың соғыс ардагерлері туралы сөз кезегін тарих пәні мұғалемі Дүйсенбаева Ғалия Садыққызына беріледі

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным  басын иіп бір минут,

Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны.

Майдангерлер  рухына тағзым етеміз. 1 минут үнсіздік жариялайық.

(Метроном 1 мин қосылады. )

Жүргізуші:  Армысыздар, бармысыздар, берендер,

                        Дауылдарда қайыспаған емендер.

                        Өздеріңді ардақтайды адамзат,

                        Естеріңнен шығарады демеңдер.

Қартаймаңдар, ардагерлер лектегі,

                        Нұр таймасын жанардағы беттегі.

                        Өмірлерің - өрендерге өнеге,

                        Өмірлерің – ерлік, күрес мектебі.  

Өлең: «Сен құрметте оны» оқитын Темірханова Тұрсынай


Жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Көрініс: «Жыламашы ана» қоятындар 6 сынып оқушалары
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» орындайтындар: бастауыш сынып оқушылары

Жүргізуші:
Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

Ән: «Бабалар жыры» орындайтын Нургалиева Зарина


Жүргізуші:  Қыран құсым көк аспанда самғасын,

                           Желбіресін көк байрағым  сан ғасыр.

                           Жас ұландар биік ұста туыңды,

                        Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Өлен: «Жеңіс салдаты» оқитын Мурсалим Исламбек


Левитан дауысы


Хор: «День победы»

Жүргізуші:  Құрметті халайық осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кешіміз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткіш тақтаның алдына мерекелік гүл шоқтары қойылсын.
Влешмоб




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров271
Номер материала ДВ-496042
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх