Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сабағының тақырыбы: Фикһи, ақидалық және саяси мазһабтар
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сабағының тақырыбы: Фикһи, ақидалық және саяси мазһабтар

библиотека
материалов

Тәрбие сабағының тақырыбы: Фикһи, ақидалық және саяси мазһабтар

Мақсаты: Еліміздің рухани кемелденген алып мемлекеттердің қатарына қосылуына атсалысатын тұлға тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Діни экстремизмнің алдын алу.

Көрнекіліктер, қосымша материалдар: Бүктеме, суреттер, кітаптар, Құран кітабы

Сабақтың барысы:

Ұымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңбер арқылы бір-біріне жылы лебіз танытып , орындарына отырады.

Тақырыпты айқындау үшін ашық сұрақтар қойылады:

Адамдардай сенім-нанымдары бар?

Дін туралы не білесіңдер?

Қазақстандықтардың ұстанатын діндері қайсылар?

Қазақтар ұстанатын дін?

Қыбыла деген не?

Не үшін сәждә қойғанда оңтүстік-батысқа қарай жасалады?

Ислам дінінің отаны?- осындай сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпқа жол ашады.

Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі:

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің актылық

дәрісінде: «Біздің ата- бабаларымыз кәзіргі Қазақстанның дархан

даласын, өмірді тану мен сезінудің ерекше рухын қорғап бізге

мұрагерлікке табыс етті. Ол рух еркін сүйгіштік рухы, тарихтың

дүрбелең кезеңінде де өз күшін жоймады, себебі аға буын өкілдері өз

бастарына қиын күн туған сәттерінде де бұл рухты сақтай білді» -деген дана сөздері алға үлкен міндеттер жүктейді.

Егемендік алғаннан бері қазақ халқының сана-сезімі, ұлттың намысы мен ұлт ететін ділі мен діні туралы зерттеулер қайта жаңғыртылуда. Тәуелсіздікпен бірге тұрмыс-салтымыз, имандылығымыз, мәдениетіміз, Кеңес кезінде репрессияға ұшыраған әдебиетіміз қайта оралып, жан-жақты жаңаша зерттеулерді талап етуде.

Сонау Х ғасырлардан бастау алатын ойшылдардың қазақ әдебиетіне қосқан көркем және асыл сөздеріндегі Ислам құндылықтарының шынайы мағынасының кең арнада тұжырымдалуы қазақ халқының сан ғасырларын қамтыған ел намысын, мұратын, ерлігін, тіршілігін, парызын, «Отанды сүю - Иманнан» деген басты мәдени құндылығын жырлаған ұлттың дана сөздерінің асыл-маржандарының көркем сипаты ұлттық идеологиямыздың кәусар бұлағы іспетті.

Әрбір ұлт пен халықтың жүріп өткен жолы мен ұзақ-сонар тарихы

болады. Содан әр ел өмірлік сабақ алып, келешегін жоспарлайды.

Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер

бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын, дінін сақтап

қалғаны – оның еркіндікке ұмтылған ерік-жігерінің, асқақ рухының,

отансүйгіш иманы мен ибалылығының арқасы. Еліміз егемендігін алып,

дінімен, дәстүрімен қайта қауышты. Біз дін мен дәстүрді даналықпен

үйлестіріп, өнегелі өмір сүрген халықпыз. Бұл – бабаларымыздан келе

жатқан сара жол. Қазақтың салт-дәстүрлері Исламның асыл

құндылықтарымен бітеқайнасып кеткен. Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан

хадистер қазақтың нақылына айналып, халқымыздың таным-түсінігімен

қабысып, тұрмыс-тіршілігімен ұштасып кеткені ешкімге жаңалық емес

Міне бүгінгі тәрбие сабағымыздың тақырыбы " Фикһи, ақидалық және саяси мазһабтар " болып отыр. Осы тақырыптың мазмұнын ашып берейін: «Әһлу сүннет уәл жамағат» (сүннет халқы және жамағаты) «итиқади» (сенім) және «фиқһи» (құқықтық) мәзһабтардан тұрады екен.

Фиқһи мәзһабтар төртеу: ханафи, шафиғи, мәлики және ханбали. Олардың пайда болуының өзіндік себептері бар екен.



1-оқушы : «Дін- ғылымның анасы» - Хабан Дәурет

Дін- ғылымның анасы,

Дін- ғылымның әкесі,

Ғылым- діннің баласы,

Дін- ғылымның көкесі!!!

Ғылым да бар, дін де бар,

Қоқыс та бар, гүл де бар.

Адам ата өлмесін,

Ақырзаман келмесін,

Қол қусырып құдайға

Ғылым мен дін, бірге бар!







2-оқушы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- Темирхан Бисұлтан



Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.

Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,

Оларға кез-кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де,

Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.

Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,

Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.

Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,

Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.





Ендеше, біздің бүгінгі тәрбие сабағымыздың қонағы ауылымыздың орталық мешітінен келген Салымбетов Сұлтан ағайымызға сөз берейік.

Салымбетов Сұлтан ағай

Мұғалімдер, оқушылар барлықтарыңның бастарыңа амандық, елге тыныштық тілей отырып сөзімді бастаймын:

Фиқһ саласының ғылым ретінде қалыптасуының тарихнамасына қысқаша тоқталып өтейік. Ислам тарихында Құран мен сүннеттің құқықтық мәселесі мен үкімдерін түсіну, саралау, қорытындылау барысында түрлі пікірлер мен пәтуалар туындады. Сонымен қатар, қоғамның түсінігі мен географиялық ерекшеліктеріне сай кейбір үкім шығару әдістері қолданылды, уақыт өткен сайын базбір пәтуалар өзгеріп отырды.

Құран мен сүннеттегі үкімдер сенім (ақида) және амал деген атаумен екіге бөлінгендіктен, аталмыш тақырыптарды түсіндіру барысында ақида (сенім) мәзһабы, фиқһи мәзһабы болып бөлінді. Фиқһ саласының дамуында мужтаһид имамдардың елеулі, қажырлы еңбектері нәтижесінде фиқһи мектептер құрылып, көптеген қолдаушылар таба білді. Мұндай мектептер Ислам мәзһабтары немесе фиқһи мәзһабтар деп аталып, ондай мәзһабтар сол мектептің негізін қалаушы имамның атымен аталды. Фиқһи мәзһабтар Ислам құқығын түсінуде және түсіндіру жолындағы әдіс-үкімдерді талдауда, үкім шығаруда ұстанатын жол десек, артық айтқандық емес.

(Құран кітап беттерінен бірнеше жерлерін оқып беріп, түсіндіріп өтті)

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде мұсылмандар күнделікті тіршілік пен құлшылық және әлеуметтік мәселелер жайында сұрақтарын тікелей Пайғамбардан (с.а.у.) сұрайтын. Алла Елшісі (с.а.у.) ондай сұрақтарға Құран аяттары негізінде кейде өзінің ойымен жауап беретін. Егер Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) бір мәселеде өз ойынан пәтуа берсе, берілген үкім дұрыс болмай қалған жағдайда Алла Тағала уахи арқылы түзетіп отыратын.

Ал Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін халифалар Ислам дінін тарату үшін көрші мемлекеттерге жорық жасады. Сөйтіп, Иран, Ирак, Сирия, Мысыр және Солтүстік Африка елдері халифа билігіне бағынды. Бұл елдерде қаншама ұлт пен ұлыстың, діндер мен діни наным-сенімдердің бар екендігін ескерсек, Ислам дінінің әмір, тыйымдарына қарсы келетін тұстарының көптеп кездесуі де заңды құбылыс. Аталмыш елдерге Исламды үйрету үшін ұстаз ретінде қаншама сахабалар жіберілді. Олар ақиқат дінді үйретумен қатар тұрғындар тарапынан қойылған кейбір сұрақтарға жауап беріп отырды. Жергілікті халық мәселенің шешімін білетін сахабаларға жүгінді. Олар мұндай жағдайда сұрақтың жауабын әуелі Алланың кітабы Құраннан, болмаса Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) хадистерінен іздейтін. Одан да таба алмаса, өздері «ижтиһад» (ақыл ойға сүйеніп, шариғат шеңберінде үкім беру) жасап, пәтуа беріп, мәселені шешіп отырды. Сахабалар бұлай етуде мына бір хадиске сүйенді: «Бірде Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Муаз ибн Жәбәл есімді сахабасын Йемен еліне әкім етіп жібермек болады да, одан: «Бір мәселе шықса қалай үкім бересің?», – деп сұрайды. Муаз: «Әуелі Алланың кітабымен», – деп жауап берді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Егер мәселені одан таба алмасаң ше?», – деді. Ол: «Алла Елшісінің сүннетінен іздеймін», – деді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) тағы да: «Одан да таппасаң ше?», – деп сұрады. Муаз бұл жолы: «Ондай жағдайда өз ойымнан пәтуа беремін», – деп жауап береді» (Осылайша сахабалар жаңа шыққан мәселеге Құран аятынан яки Пайғамбар хадисінен дәлел таппаған жағдайда өз ойларынан пәтуа беретін. Бұлай істеу әдісі уақыт өткен сайын кең етек ала бастады. Кейбір сахаба өз ойынан берген үкімінің соңына: «Бұл менің пікірім. Егер дұрыс болса Алладан, қате кетсе менен», – деп көрсетті. Өз ойымен пәтуа беруші сахабалардың басым көпшілігі Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жанында көбірек болғандар еді. Сахабалар дәуірінде тағы бір шешім шығару әдісі болды. Ол – «ижма». Яғни қандай да бір мәселе жайында үкім беру үшін көпшілік мұсылман мешітке яки алаңға шығып, мәселені талдай отырып, бірауыздан қабыл етеді. Бұл әдісті алғаш қолданған екінші халифа Хазіреті Омар болатын (634-644). Ол шешімі қиын болған бір мәселеде Мәдина халқын жинап алып, ақылдасатын. Сөйтіп, көпшіліктің ортақ шешімімен бекітетін. Мысалы, Ирак аймағын халифа Омардың әмірімен мұсылмандар жаулап алып, соғысқа қатысқандар сол аймақтың жерлерін өзара олжа ретінде бөліп алмақ болады. Бірақ халифа Омар жерді жекеменшікке беруді дұрыс көрмей, Мәдина халқымен екі күн бойы талқылай келе, үшінші күні ол «Хашр» сүресінің 7-аятын оқығанда жиналғандар бірауыздан пікірді қолдап, жерді байырғы иелеріне қалдырады: «Алланың, Елшісінің бір кент тұрғындарынан қалдырған олжалары Аллаға, Елшісіне, жақындарына, жетімдерге және жолда қалғандарға тән. Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі керек. Сендерге Елші не берсе алыңдар да, неден тыйса, одан тыйылыңдар, әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла қатты азап иесі» («Хашр» сүресі, 7-аят).

Ертеректе пайда болған мәз-һабтардың кейбірі бүгінгі күнге дейін жетіп, қолдауға ие болса, кейбірі қолдау таппай жойылып, ұмытылып кетті. Әуелде ешбір мужтаһид имамның мәзһаб құру мақсаты мен арманы болмағаны анық. Дегенмен, уақыт өте келе саяси оқиғалардың әсері мен кейбір мәселелердің нәтижесінде мәзһабтар шықты. Умея (661-750) және Аббаси (750-1258) халифаты тұсында халифалар билік тізгінін ұстау мақсатында ғалымдардың жәрдеміне жүгінді. Мысалы, Әбу Ханифа, имам Мәлік, Ахмад ибн Ханбал сынды ғалымдар зұлымдыққа себеп болмау үшін өз заманындағы халифалардың ұсынған қызметтерінен бас тартты, тіпті бұл үшін жазаланды да. Кейбір басшылар айналасындағы ғалымдарға ғылыми пікір-сайыстар жасатып, дұшпандарынан идеологиялық тұрғыда басым келуді мақсат тұтты.

Пәтуа беру мәселесі бір жүйеге келмегендіктен, әр жерде білгіштер көбейіп, әркім өз бетінше пәтуа берді. Ұлы имамдардың біреуінің пәтуасына тоқтамға келмеген соң, іс насырға шауып, оның ақыры айқайға ұласып жатты. Әсіресе, қазылардың әртүрлі пәтуа беруі халық арасында үлкен сенімсіздік тудырды. Кімге сенерін білмеген жұрт ондай қазылар мен білгіштерге құрмет көрсетуден қалды. Міне, осындай жағдайлар тек сенімді деген ғалымдардың еңбектері мен пәтуаларына жүгінуге себеп болды.

Фиқһи мәзһабтардың шығуына себеп болған мәселенің бірі – ғылыми еңбектердің жүйеге келуі еді. Аббасилер кезеңінде мужтаһидтер фиқһтың барлық тақырыптарының үкімдерін беріп, уақыт өте келе жинақтап, қайсыбір ғалымның түрлі мәселедегі пәтуаларын үйрену мүмкіншілігі туды. Сонымен қатар, фиқһ мектептерінің ғалымдары өзара пікірсайысқа түсіп, қолданылған ғылыми әдістер мен фиқһи мәселелер қаламға алынады. Нәтижесінде жүйеге түскен фиқһи әдістер мәзһабтардың пайда болуына өзіндік әсерін тигізді. Сондай-ақ, мужтаһидтер арасында Құран Кәрім аяттары мен сүннетті түсіну және үкім шығарудағы айырмашылықтар да фиқһи мәзһабтардың шығуына белгілі бір дәрежеде себеп болды. Өйткені бір мужтаһидке сахих ретінде жеткен сүннет, екінші бір мужтаһидке сахих риуаятпен жетпеуі – олардың түрлі үкім беруіне әкеп соқтырды. Осы секілді жағдаяттар туындаған кезеңде Әбу Ханифа, имам Мәлик, Ахмад ибн Ханбал және имам Шафиғи сынды ғалымдар өзгелерді өздерінің артынан еруге шақырмағанымен, олардың үкімін қолдаушылар көбейді. Уақыт өте құқықтық мектептер имамдардың атымен аталып кетті.

Айтаберсең бұл мәзһабтар туралы әңгіме көп, "Оқушылар сіздер өздеріңіздің түйсігіңізде туындаған сұрақтар болса қойыңыздар, мен білгенімше жауап берейін"- деп сөзін аяқтады.

Оқушылардың сұрақтары көп болды.

Сіз бұның барлығын оқып білдіңізба?

Арабша оқып білесізбе?

Иманды болу үшін намаз оқып, мешітке бару керекба?

Бұл мазһабтар Құран кітабында жазылама?

Мазһабтар дін пайда болған кезде пайда болдыма?

Шариғат деген не?

Мұсылман адам осы төрт мазһабтың біреуіне ілесуге міндеттіме?

Сіз қай жерде оқып білім алдыңыз?

Пәтуа беру деген не?

"16 мың ғаламды 6 күнді жаратты"-дейдігой, солтуралы не айтар едіңіз?

Сахаба деген кім?

Діни экстремизм туралы не айтасыз?

Оқушылардың жұма намазға баруын дурыс-деп ойлайсызба?-т.б

Сұлтан ағайоқушылардың сұрақтарына жауап берді. Барынша басқа ағымдардан аулақ болуды үндеді. Оқушылар жауаппен қанағаттанды.



1-оқушы:

Сұлтан ағай , әңгімеңіз сондай әсерлі, тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыңыз, әңгімелеріңіз бізді қатты қызықтырады. Енді бұл әнгімеден кейін сыныптастарымыз өз ойларын айта жатар.



2-оқушы : Құрметті, Сұлтан аға, сіз бізге көп нәрсе үйреттіңіз. Сізге осы оқушылардың атынан ризашылығымызды білдіремін. Сізге де Алла тағала бар жақсылықтарын берсін демекпіз.Біз сізден естіген, білгендерін үнемі естен шығармай орындап, имандылық жолында адал болып, сенімнен шығамыз деп уәдемізді береміз.Сіздің алтындай уақытыңызды бізбен бөліскеніңізге көптен- көп рахмет айтамыз.

Қорытынды. Мұғалім қорытынды сөз сөйледі:

Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни,
Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.

Күніне мың пәлеге жолықсаң да,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан!

Бүкіл қазақ халқының өмір сүру негізін көрсететін есте жоқ ескі заманнан жеткен жәдігер сөз осындай. Бұл біреуі ғана. «Құдайсыз қурай сынбайтынын», «Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығатынын», «Құдай деген құр қалмайтынын» заманалардан бері білетін халық мұндай өлең-жырдың мыңын айтқан.Осының бәрін қорыта келіп Абай: «Алланың, Пайғамбардың жолындамыз…» дейді.Абайдан ары да Бұхар жырау: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа…» деп өсиет айтады.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыз.    








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-335524

Похожие материалы