Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағат.Тақырыбы:"Халқым менің шын атым"

Тәрбие сағат.Тақырыбы:"Халқым менің шын атым"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Халық менің шын атым

Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының елге танымалы Жамбыл Жабаев атамыздың өмір жолы халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып ,келешек ұрпақты Отанын сүйюге,елінің болашағы үшін тұлғаларды мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер.буклет.

Сабақтың барысы:Құрметті оқушылар,ұстаздар бүгінгі Халық менің шын атым атты сынып сағатымызды бастаймыз.

Жетісу өңіріне ғана емес,бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаев 1846жылы 28-ақпанда қазіргіЖамбыл облысы,Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының баурайында, Ұлы жүздің ішіндегі шапыраштының екей руынан шыққан Жапа Ыстыбайұлының отбасында дүниеге келген.

Қақаған қар арқалас соғып боран,

Ел үрей, көк найзалы жау торыған.

Байағра,Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан, -деп өзі айтқандай,ақын жаугершілік заманда туған.Жамбылдың атасы Ыстыбайда Қазыбай,Жапа,Жадыра ,Мәйке деген төрт ұлын бастап,көтерілісшілер сапына қосылған ,Жауды өкшелей қуып , соғысып, аттың жалы ,түйенің қомында күн кешіп жүрген сәттеріндің бірінде Жапаның әйелі-Ұлдан ана Жамбылды дүниеге әкелген .Әкесінің аты Жапа болғанмен ел Жабай деп атап кеткен.Мұның себебін жамбылтанушылар «Ертеректе Жабай деген ержүрек батыр өткен.Жапаның қоқандықтармегн соғыстағы ерлігіне тәнті болған ел-жұрт Тура Жабай сияқты соғысады екен»деп содан Жабай атанып кеткендеп түсіндірген. Жамбылдың арғы аталары дәулетті болғанмен ,өз әкесі шоқпыт шапанды кедей болған .Ақынның балалық шағы кедейлікпен өткен ,оның бала кезінде тентектеу болған.Мені қой бағуға жіберетін мен бармайтын едім .Мен домбыра тартып ,ән салғанды ұнататынмын .Табиғат маған күшті де жуан дауыс берген.Молданың оқуына барғысы келмеген одан құтқаруды әкесінен қиыла өтінген.Сөйтіп ақын өлеңмен айтады әкесінен батасын сұрайды:

Батаңды маған бер әке,тіліме менің ер әке.

Жапаның ұлы ақын боп,жақсы істепті дер әке.

Домбыра алып сөйлейін,күнде жасап мереке.

Мерекелі болғансоң елде болар береке, -деп өлеңнің соңына түсуге бата сұрайды.Жамбылдың арғы аталары өнерпаз,сері,палуандар, ділмар шешендер көп шыққан .С оған байланысты ел ішінде: «Екейде елу бақсы,сексен ақын,Жаратып мінеді екен ерттеп атын.Қобызды домбырасын үнін қосып,гулейді жын қаққандай кешке жақын» деген сөз қалған және оның астарында шындық болған.Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда әкесінің:»Екейде елу бақсы,сексен ақын,»деген сөзде жетер сен сексек бірінші болмай-ақ қой .Ақынның түбі қайыршылық, бақсының түбі-жын .Жын жиып ,бақсы болып ел кезгенше ,мал бақ дейді Жамбыл оны мойынсұнбайды .Мен домбыра тыңдауға әуес едім он екі жасымда домбыраны үйрендім .Домбыра қолыма тисе барлық тентектікті ұмытып .жан жүйем елжірегендей болатын еді.Оның өленге деген ақындыққа құмарту сезімі уақыт өткен сайын күшейе түседі.Он үш жасында қой бағып жүріп ұйықтап қалыпты ,түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қонса керек. Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүргенде түс көріпті.Түсінде ақсақалды қария келіп өлең аласыңба, көген аласыңба деген .Мен өлең деппін .Оянып кетсем түсім екен.Көкірегімді бір толқын кернеп алқыныма тығылғандай болды.Өолыма домбыра алып төгіп-төгіп жібергенде кеудем ашылғандай болды. Он төрт-он бес жастан бастап ақындық жолына түскен.Сүйінбайдың ауылына он бес жасында домбыраны ұстап үйінің қасында әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырды.Сенің ақындық дарының бар екен дауысыңда жақсы жігітім ұнайсың деді.Бір өлеңді сол үйде отырып шығардым.Сүйінбай өзінің ақындық шеберлігін әңгімеледі мен оның шәкірті болдым .оның өлеңдерін елге тараттым.

Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев-қазақ халқының өткендегі шалқар дария жыр өнерінің тірі бейнесіндей.Жамбылдың ақындық талантының көгерген жасыл бел,сар жайлауы-халық поэзиясы.Ол он бес жастан,қолына домбырасын алып,ел кезіп өлең айтып,айтысқа түседі.Бұл өнер қуған қазақ жасының оқып бітіруге тиіс дала консерваториясы еді.1936 жылы «Правда газетінде оның Туған елім поэмасы жарық көрді.Содан бастап Жамбыл есімі де,Жамбыл өлеңдері мен дастандары көп ұлтты совет халқының жүрегінен орын алды.Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбылдың Ленинградтық өрендеріме өлеңінен ел жігерін қайран рухани қуаты,жаудың жүзін жастықтан қаһарлы қарулардан кем түспеді.Жамбыл-шын мәніндегі халық ақыны,халық тибуны.Оның қуатты поэзиясы өз елі,өз халқының емес,дүние жүз халықтарының игілігіне айналды.

Сабақты аяқтау арқылы :балалардың тақпақтары



















Жамбыл Жабаевтың Өсиет өлеңі

Ой-хой, дүние серуен!Адам бір көшкен керуен,

Дүниені қызық қалдырып, адамсыз өмір белінен.

Кірсе лебіз-шықса жоқ,қауып етіңдер өлімнен.

Қылышбайдан таралып,сөз нұқсасы келінген.

Дос –жаранға,кемтарға ,қайырлы бол делінген!

Қылған қайыр болмаса, не әкетсең өмірден?!

Дәулетіңнен не пайда таусылмайтын көрінген.

Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,

Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.

Жақсының әрқашанда жөні бөлек,

Жаман адам жарамас бір қымтарға.



Жалғызбын деп жүрмесін

Сәлем айт,барсаң Абайға,Кеңесі кеткен талайға

Ауырды жеңген қара жер,сабырлы болсын қалайда!

Бір жұтқан судай дүниесің,ашысын татып күймесін

Жапанға біткен байтерек,жалғызбын деп жүрмесін!

Кемелге келген асыл-ай,тасұынды тәңір басуы-ай!

Нар көтерген ауырға арқасын тоссын жасымай!







Әкеме

Сертінің ұрлап қара атын,жазықсыз қиып қанатын,

Жапанда жаяу қалдырып,жайым жоқ қарғыс алатын.

Ел арасын егер қып, ойым –жоқ шұрқан салатын.

Қоныстан елді бостырып,неміз бар енді бостырып,

Өлең мен сөзді дос қылып,құрамын ақын санатын!



Менің өмірім Жамбыл Жабаевтың

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей көк найзалы жау тораған.

Байғара,Жамбыл,Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым сонда.

Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,

Сары аяз көш-жөнекей боран күні.

Қар қауып мұзға түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа шыққан үні.

Мен емес,суық дәмді ел де алыпты,

Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.

Қара күн хан билеген,қанды жорық

Дегендей ел аузында сөз қалыпты.

Көз аштым,сорғалаған қанды көрдім,

Қамыққан қанды жасты жанды көрдім.

Ел көрдім-еңіреп босқан аңды көрдім,

Қойнында Алатаудың зарды көрдім.

Бой бермес өмірі асау шерң,

Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.

Бірде от,бірде суды көктей кешіп,

Талпынып,тілегеніне басты ілгерді.

Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,

Ел басқан отты ,суды кешті Жамбыл.

Құлыннан құнанды өрлеп дөненде өрлеп,

Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.

Он жаста ойнап жүрдім бала болып,

Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.

Райыттап тана міңіп,қозы бақтым,

Еңбекті иемденгенде шама келіп.

Қойшымен кеңес құрдым қыр басында,

Өлеңмен ермек болдым жолдасыма.

Сол еңбек-қалытқыдай кетті алып,

Байлардың жақындатпай мырзасына.

Өлеңді өркендеттім ,өршіп өстім,

Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.

«Жас ақын» , «Жап-жақсы ақын» , «Жамбыл ақын»

Дегенде дара болып көзге түстім.

Он бесте –ақ домбыраны алдым қолға,

Тең басқан төрт аяғын болдым жорға.

Он алты желі ұзатты өрістетті,

Түскендей бұлтратпайтын даңғыл жолға.

Топ десе,он жетімде тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып оздып,

Жұлдыздай көзге түсіп жалтылдадым.

Еріксіз он сегіз жас мінгізхді атқа,

Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа.

Бір жағы-қайнап өскен қалың елім,

Бір жағы-атқа мінген бай мен датқа.

Жауларды ел қарғаған жамандадым,

Манапқа жақсы сөзді таба алмадым.

Ал сөзім бай,манапқа арналғанда,

Жалтақтап ,ел не дер деп алаңдадым.

Келгенде жеме –жемге ,елде қалдым,

Шалшыққа шатылмадым ,көлде қалдым.

Шалқардың шалқып жүзген мен аққуы,

Келмеді сасық ,шалшық жерде қалғым.












Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров247
Номер материала ДВ-229088
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Рахмет әріптес,еңбегің жансың !

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх