Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»

«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»

Скачать материал

«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»

Абдыкасымова Галия Жумановна

Бастауыш сынып мұғалімі

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия

Қостанай облысы Арқалық қаласы

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні мен ертеңгісі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы зор, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі – адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

Қай халық болмасын  өзінің ұрпағын қайырымды, адал, әділ, ар-ұжданы таза, үлкенді сыйлайтын, ержүрек, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеуде ғасырлар бойы сұрыпталып, қажетіне асқан салт-дәстүрлерін әдіс-тәсіл ретінде пайдаланған. Мысалы, А.С. Макаренко, К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинскийдің еңбектері және «Ұлыма хат» деген 30 хаттан тұратын еңбегінде еңбек. Тәрбие, жолдастық, адамгершілік жайында әңгіме қозғап, ақыл, кеңес, өсиетін айтып отырған. Бұл хаттардағы өсиет сөздер қай халықтың болмасын тәрбие мәселесінде үлгі болмақ.

«Атаның сөзі-тәрбиенің көзі» демекш, орыс халқының сөз мәйегі-мақал-мәтелдердің өзі – ойланған адамға көп қазына. Мысалы, «Терпение и труд – все перетрут», «Кто рано встает-тому Бог подает», «Скучен день до вечера, кому делать нечего», «Без дело жить, только небо коптить». Ал осы сөздерді біздің қазақ халқы айтқан жоқ емес. Ата-бабаларымыздың дәл осы мағынадағы тәлім-тәрбие беретін сөздерін бүгінгі күні біз де айтамыз.

Ұрпақ мәселесі – ол еліміздің болашағының ертеңінің қамы, жалпы ұлттық биік мәні бар маңызды мәселе. Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде қадым заманнан бері жиып-тергеннен мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты мен мақсаты балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез-құлқының, тәртібінің, сана-сезімінің  қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсің, ұстазға қажетті қасиетті бойына дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп тапсырған әр үйдің келешегінен үміт күтіп отырған мұрагерінің санасына-білім, жанына  жақсылық сыйла. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт емес,оны көруге асығатын шәкірт тәрбиеле.

Бала-ертеңгі үмітіміз.Бүгінгі ұл-ертеңігі әке, бүгінгі қыз-ертеңгі ана. Олар әкеге, шешеге, ұстазға қарап өседі. Қазақ халқының өткен тарихына көз жіберсек, әрбір отбасы дүниеге келген жас нәрестені зор қуанышпен қарсы алып, жақсы дәстүрге –адамшылық пен имандылыққа тәрбиелеген. Сондықтан болар, бүгінде кездесіп қалатын басбұзар ұл, бетімен кеткен қыз болмаған. Алабөтен бұзақыларын, тентектерін халық өзі-ақ жөнге салып алған.

Қай ғасырда болсыне ұлт өмірін өркендетуші саналы да сауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Тәрбие мәселесі – ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жетілдіріп отырған өмір мектебі. Осы өмір мектебінің оқулықтарын қазіргі таңда халық даналығы қазынасынан, рухани өмір беттерінен, тарихы мен мәдениетінен, әдебиеті мен өнерінің салт-санасы, дәстүрінен, осылардың озық үлгілерінен іздеген жөн. Өйткені өз тілін, т арихын, мәдениетін, дәстүрін білмеген адамның рухани деңгейі төмен.

Халқымыздың ғасырдан ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, «халқын сүйген-салтын да сүйеді» дегендей, ата салтын мақтаныш тұта ма деген сұрақтар төңірегінде ойланып отырғанымыз абзал. Негізінен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды қадірлеу – қасиетті мекенді қадірлеуден, аялаудан, сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан балаларды саналы түрде Отанды сүюге, аялауға сөз мәйегі - мақалдар арқылы тәрбиелеу керек, яғни, шешендік өнер бойынша ел билеуге баулыған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу – ең маңызды міндет. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген болатын әл Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси, еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, құқықтық, отбасылық түрлері арқылы іске асады.

Бүгінгі күн талабындағы жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу, адами көзқарастары мен өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру – адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі көзі. Өткенге көз жіберсек, ізгі қасиет пен қарым-қатынас адам баласы қоғамының дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқаны белгілі.

Танымдық, эмоциялық мінез-құлық – қасиет белгілерді қамтитын адамгершілік ереже-талаптардың әлеуметтік мақсат нұсқаулармен байланысты көрсететін ұғым. Бүгінгі оқушы өз мүддесін ата-анасының, сыныптас жолдастарының мүддесімен ұштастыра ойласа, ол ер жеткен кезде де өзінің өмірлік жоспарларын қоғам мүддесімен сабақтастыра біледі. Баланың ішкі сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы. Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Мектептің тәрбие жұмысында оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша мәні бар.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2015 962
    • DOCX 16.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдыкасымова Галия Жумановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдыкасымова Галия Жумановна
    Абдыкасымова Галия Жумановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 31638
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек