Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты"Төрлет төрлет жаңа жыл "

Тәрбие сағаты"Төрлет төрлет жаңа жыл "

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Төрлет төрлет жаңа жыл »атты ертеңгілігі

Мақсаты:Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту.Эстетикалық талғамын жетілдіру.Ертегілерге деген қызығушылығын ояту.Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру.Тез,шапшаң қимыл-қозғалысын тәрбиелеу.

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.

Көңілді музыкамен залға балалар билеп кіреді.

Көңілді музыкамен залға үш бала билеп кіреді.


Нұраман

Уа,халайық жараңдар!

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп,шат болып

Шаттық күліп тараңдар


Самира

Уа,халайық құрметті

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті


Әкімхан

Уа,халайық той бүгін

Бақыт,шаттық мол бүгін

Қарсы алайық,Қой жылың

Ұзатып сап Жылқыны

Тәрбиеші:Сәлеметсіздерме,Құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар!Біз сіздерді Жаңа 2015жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда,жаңа табыс,бақыт тілейміз!Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Алғыс сөз: №31 «Күншуақ» МДҰ Меңгерушісі: А.Т. Тажиданова

Ән: «Шырша жыры»

Қәне балалар бүгінгі ертеңгілімізге сонау Диснейден келген қонағымызды қарсы алайық.

(есектің музыкасы)

Есек шығады шыршаны бір айналып шығады

(Мысықтың өлеңі ойналады.)

Мысық шығып шыршаны айналады.

(Шректің музыкасы)

Шрек шыршаны айналады.

Есек: Ой қандай керемет,әдемі!

Мысық: Есек түрші мені мен оянайын

Есек:Сен ұйықтап жатқан жоқсың,бұл сенің түсің емес.

Шрек: (Өте таңқалып) Мәссаған,есек біз қайда келдік? (Жан жағына қарайды)

Есек:Түсінсем бұйырмасын,Мысық бұл қандай жер?Қайдан келген балалар? (Таң қалады)

Тәрбиеші:Ал мында сендер сонау жақтан калай жеттіңдер?

Барлығы: Білмейміз!

Шрек:Біз өзі қандай жерге келдік,неге сонша көп әп-әдемі балалар жүр?

Тәрбиеші:Қәне балалар мына ертегілер әлемінен келген қонақтарымызбен амандасайық.

Қонақтар:Амандасады.

(келесі кезекті балалар тақпақтарына берейік)

Тақпақтар:

Мирас

Қараңыз мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті

Балалар да көңілді

Би билеп жүр ән салып

Жаңа жыл,жаңа өмірді

Қуанышпен қарсы алып

Арайлым

Әкелсін жыл ырыс –құт

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша

Ислам

Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық,бәріміз

Күліп,ойнап,би билеп

Ән салайық бәріміз

Мәди

Ақ қыс келіп сән құрды

Тау,далаға жараса

Әйнектердің сан түрлі

Әшекейі тамаша

Жасыл шырша төрдегі

Дейді «бәрін көр мені!»

Кеткен әсем құлпырып

Ойыншықтар тұр тұнып

Жангүлім

Той,мереке,салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап

Жеке ән:«Балбөбек» байқауының 3 орын иегері Искалиева Айшанын орындауындағы «Қуыршақтар» әні

Есек:Міне,керемет демек біз жаңа жыл шыршасына келіппіз ғой!Достар оңда көңілденіп бізбен бірге бір би билеп жіберейікші!(Би биленеді Барлық кейіпкерлер көңілді тұрады, )(Биге музыка қажет)

Тәрбиеші:Ал биді күшті билейді екенсіңдер,тағы да қандай өнерлерің бар?

Өнер деген бізде жетеді!Мысалы ойын ойнай аламыз! (Ойын ойнатады)

Қажетті атрибуттар екі сыпырғыш,екі шелек,екі қағаздан жасалған қар,Қатысушылар екі командаға бөлініп,әр команда бір бірлеп шелектен екінші шелекке сыпырғышқа отырып қар толтыру қажет,ойын эстафета түрінде өтеді,барлық қарды қай команда бірінші толтырып тасып бітірсе жеңімпаз атанады.

Шрек: Осындай Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен ақшақар келеді деген сияқты едіңдер?Олар қашан келеді?

Тәрбиеші: Оныңыз дұрыс,бірақта олар тез жету үшін барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарымызды шақырайық!

Барлығы:Аяз ата,Ақшақар!

Олардың орнына Сиқыршы фея шығады майысып.

Сиқыршы фея:Естіп тұрмын қуыршақтарым,құлыншақтарым,ақшақар қыздарыңызды сағынып қалдыңдарма?

Тәрбиеші:Қәне балалар кім мынау келген бізге?

Сиқыршы фея:Кім,кім?Ақшақар қыздарыңдымын мен,мені өздерің шақырған жоқсыңдарма?

Тәрбиеші:Балалар мынау шынымен ақшақарма?

Балалар:Жоқ

Сиқыршы фея:Сиқыр жасасам барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам?

Есек:Апа сіз Ақшақарға ұқсамайсыз!

Сиқыршы Фея:Неге ұқсамаймын,балалар айтыңдаршы мен нағыз ақшақар емеспін бе?

Балалар:Жоқ

Сиқыршы Фея:Неге жоқ!Онда кіммін мен?

Шрек:Мынау Фионаны сиқырлаған Фея,қайда менің Фионам(жағасынан алады.)

Фея:Ия дәл өзі

Балалар(хормен) Сиқыршы Фея!!!!!!!!!!!!!!!!

Сиқыршы фея:Сиқыр жасамасам барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам?Қап,танып қойдыңдарма? Ия мен Феямын,дұрыс айтасыңдар,отырып,отырып ішім пысты,құлағымды сендер жаққа түріп едім көңілді музыка ойнап тұр екен,содан шыдамай сендерге келдім.

Шрек:Қайда менің Фионам (жағасынан алады) қайда қамап қойдың,тауып бер.

Сиқыршы Фея: Менің шартымды орындасаңдар мен Фионаны сиқырлы сарайдан босатамын.

Есек:Айт шартыңды қолымыздан келсе орындайық

Мысық:Иә,қолымыздан келеді,біз ештенеден қорықпаймыз.

Сиқырлы Фея:Ха-ха-ха (қарқылдап күліп),мен мына ұл-қыздардың өнерін тамашалағым келіп тұр.

Тәрбиеші:Ал жақсы орындайық.Ал өнерлі балаларым келіңдер Жаңа жылға арналған биімізді билеп тақпақтарымызды айтайық

Тақпақтар:

Темирлан

Папа елку украшает

Мама папе помагает

Я стараюсь не мешать

Помогаю помогать

Айтан

Новый год,новый год

Скоро новый год

Мы о нем,мы о нем

Песенку с поем

Новый год,новый год

Скоро новый год

Дед мороз,дед мороз

В гости к нам придет

Дед Мороз,Дед мороз

Дедушка мороз

Покажи,покажи

Что ты нам принес?

М.Данияр

Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз

Шаттанып қуанып

Шырқап ән айтамыз

Ерсаят

Скоро,скоро Новый год!

Скоро Дед мороз придет

За плечами елочка

Пушистые иголочки

Он подарки нам разносит

И стихи читать нас просит

Айжамал

Біз балдырған баламыз

Жаңа жылды қарсы аламыз

Көйлек киіп әдемі

Әдемі сырға тағамыз

Ән: «Балбөбек» байқауының 1 орын игереі Мұхит Айымнның орындауында «Қасиетті домбыра»

Би: «Мадагасқар» кейіркерлер бірге билеуге болады.

Шрек:Балалардың өнерін тамашалап жатырсың,Сиқырды Фея енді уәдеңді орында менің Фионамды босат.

Сиқырлы Фея: Мәә,Шрек,Есек,Мысық менің айтқаныма сеніп қалдыңдарма, мен өтірікші екенімді ұмыттыңдарма?

Мен босатпаймын Фионаны (айқайлап) босатпаймын Фионаны Ханзада Артур менің ұлыма алып беремін!

Шрек:( ашуланып) Сиқыршы фея сен не деп тұрсың,сенің қазір есіңді таңдырамын.

Тәрбиеші:Тоқтатыңдар!Шрек,Мысық,Есек бұл жаңа жыл ғой!Бізге Аяз ата көмек бере алады.Ол сиқырлы таяқшасымен Феяны жөнге салады.Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Барлығы шақырады.

Аяз ата мен Ақшақар кіреді,олармен бірге ескі жыл жылқыда кіреді.

Аяз ата: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар!(Балалар амандасады.)

Естіп жатырмын,естіп жатырмын

Келе жатырмын,келе жатырмын

Жаңа жылдарыңмен,жаңа жылдарыңмен!

Балаларым,балғыным

Өмір гүлім шағыным

Сендердің денсаулығың

Амансыңба,ұлдарым

Аппақ ару қыздарым?

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсың жылдарың!

Ақшақар:

Армысыздар,бөбектерім,ата-ана

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын

Аяз ата:Неге бәрін көңілсізсіңдер!Неге көңіл-күйлерің жоқ!

Тәрбиеші:Аяз ата сіздің көмегіңіз керек.Сиқыршы Фионаны сиқырлап сарайында босатпай отыр.

Аяз ата:Аһ,бәлем!Олай болса өзінен көр.Мен сені қатырып тастайын

Аяз ата: «Кәне таяғым мына Феяны қатырып таста» (Фея тұрған бойында қатып қалады)

Фея: Әй,Аяз шал! Керегі жоқ,қалпына келтір!Ой,не істесем екен.

Аяз ата:Фионаны босатасыңба?

Сиқырлы Фея: Иә,иә, босатамын Фионаны!Бұл мен ескі жылда жаман болдым,ал жаңа жылда мен жақсы болам деп уәде берем,мені кешіріңдерші өтінем.

Аяз ата: Кәне,таяғым мына Феяны қалпына келтір.

Аяз ата:Ақшақар қызым алып кел Фионаны,жаңа жылда бізбен бірге болсын!

(Ақшақар Фионаны алып келеді,Шрек пен Фиона вальс билейді.)

Ақшақар:Мерекемізді жалғастырайық.Кәне,балалар шеңбер құрып тұрайық.Шыршаның шамын жағайық!

Барлығы: Қуант бізді таңыртқатШамларыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу)

Ән: «Ақша қар»

Аяз ата: әнді жақсы айтады екенсіңдер.Ойын ойнағыларын келеме?

Ойын: «Үсітемін»

Ақшақар:Аяз ата,балалар сізге тақпақтар,ән,би дайындапты.Тыңдап көрейік.

Би: «Восточный»

Тақпақтар:

Санжар

Аяз беттен суйеді

Ай барады жылыстап

Аспан жерге тогеді

Ақ күмісін уыстап

Амира

Қыс мезгілі тамаша

Ойнаймыз біз қуана

Ақ қаламен қар соғып

Мұз айдында сырғанап

Жаңа жылды тойлаймыз

Жасұлан

Жасұланмын шыныққан

Жасқанбаймын суықтан

Қардан жасап аққала

Сырғанаймын шаттана

Жанерке

Армысыз Аяз ата,ақсақалым

Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым

Дәулеткерей

Қой жылы елімде

Тыныштық болсын әрдайым

Аман болып адамдар

Құт-береке дарысын

Нұрайым

Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп

Ән:«Жаңа жыл» Саркулова Самира Еламан Бибінұр

Би: «Флешмоб»

Тәрбиеші:Балалар мен қонақтар бәрі тамаша,бірақта жылқы жылын шығарып салып,Қой жылын қарсы алайық

О,халайық,жараңдар

Қилы-қилы заман бар

Жылқы жылы әне жылыстап

Кетіп барады қараңдар

О.халайық,халайық

(Жылқы музыкасы ойналады)

Құрметті достар!Бізге жақсылықтарынмен толы болған Жылқы жылын шығарып салайық.

Жылқы:Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2015 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер,Қазақстан!

Келесі жыл бастауын Қойға беремін.

(Қойға арналған музыка) (Сахнаға қой шығады.)

Қой жылы: Бекнұр

Бә-бә-бә мен қоймын

Көк шөпке тойдым

Жыл басы болуға

Кетіп тұр ойым

Айтыңдаршы қандаймын

Аппақ болған маңдаймын

Жыл басына ылайық

Жарқырап тұр маңдайым

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.

Жаңа жылға арнап Шәріп Джамиланың орындауында «Жаңа жыл» әні

Аяз ата:Ал айналайын Жаңа жыл,келген қадамына нұр бітсін!Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып –қақ.Жақсы жыл бол,дария нұр бол,Жаңа жыл!

«Балбөбек» байқауының иегері Қуаныш Беекнұрдың орындауында ән «Жаса Қазақытан!»

Аяз атамен Ақшақар,мультфильмнен келген кейіпкерлерге алғыстарын білдіріп барлығымен қоштасады.
















31«Нұршуақ»МДҰ






















hello_html_3aed84d3.gif

(№5 «Нұршуақ» мектепалды даярлау тобы)





Өткізген: Елеусінова.М.Ә

Жакупова.Э.Ж









2014-2015 оқу жылы

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-444670
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>