Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сабағы: Отан менің ата-анам.

Тәрбие сабағы: Отан менің ата-анам.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Отан менің ата – анам

Мақсаты :

Бала бойына болашаққа деген сенім ұялату. Отанын сүйе білуге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Батылдыққа, рәміздерді қастерлеуге дағдыландыру. Сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілігі:

«Астана - жас қала» фотомонтаж, ҚР рәміздері,Қазақстан картасы. Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

- Балалар, біз қай республикада тұрамыз

-Біздің Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

- Балалар, біздің бір ғана Отанымыз бар.

Ол- Тәуелсіз Қазақстан.

«Туған өлкем, Тәуелсіз Қазақстан»

ата-аналарға арналған іскерлік ойын.

( қиылған, дайын суреттер топтамасынан тақырыптық газет шығару, қорғау)

-1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз алдына Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәуелсіздік халыққа еркіндік, бостандық әкелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері де дүниеге келді.

Олар : ТУ, ЕЛТАҢБА және ГИМН.

- Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

- Неліктен тудың түсі көк?

- Балалар сендердің біліп алғандарың жөн. 1992 жылы ҚР жоғары кеңесі Мемлекеттік туды бекітті. Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Ту көк аспан түстес, бар әлемге ортақ. Ал күн бар әлемге сәулесін шашады, қыран құс қазақ халқында киелі құсқа жатады, сол құстай биікке самғай берсін деген ниетті білдіреді. Өрнек қазақ елінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Тудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр.

Ән: « Отан менің ата- анам.»

1-оқушы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен –тек

Елдің ашық қабағы.

2-оқушы

Ақ ниеттей алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі Ту, ары.

3-оқушы

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа суың да,

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да.

4-оқушы

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

5-оқушы

Жанатындай өзі отша,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша

Сөйлеп тұрған секілді.

Ән: « Мектебім.» барлығы қосыла

  • Балалар елтаңбаға мұқият қараңдаршы, нелер бейнеленген?(балалар жауаптары)

  • Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі танылу керек. Біздің елтаңбамыздың ортасында шаңырақ, Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Қанатты пырақтар жылқы малының ерекшелігін, жұлдыз биік, асқақ арманды білдірсе, «Қазақстан» жазуы оны айқындайды.

Авторлары: Ж. Мәлібеков және Ш. Уалиханов.

6-оқушы

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.

7-оқушы

Құт, береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

8-оқушы

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда

Еркіндігім- Елтаңбам.

ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады. Сөзін жазғандар Ж. Нәжмеденов және Н. Назарбаев. Әнін жазған Ш. Қалдаяқов.

  • Неліктен оң қолымызды сол жақ жүрек тұсына қоямыз?(?!)

  • Ия, бұл Отанымызға, байтақ жерімізге деген құрмет.





«Астана – жас қала» атты фотомонтажбен жұмыс. (?!)

  • Балалар, биыл елордамыз Астанаға ....жыл толды. Есіл өзенінің бойына Елбасы ақордасы Парламент үйі, Жастар сарайы, бәйтеректей тамыры терең болсын деп, Үлкен «Бәйтерек» салынды. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ескерткіштері ашылды.

9-оқушы

Жаса-жаса Астанам,

Өркен жая бастаған,

Болашақтың есігін,

Оң қолыңмен аш маған.

-Балалар, Астана, Отан, Туған жерімізді қаншалықты сүйетінімізді көрсетейік, өлең, тақпақ, мақал- мәтел, нақыл сөздер айтайық.

Бәрі қосыла қимыл- қозғалыспен:

Отан- жерім, Отан- суым,

Отан- қуат, нәр береді.

Отан- ұран, Отан – туым,

Отан- мәңгі гүлденеді!

10-оқушы

Зеңгір аспан көгілдір.

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр

Шаттық сыйлап көңілге.

Ән: «Кел билейік»

11-оқушы

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Жастай сүйіп аңсаған,

Ол-біздің Қазақстан.

12-оқушы

Анамыздай тілеуі-ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Тілі түлеп, діні оралған,

Тәуелсіз ел – Қазақстан.

13-оқушы

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

-Отан туралы қандай мақал- мәтелдер жаттаған едік?

- Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

- Ел елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.

- Отанды сүю, отбасынан басталады.

- Отан оттан да ыстық

- Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

- Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.

- Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

- Отан үшін отқа түс, күймейсің.

- Халықтың ортақ үйі – Отаны.

- Туған жер – алтын бесік.

Ән: «Ойыншықтар»

- Жарайсыңдар балалар, сендер үшін Отан деген не?

- Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан-ана, Отан үлкен

Қазақстан – туған ел. (бәрі қосыла мақтаныш сезіммен)

Ұлан- байтақ осынау жердің болашақ иесі сендерсіңдер, балалар. Отанымыз жайнай берсін, гүлдене берсін!

Ән: «Біз өмірдің гүліміз» топпен орындау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Отан менің ата – анам

Мақсаты :

Бала бойына болашаққа деген сенім ұялату. Отанын сүйе білуге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Батылдыққа, рәміздерді қастерлеуге дағдыландыру. Сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілігі:

«Астана - жас қала» фотомонтаж, ҚР рәміздері,Қазақстан картасы. Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

- Балалар, біз қай республикада тұрамыз

-Біздің Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

- Балалар, біздің бір ғана Отанымыз бар.

Ол- Тәуелсіз Қазақстан.

«Туған өлкем, Тәуелсіз Қазақстан»

ата-аналарға арналған іскерлік ойын.

( қиылған, дайын суреттер топтамасынан тақырыптық газет шығару, қорғау)

-1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз алдына Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәуелсіздік халыққа еркіндік, бостандық әкелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері де дүниеге келді.

Олар : ТУ, ЕЛТАҢБА және ГИМН.

- Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

- Неліктен тудың түсі көк?

- Балалар сендердің біліп алғандарың жөн. 1992 жылы ҚР жоғары кеңесі Мемлекеттік туды бекітті. Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Ту көк аспан түстес, бар әлемге ортақ. Ал күн бар әлемге сәулесін шашады, қыран құс қазақ халқында киелі құсқа жатады, сол құстай биікке самғай берсін деген ниетті білдіреді. Өрнек қазақ елінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Тудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр.

Ән: « Отан менің ата- анам.»

1-оқушы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен –тек

Елдің ашық қабағы.

2-оқушы

Ақ ниеттей алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі Ту, ары.

3-оқушы

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа суың да,

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да.

4-оқушы

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

5-оқушы

Жанатындай өзі отша,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша

Сөйлеп тұрған секілді.

Ән: « Мектебім.» барлығы қосыла

  • -Балалар елтаңбаға мұқият қараңдаршы, нелер бейнеленген?(балалар жауаптары)
  • -Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі танылу керек. Біздің елтаңбамыздың ортасында шаңырақ, Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Қанатты пырақтар жылқы малының ерекшелігін, жұлдыз биік, асқақ арманды білдірсе, «Қазақстан» жазуы оны айқындайды.

Авторлары: Ж. Мәлібеков және Ш. Уалиханов.

6-оқушы

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.

7-оқушы

Құт, береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

8-оқушы

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда

Еркіндігім- Елтаңбам.

ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады. Сөзін жазғандар Ж. Нәжмеденов және Н. Назарбаев. Әнін жазған Ш. Қалдаяқов.

  • -Неліктен оң қолымызды сол жақ жүрек тұсына қоямыз?(?!)
  • -Ия, бұл Отанымызға, байтақ жерімізге деген құрмет.

«Астана – жас қала» атты фотомонтажбен жұмыс. (?!)

  • -Балалар, биыл елордамыз Астанаға ....жыл толды. Есіл өзенінің бойына Елбасы ақордасы Парламент үйі, Жастар сарайы, бәйтеректей тамыры терең болсын деп, Үлкен «Бәйтерек» салынды. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ескерткіштері ашылды.

9-оқушы

Жаса-жаса Астанам,

Өркен жая бастаған,

Болашақтың есігін,

Оң қолыңмен аш маған.

-Балалар, Астана, Отан, Туған жерімізді қаншалықты сүйетінімізді көрсетейік, өлең, тақпақ, мақал- мәтел, нақыл сөздер айтайық.

Бәрі қосыла қимыл- қозғалыспен:

Отан- жерім, Отан- суым,

Отан- қуат, нәр береді.

Отан- ұран, Отан – туым,

Отан- мәңгі гүлденеді!

10-оқушы

Зеңгір аспан көгілдір.

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр

Шаттық сыйлап көңілге.

Ән: «Кел билейік»

11-оқушы

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Жастай сүйіп аңсаған,

Ол-біздің Қазақстан.

12-оқушы

Анамыздай тілеуі-ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Тілі түлеп, діні оралған,

Тәуелсіз ел – Қазақстан.

13-оқушы

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

-Отан туралы қандай мақал- мәтелдер жаттаған едік?

- Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

- Ел елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.

- Отанды сүю, отбасынан басталады.

- Отан оттан да ыстық

- Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

- Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.

- Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

- Отан үшін отқа түс, күймейсің.

- Халықтың ортақ үйі – Отаны.

- Туған жер – алтын бесік.

Ән: «Ойыншықтар»

- Жарайсыңдар балалар, сендер үшін Отан деген не?

- Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан-ана, Отан үлкен

Қазақстан – туған ел. (бәрі қосыла мақтаныш сезіммен)

Ұлан- байтақ осынау жердің болашақ иесі сендерсіңдер, балалар. Отанымыз жайнай берсін, гүлдене берсін!

Ән: «Біз өмірдің гүліміз» топпен орындау.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров400
Номер материала 282963
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх