Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаттар "Ұстаз-ұлы тұлға"

Тәрбие сағаттар "Ұстаз-ұлы тұлға"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3. Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы. Алтынсарин, А. Батұрсынов).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғалім сөзі:
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген - ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген - аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Мұғалім сөзі: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Енді алдын ала берілген тапсырма бойынша сендер үйден “Ұстаз - ұлы тұлға” деген тақырыпқа шығарма жазып келу керек болғансыңдар. (Балалар өздері жазған шығармаларын оқиды). Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақтытәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Проблемалық сұрақтар:
Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.
1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.
3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.
Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?
Ұстазым” әні орындалады. Барлық оқушының орындауында.
Сабақты бекіту:

Балалар бүгінгі сабағымыздан қандай ой түйіндедік?
«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз





Сабақтың тақырыбы:  Абайдың қара сөздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету;
Тәрбиелік: Білім алушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;
Дамытушылық: Білім алушылардың дүниетанымын, ой-өрістерін кеңейту, оларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Сабақтың түрі: тәрбие сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Білім алушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;
2. Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқытушы сөзі: Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы өткен сабақтарда не білдік, соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ түрінде өтеді. 
(Білім алушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады, сұрақтарға дұрыс жауап берген әр топқа 5 ұпайдан беріледі).
1. «Жылдар сөйлейді?» ойыны
(Слайд арқылы берілген жылдар бойынша Абай өміріне қатысты мәлімет айту)
1845 жыл 10 тамыз 
1855 жыл 
1858 жыл 
1876-1878 жылдары 
1882 жыл 
1891 жыл 
1904 жыл 
1909 жыл 
ІІІ. Жаңа сабақ
 Жаңа сабаққа кіріспе айту.
 Қара сөз туралы теориялық түсінік беру.
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. 
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді. 
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді. 
 Бірінші қара сөзін тыңдау.
 Абай қара сөздерін зерттеген ғалымдарды атау.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйіншәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
3 тапсырма «Ойлан, тап!»
Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын тап. 
1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын)
2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) 
3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)
5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей)
6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға) 
7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге) 
8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын) 
9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас) 
10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан)
11. Жаман дос - көлеңке, ..............
(Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың)
12. Толғауы тоқсан қызыл тіл ......................(Сөйлеймін десең өзің біл)
13. Ойын – арзан, ...............(күлкі қымбат)
14. Қайратсыз ашу - тұл, ...........
Тұрлаусыз ғашық - тұл, 
Шәкіртсіз ғалым - тұл. 
Ү. Қорытынды: Оқытушының қорытынды сөзі:
Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
 Абай қара сөздерінен қандай үлгі-өнеге алдық, тәлімдік ой түйдік?
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. 
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттық деп ойлаймын. Сол себептен оқудан бас тартпайық, білуге құмар болайық, ізденуден жалықпайық. 

Тәрбие сағатының тақрыбы:Берекелі күз

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3. Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Күз еңбектеріне сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер,Жеміс-жидектер суреті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар !

Бүгінгі берекелі де ырысты,берекелі күз құрметіне арналғансабағымызды бастаймыз .

1. жүргізуші:

Алтын күзге шырайлы

Ауласында жиналды .

Берекелі күз келді ,

Мерекелі күз келді.

Тілейміз әркімге

Молшылық пен байлықты !

2. жүргізуші

Қош келдіңіз көрермен ,

Отырыңыз қол соғып ,

«Алтын күз» кешіне .

Шат күлкіге бөлене .


Көбейді құт – береке ,

Құтты болсын мереке ,

Астық толы қоймамыз .

«Алтын күзді» тойлаймыз!


Келді міне алтын күз

Астық толы қырманға ,

Бақшамызға арайлы .

Қызу еңбек басталды .

Қуанамыз бәріміз.

«Кім жылдам» ойының ойнаймыз .

Күз айында көкөністер мен жемістер жинаймыз. Қазір мен көкөністер мен жемістерді жерге шашып тастаймын .Екі бала шығады ,қолына шелек алып 1-ші шелекке көкөністерді , 2- ші шелекке жемістерді жинайды . Тез-тез музыка әуені арқылы. Жинап болғасын екі шелекті дұрыс ,дұрыс емесін айтып шығамын. Ой балалар мен соңына дейін боламын .


4.Еңбек қызып қырларда ,

Бидай толды қырманға .

Алтын таулар секілді ,

Сап – сары боп тұрғанда .

5.Көбейді құт – береке ,

Құтты болсын мереке ,

Астық толы қоймамыз .

« Алтын күзді» тойлаймы



6.Қуанамыз бәріміз

Жеміс – жидек бақшаның

Алтын күзде шырайлы,

Ауласында жиналды .

7.Өніп үйіп тастадық

Берекелі алтын күз,

Оқуды да бастадық .

Ашық болсын аспаның!

8.Іші толған шәрбат

Дәмі қандай әибат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты не!(Жүзім)

9.Жер көріп ем өзін мен ,

Жас шығады көзімнен

Оның аты не !(Жуа)

10. Бақшадан жер қазып

Жиып алдым жез қазық

Ол не! (Сәбіз)

11 .Түскенде салқын күз

Жинадық алтын күз

Ол не!(Жүгері)

12Күн нұрымен піседі.

Уылжып қолға түседі

Ол не! (Жеміс)


Жүргізуші :Осымен құрметті оқушылар «Берекелі күз» сынып сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше .

















«Менің туған жерім»тақырыбындағы тәрбие сағаты
Мақсаты:

Өлке тарихы бойынша жинақтаған білімдерін,танымдық қабілеттерін арттыру,өз ойын жеткізе білуге,ізденуге дағдыландыру.Туған жерін,Отанын қастерлеп,сүюге тәрбиелеу. Маңғыстау облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: суреттер, карта, әуен.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу
Сабақ барысы:

Жалпақ жұртыңды,иісіАлашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкеңнің тарихын,табиғатын танудан басталады.Бабаларымыз жеті атасын білмеген ер жетесіз,өз тарихын білмеген ел жетесіз-депті.Ал біз өзіміз тұрып жатқан ауылымыз туралы не білеміз?Өткеннің тарихы бізді неге үйретеді?Осы жөнінде біздің әңгімеміз. Ауылым, туған жерім шежірелім,
Алабыңды, қырыңды кезіп едім.
Қыр асып мен өзіңді сағынғанда
Қашанда мен өзіңмен егіз едім.

Туған елім-айбарым,дарам менің
Желкілдеген айдарым,панам менің
Арқа тұтар асқар тау әкемдейсің
Аңсап келсем аймалар анам менің

Туған елім жолыма елеңдеген
Артып жүкті өзіңе сенем деген
Түнгі ұйқымнан селт етіп оянамын
Парызымды ойласам саған деген
1.Біздің ауылымыз неге Маңғыстау деп аталады?
2.Ауылымызда халық саны қанша?
4.Ауылда қандай кәсіпорындар бар?
Ал енді ауылымыздың тарихына назар аударсақ

Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді [2].Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай "құбыжықтарға" қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдахар, кеоемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында "салыр" руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында "салор" ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады. Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады [5]. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.

.

-Ұлттық ойындар 
1)Асық ойындары 
2)Қазақ күресі 
-Туған жерім,
Бабам бағын жандырған
Әр төбешік
Бір-бір тарих қалдырған
-Туған жерім
Базарым-ау,байтағым
Болсын қайдан
Аз еңбегім қайтарым
Сен мен үшін
Жүрегімде жалғызсың
Әзірге осы
Қорытынды:

«Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
- Сау болыңыздар



Сабақтың тақырыбы: Мұражайға саяхат.

Жалпы мақсаты : Мектебіздегі мұражай туралы ақпарат алу
Міндет

  1. Жаңа сөздерді меңгерту
    2) Мәтінді түсіне отырып, сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
    3) Мәдениетке сүйіспеншілікпен қарауға ынталандыру.
    Күтілетін нәтиже: Топпен бірлесе отырып, мәтінмен жұмыс жасайды, бірін бірі үйретеді, тексереді, бағалайды.
    Оқушылар үшін оқу нәтижелері Лексикадан игерген материалдарын практикамен байланыстырады.
    Сабақта туындаған негізгі идеялар Мәдени құндылығымызды бағалай білу
    Құралдар Оқулық, Мәтін,суреттер,талдау жұмыстары
    Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
    Ұйымдастыру кезеңі Амандасу
    1.Сабақ мақсатын оқушылармен бірге ұйымдастырады
    2.Сабақ міндетімен таныстырады
    1.Өз ойларын ортаға салады.
    Әр топ осы сұрақ негізінде өз ойларын дәптерге жазады.
    Негізгі бөлім
    І. Ой шақыру.
    1.1.Мақсаты: Оқушы көзқарастарын байқау.
    «Адам бүгін мұражайға ертең адам болып қалу үшін барады»
    Мұғалім сұрағы:

  2. Осы ойды қалай түсінеміз?
    Не айтасыздар?

    ІІ.Мағынаны ашу
    Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ресми ашылуы еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға. Ғимарат 74 мың шаршы метрден астам жерде орналасқан және Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей жоба.
    Музейдің шағын мәжіліс, үлкен мәжіліс залында көрмелер,халықаралық ғылыми симпозиум өз жұмыстарын істей алады.. Кеш «Ұлы Жібек жолымен саяхат» бағдарламасымен есте қалмақ. Осы мақсатта музей аумағы Жібек жолында жатқан ортағасырлық қалаларға бөлінеді. Бұдан басқа, суретшілер мен қолөнершілер шеберлік сыныптарын өткізеді, ал қонақтар ұлттық киімдерде суретке түсе алады, ұлттық ойындарға қатысады, қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татады. 
    Ұлттық музейдің құрамында Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және ортағасыр тарихы, Этнография, Тарих, Заманауи өнер залдары бар. Сондай-ақ, Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі археологиялық, этнографикалық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған. Музей халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік қолданылады.
    Тапсырма: Әртоп алған мәтіндері бойынша ақпараттарын ортаға салу

  3. Сол сияқты біздің мұражай ондай улкен болмаса да,өзіміз мақтан тұтамыз.
    2.4. Сұхбат
    Оқушылар пікірін айтады.
    Қорытынды 
    ІІІ.Ой толғау.
    Не білдім?
    Келесі сабақта не туралы білгім келеді? жазады, тексереді
    Не білдім? Ойын ортаға салу
    Сұрақ-жауап
    Сабақты қорытындылау:

  4. Балалар,бүгінгі сабағымызда тарихи құндылықтармен таныстық.Мұражайға саяхат жасап көптеген заттарды көрдік. Барлық заттардың уақыт өте келе құндылыққа айналатынын білдік.




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДВ-456980
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх